Өз бетінше орындаға арналған тапсырма



Дата05.05.2023
өлшемі15,65 Kb.
#90343
түріСабақ

Өз бетінше орындаға арналған тапсырма

Курстың оқу жоспарындағы кезекті сабақ тақырыбы бойынша ұзақ мерзімді жоспардан (КТЖ) тақырып таңдаңыз. Оқу мақсатын/мақсаттарын анықтаңыз және соған сәйкес есеп құрастырыңыз. Есептің толық шығару жолын көрсетіп, оны сабақта пайдаланудың әдістемесін ұсыныңыз.


Оқу күнінің тақырыбы бойынша кем дегенде 3 тапсырма ұсынылуы тиіс.



Тақырып:

Ықтималдықтар теориясы және статистика бойынша есеп шығару әдістері

Оқу мақсаты:

10.3.2.2- ықтималдық қасиеттерін қолданып,кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу

Есептің шарты:

Қорапта жақсылап араластырылған 6 шар бар: оның екеуі қызыл, үшеуі көк жəне біреуі ақ. Қораптан кез келген бір шар алынды. Алынған шардың түрлі-түсті шар (қызыл не көк) болу ықтималдығын табыңыз.

Есепті шығару жолы:

А-алынған шардың түрлі-түсті болуы. Қораптағы 6 шарды есеп шарты бойынша бір-бірден алсақ, жалпы 6 жағдай болады, яғни n=6. Алты рет алынған барлық шардың екеуі қызыл, үшеуі көк. Яғни, А оқиғасы орындалатын сынаулар саны: m=2+3=5. p(A)=5/6.

Жауабы:

p(A)=5/6.

Сабақта пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныс:

Бұл тапсырманы оқушыларға қалыптастырушы бағалау ретінде ұсынуға болады

*Есепті шығару барысында математикалық модель құрып, интерактивті құралдар, цифрлық білім беру ресурстары және т. б. қолдануға болады.


Бағалау критерийлері:

  • Тапсырма оқу мақсатына/мақсаттарына сәйкес.

  • Есеп практикалық мазмұнды.

  • Есептің дұрыс шығару жолы берілген.

  • Есептің жауабы көрсетілген.

  • Есепті сабақта пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныс берілген.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет