«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты- рухани-адамгершілік құндылықтарды негізе алатын, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз мінезді адамды тәрбиелеу



Дата01.03.2022
өлшемі176,87 Kb.
#26744

Өзін-өзі тану


Орындаған: Бүлкен Жанар

Пән мұғалімі: Абилов Бауыржан

«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты- рухани-адамгершілік құндылықтарды негізе алатын , ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз мінезді адамды тәрбиелеу.


Тіпті Абай өз заманында былай деген екен: «Білім мен ақыл-ойды сақтайтын қойма- адамның мінезі. Білімді сақтайтын берік қойма болмаса, оқудан пайда болмас». Ал тәрбиенің негізі дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру.

Бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қайырымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсымыздың орнымыз ерекше.

«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақтарында қолданылатын тәсілдер: әңгімелесу, шаттық шеңбері, тыныштық сәті, өзіммен-өзім, мәтінмен жұмыс, сабақтың дәйексөзі, жаңа ақпарат, түйіндеме, жағдаяттарды талдау,ойтолғау, шығармашылық жұмыс, сахналау, сергіту сәті, ойындар, тренингтер, бейнефильмдерден үзінді көрсету, жүректен жүрекке т.б оқушының өзін, өзгені, айналасын тануына, өз бойына жан-жақты тұлғалық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Әсіресе, оқушылар сабақ барысында еркін отырып, бір-бірімен еркін пікір алмасып, өз ойларын білдіріп, жағдаяттарды шеше білуге, бірін-бірі тыңдауға үйренеді.

Баланы жан-жақты дамытуға, өзінің ішкі дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдайтын, жалпыадамзаттық құндылықтарға ие бола алатын ұрпақты тәрбиелеуге ат салысқанымыз артық болмас. Қазіргі кезде қоғамда жоғалып бара жатқан адамдар арасындағы сыйластық, мейірімділік, сүйіспеншілік, татулық, бірлік, бірін-бірі кешіре білу, төзімділік сынды құнды қасиеттерімізді толықтай жоғалтып алмас үшін келешегімізді ойлайтын болсақ, жас ұрпаққа жақсы істер атқарып, үлгі көрсете білуіміз керек. 

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет