Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі
Білім алушылардың инновациялық
тұрғыдан шығармашылық қабілетін
дамытуда өзін-өзі тану пәнінің
маңыздылығы
Баяндама
Тақырыбы: Білім алушылардың инновациялық тұрғыдан шығармашылық қабілетін дамытуда өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаны ұлттық жалпыадамзаттық құндылықтардың, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыдан жетілдіру,- деп көрсетілуі әр дара тұлғаның заманауи талаптарға сай білімді де білікті азамат ретінде қалыптасуын көздейді.
Қазіргі уақытта техника мен технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында, жаһанданудың жаулап алуы барысында мемлекетте әлеуметтік-экономикалық жаңғырту саясатын жүзеге асыру арқылы ізгі қоғамға қол жеткізу басты мәселе болып отыр. Қоғамда өзгертуші күштің бірі адам болғандықтан, қоғамның ізгілігі адамдардың ізілігінен, адами іс-әрекеттерінен, этномәдени әлеуметтенуінен, олардың өркениеттік озық үлгілерді бойына сіңіруінен және өзіндік болмысын сақтап қалуынан негіз алады. Адам капиталын байытудаға басты құндылықтар қатарында патриотизмді, мораль мен адамгершілік нормаларын, ұлтаралық ынтымақтастық пен толеранттылықты, адами және рухани дамуды, заңға бағынушылықты, ана тілін , көптілдікті атап көрсетіп, осы құндылықтарды барлық оқу орындарында балалар мен жастардың бойына сіңіру қажеттілігіне аса мән берген болатын. Осы айтылып өткен құндылықтардың мәнділігі адамның өзін, айналасын, ауылын, елін, Отанын терең танып-түсінгенде және оларға риясыз сүйіспеншілігі қалыптасқанда, адами дамудың интеллектуалдық тұрғыдағы жоғары шыңына жеткенде ғана арта түсетіндігі шындық емес пе? Сол себепті оқу-тәрбие мекемелеріне балалар мен жастардың қоғамдағы, қоршаған ортадағы өзінің орны мен рөлін ұғынуына, өмірдің қарапайым ақиқатын түсінуіне, адами қарым-қатынасын жоғарылатуына, рухани тұрғыдан дамуына, рухани-тарихи мәдени мұралар мен халықтың салт-дәстүрін, әлем өркениетін жете бағалай білуіне септігін тигізетін пәндерді ендіру қажеттілігі артып келеді. Осындай мақсатпен республикалық оқу-тәрбие мекемелерінде жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі- «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының негізгі мазмұнын «адам», «табиғат», «өмір», «денсаулық», «қоғам» және т.б. басты құндылықтардың мән-маңызын жан-жақты ашып көрсететін білім құрайды. Аталған құндылықтарды тану бір қарағанда жеңіл, жүзеге асыруға оңай болып көрінетін секілді. Шындығында бұл олай емес. Ежелгі грек философы Фалестің «өмірде ең қиыны- өзіңді өзің тану» деп айтқан пікірінің маңыздылығы бар. Себебі, адамның «менін» түсіну дегеніміз «өзіңді тану», «адамдарды тану», «қоғамды тану» мәселелерін жан-жақты қамтитын күрделі салаларды біліп-ұғынуды, талдап-зерттеуді ғана емес оларды тану арқылы адамның рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін сапалар мен қасиеттерді, құндылықтарды үйренуді, өмірде орынды қолдануды және оларды дамыта отырып келешек ұрпаққа жеткізуді білдіреді.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан білім алушының бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен оқытушы шешуші роль атқарады. Өзін-өзі тану сабағының басты мақсаты ол білім алушыларды рухани-адамгершілікке үйрету, ал рухани-адамгершілік тәрбие-екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, оқытушылардың білім алушыларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- білім алушылардың белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, өзін-өзі тану сабағының әдістерін пайдалана отырып, оқытушы істелген жұмысының нәтижелерін, білім алушылардың жетістіктерін зер салып талдау керек. Талдау мен зерттеу, тану мен үйрену барысында адамның «жеке тану», «адамдармен біргелікте тану», «табиғат аясында тану», «қоғам арқылы тану» қажеттіліктері туындайды. Олай дейтініміз, адам өзін-өзі тану үдерісінде «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Мен нені білемін?», «Мен нені білгім келеді?», «Мен не істей аламын?», «Менің қандай қабілетім бар?» және т.б. сұрақтар төңірегінде ойлану мен оларға жауап іздеу негізінде өзінің адами қасиеттерін, мінез-құлқын, тән саулығын, жан саулығын, шығармашылық қабілеттерін, тұлғалық болмысын, азаматтық сапасын айқындап-анықтауына, білуіне мүмкіндіктер туады. Және оның қай тұстарын жетілдіру қажеттігіне аса мән береді. Адам өзін адамдармен қарым-қатынаста тану барысында өз бойындағы махаббат, туыстық, достық, серіктестік, қайырымдылық, татулық, сыйластық, кәсіпкерлік, қабілеттілік, шығармашылық және т.б. құндылықтарын танып-зерттеуге және қалыптастыруға мүмкіндік алады. Адам өзін табиғат перзенті тұрғысынан тануда өз санасындағы табиғат, өмір, қамқорлық, үндестік, үйлесімділік, туған жер, сүйіспеншілік және т.б. құндылықтардың мәнін анықтай алады және осы саладан қол жеткізген білімдерін өмірде қолдануға ұмтылады. Адам өзін «қоғаммен бірге», яғни қоғамға қызмет ету тұрғысынан тану барысында, тұлғалық құндылықтарды өз бойында қалыптастыру мен оларды практикада қолдану қажеттілігін түсінеді және белсенді жасампаздық әрекеттерді жүзеге асыруға дағдыланады. Әрине , осылардың бәрі әрбір Қазақстан азаматының бойында қалыптасатын болса, онда олардың елдегі әлеуметтік жаңғырту ісіне қосатын үлестері қомақты болмақ.
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану» пәні 20-- жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұл сабаққа білім алушылар ғана емес оқытушылар мен ата-аналар да қызығушылықпен қатысады. Осы пән арқылы білім алушылардың бір-біріне деген көзқарастары өзгеріп, қарым-қатынастары жақсарады, өзін-өзгелерді қүрметтеуге, бір-бірлерін сыйлауға үйреніп, адамгершілік қасиеттері арта түседі.
«Өзін-өзі тану» пәні білім алушының қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Біздің колледжімізде осы пәнге байланысты әр-түрлі тақырыптар бойнша қызықты сабақтар, апталықтар, айлықтар өткізіледі. Білім алушылар іс-шаралар барысында өздерін еркін сезінеді, әр білім алушы өзінің ой-пікірін білдіріп, айтуға мүмкіндігі бар. Осы пән арқылы әр білім алушының шығармашылық қабілетін айқындап, дамытуға болады.
Ең бастысы бұл пән басқа пәндерге қарағанда өзгеше. Сабақ шаттық шеңберінен басталады, оқытушы мен білім алушы бір-бірін жылы лебізбен карсы алады, ал жүректен жүрекке айтылған керемет тілектермен қоштасады. Ал сабақ барысында әр-түрлі жаттығулар, релаксация, танымдық ойындар, пікірталас, рольдік ойындар жүргізіледі.
Шығармашылық ақыл-ой - бұл қызықты әдіс, ол арқылы білім алушылар өзін көрсете алады. Адам шығармашылық қабілеті арқылы әлемді таниды. Білім алушылардың шығармашылық ақыл-ойының дамуында «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі жоғары.
Шығармашылық іс-әрекет- бұл «Өзін-өзі тану» пәнінің негізі. Ол: сурет салу, коллаждар дайындау, тақпақ, өлең айту, эссе жазу. Бұл әдіс білім алушылардың шығармашылық қуатын ашады, әр-түрлі әрекеттер арқылы «МЕН»-ді көрсетеді.
Пәннің осындай ерекшеліктерін ескере келе колледжімізде «Өзін-өзі тану» пәні барлық курстарда өткізіледі. Сонымен білім берумен қатар тәрбие бере отырып, әр баланың бойындағы дарыны мен қабілеттерін ашу және дамыту мақсатында белсенді түрде жүргізіліп келеді.
«Өзін-өзі тану» - жоба ретінде мектепке дейінгіден университетке дейінгі білім беру жүйесінде адами рухани-адамгершілік құндылықтарын оқып үйретуге бағытталған мемлекеттік эксперименттік жоба болып табылады. «Өзін-өзі тану» эксперименттік пәнін әзірлеудің негізгі идеясы оқу және тәрбие өмірінің мағынасын түсініп білуіне процесінде балаларды, жасөспірімдерді, жастарды рухани-адамгершілік құндылықтарына тарту болып табылады..
«Өзін-өзі тану» пәнінің білім алушылардың өздерін тануға және шығармашылық қабілеттерін айқындауға тигізетін әсері өте зор. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен еңбекке қызығушылықтарын ескере отырып колледж ішінде сабақтан тыс әр-түрлі үйірмелер ұйымдастырылып, өткізіледі. Олар: «----------», әскери-спорттық үйірмесі «--------», шеберлер үйірмелері «------------», «---------- технологиясы». Осы пәннің және сабақтан тыс жұмыстарының нәтижесін, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін мынадай көрсеткіштерден көруге болады.
Білім алушыларға отаншылдыққа, әдептілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, ұйымшылдыққа үйрету, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болып табылады. Адам бойында кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, рақымшылдық, жанашырлық, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, тыңдай білу, қолынан келгенінше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің маңыздылығы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Өзін-өзі тану» журналдары №1, 2, 3, 4, 2012-2013 жж.
Достарыңызбен бөлісу: |