Padlet com/zbaltamuratova/m5dttvocd6j55hzi МӨЖ. Шығармашылық интерпретация



Pdf көрінісі
Дата19.12.2022
өлшемі3,87 Mb.
#58183


padlet.com/zbaltamuratova/m5dttvocd6j55hzi
МӨЖ. Шығармашылық интерпретация
Ходячий замок
ZHULDYZ BALTAMURATOVA
12 ДЕКАБРЯ 2022, 12:50 UTC
Ходячий замок
Ағылшын жазушысы Диана Уинн Джонстың қиял-ғажайып
романы, алғаш рет 1986 жылы жарық көрген. Толық атауы -
"Хаулдің жүретін сарайы" 
Осы роман негізінде Жапонның әйгілі аниматоры Хаяо
Миязаки 2004 жылы ең атақты анимелерінің бірін түсірді
Сюжет
Ойдан шығарылған әлем. 19 ғ. Европаға ұқсас. Сиқыршылар
мен мыстандар мекен етеді. Басты кейіпкер - әкесінен
мұраға қалған қалпақ тігетін дүкенде жұмыс істейтін Софи
есімді бойжеткен. Екі сіңлісі және өгей анасы бар. Бірде ол
мыстанның құрбаны болады: жас қызды кәрі кемпірге
айналады. Өз қалпына келуі үшін жүретін сарайға барып, жас
сиқыршы Хаул және оның досы от перісі (демон)
Калцифермен танысып, олардың құпиясын шешуге мәжбүр
болады
Айырмашылық
Кітап пен аниме сюжеттік айырмашылық тым көп. 
Шығармада сюжет бірнеше шиеленіскен тармақтардан тұрса,
анимеде бір ғана желі - басты кейіпкерлердің қарым-
қатынасына басымдық беріледі
Түсірілім
Дыбыс
Миядзаки өз туындыларында дыбысқа ерекше көңіл бөледі.
Фильмде қаланың "дауысы" шынайы болуы үшін, түсірілім
тобы арнайы Еуропа қалаларына барып, 19 ғ. сай дыбыстарды
іздеп, таспаға түсірген
Пейзаж
Францияның Эльзас атты провинциясын негіз еткен
Анимеде комп.графика қолданылмайтыны, барлығы қолдан
салынатыны белгілі. 
Мұндағы суреттердің керемет салынғаны соншалық,
соншама сұлулыққа таңдай қақпау мүмкін емес. Тіпті сол
даланың таза ауазын жұтқандай, сіздің де бетіңізден самал
жел өпкендей, сол юір тұманның дымқылын денеңізбен
сезінгендей боласыз және бұл үшін 3D да, басқа бір дамыған
технология да қажет емес, телефоныңыздың экраны да
жеткілікті. Мұның өзі нағыз өнердің бедгісі болар
Сарай
Кітаптағы иллюстрация


Анимедегі сарай
Орыс фольклорындағы Баба-Яганың лашығыының негізінде
құрастырылған. 
Кейіпкерлер
Хаул
Ең танымал аниме кейіпкерлердің бірі 
Бәрін өзіне ғашық қылады 
Кітапта махаббат оқиғаларына көңіл көп бөлінеді (тез ғашық
болады), анимеде ол тақырып қозғалмайды 
Кітапта қаталдық, эгоизм көреміз, ал фильмде балалығы
басым 
Балалық шағы және өскен үйі фильмде ашылмайды 
Софи
Кітапта образ тереңірек ашылады 
Оның өзінің де сиқыры барын анимеде айтылмайды
Анимеде оның түр-бейнесі, дауысы кейде жасарып, кейде
қайта кәрілікпен ауысып отырады 
.


※※※※※※
Соғыс тақырыбы
Кітапта бұл тақырып мүлдем қозғалмайды 
Ал анимедегі оқиғаның өзегі
Себеп
Режиссер 1941 ж. 5-қаңтарға өмірге келген
Соғысқа қарсылық, бейбітшілікті сүю - Миядзаки
туындыларындағы ортақ желі, негізгі тақырып
Факт
2003 ж. «Унесенные призраками» анимесі "Үздік
анимациялық фильм" категориясында Оскар жүлдесін жеңіп
алды. Бірақ фильм режиссері Миядзаки салтанатты кешке
келуден бас тартты. Ол бұл әрекетімен АҚШ-тың Ирандағы
соғыс әрекеттеріне қарсылығын көрсетті.
Кітап авторы анимені жоғары бағалап,
режиссердің оның ойын толық түсіне
білгенін айтады
Қорытынды
Кітап авторы фильмге жоғары баға беріп, режиссердің оның
ойын дөп басқанын айтады. 
«Если вы любите кого-то достаточно сильно, с вами
начинают происходить удивительные вещи, и вы достигнете
многого, пусть даже мир рушится вокруг вас»
Кітап балалар әдебиетінің керемет үлгісі әрі балалар үшін
қызықты болса, аниме, меніңше, ересектердің өзіне ой
салары анық.
Қорытындылай келе, бұл туынды
шығармашылық интерпретацияның
керемет үлгісі дей аламыз.
"Интерпретация" дегеніміз шығарманы
әркімнің өз призмасынан өткізуі десек,
автор да туындыны қорытып оған жаңа
мән береді. Кейде мұндай өзгерістер кері
әсер беруі мүмкін, ал біздің жағдайда,
керісінше, шығарманың құндылығын
арттырмаса кемітпейді. Күннен түскен
аппақ сәуле призмадан өткенде қалай
жалт-жұлт етіп құбылса, бұл шығарма
да жаңа реңк алып құлпыра түскен.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет