Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама



Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#22990

Орындағандар: Сатыбалдыева Гүлдана

Атшыбай Гүлмаржан


Бақытсыз Жамал

«Бақытсыз Жамал»Міржақып Дулатұлының 1910 жылы жарық көрген, қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман.

Міржақып Дулатов

Бақытсыз Жамал

Бақытсыз Жамал

Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.

Романның идеясы



«Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет-ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы.

Кітап басында ескертпе ретінде берілген:

Қазақтан шыққан талапкер,

Бұл кітапты қарап көр.

Таратуға халыққа оқып,

Боларсыздар себепкер,-

деген жолдардың жалғасы 14 шумақтан тұратын “Сөз басында” таратылып айтылады. Салған жерден автор қазақ халқының құрылымы, тұрмыс-салты, мінез ерекшеліктері, кемшілік, олқылықтары туралы толғана келіп, роман жазудағы өз мақсатын баяндайды.



“Бақытсыз Жамал” романы туралы алғаш пікір айтқан Ахмет Байтұрсынов:

“Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазып шығарған Міржақып Дулатов болды. Оның “Бақытсыз Жамал” деген романы 1910 жылы басылып жарыққа шықты”, - деді.



Романның кейіпкер-лері

Әкесі: Сәрсенбай

Бас кейіпкерлер: Жамал мен Ғали

Шешесі: Шолпан

Күйеуі: Жұман

Күйеуінің әкесі: Байжан

Қорытынды

Роман өз мезгілінің күрделі әлеуметтік-қоғамдық мәселесін көтерген, махаббат бостандығын жыр еткен, жанрлық тұрғыдан қазақ әдебиеті үшін жаңалық болған “Бақытсыз Жамал” прозалық туындысы жиырма бес жастағы Міржақып Дулатов ұлттық рухани тарихында терең із қалдырды, бірінші романшы атанды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет