Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте ұ с т а з ы


З.МАЖАНОВА, Қ.Ахмиров атындағы ЖББОМ



жүктеу 9.76 Mb.
Pdf просмотр
бет6/13
Дата28.12.2016
өлшемі9.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

З.МАЖАНОВА,

Қ.Ахмиров атындағы ЖББОМ,

Зеленов ауданы

2-сынып.

Мақсаттары: Білімділік: Сын есім ту-

ралы оқушылардың білімдерін тиянақтау. 



Дамытушылық: Жаңа педагогикалық тех-

нологияны пайдалану арқылы оқушылардың 

ой-өрісін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды 

өзбеттерінше сауатты жазуға тәрбиелеу. 



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, 

тест, топтастыру стратегиясы. Әдебиеттік 

оқу пәнімен байланыстыра өткіземін.

Көрнекіліктер: үлестірме материалдар, 

интерактивті тақта.



Сабақтың барысы: 

І. Ой қозғау.

1. Суреттегі затты сипаттап беру тап-

сырмасы арқылы тақырыпты ашу.

 ІІ. Мағынаны тану.

Тапсырма 1. Слайд 1.

Жаңылтпашты оқы.



Көк ешкі көп шөп жеді,

Көп шөп жегенде де көк шөп 

жеді,

Көк ешкі көк шөп жеді,

Көк шөп жегенде де көп жеді.

(интерактивті тақтамен жұмыс).



Тапсырма 2. Слайд 2.

Сөзжұмбақ шешу.

1. Анадан кейін жақын адам 

(әке)

2. Ойыншық түрі (доп)



3. Төрт түліктің бірі (ешкі)

4. Білім алатын орын (мектеп)

5. Қысқы киімнің бір түрі (ішік) 

Әдемі сөзі шықты. (интерактивті тақтамен 

жұмыс).

Тапсырма 3. Слайд 3. Сын есімдерді  тиісті 

зат есімдермен тіркестіріп жаз.

Сын есім                      

Зат есім


Дәмді, көгілдір, ұзын,     Бөлме, жол, ас, нан,

ыстық, жұқа, жіңішке,        тақтай,көйлек,

жарық.                                   аспан.

Үлгі: дәмді ас, ... (дәптерге орындайды)



Сергіту сәті.

ІІІ. Ой толғаныс.

Тест арқылы білімдерін тексеремін.

1. Сын есімнің сұрақтарын тап.

а) қандай? қай? ә) не істеді? б) қайтті?



2. Сын есім нені білдіреді?

а) заттың санын; ә) заттың түрін, түсін, сапа-

сын;  б) заттың атын.

3.  Сын есімді көрсет.

а) қалың;  ә) киім;  б) көрпе.



4. Қандай сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а) аппақ; ә) алты; б) келді.



5. Биік сөзіне қарсы мағыналы  сын есімді тап.

а) ыстық; ә) жуас; б) аласа.

Топтастыру стратегиясы арқылы сабақты 

қорытындылаймын. Сын есім. 



Тақырыбы: Сын есім. 3-сынып.

Тапсырма 1.

Сын есімдердің тұсына қарсы мағыналы сын 

есімдер ойлап жаз.

Арзан –                          ұзын – 

Кең –                              ескі - 

Жақсы –                        терең - 

Ащы -                            сұйық – 

(дәптерге орындайды).



Тапсырма: Слайд 2. Сын есімдерді зат 

есімдермен тіркестіріп жаз. Ақ, қызыл, көк, қоңыр, 

тәтті, тәртіпті, аласа, ұзын, қысқа, жүйрік.

Үлгі: ақ қағаз, ... (дәптерге орындайды)

 Тапсырма 3. Слайд 3.

Тиісті сын есімдерді қойып жаз.

------------ Жапырақ, -------------- бөлме,

---------------- айран, ---------------- анар,

--------------- қарбыз, --------------- ат, 

--------------- дала.  

 (интерактивті тақтамен жұмыс) 

Сергіту сәті.

ІІІ. Ой толғаныс.

Тест арқылы білімдерін тексеремін.

1. Негізгі сын есімді тап.

а) әдемі; ә) тастай; б) күмістей.



2. Сын есім нені білдіреді?

а) заттың санын;  ә) заттың түрін, түсін, сапа-

сын;  б) заттың атын.

3.  Сын есімді көрсет.

а) қалың;  ә) киім; б) көрпе.



4. Қандай сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а) аппақ;  ә) алты; б) келді.



5. Терең сөзіне қарсы мағыналы  сын есімді 

тап.

а) ыстық;  ә) жуас;  б) таяз.

Топтастыру стратегиясы арқылы сабақты 

қорытындылаймын.

Сын есім. 2-3-сыныптардағы кіріктірілген 

қайталау сабағы.



Б. КАЗИУЛЛИНА,

Семиглавый Мар ЖББОМ,

Тасқала ауданы 

С

ы

н

е

с

і

м

8

 

Жайық ұстазы

30 сәуір, 2014 ж.

“ОТБАСЫ. МЕКТЕП. 

ЖҰР ТШЫЛЫҚ АРНАУЛЫ БЕТІ”

Тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеу және 

оқыту қазіргі таңда әлеуметтік-педагогикалық про-

блема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны 

мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының 

жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып 

табылады. Бір уақыттарда «қиын оқушыларға» 

көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда 

бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы 

санатқа жататындар аз емес. Сондықтан «қиын 

оқушыларды» ерте жастан - бастауыш мек-

теп кезеңінен бастап қолға алып, олардың 

сапалы білім мен саналы тәрбие алулары-

на мүмкіндік жасалуы қажет. «Тәртібі қиын 

оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік 

тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Адам-

зат тарихында жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие 

берудің педагогикалық-психологиялық негіздері 

ерте заманнан-ақ ойшылдар, ғұламалардың на-

зарында болғаны мәлім. Олардың құнды идея-

лары атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, 

бүгінгі күнге жетіп отыр.Қазақтың ғұламасы Әл-

Фарабидің шығармаларында адам баласын ізгілікке, 

адамгершілікке баулу мәселесі кеңінен орын алған.

Әл-Фарабидің білуінше, «Жақсы мінез-құлық 

пен ақыл-күші бұлар адамшылық қасиеттер болып 

табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз 

бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен 

кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз 

ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің 

өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз 

мақтаулы болады» - деп ескертеді.Ғұламаның 

бұл пікірінен ұғатынымыз – адамның санасы 

мен мінез-құлқы оның адамгершілік сапаларын 

қалыптастырудың негізі болатындығы.

Осы ой-пікірлер қазақ  даласында тұңғыш 

мектеп ашып, болашаққа оқу-бiлiм сәулесiн 

таратқан халқымыздың ағартушы-педагогы 

Ы.Алтынсарин, ұлы ғұлама А.Құнанбаев, көрнектi 

қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз А.Байтұрсынов, 

қазақ жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, пси-

хология пәндерiнiң негiзiн қалаған М.Жұмабаев, 

Ж.Аймауытовтардың шығармаларынан да орын 

тауып, кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе 

жатқан игiлiгi мол қазына болып отыр.

Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметінде 

мұғалімдердің бала тәрбиесінде адамгершілік 

мәселесін  жоғары  талап  етіп  көрсеткендігі 

байқалады. Оның өзінің досы Н.И.Ильминскийге 

1861 жылы қаңтардың 19 жұлдызында жазған 

хатында: «Осы жылы қаңтардың 8-жұлдызы 

күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мек-

теп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де 

жақсы, есті балалар... Мен балаларды оқытуға, 

қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім. 

Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға 

адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді са-

лып отырмын», - деп өзінің сүйікті ісіне белсе-

не кіріскенін зор қуанышпен хабарлады. Әрине, 

бұл мәселенің қазіргі таңда да көкейтестілігін 

жоймағандығы  анық.  Ы.Алтынсариннiң 

педагогикалық көзқарасынан да бүкiл әлемдiк 

тәлiм- тәрбиенiң деңгейi гуманистiк көзқарас, яғни 

шәкiртке жылы жүректi болу, мұғалiм мен оқушы 

арасындағы ынтымақтастық принциптерiнiң 

көрiнiс  тапқанын  көремiз.Ол  өз  еңбегiнде 

«Мен балаларды жазалауды сүйетiн қатал адам 

емеспiн. Бiрақ тентек етiп өсiрсең, балалардың 

адамгершiлiк қасиетiн бұзып аласың» дедi.

Ұлы ойшыл Абай адамның өсiп жетiлуiндегi 

тәрбиенiң ролiне ерекше тоқтала келе,  адам ба-

ласы бiр-бiрiнен  ақыл, ғылым, ар-мiнез арқылы 

озады. Онан басқа жолмен озамын демектiң бәрi 

- ақымақтық дей келе, адамды тәрбиелеудегi 

қоғамдық ортаның ролiнiң ерекшелiгiн саралап 

көрсетіп бердi. Адамның жақсы, жаман болуы, 

ақылды, ақылсыз болуы генетикалық негiзге бай-

ланысты, ақсүйек тұқымынан шыққандар ақылды, 

алғыр болады дейтiн теріс көзқарасқа қарама-

қарсы Абай адам мiнезiнiң қалыптасуы тәрбиеге 

байланысты екенiн дәлелдедi. өзiнiң отыз жетiншi 

сөзiнде:  «Мен егер заң қаты қолымда бар кiсi 

болсам, адам мiнезiн түзеп болмайды деген 

кiсiнiң тiлiн кесер едiм – дедi.  Ж.Аймауытов ба-

ланы саналы азамат етіп тәрбиелеуге байланысты 

құнды пікірлер айтқаны белгілі. Ол «Тәрбиенiң 

негiзгi мақсаты – мiнездi түзеу, адамшылыққа 

қызмет ету, адал еңбек ете бiлуге тәрбиелеу»  де-

ген қағиданы қуаттай келiп, «баланы тәрбиелеу 

үшiн әрбiр тәрбиешiнiң өзi тәрбиелi болуы керек. 

Себебi, бала айтып ұқтырғаннан гөрi, көргенiне 

көп елiктегiш келедi. Солай болған соң балаға не 

жақсы мiнез болсын, iспен көрсету керек»- дейдi.

Тәлiм-тәрбие ғылымының теориялық жағына 

тұңғыш терең үңiлушiлердiң бiрi М.Жұмабаевтың 

пiкiрiнше, тәрбие саласы тұтас бөлiнедi. Олар 

дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-

құлық тәрбиесi. «Егер де адам баласына осы 

төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел 

болғаны. Егер де ол жөпшенді ыстық,  суық, 

аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі 

ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік 

денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл 

табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, 

әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық 

болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты 

жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне осы-

лай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие 

алып, шын адам болғандығы. Балам адам бол-

сын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс 

орындасын...». «Тәрбиедегі мақсұт – баланы 

тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, ке-

лешек өз заманына лайық қылып шығару ғой» деу 

арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн та-

лабымен ұштастырғысы келеді.   

Бiрде бiр адамзат қоғамы өзiнен бұрынғы аға 

буынның ақыл-ойын, тәрбиелiк тәжiрибесiн пайда-

ланбай өмiр сүрген емес.

Қиын  балаларды  тәрбиелеу  мәселесі  ХХ 

ғасырдың  20-30  жылдарынан  бастап,  күні 

бүгінге дейін педагогтардың, психологтардың 

және заңгерлердің зерттеулеріне арқау болып, әр 

қырынан қарастырылып келе жатыр. Зерттеушілер 

В.И.Куфаев, И.А.Невский, Л.К.Керімов қиын 

оқушыларға тән ерекшеліктерді бөліп көрсетуге 

тырысты.


В.И.Куфаев өз еңбегінде «... өсіп, ер жету, 

әлеуметтік жағдайына байланысты, бетімен ке-

ту дәрежесіне қарай, әртүрлі себептерге байла-

нысты»  қиын оқушылардың әрқайсысына тән 

ерекшеліктері болатынын, сондықтан «мұндай ба-

лалар өздеріне ерекше тәсілмен қатынас жасау-

ды және олармен тиісінше жұмыс жүргізуді талап 

етеді» - дей отырып,  қиын оқушыларға мақсатқа 

бағытталған адамгершілік тәрбие  беру мен мінез-

құлық мәдениетін қалыптастыру үшін мынадай 

мәселелердің шешімін табу қажеттілігін көрсетті:

- балалардың өз бетімен жүруіне қарсы күрес 

жүргізу мәселелері;

- оқу орындарын балалардың денсаулығына, 

әлеуметтік және педагогикалық бақылаусыз 

бетімен кетуіне және сонымен қатар тәрбиеленуі 

қиын  балалармен  жүргізілетін  тәрбие 

жұмыстарының түрлері мен тәсілдеріне қарай ай-

ырып бөлу қажеттілігі;

- тәртібі қиын балаларға арналған меке-

мелер мен оқу орындарында жұмыс істейтін 

тәрбиешілердің арнайы білімі болуы;

-  тәртібі қиын балаларға адамгершілік тәрбие 

беруді қоғамдық пайдалы еңбек барысында 

жүзеге асыруды белсендіру.

 И.А.Невский тәрбиеленуі қиын оқушыларды 

топтарға бөліп, оны үш жағдаймен түсіндіреді:

а) педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы;

ә) әлеуметтік тәрбиесінің дұрыс болмауы;

б) психикалық қалыпты нормадан ауытқуы.

Ал  тәрбиеленуі  қиын  оқушыларға  тән 

ерекшеліктерді мынадай үш топқа бөледі:

1. Білімі. Тәртібі қиын оқушылардың оқу және 

әлеуметтік-этикалық білімі өзінің өте кемдігімен, 

жүйесіздігімен және түсінігінің қателігімен 

ерекшеленеді.

2. Дамуы. «Қиын» оқушылар әдетте өзінің 

ақыл-ой  қабілеттілігі,  сана-сезімінің  өсіп-

жетілуі жағынан өз құрбыларынан артта қалып

жұмыс істеуге қабілеттілігі төмендеп, кейбір 

психикалық функцияларының өсіп-жетілуінде 

ауытқушылығы (қабылдауы, зейіні, есте сақтауы, 

ойлауы, елестетуі, еркі, сөйлеуі, сезімі, т.б.) 

байқалады. Кей жағдайларда олардың ақыл-

ойы, психикалық қасиеттері өз деңгейінде 

дамыған да болып келеді, керісінше, теріс 

бағытта, яғни олардың өздері үшін маңызды 

жағдайларда аса қырағы, байқағыш, көреген бо-

лып келеді. Ал сабақта ерікті қабылдауы, зейін 

қойып тыңдауы нашар, әлсіз болады. Сондықтан 

мұндай оқушыларға қолайлы жағдай туғызып, 

тиімді тәрбие әдістерін қолдану арқылы оқуға, 

өзінің айналасындағыларға қатынасын өзгертіп, 

тәртібін жақсартуға болады.

3. Қатынасы. Тәртібі «қиын» оқушылардың 

өздеріне  тән  ерекшеліктері  сабаққа,  ақыл-

ой еңбегі мен дене еңбегіне қабілетсіз болып 

келетіндіктері. Ал бұл жағдай олардың оқудан 

әр уақытта да үлгермеушіліктері, еңбек ету 

дағдыларының жоқтығы, оқу пәндеріне, жал-

пы білімге, оның нәтижесіне қызықпаулары, 

еңбектенуге қабілетсіздігі және осыларға бай-

ланысты  болатын  жағымсыз  жағдайларды 

олардың әр уақытта да уайымдауынан бола-

ды. Мұның барлығы да олардың басқалардың 

еңбегінің нәтижесін пайдалануға дағдылануынан, 

басқаның еңбегін қадірлемеуінен келіп шығады. 

Тәрбиеленуі қиындар кейде мектептің мүлкін 

алып кетеді, терезені, мектеп мүлкін қиратады, 

өсімдіктерді бүлдіреді. Олардың тек қана оқу 

пәндеріне, еңбектенуге, басқалардың еңбегінің 

пайдалы нәтижесіне қызықпаушылық қабілеттері 

ғана төмен емес, тіпті, кейде жалпы адам-

ды рухани бай ететін, адамның адамгершілік 

қасиетін  жақсартатын  әдебиетке,  өнерге, 

тарихқа, жаратылыстануға, табиғатқа деген 

қызығушылықтары да төмен болып келеді.

Қиын балаларды тәрбиелеу мәселесімен 

айналысқан  қазақстандық  белгілі  ғалым 

Л.Керімов әлеуметтану мен заң ғылымдарында, 

психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге 

талдау жасай отырып, кәмелетке жасы толмаған 

құқық  тәртібін  бұзушылар,  педагогикалық 

тәртібі нашар оқушылар, «қиын» балалар сияқты 

терминдік ұғымдарды анықтайды. Біріншісіне 

кәмелетке  жасы  толмаған  құқық  тәртібін 

бұзатындар небір жағымсыз жағдайларға бай-

ланысты дау-жанжал шығаратын, арақ-шарап 

ішіп, жеке меншік пен қоғамдық мүліктерге 

қол сұғатындарды жатқызады. Олардың мінез-

құлықтарында, жүріс-тұрыстарында жалқаулық, 

қатыгездік, бастаған ісін аяғына дейін атқармау, 

әртүрлі ұрлықтар жасау, т.б. қылықтар кездесіп 

отырады.


Педагогикалық тәртібі нашар балаларға 

айналасымен қарым-қатынастарда жағымсыз 

қылықтар мен әдет-дағдылар көрсеткенімен, 

мұндай  ерекшеліктер  мінез-құлықтарында 

тиянақты қалыптаспағандар жатады. «Қиын» 

балалар қатарына психикалық дамуы уақытша 

баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен 

санайтын, мінез-құлқында психопатиялық фор-

малар кездесетін, дәрі-дәрмек беру арқылы қозу 

күйін тежейтін балаларды жатқызады.

Сонымен қатар Л.Керімов қиын оқушылардың 

адамгершілік сапаларының төмендеуіне отбасы 

тәрбиесінде кеткен қателіктермен қатар, мұғалім 

мен олардың арасындағы қарым-қатынастар 

жүйесіндегі кемшіліктерді де бөліп көрсетеді:

1.  Мораль  белгілері  мен  заң  ережелерін 

ұстамауға бейімділігі бар оқушыларды  алдын-ала 

айқындай алмау.

Мұғалімдердің кейбіреулері оқушының  да-

ра ерекшеліктеріне, адамгершілік  тәрбиесі нор-

масынан ауытқу себептеріне көңіл аудармаған. 

Мектеп ұжымы тәрбие жұмыстарын жоспарлы 

қадағаламаған.

2. Қиын оқушылармен тіл табыса алмай, яғни 

жеке психологиялық ықпалдар жасай алмаудан ба-

рып, этикаға жатпайтын тәсілдерді: ұрысу, әрбір 

«қылықтарын» талдауға алу, орынсыз жазалау, 

қандай да бір жөнсіз «әрекеттер» болсын оны 

сол балаға жабу, кемсіту т.б қолданған. Дұрыс 

қолданылмаған шара жас өспірімнің ыза-кегін 

туғызып, қарсылық көрсетеді.

3. Кейбір педагогтардың кәсіптік деңгейлерінің 

төмен болуы және психологиялық тұрғыдан 

балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының 

жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің таяздығы, 

тәрбие жұмыстарын өткізу мен ұйымдастыруда 

әдістемелік шеберліктерінің төмен болуы се-

беп болған. Олар қиын балалардың денсаулық 

жағдайынан хабардар болмаған. 

Адамгершілік – адамның рухани арқауы 

демекші, оны  тәртібі қиын оқушылар  тәрбиесінде 

қалыптастыруда ғалым-педагогтардың , қиын ба-

лаларды зерттеуші-ғалымдардың  еңбектерін пай-

далана отырып, жұмыс істеудің  маңызы зор. Пе-

дагогтар тәртібі қиын балаларды  адамгершілікке 

тәрбиелеу – әлеуметтік-педагогикалық пробле-

ма екендігін түсіне отырып, балалармен, олардың 

ата-аналарымен, қоғамдық мекемелермен тығыз 

байланыста болып  тәрбие жұмыстарын жүргізу 

қажет.


Елемес ҚАДЫРАЛИЕВ,

Спортқа дарынды  балаларға 

арналған мамандандырылған 

облыстық мектеп-

интернатының мұғалімі

Тәртібі қиын баланы тәрбиелеу

Әлеуметтік-педагогикалық 

проблема

Бала тәрбиесі - баршаның ісі



«Мемлекет үшін және менің жеке өзім 

үшін де ананы қорғау – ерекше мәселе. 

Еліміздің болашақта қандай бола-

тыны балаларымыздың бойына өзіміз 

қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей 

байланысты».

 

 

 

   Н.Ә.Назарбаев

Орал қалалық әкімдігі жанындағы Әйелдер 

істері және отбасылық-демографиялық саясат 

жөніндегі комиссия сәуір айында өз мәжілісін 

өткізіп, 2014 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 

отбасылық  құндылықтарды  насихаттау 

бағытында жарияланатын жобалар; отбасын 

нығайту, отбасындағы тәрбиенің ролін арт-

тыру және өнегелі отбасыларын насихаттау; 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы 

мәселелерді қарады.

Мәжілісті  қала  әкімінің  орынбасары, 

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық 

саясат жөніндегі қалалық комиссия төрағасы 

Ғалым Ғұбашұлы Орынғалиев жүргізіп, комис-

сия мүшелері мен шақырылған қоғамдық ұйым 

өкілдеріне күн тәртібін таныстырып, тәжірибе 

бөлісуге шақырды.

Комиссия төрағасы Ғ.Ғ.Орынғалиев өз 

сөзінде: «Мемлекеттік гендерлік саясат – елдің 

ішкі саясатының маңызды құраушысы болып 

табылады, ол 2006-2016 жылдарға арналған 

еліміздің Гендерлік теңдік стратегиясына сәйкес 

іске асырылады.

... ана мен бала денсаулығын қорғауға 

зор көңіл бөлінеді. Отбасын қолдау, неке мен 

отбасылық-некелік қатынастар беделін артты-

ру мемлекеттік саясат басымдылықтарының бірі 

болып табылады. 

... іс-шараларды іске асыруға үкіметтік емес 

ұйымдарды қолдау бағдарламасы бойынша 

қалалық бюджеттен жыл сайын қаражат бөлу 

көзделген», - дей келіп, әлеуметтік маңызды 

жобалар туралы айту үшін сөз кезегін Орал 

қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аслан 

Сарқұловқа берді.

Өткен жылы маңызды әлеуметтік жоба-

лар бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар 

туралы сөз алған «Жайық дауысы» қоғамдық 

бірлестігінің төрайымы Қадиша Мұқанова 

тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру 

мәселесін «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 

алдын алу» Заңымен сәйкестікке қарап, бұл 

бағытта өткізілген іс-шаралар туралы ой бөлісті. 

Бұл ретте қалалық «Дағдарыс» орталығымен 

бірлескен жұмысты нақты баяндады.

«...Ата-ана  қатыгездігі  көп  жағдайда 

өмірлік күйзелістер мен құқықбұзушылыққа 

алып келеді, кейін бала айналасындағыларға да 

қатыгездік таныта бастайды. Бұл мемлекеттік 

көлемдегі проблемаға айнала бастады», - де-

ген ол кешенді жұмысты білім беру, денсаулық 

сақтау, әлеуметтік қорғау және құқық қорғау 

органдарымен бірлесе жүргізуді ұсынды.

Келесі  сөз  кезегін  алғандар  «Әділет» 

қоғамдық  бірлестігі  төрағасы  Мұхит 

Бисенғалиев пен «Семей ядролық сынақ по-

лигоны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы 

Мағжан  Бисенғалиев  бала  тәрбиесіндегі  

әке ролін арттыруға бағытталып өткізілген 

шаралардың пайдасы, бұл бағыттағы №10 мек-

теп спорт залында өткен іс-шара, т.б. тәрбиелік 

мәні зор мәселелерді жүзеге асыру туралы 

өз ой-пікірлерін ортаға салды. Әсіресе анасы 

ішкілікке салынған екі ұл баланы қарапайым 

жұмысшы  әкенің  дұрыс  тәрбиелеп,  биік 

спорттық нәтижелерге жетуіне қолдау көрсетуі. 

Тіпті пәтер жалдап жүріп, ұлдарына тәрбие бер-

ген осындай жалғызілікті әкеге тұрақты баспана 

беру туралы ұсыныс та айтылды. 

Иә,  Орал  қаласындағы  некеге  тұрған 

азаматтардың 2011 жылы: 3405-інің 1005-і; 

2012 жылы: 3611-інің 1119-ы; 2013 жылы 3694-

тің 1199-ы ажырасып кеткендігі ойландырмауы 

мүмкін емес.

«Үйлену – оңай, үй болу – қиын» деген ата-

лы сөздің бүгінде мән-маңызы тіпті анықтала 

түскендей.

Отбасын нығайту, тәрбие ролін арттыру, 

өнегелі отбасыны насихаттау туралы өз ойла-

рын ортаға салған елімізге танымал педагог, 

облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Мағрипа 

Есенғұлқызы Исқақова апайымыз да қыз – 

болашақ ана, ұлт тірегі ретінде ең әуелі өмірлік 

жарын, сосын мамандығын қателеспей таңдаса 

деген ұғым төңірегінде пікір бөлісті, комиссия 

мүшелерінің әр шараға тікелей қатысып, бұл ша-

ралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында 

көбірек насихаттауды ұсынды.

Комиссия іс-шараларға бастамашы болуда. 

Қоғам назары – отбасында. «Отан отбасынан 

басталады» демекші, отбасы – әр баланың асыл 

қазығы, қуаныш, бақытты болғай!

Ақмаржан БАҚЫТҚЫЗЫ,

Орал қаласы

Отбасылық құндылық - ең басты мәселе

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет