«ОҚушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы сыни ойлай білуге үйрету жолдары» Түйінді сөздер: «Ең оңайы еліктеу, Ең ащысы тәжірибе, Ең мәртебелісі – ойлау»



Дата14.03.2023
өлшемі73,52 Kb.
#73980


Рахметқұлова Жаңыл Рахметқұлқызы
Байзақ ауданы, Бурыл ауылы, 6 орта мектебі
Математика пәні мұғалімі
rahmetqulova@mail.ru


«ОҚУШЫЛАРҒА ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАТУ АРҚЫЛЫ СЫНИ ОЙЛАЙ БІЛУГЕ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ»

Түйінді сөздер: «Ең оңайы - еліктеу, Ең ащысы - тәжірибе, Ең мәртебелісі – ойлау»


Қазіргі кезеңде жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру – мұғалім құзыретіндегі игі іс екені барша ұстаздарға белгілі. Әр сыныптағы балалардың пәнді қабылдау деңгейі әр қилы болып келеді. Сол кедергілерден шығу мақсатында 7-сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде фокус-сынып таңдалды. Сол сыныпта алгебра пәнінен сындарлы оқыту технологиясымен жұмыс жүргізетін өзге әріптестермен бірлесе жоспарлау арқылы "Lesson Study" сабақтарын жүзеге асырдық.


Lesson Study тақырыбы: «Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы сыни ойлай білуге үйрету жолдары»
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлеріне тапсырмаларды саралай бере отырып, сыни ойлауға дағдыландыру.
Түйінді идеясы: Тапсырмаларды жеңілден ауырға қарай күрделендіру арқылы оқушылардың білім деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік беру. Күтілетін нәтиже: Оқушылар сараланған тапсырмалар орындау арқылы жеңілден күрделіге өте отырып, білім деңгейі жоғарылайды. Сыни ойлаулары қалыптасады.
Зерттеу нысаны: 7 «А» сыныбы.
Талқылай келе, «Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы сыни ойлай білуге қалай үйретуге болады?» сұрағына жауап іздеуді қарастырдық. Бірінші отырысымызда, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы қандай, не себепті математика сабақтарынан сапа төмен екендігін анықтау мақсатында, сабаққа бақылау мақсатында жоспарсыз кіруді көздедік. Оның нәтижесінде, келесідей қорытындыға келдік, кей оқушыларға – математика пәні ұнайды, үй тапсырмасын орындау кезінде қиналады, сабақты өздігінен орындай алмайды. Басқалары – математика ұнамайды, сабақты түсінбейді, ынталары жоқ екендігі байқалды, үй тапсырмасын орындамайды, түсінбейді. Ал басқалары – сабаққа деген ынтасы бар болғанымен оқушының өздігімен орындауға шамасы жетпейді, мұғалімнің нұсқауымен, түрткісімен ғана жұмыс жасайды. Нақты көріністен кейін оқушылардан сауалнама алынды, сауалнама нәтижесінде, сабаққа өзгеріс енгізу керектігі туралы қорытындыға келдік. Зерттеу сабақтарын бірлесе жоспарлап, жүзеге асыру арқылы сұраққа жауап іздеу тиімді болды. Сыныптың математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында топтық жұмыс, жұптық жұмыстарды «Балық қаңқасы», «Әткеншек», «Креативті матрица» және тағы басқа әдіс-тәсілдер қолданылды. Әр тапсырмада есептер оқушылардың деңгейіне қарай, саралап таңдалынды. Сабақ бойы стратегиялық ойын арқылы осы тапсырмалар жүзеге асты. Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру мақсатында, логикалық есептер, жұмбақтар мен ребустар тақырыпқа сай қосылды. Функционалдық сауаттылығын дамыту үшін теориядан практикаға қарай жұмысқа бет алу тәсілдерін қарастырдық. Сабақтың жоспарына сай оқушылардың бақылау парақтарын құрастырып, топ мүшелері белгіленген оқушыларды бақылады. Жоспардан ауытқымай өтілген сабақта оқушылардың әр іс-әрекетін бақылап, қағаз бетіне белгілеп отырған мұғалімдер, сабақ жоспарының кемшіліктері мен артықшылықтарын байқап, нені өзгерту керектігін, нені қосу, тәсілдердің қалай түрлендіріп, қай жұмыстан кейін қандай тапсырма беру керектігіне, сабақты қалай тиімді өткізуге болатындығы туралы көрініс таба бастады. Жоғарыда аталған мәселелерді талқылай келе сабақты талдауға жинақталды. Кей оқушылардан сабақ соңында «Оқушы үні» есту мақсатында сауалнама арқылы оқушының пікірі тыңдалды. Оқушылар тапсырмалардың олардың көздерімен жеңіл, қызықты, жалықтыратын, түсініксіз, көлемі тарапынан өте ауқымды тапсырмалар болағандығын айтып, келесі жоспарлау кезінде барлық ескертулерді назарға алу жоспарланды. Бірінші сабақтан нәтиже шықпайтындығы белгілі, сол себепті, сабақты одан әрі жақсарта отырып, көздеген мақсатқа жету жолында екінші сабақ жоспарланды. Топтар осылай сабаққа 3 циклмен қайталап кіріп отырды. Соңғы сабақ жоспарын өткізіп, бақылау нәтижесі бойынша талқылау кезінде мақсатымызға жеткендігі байқалды.
Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде :
Мұғалімдер:
-Сабақтың мақсатын таныстыру және түсіндіруге нақты тоқталуды
- Өзіне, пәнге деген назарды өзіне аудартуды;
- Қалыптастырушы бағалауды дұрыс жүргізуді;
- Кері байланысты жүзеге асыруды;
- Пәнді үнемі өмірмен байланыстырып отыруды;
- Тапсырмаларды баланың жас ерекшелігі мен деңгейіне қарай саралап беру дағдыларымен жұмыс жасап көрді.
Оқушылар:
- Сұрақты қою дағдысы (ашық, жабық сұрақтар) қалыптасты;
- Дискрипторлар бойынша өзіндік бағалау мен рефлексия жасауды;
- Топтық жұмыста келісімге келу, ортақ шешім қабылдауды;
- Өзінің оқуына өзі жауап беруді;
Математика пәні бойынша:
- Пәнге деген қызығушылықтары артып, оқушылар түсініксіз есептер бойынша сұрақтар қоюды;
- Сапаның 53℅ -дан 60 ℅-ға өсуі байқалды;
- Сабақта оқушылардың белсенділігі;
- Күрделі есептерді өздігімен шығару жолдарын табуды үйренді
Сабақтағы сәтті тұстар:
-Оқушылардың берілген деңгейлік тапсырмаларды өз дәрежесінде орындай алуы;
-Оқушылар топтық жұмысқа белсене араласа алды, А – деңгейлі оқушының көшбасшылық қабілеті шыңдалды. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыды, яғни берілген сыни тапсырмаларға жауап беру кезінде өз ойларын толыққанды жеткізе алды. Оқушылар тақырып мазмұнын жақсы түсіне алды.
Сабақтағы сәтсіз тұстар: В деңгейлі оқушының сабаққа араласуға енжарлық танытуы; «Фишбоун» әдісінде «проблема» бөлігін толтыруда біршама балалардың тосылып қалуы, дегенмен түсіндірме жұмыстарды жүргізу нәтижесінде ары қарай тапсырманы алып кетті. Постермен жұмыс жасатуда балалардың тіл байлықтарының аз, біршама балалар өз ойын жеткізуде қиналып тұрды. Болашаққа болжам:
- Сабақта оқушылардың математикалық тіл байлықтарын дамытуға ықпал жасау үшін диалогтік оқыту әдістерін қолдану;
-Күрделілігі жоғары деңгейдегі деңгейлік тапсырмаларды беру үшін А, В, С деңгейлі балалармен дамыту жұмыстарын жүргізу;
- Оқушылардың таланттылық, дарындылық қабілеттерін шыңдау;
Қорыта келе, мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.

Пайдаланған әдебиеттер


1. Мұғалімге арналған нұсқаулық - 2012, 111 - бет
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық - 2016, 204 – бет
3. Lesson Study (сабақты зерттеу) бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық. 2013
4. Lesson Study: нұсқаулық Пит Дадли
5. Дадли, П. (2015) Как работает исследование уроков и почему он создает отличное обучение и преподавание в Дадли Урок: Профессиональное обучение для нашего времени, Лондон, Рутледж, стр. 1-24.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет