Оқушылардың сенсорлық жүйесінің анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы Тапсырмалар Көздің жалпы құрылысы мен маңызы


Көз өткірлігі, анықталуы, оқушылардың жасына байланысты өзгеруі



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата22.06.2022
өлшемі362.87 Kb.
#37210
1   2   3
2. Көз өткірлігі, анықталуы, оқушылардың жасына байланысты өзгеруі. 
Акселерация. 


Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 грамм-дай ғана. Бұл 
ересек адамның көзінің салмағынан 2 есе кем. Ересек адамның көзі 6-8 г. 
Алғашқы жылы көз алмасы көз шарасынан жылдамырақ өседі де баланың 
көзі үлкен болып көрінеді. 3 жаста көз алмасы ересек адамның көзінің 90% 
болады. 6 жаста ересек адамның көзімен теңеседі. Дегенмен көз шарасының 
алдыңғы-артқы диаметрі ересек адамның көзінің 95% ғана болады, яғни сәл 
жалпақтау келеді. Ересек адамның көзі дөңгелек шар пішінді. 
К ө з ж а сының безі жаңа туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін 
жүйке талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз 
жасы шықпайды. Нәрестенің көзінің қозғалысы екі көзіңде бірдей емес, тіпті 
бір көзін жұмып, екінші көзін ашуы да мүмкін. Көзін жыпылықтату қабілеті 
өте нашар болады. 2 айға толғанда ғана екі көзі бірдей қозғалады, яғни сәйкес 
қимылдай бастайды.Көзге затты жақындатқанда баланың екі көзін бірдей 
жұмуы тек 1 жасқа жақыңдағаңда сәйкестеледі. 2-3 жаста көздерінің 
қозғалысы толық үйлеседі. 
Жаңа туған нәрестенің қ а р а ш ы ғ ы өте жіңішке — диаметрі 1,5 мм ғана екі 
көзінің қарашығы тек қана 1 айға толғанда сәйкестеліп, қарашық рефлекстері 
пайда болады. 3-6 жаста көзінің қарашығының диаметрі ересек адамның 
қарашығымен теңеседі. Дегенмен қарашық рефлекстері мектеп жасына дейін 
нашар болады да, бастауыш сынып оқушыларында толық жетіледі. Баланың 
жарыққа деген рефлексі алғашқы кезде тек қана қорғаныс қызметімен 
шектеледі. Оларда жарықтан қорғану мен бағдарлау қабілеттері ғана 
байқалады. Жарықтың әсерінен қарашықтың кішіреуі диаметрі 1 айда 0,9 мм, 
6-12 айда -1,2 мм, 2-6 жаста 1,5 мм, жоғарғы сынып оқушыларында 
ересектермен бірдей — 1,9 мм болады. Баланың көзінің қозғалысы тек 1 айға 
толғанда ғана дүрыс бағыттала бастайды. Затқа көзін тігіп қарау қабілеті 
алғашқы 3-5 айға дейін қалыптасады.Бүл мезгілде затқа қарау ұзақтығы 1-1,5 
минут, 3 айда 7-10 минут, тек 3-7 жастың арасыңда толық жетіледі. Баланың 
алғашқы жылғы өмірінде оның көз алмасының алдыңғы-артқы диаметрі 
ересек адамның көзінен 25-35% қысқа келеді, сондықтан заттың бейнесі 
торлы қабықтан асып фокусталады. Табиғи алыстан көру қабілеті 1 жасқа 
дейінгі балаларда байқалады. 
Баланың көзінің қасаң қабығы ересек адамнан гөрі дөңестеу, көз бұршағы 
серпімділеу болады. Қасаң қабық пен көз бұршағының арасы ересек адамның 
көзімен салыстырғанда жақындау орналасқан. Сондықтан жарық сындыру 
қабілеті күштірек. Бұған байланысты көздің айқын көру нүктесі 1 жасқа 
дейінгі балада не бары 4 см болып, көзі жетілген сайын алыстай береді. 10 
жаста ол 7 см, 20 жаста — 8,3 см, 30 жаста 11 см, 40 жаста 17 см, 50 жаста — 
50 см, 60 жаста 80 см болады. Яғни ересек адамның көзінде жасы ұлғайған 


сайын алыстан көру қабілеті дами бастайды. Айқын көру нүктесі деп заттың 
анық дәл көріну қашықтығын айтады. 
Көз бұршағының аккомодация күші жасына лайық өзгереді: 1 жаста 25 
диоптрия, 3 жаста 20, 5-6 жаста — 15, 7-15 жаста — 12, ересек адамда 10 
диоптрияға тең. 
Сәбидің сауытша клеткалары жетілмеген. Сондықтан бала 1 жасқа дейін 
заттың түсін анық көре алмайды. Сауытша клеткалары мен таяқша 
клеткалардың диаметрі кішкентай болады жене бір-біріне жақын. 2 жастан 
әрі қарай баланың фоторецепторлары жетіле бастайды да, заттың түсін 
анықтай алады. Ең алдымен сары, сосын жасыл, қызыл, көк түсті заттардың 
бояуын, кейіннен басқаларын анықтайды. Сауытшалар 3 жаста толық қызмет 
атқара бастайды. Дегенмен 3 жасқа дейін олар нашар жетіледі, диаметрі 
кішкентай, бір-біріне жақын тығыз орналасады. 4-6 жаста балалар барлық 
түсті айырады, бірақ тәжірибесі аз болғандықтан, ересек адаммен 
салыстырғанда заттың түсін тану қабілеті нашарлау келеді. Бұл мезгілде бала 
затты қарағанда ең алдымен оның пішінін, содан кейін мөлшерін, ең соңында 
түсін анықтайды. Заттың түсін анықтау қабілеті жыныстық жетілу мерзімінде 
ғана ересек адамның қабілетіне жақындайды. 
Баланың алғашқы 1-2 апталық өмірінде көру талдағышының өткізгіш бөлімі 
жетілмегендіктен, заттың бейнесін анық көрмейді. Ең алдымен көру жүйкесі 
мен сопақша мидағы оның түйіспесі қалыптаса бастайды, содан соң мидағы 
төрт төмпешік жетіледі. Төрт төмпешік ми қыртысыңдағы орталық бөлімге 
қарағанда жылдам жетіледі. Алғашқы 1 жылдың өзіңде өткізгіш бөлім қозу 
импульстерін орталық бөлімге таси бастағанымен, төмпешіктердегі 
нейрондар толық жетілмегендіктен көру қабілеті нашар болады. Өткізгіш 
бөлімнің қызметі тек қана 10-14 жаста толық жетіледі. Бірақ бұл кезде жүйке 
жолдары жіңішкелеу келеді.Көру талшығының қыртыс бөлімі сезгіш және 
өткізгіш бөлімдерінен кейін дамиды. Ең алдымен (17 аймақ), содан кейін 
ғана түйсік (18,19) аймақтары жетіледі. Көру орталығының нейрондары 
алғашқы жылы өсуін аяқтамаған, дендриттері мен аксондары кішкентай, әрі 
жіңішке келеді. 2-3 жаста сезгіш аймақтар өте жылдам жетіле бастайды да, 5-
6 жаста толық жетіледі. Ондағы нейроңдар ересек адамның нейрондардай 
болады. Түйсік аймақтары алғашқы 3 жылғы өмірінде нашар дамиды: оның 
нейрондары өте нәзік, қызмет атқаруға әлі бейімделмеген. 5-6 жаста бұл 
аймақтар тез дами бастайды да 10-14 жас арасында толық жетіледі. Көзбен 
шамалау қабілеті түйсік аймақтарының дамуына лайық жақсара береді. Бүл 
қабілет тек жыныстық жетілу мерзімінде ғана ересек адамның қабілетіндей 
болады. 4-6 жастың ішінде балалардың сезгіш аймақтары мен түйсік 
аймақтарының арасыңда жүйкелік байланыс жолдары қалыптасады, бірақ 
байланыс жолдарының жүйке талшықтарының миелиндері болмайды


сондықтан көру талдағышының орталық бөлімінің талдау және жинақтау 
қабілеттері әлі де болса кемеліне жетпеген. Ми қыртысыңцағы жүйкелік 
байланыс жолдарының толық миелинденуі жігіттік бойжеткендік мерзімінде 
ғана аяқталады. Дегенмен көру талдағышының салыстырмалы толық жетілуі 
жасөспірімдік мерзімде аяқталады деуге де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет