Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы бιЛΙм министрлιГΙ



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата06.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#8451
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  ЖОҒАРЫ   ЖƏНЕ ОРТА АРНАУЛЫ  

БΙЛΙМ МИНИСТРЛΙГΙ       

 

 

БЕРДАҚ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҚАЛПАҚ МЕМЛЕКЕТТΙК УНИВЕРСИТЕТΙ 

 

ӨЗБЕК ФИЛОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТΙ 

 

ТҮРКΙ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ 

 

 

 

 

 

 

Ауыз əдебиеті пəнінен  

(Фольклор) 

Лекциялар мəтіні 

 

 

 

 

 

Дайындаған:          Е. Сейітжанов. 

 

 

                

 

 

 

 

 

                                                

Н Ө К І С 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    

 

 

2

  



                                                               Ауыз əдебиеті пəні 

 

Жоспары: 

 

1. Фольклор ғылымының мəні. 

2. Фольклористика тарихы. 

3. Зерттелуі. 

 

Тірек сөздер: фольклор шығармаларының пайда болуы, зерттелуі, фольклористика тарихы туралы ғалымдардың 

фольклор шығармалары туралы пікірлері. 

Адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мəні мен мақсатын, шындығы 

мен қайшылығын ой-сана қуатымен, ғылыми-диалектикалық əдіспен зерттеп білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде

өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізетін халықтың коллективтік творчествосы-фольклор шығармаларынан танып 

біледі. 


Əр  елдің,  əрбір  халықтың  өзіне  тəн  фольклоры  болады  десек,  соның  сан  алуан  нұсқалары  қай  дəуірде  туған

Фольклор  туындыларының  жаратушысы  кімдер



?  Оның  жанрлық,  көркемдік  ерекшеліктері,  ұлттық  жəне  тарихи 

сипаты  неде

?  Ауыз  əдебиетінен  бөлінетін  ерекшелігі  қайсы  дейтін  көптеген  сауалдар  туады.  Мұның  бəріне  жауап 

беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп, анықтау қажет. 

Образдап ойлау адам санасының өзгеше бір формасы. Ол қоғам дамуының қай сатысында туды дейтін мəселе 

төңірегінде  сан-салалы  пікірлер,  ғылыми  тұжырымдар  болды.  Солардың  бірі  алғашқы  қауымдық  құрылыс  кезінде 

фольклор  сөз  өнері  ретінде  қалыптаса  қойған  жоқ  еді  дейтін  пікірге  сайып  келсе,  белгілі  кеңес  ғалымы  В.Е.Гусев 

мұндай сыңаржақ тұжырымдарға тойтарыс берген-ді. Қоғам дамуының сəби кезеңінде қалыптаса бастаған фольклор 

шығармалары  мен  халық  поэзиясының  табиғаты  өзара  жақын.  Осыған  біз  «халық  ауыз  əдебиеті»  деген  атауды  да 

қосып  жүрміз.  Халық  əдебиеті  жазба  жəне  ауыз  əдебиеті  болып  екіге  бөлінеді.  Бірақ  екеуі  де  образдық  ойдың 

көрінісі,  соның  тікелей  жемісі  болып  табылады.  Бұлардың  жасалу  жолдары  да  бірдей  емес.  Алғашқы  қоғам 

дамуының  белгілі  бір  сатысында,  жазба  мəдениеті  шыққан  кезеңде  туады  да,  оның  өмір  көріністерін  белгілі  бір 

көзқарас,  дəстүрлі  əдеби  əдіс,  стиль  жəне  жанр  ерекшелігінде  суреттеп  көрсететін  жеке  айтушылары  болды.  Ауыз 

əдебиеті болса, көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан. Оның айтушылары халық арасынан 

шығып отырған. Келе-келе ауыз əдебиеті мен жазба əдебиет сабақтасып, қатар дамып, көркем əдебиеттің арналы екі 

саласын жасаған. Кейде олардың сюжеттері де ортақ болған. Бірінде ол далалық сипатқа (көп варианттылық, ауызекі 

айтылуы) ие болса, енді бір қалалық (жазба) мəдениетке жақын көрінеді. Бұл екі арнаның басты айырмашылығы да 

осында.  Сол  себепті  жазба  əдебиетті  былай  қойғанда,  ауыз  əдебиетінің  өзін  фольклор  шығармаларының  қатарына 

қою кейде даулы көрінеді.  

Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен фольклор синкреттік өнер. Оның бойында 

халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би жəне əн-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор 

шығармаларына  тəн  осы  белгіні  белгілі  орыс  фольклоршысы  А.Н.Веселовский  де  айтқан  еді.  Жоқарыда  аталған 

терминдерді  саралай  келгенде,  фольклордың  бұл  сипатында  «халықғ  ауыз  əдебиеті»  деген  атаудан  гөрі  «халық 

поэзиясы»  деген  ғылыми  термин  көп  жақын. XIX ғасырдағы  фольклористика  ғылымында  осы  атау  қолданылып  та 

келеді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді. «Халық ауыз əдебиеті» деген атауға 

келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ əлі де болса дəстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып 

қалмақ. 

Өмір  тəжірибесімен  бірге  ой,  оның  материалдық  қабығы-тіл  жетіле  келіп,  сөзден  өлең,  өлеңнен  əн  жəне  би 

бөлініп шығады. Осыған орай халық поэзиясын орындаушылардың да қызметі өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор 

шығармаларының  қарапайым  аноним  айтушылары,  ертекші,  ақын,  жырау,  айтыс  поэзиясының  дарынды  иелері-

импровизаторлар дейміз. 

Қоғам  дамуының  сəби  кезеңдерінде  фольклор  шығармаларын  орындаушылар  от  басы,  ошақ  қасындағы  қарт-

қариялар  болған.  Оларды  біз  халық  поэзиясының  қарапайым  жасаушылары  дейміз.  Сонда  фольклор 

шығармаларының жасаушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады. Өнері өрге жүзген дарын иелерінің 

ауызынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп əкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына 

келтіре  орындайтын  болған.  Жырау  жəне  жыршылар  көлемді  эпостық  жырларды  айтуды  үрдіс  етсе,  жұмбақ, 

жаңылтпаш,  мақал-мəтел,  тұрмыс-салт,  айтыс  сияқты  ұсақ  формалы  өлеңдерді  кішігірім  айтушылар  тудырып, 

көпшілікке  ортақ  рухани  мұраға  айналдырып  отырған.  Осы  ретпен  туып,  атадан  балаға  жетіп,  ел  аузына  сақталып 

келген көркем сөз өнерін, оның айтылу жəне орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз. 

Ғылымда халық поэзиясын «фольклор», ал оны зерттейтін ғылым саласын «фольклористика» деп атайды. Неміс 

ғалымы  И.Ф.Кнафльдің  анықтауынша  бұл  атау  халық  даналығы  деген  ұғымды  білдіреді.  Осы  пікірді (f9lk-халық, 

l943-билим даналық) ағылшын ғалымы У.Дж.Томс та дамыта түсіп, фольклорды ел арасында туған өлең-жыр, ертегі, 

аңыз, түрлі наным-сенімдерді жинақтайтын термин ретінде ұсынған. 

Халық  поэзиясы  төңірегінде  айтылған  Н.Г.Чернышевский,  В.Г.Белинский,  Н.А.Добролюбов  пікірлері  де 

қызықты. Мысалы, Н.Г.Чернышевкий қоғам дамып, ілгері басқан сайын халық поэзиясы жойылады, өйткені ол жазба 

əдебиетке  жол  беріп,  жаңа  дəуір  адамдарын  қанағаттандыра  алмайды  десе,  В.Г.Белинский  оған  қарама-қарсы 

«фольклорда даңқты есімдер болмайды, ондаған көркем сөз авторы-əркез халық» деген тұжырым жасайды. 

Фольклор  оның  мəні  туралы  Н.А.Андреев,  Е.В.Аничков,  Ф.И.Буслаев,  А.Н.Веселовский,  В.Ф.Миллер, 

Е.Г.Кагаров, Ю.М.Соколов, В.Е.Гусеев, В.Я.Пропп, В.П.Аникин, Ю.Г.Круглов, П.Г.Богатырев сияқты көптеген орыс 


 

3

жəне  совет  фольклористері  де  ғылыми  пікір  айтып,  ой  қозғаған.  Мысалы,  белгілі  ғалым  Н.П.Андреев  фольклор 



материалдарының тарихшы, этнограф, тілші-лингвист жəне əдебиет тарихын зерттеушілер үшін аса маңыздылығын 

айта  отырып,  оны  халық  тұрмысымен  тығыз  байланыстырады.  Б.Н.Пубилов  та  фольклорды  халықтың  тұрмыстық 

əлеуметтік  жəне  өндірістік  қатынастарымен  сабақтастыра  сөз  етеді.  Рас,  Б.Н.Путилов  фольклорды  əдебиет  пен 

жақындастырады. Алайда оны бір ғана көркем сөз ретінде емес, түрлі сипаттарды бойына жинаған синкреттік өнер 

ретінде  бағалайды.  Е.В.Аничков  фольклорды  діни-нанымдармен  байланыстырса,  В.Ф.Миллер  этнографиямен 

жақындығын сөз еткен. 

Осы  сияқты  көптеген  пікірлерді  ескере  келгенде,  фольклор  шығармаларына  бір  ғана  тұрғыдан  сыңаржақ  баға 

берудің  ұтымсыздығы  көзге  түседі.  Фольклор  туындыларына  біржақты  баға  берудің  нəтижесі  оның  эстетикалық 

табиғатына қайшы келетіні В.Е.Гусеев те атайды. 

Фольклор  шығармаларының  айырықша  əсерлі  болатын  себебі-оның  образдары  есте  қалғыш  та,  тілі  ерекше 

көркем,  тартымды  əрі  қарапайым.  Осы  екі  сипатқа  қосылатын  тағы  бір  белгі-əрбір  өлең-жыр,  жар-жар,  айтыс, 

жоқтаудың өзіне тəн арнаулы əуені мен музыкалық мақамының болатындығы. Ақын-жыраулардың импровизациялық 

дəстүрі  поэзия  мен  музыка  өнерінің  синкреттік  бірлігіне  негізделіп,  қобыз  немесе  домбыра  аспабымен  айтылған. 

Мысалы,  Сыр  еліне  аты  шулы  жырауы  Рахмет  Мəзхожаев  бір  ғана  «Алпамыс»  немесе  «Көрұғлы»  жырын  он  төрт 

түрлі  мақаммен  жырлаған.  Демек,  фольклор  шығармалары  белгілі  дəрежеде  театр  қызметін  де  атқарған.  Оның 

артистері-орындаушылар, əн мен поэзияны қатар меңгерген шебер импровизаторлар. 

Фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреттері мен мұң-зары, келешектен 

күткен арман-тілектері айқын көрініс тапқан. Жоқтау, сыңсу, қоштасу өлеңдерінде халық өз теңіне қосыла алмаған 

қазақ  қыздарының  ауыр  тағдырына  үн  қосқан.  Əрбір  айтушыимпровизатор  өз  тыңдаушысынаұстаздық  жасап, 

олардың түйсік-сезімін келелі ой-ниеттерге бастап отырған. Мұндай өлең-жыр мен əн-күй көп жайда өмірдің өзінен 

туындайды. Оған қазақ фольклорының көтерген мəселелері мен тақырыбы да айғақ бола алады. Ұсақ салт жырлары 

мен ертегі жанрының көтеретін мəселесі көбіне от басының тірлігіне, соның бақыты мен қайғысына құрылса, халық 

патриотизмі  мен  ерлікті  дəріптейтін  эпсотық  жырлар  ел  қорғау  сарындарына  негізделген.  Мысалы,  олжақұмар 

Қараман,  баққұмар  Ақшахан,  өзімшіл  Қодар,  саран  Қарабай,  өз  еліне  озбырлық  жасайтын  Ұлтанқұлдар  қаншама 

тұлқалы болып көрінсе де, ел бірлігін ойлаған Алпамыс, Қобыланды, Баян, Құртқа образдары мен ел тілегінің қасына 

олардың  бейнелері  қораш,  нəрсіз.  Өйткені  алғашқылары  біреуді  кемітсек,  жəбірлесем  дейтін  дарашылдық  рухта 

көрінеді. Сол себепті халық эпосы оларға сын қолдаған. 

 Қазақ фольклорының ұнамды образдары үнемі халық ортасында, коллективтік рухта жасалған. Ерлік, махаббат, 

əділдік, адамгершілік-бəрі де солардың бойына жинақталған. Ақылды Аязби «жаман» атанса да, хан жарандарынан 

озып  шығады.  Алдаркөсе,  Тазша  бала  бейнелері-халық  тапқырлығының  жарқын  көрінісі.  Эпостық  жырларға  келер 

болсақ,  ондағы  образдар  ұлғайтылып,  ұлы  қаҳармандар  дəрежеге  жеткізілген.  Баян,  қозы,  Қобыланды,  Құртқа, 

Алпамыстар-жалпы халықтың образдар болып шыққан. Олардың іс-əрекеті, ой-ұжданы мен арман-мүдделері халық 

санасымен əркез бірге. Осы жайларды ескере отырып, М.Горький миф пен эпоста бір адамның ғана ой-санасы емес, 

бүкіл  ел,  халықтың  бірлескен  творчестволық  қызметі  болатындығын  айтқан-ды.  Қазақ  фольклорының  озық 

үлгілеріне тəн осы коллективтік сипаты оның халықтық арқауының бірі дейміз. 

Қазақ фольклорының образдары жанды əрі шынайы болып келеді. Олар адамға терең ой салып, ғибрат береді. 

Фольклор  туындылары  адам  тəрбиесі,  қоғам  мəселелерінен  шет  жырланған  емес.  Оның  басты  айтар  ойы-халықты, 

адам  баласын  сүйе  біл,  еңбек  пен  ерлікті  қастерле,  досқа  жыллы,  қамқор,  дұшпанға  берік  бол,  жас  та  болсаң,  елге 

ағалық көрсете біл, өмірден үйрен де, өрге, өнерге ұмтыл дейтін ғибрат. Мұның бəрі адам, əсіресе жас ұрпақ тəрбиесі 

үшін аса қажет болған. Ертегі мен эпсота көптеген образдар бар десек, солардың мінез-құлықтары, психологиясы бір-

біріне  қарсы  қойылған.  Онда  бірлік  пен  араздық,  достық  пен  жаулық  сарындары  шендескен.  Мұны  біз  халық 

гуманизмінің  фольклордағы  көрінісі  дейміз.  Тұлғасы  сом,  жан-дүниесі  таза,  рухы  күшті  ірі  образдар  жасаудағы 

халық  поэзиясының  сүйенген  арқауы-осылар.  Шоқан  мұның  бəрін  қазақ  фольклорының  халықтық  сипатына 

жатқызып, қазақ эпосының образдары Европаның жазба əдебиетінен ешбір кем соқпайтындығын айтқан. 

Фольклор  шығармалары  қоғам  дамуының  əр  түрлі  сатысында,  негізінен  еңбек  процесінде  жасалатын 

болғандықтан, пессимизм дегенді білмейді. Оның бас кейіпкерлері көбіне мұрат-мақсаттарына жетіп отырады. Мұны 

фольклорға тəн оптимизм белгісі дейміз. 

Қазақ  эпосының  құндылығы  мен  халықтығының  бір  белгісі-оның  бай  да  көркем  тілінде.  Мұндай  жырлардың 

тілі, халықтық сөздігі, грамматикалық құрылысы жазба əдебиетімізден көп бөлек емес. Фольклор шығармаларының 

тілі ақындық тілдің биік табысы болумен қатар, қазақтың бүгінгі əдеби тілінің де негізін қалаған. Осы себептерден, 

қазақ фольклорын зерттеудің ғылыми, өміртанушылық, эстетикалық, тəрбиелік жəне тарихы мəні аса зор. 

Ғасырлар  бойы  түрлі  жырау,  жыршы,  ақын,  көркем  сөз  зергерлерінің  өңдеудіктен,  қазақ  фольклоры  жанр 

жағынан да аса іргелі, қомақты. Жанр байлығына келгенде, қазақ фольклоры жазба əдебиетке жете қабыл. Мысалы, 

бір ғана үйлену жырлары тойбастар, жар-жар, сыңсу, қоштасу, беташар, жұбату болып жіктеле жөнеледі. Еңбек пен 

түрлі  əдет-ғұрыптарға  байланысты  салт-жырлары  да  бірнеше  топқа  бөлінеді.  Олар:  төрт  түлік  мал  туралы  жырлар, 

бəдік,  арбау,  бата,  бақсылық  сарындары,  наурыз,  жарапазан  т.б.  Қазақ  ертегілерін  қиял-ғажайып  (мифологиялық), 

хайуанаттар  жайындағы  жəне  шыншыл-реалистік  ертегілер  деп  бөлер  болсақ,  соның  əрбір  жанрында  жүздеген 

сюжеттер бар. Эпос туындыларын батырлық, тарихы жəне ғашықтық жырлары деп бөлсек, мұның да əр саласында 

келелі жырлар аз емес. Айтыс поэзиясы жөнінде де осыны айтуға болады. Бұдан көретініміз: қазақ фольклоры оқып 

үйренуді, ғылыми тұрғыдан терең зерттеуді тілейтін қымбат қазыналардың бірі, бүгінгі мəдениетімізге келіп құйған 

халық творчествосының үлкен бір арнасы. 


 

4

Қазақ  фольклорының  алғашқы  үлгілері  сонау  бақташылық,  бəлки  одан  да  бұрынғы  замандарда  қалыптаса 



бастап,  елдің  экономикасы,  салт-санасы,  халық  тілі  біршама  дамып,  семья  мен  рулық  құрылыс  күрделенген  кезде 

өзінің кемеліне жеткен. 

Көптеген түркі тілдес халықтар сияқты ертеде қазақ халқының да негізгі кəсібі мал шаруашылығы болған десек, 

оның фольклордағы тірлігі мен ұғымы, барлық əдеть-ғұрыптары бақташылық-көшпелі өмір табиғатына сай туған.  

Ерте  кезеңдерде  Орта  Азия,  Алтай  жəне Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары күнге, отқа, табиғаттың 

түрлі құбылыстарына табынғандықтан, қазақ фольклорында анимистік, магиялық жəне тотемдік белгілердің болуы да 

заңды.  Сонымен  қатар  шамандық  наным-сенімдер  де  айқын  көрініс  тапқан.  Оның  арғы  тегі,  Шоқанның  айтуынша, 

«көшпелілердің  тұрмысымен  тікелей  байланысты»  туған.  Шаманизм  көшпелі  түркі  тайпаларының  арасынан  елеулі 

орын  алған.  Қазақтың  ертегі  эпосында  шаманизм  сарындары  бірде  өлі  əруақ  сиыну,  енді  бірде  «құт»  саналатын 

заттарды қастерлеу (ақты төкпеу, жеті қазына т.б.) түрінде кездесіп отырады. 

Қазақ аңыздарында құт басы-еңбек. Осы ретпен ертеде қазақтар əр түрлік малдың өз иесі болады деп, Шопан 

ата,  Қамбар  ата,  Ойсыл  қара,  Зəңгі  баба  жайында  аңыздар  тудырған.  Қазақ  ертегілері  мен  эпсотық  жырларына 

ертеден  енген  бұл  нанымдар  халық  санасының  сəби  кезеңдерінен  хабар  береді.  Өмір,  қоғам,  ой-сана  ылғи  даму 

үстінде  болады  десек,  сол  нанымдар  арқалы  халық  өзінің  тіршілігі  мен  іс-əрекеттерін  жақтаған.  Ел  əрекеті 

табиғаттың алуан түрлі күштеріне, азулы аңдарға, одан бергі жерде адамды қанаушылыққа қарсы күресте нығайып 

отырған.  Осындай  құбылыстарға  халық  поэзия  қуатын  қарсы  қойған.  Халық  үшін  оның  қуаты  айырықша  күшті, 

əсерлі болған. Жылан арбау, күн жайлату, оң жəне теріс бата, алғыс, қарғыс бір ғана ауруға емес, жер-көкке ықпал 

етудің де шарасы болмақ. 

Академик  Ə.Марғұлан  өзінің  «Халық  жырларын  туғызудағы  мотивлер»  деген  мақаласында  қазақ  эпосы  мен 

ертегілерінен көрінетін түрлі ұғымдарға түсінік берген-ді. Мысалы, ерте кездерде халық өзіне жау күштермен күресу 

үшін  жылан,  қасқыр  культін  тудырған.  Бөріқұс,  көкпар  ұғым-ойындары  содан  туған.  Жезтырнақ,  қасқыр,  жылан, 

жалмауыздардың  қай-қайсысы  болса  да  қазақ  фольклорында  адамға  жау  күштердің  жиынтығы,  ұнамсыз  бейнелер. 

Солардың бəрін образдап ойлаудың өз кезеңіне тəн көрінісі, дəредесі деп түсінген жөн. 

Ислам  əсері  қазақ  эпосынан  соншалық  үлкен  орын  алмаған.  Ол  көбіне  үстем  тап  ортасында  туған  жыр 

үлгілерінен кездеседі. Алайда «құдай», «пайғамбар», «əулиеге ат қойып, Қорасанға қой айтып» дейтін сарындар анық 

діни  ұғыммен  байланыста.  Оны  біз  эпосқа  тəн  қоспалар,  əр  түрлі  қоғам  сатыларының  айтушылары  тарапынан 

енгізілген дəни көзқарас дейміз. Ондай қоспалар қазақ фольклорында елеулі. Бір ғажабы, шығыстан келген дəу, пері, 

шайтан,  одан  қалды,  қожа-молдалар  образдарының  бəрі  дерлік  қазақ  фольклорында  бір  ғана  ұнамсыз  адамдар 

бейнесінде берілген. 

Кейінгі замандарда туған ертегі, эпостық жырлардың тақырыбы өмірге терең еніп, елдік, халықтық мəселелерді 

қозғайды. Оның басты тақырыбы-əлеумет теңсіздігі, əдет-ғұрып қайшылығы, ел қорғау, махаббат еркіндігін жырлау, 

тарихи оқиғаларға үн қосу, қоғам, ел жағдайын жақсарту сарындары болып отырады. 

Грек  эпосына  қатысты  бір  сөзінде  Карл  Маркс  «Илиада», «Одиссея»  сияқты  жырлардың  баспасөз  станогі 

шыққан  кезде  тууы  екі  талай  десе,  қазақтың  батырлық  жастандары,  көлемі 400 мың  жолға  жуық  қырғыздардың 

«Манас» сияқты эпопеялық жырларының дəл осы стильде тууы, əрине, шарт емес. Өйткені, түркі тілдес қазақ-қырғыз 

халықтарының  эпостық  жырлары  қобыз  (қияқ)  немесе  домбыра  сүймелеуімен  айтылатын  импровизациялық  өнер 

ізінде дамып, қалыптасқан. 

Фольклор  шығармалары  ауыз  əдебиетімен  сабақтасып,  жазба  əдебиетке  жол  салған. «Дария  басы-бұлақ» 

демекші, қандай да болсын көркем сөздің алғашқы үлгісі-фольклор. Ауыз əдебиеті, одан соң жазба əдебиет туғанда 

оның  көптеген  сюжеттері  фольклордан  алынған.  Бұл  дəстүр  бүгінгі  əдебиет  тəжірибесінде  де  бар.  Мысалы, 

М.Əуезовтың  «Қара  қыпшақ  Қобыланды», «Қалқаман-Мамыр», «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек»,  Ғ.Мүсіреповтың 

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» сияқты пьессаларының сюжеті мен образдары фольклордан алынған. Мұны фольклор мен 

əдебиет  арасындағы  табиғи-органикалық  байланыс  дейміз.  Жазба  əдебиет  сияқты  ауыз  əдебиетін  де  өмір 

шындығының  сəулесі  бар.  Фольклор-тарихи  оқиғалар  ізімен  қиялдау,  образдау  тəсілі  арқылы  жасалған  көркем  сөз 

байлығының басты бір саласы, тынымдық, тəрбиелік мəні зор мəдени мұра. 

Фольклористика  тарихы.  Фольклор-халық  даналығы  тудырған  сөз  өнері  болса,  оның  табиғаты  мен  тарихын 

зерттейтін  ғылымды  фольклористика  дейміз.  Оның  зерттейтін  обьектісі-фольклор  шығармалары  қашан  жəне  қалай 

туды, сюжеті нақты өмірмен қабысып жата ма, əлде адам санасындағы түрлі ұғымдардан алына ма

? Фольклор өмір 

шындығын  қалайша  көрсеткен,  оның  тарихилығы,  жасалу  жолдары  мен  көркемдік  ерекшеліктері  қай  дəрежеде

Фольклор мен əдебиет арасындағы сабақтастық пен айырмашылық, яки жалғастық неде



? Фольклорды жаратушылар 

кімдер


?-дейтін мəселелер. 

XIX ғасырдың басында Гегельдің идеалистік философиясы туған еді. Қоғам мен мəдениет тарихын сөз еткенде 

Гегель  үлкен  экономикалық  формациялар  мен  олардың  ауысу  заңдылықтарын,  үстем  тап  санасымен  жасалған 

мəдениет  мазмұнын  еске  алмай,  əдебиетті  қоғамның  экономикалық  базисінен  бөлек  алып  қараған.  Сөйтіп,  Гегель 

мəдени даму өзара тартыста болады, бірақ əр кезде күшті тіл, күшті мəдениет жеңіп шығады. Сол мəдениеттің ішінде 

ерте туып, өзінің орнын сақтаған жəне болашағы бар саласы-герман (арий) халықтарының мəдениеті мен тілі деген 

Ф.Энгельс болса бұл бағытты мистицизм, діншілдік жəне феодалдық тəртіпке мойынсұнғандығы үшін сынға алады. 

Гегельдің жоғарыда келтірген пікірін сол дəуірдегі ғалымдар қолдаған. Мысалы, XIX ғасырдың басында Европа 

ғылымында барлық тілдер басында бір атадан тараған дейтін индоевропеизм қисыны туады. Оны «ата тіл» (праязык) 

теориясы  дейміз.  Неміс  фольклористері  ағайынды  Якоб  жəне  Вильгельм  Гриммдер  мен  ағылшын  ғалымы  Макс 

Мюллер  болса,  басында  барлық  елдер  фольклорының  сюжеті  мифтен  туған,  олардың  мифологиясына  герман 

халықтарының мифтік сюжеттері негіз болған. Сол сюжеттер кейін түрлі халықтарға ертегі, эпсо түрінде тарап, өмір 

тонын киген дейтін қисында жақтаған. Мысалы, М.Мюллер алғашқы сюжеттер ай, күн, жұлдыз, бұлт, найзағай, аспан 


 

5

мифтерінен  туған  десе,  оның  шəкірті  В.Мангард  жер  мифтерін  зерттеп,  жер-су,  орман-тау,  неміс  тəңірлері 



жайындағы  мифологияны  ауыз  əдебиетінің  мазмұны  деп  білген.  Осы  бағытты  белгілі  түрде XIX ғасырдағы  орыс 

ғалымдары  Буслаев  пен  Афанасьевтер  де  қолданған. «Мифология  мектебі»  өз  кезінде  жер  жүзі  халықтарының 

фольклорын  зерттеуге  əдеуір  ынта  тудырған.  Бірақ  оның  барлық  фольклор  сюжеттерін  мифтен  тудыруы  даулы 

болады. Россияда прогресс пен регресс идеялары тартысқа түскенде, орыс славянофильдері фольклор арқылы халық 

тұрмысының  ескілігін  романтикалайды.  Бұл  ескі  наным,  əдет-ғұрыпты  марапаттау  ғана  емес,  крепостнойлық 

құрылысты  идеалаудың  да  көрінісі  еді.  Сондықтан  бұл  ағымды  кейде  ескілік  романтизміне  негізделген 

фольклористика деп те атаймыз. 

Фольклорда мифология элементі сөзсіз болады. Осы жайға анықтық енгізе келіп, Ф.Энгельс грек мифологиясы 

тұсында: «Зевс асыраған» деген теңеулер ештеңені дəлелдемейді, өйткені əр ру өзінің түпкі тегін тəңірлердің бірінен 

бастайды,  ал  тайпа  болмысының  руы  өз  тегін  неғұрлым  атақты  тəңірден,  бұл  арада-Зевстен  бастайды-деп  жазады. 

Мифологиялық  ойлау  ежелгі  гректер  үшін  табиғат  сырын  түсініп,  игерудің  бір  құралы  болған.  Олардың  ой-санасы 

үш жүзге тарта миф тудырса, сол «тəңірлердің» бəрін бірдей мінсіз, адамға дос еді демейді. Мысалы, адамға от тауып 

берген Прометейді Зевс тасқа шегелеп өлтіреді. Грек «тəңірлері» көп жайда адамға тəуелді. Апполон адамзат қызы 

Дафнаға ғашық болады. Адамнан шығып «тəңірлермен» бой теңестірген антропологиялық мифтер де оларда көп. 

Бізге келіп жеткен қазақ фольклорында мифология элементі айтарлықтай елеулі емес.Ол көбіне ерте кезеңдерде 

туған  қиял-ғажайып  ертегілерінде  ғана  кездеседі.  Қазақтың  төл  ұғымында  туған  мыстан,  жезтырнақ,  қарақұлақ 

образдары жамандық иесі болып, бірде адам, бірде аң түрінде кездесіп отырады. Адай кейпіндегі көптеген мифтер-

Желаяқ,  Таусоғар,  Көлтауысар  т.б.  еңбекпен  байланысты  туған.  Бұлар-адамның  досы,  қолқанаты.  Ал  ислам 

санасымен  бірге  келген  дию,  жын,  пері  образдарының  табиғаты  бұлардан  өзгешелеу.  Бұл  тұста  халық  өмірде  бар 

адам  мінездерін,  əлеумет  теңсіздігін,  діни  ұғымдарды  əжуалайды.  Мысалы,  Алдар  көсе  жайындағы  əңгімелер-

ескілікпен күлкі үстінде есеп айырысудың ғажап үлгісі.  

Қазақ  фольклоры  осы  сияқты  ислам  дінінің  догмаларымен  күрес  үстінде  дамып,  жетіліп  отырған.  Бір  кездері 

молдалар  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырында  бұтқа  табынудың  ізі  бар,  Баянның  өз-өзіне  қол  жұмсауы  шариғат 

заңына қайшы деп, мұндай жырлардың айтылуына зор қарсылық білдірген. Осы мəселе жөнінде Шоқан: «Біздің діни 

кітапшаларымыз ертедегі Русь кітапшалары сияқты өздерінің халықтық салтынбатыл аластауда. Өзіміздің аңыз, эпос, 

заң  жəне  сот  əдет-ғұрыптарын  олар  киіз  кітаптың  сорақы  атауымен  масқаралап,  ал  біздің  бұтқа  табынушылық 

ырымдары, ойын-сауық пен той-томалақтарды сайтандық дегеннен басқа атпен атамайды. Татар молдаларының орта 

азиялық  ишандар  мен  өздерінің  жаңа  діни  ілімін  уағыздаушылардың  ықпалынан  біздің  халық  барған сайын жалпы 

мұсылмандық  кейіпіне  түсіп  келеді»-деп  жазған.  Қазақ  фольклоры  көп  заман  осы  қос  дінділіктің  қыспағында  өмір 

кешкен. 


Қазақтың көшпелі өмірден туған мифтік образдары сол елдің өз ұғымына жақын. Алысты көретін айна, ұшқыш 

кілем,  шөл  жүйрігі-Желаяқ  образдарында  болашақты  болжаудың  нышаны  бар.  Соның  бəрі  халықтың  қиялдау 

қуатынан туған. Алайда фольклор ғылыми тұрғыдан зерттеу дегеніміз күні өтіп кеткен анайы ұғымдары, ескі əдет-

ғұрып пен салт-сананы идеалдау емес, ел тарихын зерттеп білу, оның ой-санасының қалай туып, есейгендігін, қазақ 

халқының  бүгінгі  зор  прогресске,  мəдениетті  өмірге  қалай  жеткенін  тарихи  материализм  ізінде  танып  білу  болмақ. 

Біз  қазақ  фольклорын  өзінің  тарихи-реалистік  табиғатында  зерттеп,  ондағы  түрліше  қоспа,  діни  ұғымдардан  туған 

қайшылықтарға сын көзбен қарап, фольклор материалын саналы түрде ғылыми негізде игереміз. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет