Өзбекстан Республикасы Жоғарғы жəне Орта арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,68 Mb.
#6754
  1   2   3   4   5   6   7   8

Өзбекстан Республикасы Жоғарғы жəне Орта арнаулы     
бiлiмдендiру министрлiгi 
 
Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттiк 
университетi 
 
 
 Өзбек филологиясы факультетi 
Түркi филологиясы кафедрасы 
 
 
 
 
Қ
Қ
А
А
З
З
А
А
Қ
Қ
 
 
Т
Т
А
А
Р
Р
И
И
Х
Х
И
И
 
 
Р
Р
О
О
М
М
А
А
Н
Н
Ы
Ы
 
 
 
 
(Арнайы курс) 
 
Дайындаған` 
ф.ғ.к. Қ.Аралбаев 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
НӨКІС -2008 
 

 
2
.Аралбаев Қ Қазақ тарихи романы (арнайы курс) 
Пікір білдіргендер: ф.и.к. И.Дильманов (НМПИ) 
                                 ф.и.к. Қ.Юсупов (ҚМУ) 
 
 
 
 
 
 
 
Бұл  көмекші  құрал  қазақ  филологиясы  бөлімінің  студенттері  үшін 
«Қазақ  тарихи  романы»  атты  арнайы  курстың  бағдарламасына  негізделіп 
жазылған.  Көмекші  құралда  қазақ  тарихи  романдарының  жанрлық, 
типологиялық  жəне  танымдық  мəселелері  нақты  көркем  туындылар  арқылы 
сөз  етіледі.  Еңбек  студенттерге,  тарихи  тақырыптағы  туындыларға 
қызығушылар үшін қажетті мəліметтер береді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бердақ атындағы Мəмлекетлик униветситети Илимий методикалық 
кеңесиниң 2007-жыл 21-ноябрьдеги №2 баянламасы менен басып шығарыўға 
усынылды. 
 

 
3
ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Жоспары: 
1. Тарихи роман жанры туралы ұғым. 
2. Тарихи романдардың негiзгi критерийлерi. 
3. Тарихи романдардың жанрлық түрлерi. 
4. Қазiргi қазақ тарихи романшылығы туралы. 
Қазiргi  заман  əдебиетiнде  тарихи  роман  мен  роман-эпопеяның  үлесi 
барған сайые ұлғайып келедё. Бұл бойынша əдебиеттану ғылымында арнайы 
зерттеулер  жазылып  келедi.  Тарихи  роман  жанрына  мұншалықты  көңiл 
бөлiнуi – оның  қазiргi  кезеңдегi  əлем  əдебиетiнен  де,  қала  бердi  қазақ 
əдебиетiнен  де  ең  маңызды  орын  алып  отыруынан,  яғни  халықтың 
сұранысының, қызығушылығының көптiгiнен болса керек. 
Тарихи  романның  негiзiн  Батыс  Европада  Вольтер  Скотт,  орыс 
əдебиетiнде  Пушкин  салғанын,  бұлардың  шығармаларында  тарихи 
фактiлердiң  көркемдiк  элемент,  эстетикалық  мəндiлiк  дəрежесiне 
көтерiлгенiн,  тарихи  романдардағы  маңызды  шарт -  тарихилық  принципi 
алғаш  реет  ХIХ  ғасыр  əдебиетiнде  жүзеге  аса  бастағанын  бiлемiз. 
Классикалық тарихи роман жеке адамдарды ғана емес тұас тарихи дəуiрдi де 
барлық  ерекшелiгiмен  көрсететiндiгiн,  тарихи  фактiлердi  адамдар  өмiрiне 
қатысты бейнелеу дəстүрiн қалыптастырғанын бiз осы анр туралы жазылған 
теориялық-ғылыми еңбектерден айқын көре аламыз. 
Халықтың  тарихи  белсендёлiгё,  таихи  қажеттiлiк,  бұқараның, iрi 
қайраткерлердiң  iс-əрекеттерiн  кең  қамту  да  тарихи  романнық  басты 
шарттарынан  саналады.  Тарихтың  жауапты,  ұрымталтұстарын  көрсету, 
белгiлi адамдардың ақиқат тарихи мəндi iстерiн, тұлғасын Ашу принциптерi 
тарихи  жанрдағы  туындылар  алдына  орасан  ауыр  мiндет  жүктейдi.  Жалпы 
көркемдiк  жинақтаудың  ортақ  заңдылықтарынан  тарихи  тақырыптағы 
шығарма  жырақ  кетпейдё,  мұнда  қаһармандардың  сырт  келбетi, iшкi 
субьектив  болмысы  өмiрдiң  обьектив  ажырамас  бiрлестiкте  болуы  шарт. 

 
4
Шындық  пен  қиялдың  үйлестiк  табу  мəселесi  де  тарихи  ромадар  үшiн  аса 
қажет.  Сондай  ақ  тарихи  ромада  суреткердiң  реалист  болуы,  тарихи 
ерекшелiк  пен  атмосфера  сипаттамасының  шыншылдығы,  тарихи 
күрестердiң  адамдар  тағдырына  тигiзер  əсерi  т.б.  негiзгi  принциптерден 
саналады.  
Тарихи  роман  халықтың  бұрынғысы  мен  бүгiнгiсiнің  жанды 
байланысын  көркем  бейнелер  арқылы  ашады.  Мұндай  шығармалардың 
тəрбиелiк,  танытқыштық  мəнi  үлкен.  Олар  халық  өмiрiнiң  өткенi  мен 
қазiргiсiнiң арасында қаншалық айырма бар екенiн көрсетедi. Əлбетте, өткен 
өмiрдi  суреттеуде  бұрынғыны  бiрыңғай  марапаттаудан  да,  немесе  көненiң 
бəрiн жоққа шығарушылықтан да аулақ болу керек. 
Қазiргi  тарихи  романдардың  тағы  бiр  жалпы  ұнамды  сипаты-тарихи 
адамдар өмiрiнiң диалектикасына тереңдеп, дендеп бара алатындығы. Мiнез 
бен  жағдайдың,  ортаның  байланысын  ақиқат  өмiрдiң  өзiнен  ала  бiлушiлiк, 
қаһармандар  iсiне  түрткi  болған  түп  себептердi  ашуға  қабiлеттiлiк  реализм 
əдебиетiне тəн болған артықшылық. 
Тарихи роман оқиғасы өткеннiң қай кезеңiн көрсетуге арналса да, мұнда 
отаншылдық  идеясы  басым  жатады.  Қазақ  тарихи  романдарында  халықтың 
көне дəуiрдегi қаһармандық күресi мол əрi мəндi суреттелiп келедi. 
Тарихи  романдардың  табысқа  жетуiнiң  тағы  бiр  кiлтi-ғылым  мен  өнер 
жетiстiгiнiң  бiрлестiк  табуында.  Белгiлi  бiр  тарихи  құбылыстың  ғылыми 
сипатымен  көркемдiк  концепциялар  үйлестiкке  келсе,  реализм  əдiсiнiң  ең 
басты мақсаты орындалғаны. 
Ертедегi  өмiр  хикаяларын  көрсетуге  бару,  ең  алдымен  қазiргi  кезеңнiң 
даму мүддесiнен туады. Тарихи оқиғалар iшiнен халық тағдырына күштi əсер 
еткен  қозғалыстарды,  еңбекшiлердiң  мүддесiн  ажырата  айта  бiлу-
құбылыстарды  бағалау  мен  талдауда  ұлттық  көзқарасты  ұстану-қазiргi 
тарихи  романдардың  жаңашылдық  сипаты.  Классикалық  тарихи  романда 
көбiнесе  ойдан  шығарылған  қаһармандар  көрсетiлсе,  қазiргi  романдарда 
негiзгi орынға нақтылы болған адамдардың өмiрi мен iс-əрекетi алынады, ол 

 
5
адамдардың  халық,  ұлт  өмiрiне  қатысы  суреттеледi.  Тарихтың  ұнамды 
қаһармандары-қазақ  тарихи  романының  да  ұнамды  кейiпкерлерi  болып 
табылады. 
Өткен  замандарда  өмiр  кешкен  үстем  тап  өкiлдерiнен  гөрi  қалың 
бұқараның  қарапайым  өкiлдерiнiң  тұлғасы  тарихи  туындыларда  айқын 
көрiнбеуi  ықтимал.  Сондай  жандардың  тiршiлiгiн,  өршiл,  өкiнiштi 
жайлардың  көркемдiк  шындығын  табу – қазiргi  суреткердiң    ойланарлық 
мəселесi. 
Атап  өтерлiк  бiр  мəселе-қазақ  жазушылары  өткеннен  тек  əлеуметтiк 
факторларды  iздеп  қоймайды,  сонымен  бiрге  мəдени,  адамгершiлiк, 
психологиялық қайшылықтар мен тартыстарға да тереңдеп барады. 
Бұл  арада  тоқтап  өтерлiк  мəндi  мəселелердiң  бiрi-тарихи  шындық  пен 
қиялдаудың /вымысль/ өзара байланысы турасында. Көп жазушылар,  соның 
iшiнде Толстой тарихи тақырыпты шығармалардың өзiнде қиялдау элементi 
басым  болуы  тиiс  деп  есептеген.  Өмiрде  болған  қаһарман  да,  қиялдан 
жасалған  кейiпкер  де  шығармада  толыққанды  өмiр  кешуi  керек.  Тарихи 
оқиғалардың  тартымдылығы  қандай  қажет  болса,  қиялдың  əсерлiлiгi  де 
сондай зəру, бұлардың табиғи тұтастыққа ие болуы шарт. Тарихи оқиғаларды 
тiзе  беру  де,  тарихты  ұмытып  тек  қиял  күшiне  сенушiлiк  те,  сүйенушiлк  те 
шығарманы бiр жақтылыққа алып кетпек. 
Тарихи  тақырыптағы  шығармаларда  жиi  кездесетiн  ортақ,  жалпы 
кемшiлiктер  қатарына  өткен  дəуiр  оқиғаларын,  адамдарының  «тiлiн» 
жаңаландыру,  бүгiнгi  құбылыстармен  алмастырып  жiберу  де  кiредi.  Əр 
дəуiрдiң  сан  қилы  оқиғаларынан  ең  керектiсiн  екшеп  алу  ең  қиын  мiндет 
екенiн атақты ағылшын жазушысы В.Скотт айтқан екен. Суреткердiң дарын 
қуаты  оқиға  мен  адамдарды  тым  ескiлендiрмей  де,  жаңаландырмай  да 
көркемдiк шындық деңгейiне сай етiп көрсетуден байқалса керек. Авторлық 
түсiнiктер  мен  баяндаулар  қаһармандар  iс-əрекетiн,  диалог,  монологын 
тасалап тастайтын тұстар тарихи шығармаға кемшiлiк əкеледi. 

 
6
Тарихи  романның  жанрлық  сипатын  сөз  еткенде,  алдымен  өткен  дəуiр 
оқиғаларының  суреттелуi,  қазргi  мен  өткендегiнiң  арасында  белгiлi  бiр 
кеңiстiк  болуы,  қандай  да  болмасын  аяқталған  кезеңнiң  тəжiрибесiн  қазiргi 
заман  адамдарынав  үлгi  етiп  ұсыну  мəселесiн  де  ескермей  болмайды. 
Сонымен  қатар  шығармада  документтiк  гнегiз,  ақиқат  тарихи  оқиғалар  мен 
адамдар болуы да шарт делiнедi. Демек, тарихилыфқ, аяқталып бiткен кезең 
жəне  документтiлiк  (құжаттылық)  тарихи  роман  жанрының  бастыф 
белгiлерiнен  есептеледё.  Тарихи  романның  принциптi  мəнi  бар  бiрнеше 
мəселесi  белгiлi.  Олар:  халықтың,  жеке  қаһармандардың  тарихтағы  орнын 
дұрыс  түсiну:  ойдан  шығарылған  емес,  нақтылы  болған  адамдар  өмiр 
кешулерiн  көрсетудi  негiзгi  нысана  ету:  құбылыстарға  ұлттық,  халықтық 
тұрғыдан  баға  беру;  əрбiр  дəуiрдiң  өзiне  ғана  тəн  жетекшi  тенденциясын 
екшеп ала бiлу; 
Тарихи  романның  түрлi  жанрлық  салалары`  тарихи-революциялық 
роман,  тарихи-биографиялық,  тарихи-тұрмыстық,  тарихи-хроникалық 
шығармалар бой көрсеттi. 
Роман-эпопея-бiрсыпыра  прозалық  жанрдың  қасиетiн  қамтиды,  мұнда 
адамдардың  жеке  өмiрi  халықтың  тарихымен  байланыстырылады.  Түрлi 
таптардың,  топтардың  қайшылықтары  мен  күрестерi,  əртүрлi  əулеттер 
ауысуының əлеуметтiк мəнi, заманының алдыңғы қатардағы өкiлдерiнiң өмiр 
кешулерi дəуiрдiң кесек оқиғаларымен қанаттас көрiнедi.  
Романның  роман-эпопеяға  ұласу  процесi  əдебиеттiң  жан-жақты 
жетiлгендiгiне,  жазушының  тарихи  оқиғалар  мен  байланыстарды  ғылыми 
негiзде  зерттеп  меңгергендiгiне,  елдiң  тағдырында  өшпес  iз  қалдырған 
белгiлi  бiр  дəуiрдiң  барлық  болмысын  неғұрлым  толық  сипаттау  ниетiне, 
адамдардың  алуан  типтерiн  үлкен  тарихтық  проблемаларға  қатыстыра, 
жанастыра  суреттеу  мақсатына  лайық  туды.  Көлемi  зор  шығарманың  бəрi 
бiрдей  роман-эпопея  болмайды,  тек  жоғарыда  саналған  шарттар  мүддесiнен 
шыққан туынды ғана бұл атаққа сай келмек. 

 
7
Əрбiр елдiң əдебиетiнде бұл жанр өзiндiк өзгешелiк, қайталанбас келбет 
танытқаны  белгiлi.  Роман-эпопея  авторы  суреткерлiгiнiң  үстiне  тарихшы, 
философ, əлеуметтiк зерттеушi мiндетiн де қоса атқарады. Көркем əдебиеттiң 
түркi  мақсаты  қоғамдық  өмiрдiң  қайшылықтарын,  тартыстарын, iзгiлiк  пен 
жамандықтың,  озық  пен  қалықтың  күресiн,  типтердiң  толықтығын  жəне 
олардың өткенiн, бүгiнгiсiн, келешегiн, мүмкiн қадарынша қамтып көрсетуi, 
бiр  сөзбен  айтқанда,  өмiрдiң  екшелген,  жинақталған  шындығын  айту,  сол 
арқылы  оқушының  танытқыштық  жəне  тəрбиелiк  түсiнiгiн  арттыру  десек, 
сол  мiндеттi  неғұрлым  кең  атқаруға  мүмкiншiлiгi  бар  жанр - роман-эпопея 
болмақ.  Өмiр  суреттерiн,  тағдырлар  талқысын,  кезеңдер  сырын,  нəсiлдер, 
халықтар,  таптар  мүддесiнiң  тоқайласуын  немесе  қайшылығын,  сан  түрлi 
адамдардың арманы мен өкiнiшiн кең əлемдей келiстiрiп суреттейтiн роман-
эпопея  алдағы  кезде  де  жаңа  қырларын  аша  беретiн  əмбебап  /универсал/ 
жанр.  
Қазақ тарихи романының бұл күнде дамып, өркендегенi соншалық-оның 
əрбiр  жанрын  арнайы  зерттеудiң  қажеттiгi  туып  отыр.  Қазiр  қазақ 
романының  түрлi  мəселелерiн  əр  қырынан  толғайтын  еңбектер  де  көбейiп 
келмекте. 
Дегенмен,  бұл  жанрдың  нақтылы  зерттеуге  лайық  проблемалары  көп. 
Соның  бiрi  тарихи  романдардың  жанрлық  өзгешелiктерiн,  өсу  бағытын, 
көркем  əдебиетiмiзге  қосқан  үлесiн,  көрнектi  жазушыларымыздың  тарихи 
тақырыпты  меңгерудегi iзденiстерiн  зерттеу.  Халқымыз  тарихында 
тағылымды iстерiмен елеулi iз қалдырған қайраткерлер тағдырына арналған 
романдардың  идеялық-көркемдiк  ерекшелiктерiн,  олардың  жұртшылыққа 
беретiн ғибратын сөз ету-курстың басты мақсаттарынан есептеледi. 
Сондай-ақ  бұл  курста  атақты  Мұхтар  Əуезовтың  «Абай  жолы»  роман-
эпопеясы,сонымен 
бiрге,С.Мұқановтың,I.Есенберлиннiң, 
Ə.Əлiмжановтың, 
М.Мағауиннiң, 
С.Жүнiсовтың, 
Ə.Кекiлбаевтың, 
З.Ақышевтың  тарихи  романдары  туралы  да  ғылыми  сипатта  сөз  етiлмек. 
Қазiргi  қазақ  тарихи  романының  iшкi  жанрлық  бөлiнiстерi,  олардың 

 
8
əрқайсысына  тəн  өзгешелiктерi  көрсетiлу  керек.  Кейiнгi  жылдары 
жарияланған  романдар  қатарынан  роман-хроника,  тарихи-публицистикалық, 
тарихи-биографиялық,  тарихи-этнографиялық  секiлдi  салаларға  жатқызуға 
болатын шығармалар жиi ұшырап отырғанын бiлемiз.   
Тарихи-ғұмырнамалық романның, əсiресе, роман-эпопеяның үздiк үлгiсi 
ретiнде  əдебиетiмiздi  үлкен  идеялық-көркемдiк  биiк-белескекөтерген  ұлы 
туынды М.Əуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын талданады.Əрине, бұл 
туынды туралы көптеген сыншылар мен əдебиетшiлер мол пiкiр түйгенi, сан 
тарапты  сипаттама  жасағаны  мəлiм.  Дегенмен,  уақыт  озған  сайын  классик 
жазушымыздың көркемдiк мұрасын қайталай сөз етерлiк тың проблемалар да 
туындай  бермек.  М.Əуезов  романының  қазақ  əдебиетiне  əкелен  тың 
қасиеттерi:  характер  сомдау;  шығарманың  тартыстық,  құрылыстық 
жүйесiндегi жаңалықтары, суреткер лабораториясы жайлары, тiлiмiздi əдеби 
тiл  тұрғысынан  қалыптастырудағы  ролi,  табиғат  суретiн  терең  реалистiкпен 
берудегi  жаңашылдығы т.б сөз болады. 
 Сондай  ақ  қазiргi  қазақ  тарихи  романдарының  жанрлық  өзгешелiктерi, 
қызғылықты  тың  жетiстiктерi  С.Мұқанов,  Д.Əбiлев, I.Есенберлин, 
С.Жүнiсов,  М.Мағауин,  Ə.Кекiлбаев,  С.Сматаев  т.б  тарихи  тақырыптағы 
романдары  негiзiнде  талданады.  Қазiргi  қазақ  тарихи  романының  iшкi 
жанрлық  бөлiнiстерi,  олардың  əрқайсысына  тəн  ерекшелiк,  даралық 
сипаттары  да  болады.  Кейiнгi  жылдарда  жарияланған  тарихи  романдар 
қатарында:  роман-хроника,  тарихи  публицистикалық,  тарихи-биографияық, 
тарихи  этнографиялық  аңыз  роман,  роман-эссе  секiлдi  салаларға  жатқызуға 
болатын туындылар баршылық. 
Əлбетте,  тарихи  романның  барлық  келбетiн, iшкi  байлығын
халқымызды  отаншылдыққа,  игi  дəстүрге  тəрбиелеудегi  маңызын  курста 
түгел  қамту  мүмкiн  емес.  Бiздiң  мақсатымыз-қазiргi  тарихи  романдардың 
дамуындағы  жетекшi  тенденцияларды  нұсқау,  тарихи  тақырыпта  қомақты 
туындылар  берген  қаламгерлердiң  əдебиет  қазынасына  қосқан  азды-көптi 
өзiндiк жаңалығын жүйелi əңгiмелеу, олардың өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасы 

 
9
туралы  пiкiр  таныту.  Қазiргi  қазақ  прозасы,  оның  iшiнде  тарихи  роман 
жанрының  тəрбиелiк,  танытқыштық  мəнiн  бүгiнгi  ұрпаққа  терең  түсiндiре 
отыру  арқылы,  оларды  отаншылдық,  ұлтжандылық  сезiмге  баулу, 
дəуiрiмiздiң нағыз белсендi азаматтары етiп жетiлдiру мақсаты да бұл курсты 
оқытуда  нақты  алға  қойылатын  мiндет.  Арнайы  курсте  тарихи  роман 
осындай  биiк  мiндеттерi  қалай  атқарып  келе  жатқандығын  нақтылы 
романдар,  əсiресе  соңғы  жылдардағы  тарихи  туындылар  арқылы  талдап, 
дəлелдеп  көрсету  де  негiзi  мақсат    болмақ.  Сонымен  бiрге  бұл  саладағы 
жетiскендiктермен  қатар  кемшiлiктерге  де  назар  аудару  қажет  деп 
есептеймiз. 
Пайдаланылған əдебиеттер` 
1. Р.Бердiбаев. Қазақ тарихи романы. 
2. Р.Бердiбаев. Роман жəне заман. 
3. Ж.Дəдебаев. Өмiр шындығы жəне көркемдiк шешiм. 
4. М.Атымов. Қазақ романының поэтикасы. 
5. М.Қаратаев. Iзденiс iздерi. 

 10
М.ƏУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» ТАРИХИ РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ-
ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ РОМАННЫҢ ҮЗДIК ҮЛГIСI 
Жоспары: 
1. М.Əуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы жəне оның жазылу тарихы. 
2.  М.əуезовтың  «Абай  жолы»  романы-XIX  ғасырдағы  қазақ  тарихының 
көркемдiк шежiресi. 
3.  М.Əуезовтың  тарихи  романындағы  дəуiр  шындығы  жəне  көркемдiк 
шешiм. 
4. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы образдар жүйесi. 
5. Роман-эпопеясының маңызы мен қазақ тарихи прозасын дамытудағы ролi. 
 
М.Əуезовтың  шығармашылық  жолындағы  бас  еңбегi-«Абай  жолы» 
эпопеясы туралы көп мақала, зерттеу жазылған, романның бағасы мен орны 
да  анықталған.  Дегенмен,  осы  ғажайып  кесек,  көркем  туындының  негiздерi 
мен бiтiмi, мəнi мен өнегесi түгел айтылып болды деу ерте. 
Сондай  мəселелердiң  кейбiреулерiн  бiз  де  сөз  еткелi  отырмыз.  Атап 
айтқанда,  жазушының  роман  тақырыбына  етене  жақындығының  жағдайын, 
шығармаға келер басқыш көркемдiк iзденiстердi, эпопеяның қазақ əдебиетiне 
əкелген  түбiрлi  жаңалықтарын  жəне  оның  əлемдiк  даңқын  əңгiмелеу 
қажеттiгi  азайған  жоқ.  Алдымен  жазушының  Абай  тақырыбына  келуiнiң 
сырлары мен шыңдары туралы тоқталып өту лазым.  
Атап  өтерлiк  бiр  нəрсе  –сол  жазушы  абайтану  проблемасын  өткiншi, 
науқандық жұмыс деп қарамай, ұдайы iзденiстер жүргiзген. Абай жинағынық 
əр  басылымына  жазған  алғысөздерiнде,  түсiндiрмелерiнде,  немесе  қазақ, 
орыс  тiлдерiнде  жаприяланған  мақалаларында  тақырыптың  жаңа  қырларын 
ашып,  зерттеушiлiк  мəдениетiн  биiктерге  көтерiп  отырған.  Ол  Абайға 
қатысты  деректi  ақынның  көзiн  көрген  замандастарынан  мүмкiдiгiнше  мол 
жинкап үлгiрген, жазба мағлұматтарды қоса қамтыған. 
Қандай  суреткер  болса  да,  шығармаға  кiрiсерден  бұрын  өмiр 
материалын  топтап,  талғап,  екшеп,  негiзгi  нысанасы  мен  қаһармандардың 

 11
бағдарын  белгiлеп  алатыны  ақиқат.  Бұл  мiндеттi  М.Əуезов  ерекше 
ыждағатпен, асқан зеректiкпен атқарғанын көремiз. Ол Абай жайында роман 
жазуға  кiрiспей  тұрып,  ақынның  өмiрiн,  туындыларын,  заманын  кеңiнен 
тексерiп, мақалалар, зерттеулер жазған. Кейнiнен романға енген адамдар мен 
оқиғалардың  мəн-жайын  түгелдей  ғылыми  жүйеде  талданып  шыққан.  Бұл 
əдебиет тəжiрибесiнде сирек кездесетiн құбылыс. 
Абайдың заманы, оның ерекшелiктерi, дəуiрi туралы ойларын М.Əуезов 
1922-23  жылдарда-ақ  баспа  жүзiнде  жариялай  бастаған.  Мұнан  кейiнгi 
көлемдi  еңбек - ақынның 1933ж  басылған  толық  жинағына  жазылған 
«Абайдың туысы мен өмiрi» деген мақала. Ақынның өмiр кешулерiн, өскен 
ортасын,  шығармаларының  құрамын,  бағытын  түсiндiруде  бұл  мақаланың 
тарихи  мəнi  аса  мол  болды  десек  қателеспеймiз.  Келе-келе  М.Əуезов 
«Абайтану»  ғылымының  негiзiн  салды  дегенде  ұзақ  жылдарға  созылған 
ұланғайыр iстi еске алуымыз лазым. 
Өзiнiң  терең  ойластырылған  тақырыбына, iргелi  идеясына  үлкен 
жауапкершiлiкпен  қарап,  үздiксiз  мағлұмат  жинаған,  оны  түрлi  салада 
екшеген М.Əуезов «Абай жолының» алғашқы iз-соқпағын 30-жылдардың 2- 
жартысында-ақ  сала  бастағаны  белгiлi.  Бұл  айтқанымызға  «Əдебиет 
майданы»  журналының 1937-жылғы N4 санында  басылған  «Татьянаның 
қырдағы əнi» деген үзiндiсi дəлел. Мұны автор болашақ романның хабаршы 
деп сипаттаған. 
Кейнiнен  «Абай  жолының»  екiншi  кiтабының  соңғы  тарауы  болып, 
кеңейтiлiп,  бiрсыпыра  өзгертiлiп  басылған  бұл  үзiндi  шығарма  тағдырында 
үлкен  қызмет  атқарғанын  көремiз. «Татьянаның  қырдағы  əнi»  қатардағы 
оқиға,  көп  құбылыстардың  бiрi  емес,  роман-эпопеяның  жетекшi  идеясын 
айқындап тұрған мəндi мəселе.  
М.Əуезовтың  Абай  жайындағы  романдары  қазақ  халқының  рухани 
өмiрiне  зор  жаңалық  əкелдi,  бүкiл  əлем  оқырмандарының  сүйiктi  кiтабына 
айналды. Ол қазақ топырағында туған үлкен прозаның нағыз мəдениеттi, биiк 
үлгiсi  болды.,  елдiң  тұтас  бiр  дəуiрiн  соншалықты  шебер,  көркемдiкпен 

 12
танытты.  Адамдар  арасындағы  терең,  нəзiк  сезiмдердi  бейнелейтiн  сөздер 
мен  оралымдар  өзiнiң  барлық  ғажайып  күшiмен  жарқырай  көрiндi. «Абай» 
романдарында  жаңа  мағынаға  ие  болған  немесе  қайта  жаңарған  сөздер, 
лексика  байлығы  да  ерекше  мол.  Бұл  романда  қазақ  адамының  өзiне  тəн 
еркшелiгi, психикалық болмысы əрi толық,, əрi шебер жасалған. 
Қазақ  əдебиетiн  үлкен  биiкке  көтерген  жазушыларымыздың  бiрi-
М.Əуезовтың  «Абай  жолы»  романын  жұртшылық  қазақ  халқының  өткен 
ғасырдағы  өмiрiн  шыншыл,  əрi  көркем  суреттегенiне  қарап  жоғары 
бағалаған. Абай туралы роман қазақ халқының көркем сөз өнерi, əдебиеттегi 
дəстүрлi, мəдениеттегi құнарлы топырағында туа отырып, өз тарапынан оның 
дамуына үлес қосты. 
«Абайдың»  бiрiншi  кiтабындағы  жазықсыз  өлiм  жазасына  кесiлген 
Қодардан  бастап, «Абай  жолы»  романының  екiншi  кiтабында  боранда 
жылқымен бiрге үсiп өлгенi суреттелген Алтыбай жылқышыға дейiн бəрi де 
ескi  қазақ  ауылындағы  кедейлер  өмiрiнiң  жанды  суреттерi. «Абай  жолы» 
романынан  бiз XIX ғасырдың 2- жартысындағы  қазақ  халқының  барлық 
өкiлдерiнiң`:  байдың  да,  кедейдiң  де,  молданың  да,  тiлмаштың  да  өмiрiн 
таныдық.  Феодалдық  заманның  қатал  өкiлдерi  Құнанбайдың,  Майбасардың, 
Тоғжан,  Əйгерiмдердiң  əсерлi  суреттерi  де  есiмiзде.  Романнан  небiр  ғажап 
портреттер, сан қилы мiнездер, табиғат көрiнiстерi елестейдi. 
Екiншiсi-Абай  туралы  романдарда  қазақ  халқы  мен  орыс  халқының 
арасындағы  тарихи  қалыптасқан  қарым-қатынастың  нақтылы  жағдайлары 
шынайы  көркемдiк  шешiмiн  тапқан.  Жазушы  екi  халықтың  өзара 
байланысын боямаламай, нағыз өмiрдегiдей, табиғи қалыпта суреттеп бередi. 
Россияның  алдыңғы  қатарлы  адамдарының  қазақ  даласына  игi  əсерi 
болғанын «Абай жолы» романдары дəл, нанымды түрде көрсеттi. Эпопеяның 
4-кiтабында желi тартқан негiзгi өзек осылар. 
Көркем  шығарма-өзiнiң  шыншылдығымен  құнды.  «Абай  жолын» 
оқығанда  оқушы  ондағы  тартыстардың,  оқиғалардың  растығына  қалтқысыз 
сенiп отырады. Мұндағы суреттелген оқиғаның бiрде-бiрiнен нанымсыздық, 

 13
жасандылық  сезiлмейдi.  Жазушы    төрт  кiтабының  өн  бойында  өзiнiң 
бағытына  берiк.  Мұның  өзi  өмiр  құбылыстарын  саралап,  тап  қайшылығын, 
əлеуметтiк теңсiздiктi мейлiнше ашық көрсете алатын жанды байланыстарды 
iрiктеп алуға көмектескен. 
«Абай жолы» романының 4-кiтабымен эпопея аяқталады. Осы 4-кiтапты 
оқыған  оқушы  жазушымен  бiрге  романның  басты  геройларымен  бiрге,  ұзақ 
сапар шегiп, өрелi жерiне небiр кереметтi көрiп жеткендей. 
Эпоеяның  əр  кiтабында  Абай  өмiрiнiң  əр  кезеңi  бейнеленген.  Кiтаптан 
кiтапқа  өсiп  отыратын  Абайдың  тұлғасы  мен  характерi  оның  жасына, 
тəрбиесi 
мен 
тəжiрибесiне, 
қоғамдағы 
орнына 
лайық 
өзiндiк 
ерекшелiктерiмен  бейнеленген.  Сондықтан  да  ол - типтiк  жағдайларда 
алынған  типтiк  образ  болуының  үстiне,  тек  Абайға  ғана  тəн  қайталанбас 
ерекшелiктерi бар жеке дара образ. 
«Абай»  романының  бiрiншi  кiтабы  бүтiндей  сол  дəуiр  шындығын 
суреттеп,  осы  ортада  сүйрiктей  боп  өскен  жас  Абайдың  романтикаға 
бөленген  сүйкiмдi  образын  бейнелейдi.  Романның  бiрiншi  кiтабы  болашақ 
ақынның балалық,  жiгiттiк кезеңдерiн қамтып,  оның жаратылысындағы iзгi, 
адамгершiлiк  қасиеттердi  ашты,  оның  əкенiң  ғана  емес,  адамның  баласы, 
халық  ұлы  болып  өскенiн  көркем  тiлмен  өрнектеп  бередi.  Сөйтiп  кiтаптың 
соңында  24 жасқа келген, характерi қалыптасқан естияр Абайды көремiз. 
 Романның  екiншi  кiтабы  Абайдың  ақындық  талантының  қалай  гүл 
ашып,  өркен  жая  бастағанын  танытады.  Бұл  процесс  Абай  басынан  кешкен 
екi үлкен құбылыспен сабақтас дамиды. Оның бiрi – орыс достарының озат 
идеясымен қаруланып, солардың көмегiмен орыстың классикалық əдебиетiн 
терең  зерттеп,  ақын-жазушының  қоғам  өмiрiнде  атқаратын  ролiн  ұғынуы. 
Екiншiсi – ақынның  барлық  жағынан  жетiлiп,  халықпен  байланысы  нығая 
түсiп,  терең  тамыр  жаюы..  Осы  факторлар  Абайдың  характерiн  одан  əрi 
дамытып,  тереңдете  түседi.  Сөйтiп,  романның  екiншi  кiтабында 
адамгершiлiгi,  ақындығы,  халықтығы  жiксiз  тұтасып,  ұлы  тұлға  жасаған 

 14
Абай  образының  қазақ  даласына  сəуле  түсiргенi  көңiлге  қонымды 
суреттелген. 
 Осы  кiтаптың  соңында-эпилогында  Абай    жолының  алғашқы  кезеңiн 
түйген  мынадай  сөздер  бар: «Өмiрдiң  белiне  шығыпты.  Сол  арттағы  жолда 
жоғалтқаны көп пе, тапқаны көп пе ? Рас, жоғалтқанының көбiне өкiнбейдi. 
Жақыннан  əке,  Құнанбай  кеттi  жат  болып.  Туыстан  Тəкежандар  кеттi 
жауығып.  Оразбай,  Жиреншелер  де  бiрiнiң  артынан  бiрi  шұбалып  кетiп 
жатыр… Бiрақ халық қалса, халыққа жолымды, жанымды қосар жарық қалса 
жеткенi»,-деп  өзiне  өзi  осы  отырыста,  құпия  бiр  ант,  серт  айтқандай 
бекiнедi». 
«Абай  жолы»  романында  суреттелген  тарихи  шындық  ХIХ  ғасырдың 
ақырғы  шенiндегi 35-40 жылдық  уақытты  қамтиды.  Бұл  қазақ  тарихындағы 
өте  бiр  маңызды  дəуiр.  Сонымен  бiрге,  ол  Абайдың  ақындық 
творчествосының  толысқан,  жазушылық  қызметiнiң  кемелденген,  халыққа 
көсемдiк,  қамқорлық  еткен  жəне  дұшпандармен  белсене  күреске  түскен 
қайраткерлiк  қызметi,  халқының  болашақ  тағдыры  үшiн  көп  толғанған 
ойшылдық қызметiнiң əбден өрiс алып, кемелiне келген кезi. 
Осындай  энциклопедиялық  характер,  эпопеялық  кең  құлаш  тұтас 
алғанда,  Абайдың  өз  творчествосына  да  тəн  едi.  М.Əуезов  Абайды  көп 
салалы туындының өзектi образы етiп ала отырып, ұлы ақынның қолданған 
өрелi реалистiк принципiн тұтынып, оның осы дəстүрiн одан əрi дамытты. 
«Абай  жолы»  эпопеясының  мəнi  мен  құны  Абайдай  тарихи  адамның 
өмiрiн, iс-əрекетiн,  ой-пiкiрiн,  сана-сезiмiн,  көңiл  күйiн  тарихи  оқиғалармен 
ұштастыру арқылы тұтас бiр дəуiрдiң шындығын кең суреттеуiмен қатар ұлы 
ақынның шығармашылығына байланысты мəселелердi де кең қамтуында. 
Абай  образының  осыған  орай  тағы  бiр  маңызды  ерекшелiгi – оның 
интеллектiлiк  қасиетi.  М.Əуезовтың  көрсетуiнде  есейген  Абай – 
ақындығымен  бiрге  бiлiмдi,  парасатты,  философ - Адам.  Ұлы  ақынның  бұл 
қабiлетi оның əрбiр қадамынан айқын көрiнiп отырады. Не нəрсенiболсын,не 
нəрсенiң сырын, мағынасын, себебiн түсiнуге тырысу, не iстесе де, сол iстiң 

 15
байыбына  барып,  пайымдап  алып  iске  кiрiсу,  айтыс  тартыстарда  логиканы 
қару  ету,  халқының  қазiргi  жəне  болашақ  тағдыры  туралы  шексiз  толғану, 
өлеңдерiн ұдайы философиялық, даналық ой-пiкiрге негiздеу – осының бəрi  
М.Əуезовтың  шебер  суреттеуiнде  ұлы  Абайдың  бойына  жарасқан,  Абай 
образының салмағын, көркiн, мəн-мағынасын мықтап көтерген сипаттар. Бұл 
сипаттардың  Абай  табиғатына  терең  ұялауына  орыс  достары  Михайлов, 
Павлов та, сүйiктi баласы Əбiш те көп еңбек сiңiредi. Абайдан тəлiм-тəрбие 
алған  жаңашыл  жастар,  оның  iшiнде,  əсiресе  Дəрмен  сияқты  талантты 
шəкiртi  ұстазының  поэзиялық  шығармаларымен  қатар,  оның  осы 
интеллектiлiк қасиетiн, философиялық өсиеттерiн үлгi, өнеге тұтады. 
Абай  образы  романда  өзiнiң  осындай  қасиеттерiн  айқын,  əсерлi  түрде 
аша  отырып,  жалпы  типтiк  ерекшелiктерiн  терең  бере    алған.  Ол  қазақ 
халқының  талай  заманғы  тiршiлiк  күресi  мен  еңбек  процесiнде  жəне  келер 
заманның  прогресшiл  бағытында  туысқан  орыс  халқының  игi  əсерiмен 
қалыптасқан  шынайы  ұлттық  характерлерiнiң  ең  жақсы  сипаттарын  бойына 
жинап типтендiрген. 
Жасы  жетпiстен  аса  қайтыс  болғалы  жатқан  Дəркемайдың  өмiрi  мен 
мiнездемесi  халық  ұғымында  қандай  екенiн  Базаралының  Абай  алдында 
толғаған мына бiр сырлы сөздерiнен түю қиын емес. «Қай қамауға түспеген 
Дəркембай  едi.  Бiрақ  адам  темiр  емес  қой.  Көңiл  қайратты  болғанмен,  көне 
шекпен етке лыпа бола ма? Өр кеудесiн имейiн дегенмен, қара дауыл қоя ма? 
Айдалада,  қарда,  қиян  елсiзде  бiр  ұя  қасқыр  қамаса,  адам  құр  қол  болған 
шағында,  жаяу  қалған  халiнде  жақсы  болды  не,  мiнездi  боды  не,  қымбат, 
керек  болды  не,  оның  бəрiнiң  көмегi  бола  ма ? Сондай  кəрiлiк,  жоқшылық, 
əлсiздiк,  лыпасыз  жүдеулiк,  аштық  деген  сияқты  қамаған  қасқыр  көп  қой. 
Бəрiнiң жиылып кеп, тұсап жатқанын көрмейсiң бе?»  
Осыны  айтып  отырған  Базаралының  образы  да  романда  айрықша  сəттi 
шыққан  сəулеттi,  өркешi  биiк  образ.  Дəркембай  бағытында  алынғанмен, 
оның  өзгеше  сыры  мен  қыры,  өзiндiк  тағдыры  бар:  ол  өжет,  қайсар,  өр 
мiнездi,  халық  кегiн  кеудесiне  түйген  өрен;  айдау,  тұтқын  көрсе  де 

 16
мұқалмаған,  мойымаған  болат  мiнездi  күрескер,  бұл  да  Дəркембай  сияқты 
сөйлеп  кетсе  дiлмар,  халық  даналығын,  бейнелi  сөздерiн,  мақал-мəтелдерiн 
еркiн игерген шешен. 
Базаралының портретiнен ақ оның дарқан бейнесiн тануға болады: «Кең 
маңдайы  аппақ  боп  айқындалған.  Еркiн  шабытты  жүзiне  жас  шағының 
ажарлы  қызғылт  нұры  шыққан  Базаралы  үлкен,  кесек,  сұлу  кескiнде. 
Көтерiлiп  алған  иығы  мен  кеудесi,  мынау  отырған  барлық  адамнан  асып , 
биiк тұрғандай. … Жұпыны киiм iшiнде болса да, халықтан шыққан Базаралы 
қасиет ұлындай…» Бұл Базаралының каторгадан қашып келген бете Жiгiтек 
кедейлерiн  бастап,  өздерiне  адам  төзбес  қорлық  көрсеткен  Тəкежаның  сегiз 
жүз  жылқысын  қырып  салып,  соның  жауабына  келiп  отырған  кездегi  кейпi. 
Мұндағы  Базаралы  бұрынғы  Базаралы  емес,  каторга,  мектеп  өтiп  келген 
Базаралы,  помещиктерiн  ұлпы-отанымен  өртеп,  өмiрбақи  каторгаға  кесiлген 
Керала  сияқты  орыс  крестьянынан  сабақ  алған  Базаралы.  Оның  ел  iшiнде 
бұрын-соңды  болып  көрмеген  жойқын  зор  күрес  əрекетiне  баруы  соның 
нəтижесi  болатын..  Абай  күрестiң  мұндай  түрлерiн  Михайловтан  естiсе, 
Базаралы  сол  күрескерлердi  өз  көзiмен  көрiп,  қайралып,  қатуланып  келдi. 
Сондықтан  да  Базаралының  Тəкежан  жылқысына  жасаған  сұрапыл 
шабуылының сыры Абайға түсiнiктi. Ол бұл мəселеде ағасы Тəкежанды емес, 
ашынған  Базаралыны  қолдайды.  Базаралы  характерiнiң  көп  жақтары 
«Ботакөздегi»  Амантай  образына  ұқсас.  Бұл  образдың  бостандық  көксеген 
халық үшiн, халық кегiн тану үшiн мəнi өте-мөте зор. 
Мұхтар Əуезов  ескi дүние сақшыларын да орасан күштi характерлермен 
берген. Оның iшiнде ең күрделiсi - Құнанбай образы.. Құнанбай образының 
типтiлiгi,  толықтығы  мен  тұтастығы  ерекше    сомдалған.  Құнанбай  образы 
бұрын-соңды  əдебиетiмiздегi  өктемдер  образдарының  бəрiнен  де  асып 
түсетiн, қатпары мен қыртысы мол бейне. Бұл образды жасауда шекспирше 
қарыштау,  шекспирше  характер  сомдау  бар.  Шындығында,  Құнанбай 
бiрыңғай жарға соғар, озбыр да емес, жылмаң, қу да емес, пасық сұм да емес. 
Шынжыр  балақ,  шұбар  төс  Құнанбайдың  құз  секiлдi  шыңырау 

 17
жаратылысына  бiткен  сипаттар  да  көп.  Олар  оңай  көрiне  қоймайды,  жайын 
балықша  тереңге  жасырынады.  Құанбай - өз  табының  мықты  тiрегi..  Оның 
арқырап,  азынап  тұрғанда,  Қодарды  өлтiрткен  жан  түршiгерлiк  қылмысын 
былай  қойғанда,  қартайғандағы,  қажы  болып,  тəубеге  келгендегi  кезiнiң 
өзiнде  iстеген  қаталдығы  Құнанбай  характерiнiң  тұңғиықтығын  аңғартады. 
Ол  замандасы  Қаратайдың  шағымы  бойынша  шымылдықта  жатып  та 
немересi  Əмiрдi  Үмiтей  қыздың  тойында  салдық  құрып,  əн  салып, 
сүйiспеншiлiк  сезiмiн  бiлдiргенi  үшiн  рақымсыз  түрде  тұншықтырғаны 
қаттылықтың асқынған түрi. «Түн бойы шымылдықты бүрiп отырған салалы 
суық,  сiңiрлi  саусақтар  жас  жiгiттiң  алқымынан,  жалаңаш  мойнынан 
сығымдап  қысып    қалды..  Қарт  қолы  əлi  де  кəрi  жыртқыш  тегеурiнiндей 
күштi екен. Темiр құрсаудай сығымдап ап кеп,  буындырып,өзiне қарай сiлке 
қысып, қинағанда босатар емес. 
Ескiшiл  Құнанбай  қанша  күштi  болғанымен,  жаңашыл  жас,  бiрақ  əлi 
əлсiз  Абай  жұрт  көзiнде  бiрте-бiрте  бел  ала  бередi.  Ақыры,  оның  мерейi 
үстем болып, азуы алты қарыс əкесiн мысымен жеңе бастайды. Осы бақастық 
ақыры Əмiрдi Құнанбай тырнағынан Абай келiп босатқанда араздық шегiне 
жетiп, Абай мен Əмiр Құнанбайдың терiс батасын алумен тынады. 
Құнанбай  шау  тартқанмен,  оның  орнын  басқан  Оразбай,  Жиренше, 
Майбасар,  Тəкежан,  Əзiмбай  сияқты  құнанбайшылдар  бар.  Олар  жаңа 
дүниеге,  Абайға  қарсы  аш  қасқырдай  тiстерiн  қайрап  ашына  шабады.. 
Бұлардың  дəл  осы  ерекшелiктерiн  М.Əуезов    өте  орынды  көрсеткен. 
Құанбайдың жолын қуушылар оның кесек қасиеттерiн жаңа жағдайға сəйкес 
бөлiсiп  алған  сияқты.  Мысалы,  Оразбай  озбырлығы  мен  ожарлығын, 
Жиренше  айласы  мен  амалын,  Тəкежан  баққұмарлығы  мен  тасбауырлығын, 
Əзiмбай  аярлығын  деген  сияқты...  Сонымен,  ұнамды  образдардың  шоқысы 
Абай, ұнамсыз образдардың шоқысы Құнанбай – екеуi екi дүниенiң саңылақ 
белгiсi. 
Бiз «Абай жолы» эпопеясын жарты ғасырлық қазақ өмiрiнiң панорамасы 
десек,  осы  екi  бейненi  сол  панорамаға  бiрi  жарық,  бiрi  түнек  түсiрiп  тұрған 

 18
образдар жүйесi дей аламыз.Мұндағы осынау екi жүйеге бөлiнген қат-қабат 
образдар, бiр жағынан дəуренi жүрiп тұрған азуы алты қарыс Құнанбай мен 
оның  бiрде  тату,  бiрде  араз  үзеңгiлес  замандастары:  Байдалы,  Байсал, 
Сүйiндiк,  Қаратай,  Құлыншақ,  Бөжей  сияқты  ру  басшыларының  кесек 
образдары болса, екiншi жағынан түнек заман айналасына нұр шаша бастаған 
азамат ақын Абайдың жарқын образы жəне оның осындай адам болып өсуiне 
ықпал-əсерi,  қатысы  болған  тəрбиешi  ортаның  iзгi  адамдары:  Зере  мен 
Ұлжанның,  Шөже  мен  Бiржанның,  Базаралы  мен  Дəркембайдың,  Абылғазы 
мен  Балағаздың,  Михайлов  пен  Долговтың,  Тоғжан  мен  Əйгерiмнiң, 
Салтанат пен Қуандықтың, Оралбай мен Керiмбаланың образдары.. 
«Абай»  романыың  соңында  данышпан  Пушкиннiң  ардақты  Абай 
арқылы қазақ сахарасына алғаш Татьянасын жетектеп кеп, қазақтың адал ұл-
қыздарының  ыстық  жүрегiнен  орын  алғанын  Əуезов  жан  тебiрентерлiк 
тамаша,  көркем,  нəзiк,  əсерлi  суретпен  көрсеткен.  Бұл  суреттен  де  бiз 
Абайдың  Пушкин  сықылды  дана  ақын  болғалы  тұрған  жəне  алдағы  үлкен 
ақындық жолға түскелi тұрған кезеңiнiң аяқталғанын көремiз.  
Эпопеяның  ақырғы  кiтабында  қазақ  халқының XX ғасырдың  бас 
кезiндегi  өмiрi  суреттеледi.  Алдыңғы  романдардағыдай  мұнда  да  барлық 
оқиға  өмiрдiң  табиғи  ауанынан  туып,  өсiп,  өршiп  отырады.  Тағы  да  Абай 
басқаларға  əр  қилы,  əр  түрлi  араласады.  Абай  бастаған  жанашыл, 
адамгершiлiктi  ту  етiп  ұстаған  топ  пен  Оразбайға  ерген  күллi  жуан.  Садыр 
надан  ортаның  арасындағы  бiтпес  тартыс  барлық  шындығымен,  қатал 
заңдылығымен көз алдыңнан өтiп жатады. Бұл кезде  Абай қартайған. Оның 
тамаша  ақындық  таланты  кемелiне  келген.  Өмiрдi  көрген  ұзақ  тəжiрибесi 
оны езiлген еңбекшiлер жағынан толық жəне бiржолата шығарады.  
Абай талай-талай реалистiк шығармалар жазады. Ол қазақ ауылындағы 
тап қайшылығының терең тамырларына түсiнедi. Күшi, сөзi жеткен жерiнде 
даудың да, жанжалдың да əдiл үкiмiн айтарлық дəрежесiне жетедi. Ата ұлы 
болмай,  халық  ұлы  болуына  бұл  кезде  оның  Əбдiрахман,  Мағауия  сияқты 
балалары  да,  Дəрмен  секiлдi  достары  да  жарап  қалған.  Абайдың  дəл 

 19
айналасында  жүрген  адамдар  тобы  онша  көбеймеген,  ендi  Абай  секiлдi 
əдiлдiк,  адамгершiлiк  үшiн  күресуге  шығатындар  көрiне  бастайды.  Ол, 
бəрiнен  бұрын  Семей  қаласына  кəсiп  iздеп  келiп  жатқан  жатақтар,  əр  түрлi 
кəсiпорындарда iстейтiн жұмысшылар, қайықшылар, жүк тиеушiлер т.б. 
Бұдан  былайғы  жерде  Абай  күресетiн  майданның  қанаты  кеңи  бередi. 
Ендiгi тартыс бiрде қалада, бiрде далада  болып тұрады. Абай өзiне тiлектес, 
бiрлiгi  күштi  жұмысшылар  ортасын  сенiм,  медеу  етедi.  Əрине,  мұның  бəрi 
романда жалаң алынбай, аса үйлесiмдi суреттеледi. 
Романның  1- тарауында Семей қаласына келген оба жұқпалы ауруының 
зардабы,  қазақтың  дiн  иелерiнiң  надандығы,  ашқарақтығы,  еңбекшiлердiң 
аянышты  тұрмысы  айтылады.  Оба  ауруынан  сақтанудың  есебiн  таппай, 
өлгендердiң  жаназасына  топ-тобымен  жиналып,  ауруды  көптеп  жұқтырып, 
таратып жүрген қараңғы халыққа ақыл айтар кiсi - жалғыз Абай ғана. Ол қала 
халқының мүшкiл халiн есiтiп бiлсе де, одан құтылар жолды бiлмейдi. Ендi 
қайту керек
? Абай Семейде тұратын ежелгi досы Павловтан осындай қысыл-
таянда ақыл, кеңес сұрайды. Ең жақсы ақыл өлген адамның үйiне топ болып 
бармау,  бiр-бiрiне  ауру  жұқтырмау  екен.  Мiне,  жазушы  прогресшiл  орыс 
мəдениетiнiң пайдалылығын нақ осылай, өмiрдiң өзiнен шығарып көрсетедi. 
Бiрақ бұл кеңеске халық құлақ салғанымен, молдалар көне қояр ма? Осы 
арада  бiр жағы  Абай  бастаған  Сармолда  мен  өлiмтiкке  жиналған  құзғындай 
имам, қари, мəзiндер арасында ауыр тартыс басталады. Абай кеңесiн тыңдап, 
халыққа  үгiт  айтқан  Сармолда  өлердей  өшiккен  «бар  молданың»  қолынан 
мерт болады.  
«Абай  жолында»  бұрынғы  романдарда  мол  суреттелген  қаһармандар 
жаңа  қырларын  таныта  түседi.  Абайдың  айналасындағы  Дəрмен,  Кəкiтай, 
Баймағамбет  сияқты  адамдардың  əрқайсысының  тұлғасы  айқындала  түскен. 
Дəрменнiң  сүйген  қызы  Мəкен  мен  Дəмежан-  тыңнан  жасалған  əйел 
бейнелерi. 
Романда  ру  басы,  бұзық  Оразбайдың  бейнесi  нағыз  типтiк  дəрежеге 
жеткен.  Оның  барлық  қимыл-əрекетi,  ашу-ызасы,  сөзi  түгелдей  дəл,  өз 

 20
орнына лайық берiлген. Ысқырып тұрған жыландай, түсi суық Оразбай ендiгi 
бүкiл Тобықты байларының «көсемiне» айналған. 
Романда  Абайдың  балалары  Əбдiрахман,  Мағауия  образдары  жақсы 
шыққан.  Романда XX ғасырдың  бас  кезiндегi  жалпы  əлеуметтiк  атмосфера, 
жақындап  келе  жатқан  орыс  революциясының  сарыны  сезiледi.  Абайдың 
досы  Павловтың  образы  да  өзiнiң  шындығына  сендiредi.  Шығарманың  бiр 
тарауы  Əбдiрахманның  Верныйға  қызметке  ауысу  жағдайын  суреттейдi. 
Кiтапта Жетiсу табиғатының суретi де бар. Верныйда Əбдiрахман, Мағауияға 
Жамбыл  ақынның  келiп  жолығуы  да  аса  қызықты.  Жамбылдың  сөздерiнен, 
өлеңдерiнен  оның  ақындық  таланты,  өжет  мiнезi  елес  бередi.  Сонымен, 
М.Əуезовтың  «Абай  жолы»  романының  соңғы  кiтабы  да  жұртшылық 
көңiлiнен табылған, шыншыл көркем шығарма болып шыққан. 
М.Əуезов  романдарынан  қазақ  халқының  жарты  ғасыр  iшiндегi  мол 
шындығы  елес  бередi.  Халықты  қасiретке  ұшыратқан  кеселдердiң  қай-
қайсыысының  да  сыр-сипатын  автор  ақтарып  ашады,  үкiм  айтады.  Ол  еш 
жерде жалаң түсiндiрмеге салынбаған. Күллi қорытындыны оқушының өзi ақ 
шығарарлықтай етiп, оқиғаны табиғи қалпында баяндайды. Қазақ халқының 
көркемдiк дамуына бұл романдардың қосқан үлесi мол. Оқушының көкейiнде 
жүрген  көп  сұрауға  Əуезов  қанағаттанарлы  жауап  бередi.  Ел  өмiрiн 
тамыршыдай  дөп  басқан  азамат  жазушы  халық  басына  түскен  қыруар 
ауыртпашылықтың себептерiн, қайшылықтарын терең ашып берген. 
«Абай жолы» эпопеясының бiр жерiнде сол кезде қазақ арасында өршiп 
кеткен  арызқойлықтың  жайы,  оның  көбею  себебi  айтылады.  Семейден 
əдейiлеп  келген  бiр  чиновник  қаптаған  арыздарды  көрiп  дал  болады.  Мол 
арыздың  қайсысы  шын,  қайсысы  жалған ? Көлденең  кiсi  кесiп  бiр  шешiм 
айта  алмастай  машақат.  Əлгi  арыздарды  қарауға  келген  чиновник  Абайдан: 
«Қазақ неге арызқой?» деп сұрайды. Оның жауабын елiнiң жанашыр перзентi 
Абай  айтпаса,  басқа  ешкiм  көрсете  алмайды..Абайдың  өз  басы  да  үстiнен 
жазылған көп ғайбаттан запы шеккен адам. Сонда Абай не дейдi? 

 21
-Арызқойлықты  азайту  үшiн  iстi  қарайтын  əкiмдер  қара  қылды  қақ 
жарған  əдiл  болуы  керек.  Жалған  арыз  жазғандар  жазалануы  керек.  Мiне, 
сонда ғана iс оңына баспақ. Өтiрiк ғайбаты үшiн жазалы боларын бiлген адам 
жалған  арызға  аяқ  баспаса  керек.  Қысқасы,  əдiлетсiздiктi  жою  үшiн  үкiм 
керек.. Ол жоқ жерде арызқойлық пен өзара жауласу жойылмайды. Дұрысты 
қисық  етiп,  қылмыстыны  ақтап  шығатын  чиновниктер  тұрғанда,  дау  да 
толастамайды, шағым да сарқылмайды.».  
Ең тамашасы – Абай қазақ бұқарасы арызқой болмақ түгiл, өз правосын 
түсiнiп  жетпеген  қауым  екенiн,  оны  арызқой  атандырып  отырған  тыюсыз 
кеткен, ат төбелiндей белсендiлер екенiн дəлелдейдi. 
Жазушының  ұзақ  жылдық  үлкен  еңбегi  бүкiл  оқушы  жұртшылыққа 
Абай тұлғасын, Абай заманын, қазақ халқының жарты ғасырлық өмiрiн ғана 
танытып  қойған  жоқ,  ал  туған  халқына  барлық  талантын,  өмiрiн  бағыштап 
кеткен  ұлы  Абайға  халық  ескерткiшiн  орнатты. «Жақсы  кiтапты  оқысаң, 
жақсы  досыңды  тапқандай  боласың»  дегендей, «Абай  жолын»  оқып  шығып 
болған соң, ұлы ақын жайындағы эпопеяға түгел көз жiбердiк. 
Абай  өмiрiн  қайта  жандандырып,  халқымыздың  бай  мəдениетiн, 
шытырман тағдырын суреттеген, теңдесi жоқ көркемдiк шеберлiк орнатқаны 
үшiн суреткерге ел алғысы шексiз.       


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет