Оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен өзгені бағалау арқылы қалыптасу деңгейін бақылау мақсатында 9 а сыныбына география сабағына қатыстым.Пән мұғалімі Бекетаева О.Теория бойынша, Лессон Стади зерттеу сабағыны оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенімен танысқаннан кейін, рефлексивтік-практик ретінде осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табады екенбіз деген ойға келдік.
Сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерімен, сынып жетекші бақыланатын оқушыларды анықтадық. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.Сабаққа қатысу барысында парта бойынша топпен жұмысты бақылай отырып , 3- топ оқушыларының белсенділігінің төмен болғанын анықтадым. Оған себеп мұғалім зерттелетін екі оқушы бір топта болғандықтан сол топтарға назарын көп аударды.
Сондықтан , сабақта таймердің міндетті болуы керектігі, сонымен қатар зерттелетін оқушылар бір жерге шоғырландырылмай бөліну керектігі ұсынылды.
Мұғалім: Алманова Г.А.
22/11/2021
24-қараша күні 9 а сыныбына география пәніне сабаққа қатыстым,
Пән мұғалімі О.Бекетаева
Мақсатым бірінші сабақта берілген ұсыныстардың орындалуын бақылау.
Сабақта С деңгейдегі оқушы болған жоқ.3 топқа бару жиілігі бірдей болды. А,Б деңгейдегі оқушыларға берілген тапсырмалар бойынша табыс критерилері орындалды.Таймер бойынша әр тапсырмаға уақыт белгіленіп,уақыт үнемді пайдаланылды. Мұғалім барлық оқушымен тығыз қарым-қатынас жасау нәтижесінде жаңа сабақ меңгерілді.
Ұсыныс:
Б деңгейіндегі оқушыны өз деңгейлестерімен бірге отырғызып сол топтың көшбасшысы етіп сайлау
Мұғалім : Алманова Г
24-қараша күні 9 в сыныбына алгебра сабағына Лессон стади бойынша бірінші сабағына қатыстым.
Пән мұғалімі Аяпова Г
Мұғалім жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндірді.
Үш топқа бару жиілігі бірдей. Тапсырмалар өмірмен байланыстырылған ұтымды шықты.Жұптық жұмыста мақсаты орындалмады. Жұмыс тексеруде ашықтық болмай қалды.
Ұсыныс:
1.С деңгейіндегі оқушы Сағынғалиев Даулетке басқа жеңіл тапсырма дайындау.
2. Өз бетімен жұмыс беру
3. Б деңгейіндегі оқушыны тақтаға шығару.
Мұғалім : Алманова Г
Достарыңызбен бөлісу: |