Пайдалы қазбалар Көбейту мен бөлу амалдары және олардың қасиеттері



Дата14.11.2022
өлшемі134,81 Kb.
#50135


Пайдалы қазбалар 2. Көбейту мен бөлу амалдары және олардың қасиеттері
Пайдалы қазбалар — техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар. Өзінің физикалық қасиеті бойынша пайдалы қазындылар қатты, сұйық және газ тәріздес болып үшке бөлінеді. Пайдаланылуына байланысты олар мынадай топтарға белінеді: жанғыш — көмірмұнайжанғыш газдар мен тақтатастар; құрылыстық — гранитмрамор, утас, құм тағы басқалар; химиялық шикізат — күкірткалий тұзыапатитграфит тағы басқалар.; отқа төзгіш шикізат — қара, түсті және сирек металл кендері тағы басқалар. Орналасу жағдайы бойынша бұл қабаттың, желілік тағы басқалар. болып бөлінеді.
Жердің минералды ресурстарын, яғни шикізат пен энергия қорларын пайдалану, адамзат өркениетінің барлық сатыларында дамуының негізі.
Химиктер үшін кендер және бос жыныс ұғымдарының маңызы ерекше. Кен орындарындағы пайдалы қазбалардың құрамында бағалы минералдар мен бос жыныстар болады. Бірақ кейде бір минералдың өзі (минералдық қосылыс) пайдалы компонент немесе бос жыныс болуы мүмкін. Мысалы, флюорит, оптикалық өнеркәсіптің шикізаты үшін пайдалы, ал түсті металдар кендерінде – бос жыныс минералы болып табылады.
Кен және бос жыныста бөгде заттар мен серіктес элементтер болады. Оларды пайдалы және зиянды деп екіге бөледі. Пайдалы бөгде заттар бағалы компоненттермен бірге концентраттарға өтіп, олардың құнын көтереді.
Қайта өндіру процесінде қолданылмаған, сол қалпында сұранысқа түспейтін шикізатты қалдықтар деп атайды. Олар көбінесе, екіншілік ресурстарды түзеді. Өңдеуге және өндірісте қолдануға қажетті жағдайға жарамды жинақталған екіншілік ресурстарды – техногендік кен орындары деп атайды. Шикізатты максималды қолдануға және қалдықтарын өндірістің қосымша өнімдері мақсатында іске жаратуға бағытталған шикізаты өңдеу технологиясын қалдықсыз технология деп атайды. Шикізатты және оның компонеттерін өңдеу кезіндегі шығын технологиялық тәртіп пен өндіріс мәдениеті көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

2. Көбейту мен бөлу амалдары және олардың қасиеттері


Натурал сандарды көбейту деп бірдей қосылғыштардың қосындысын табу амалын айтады. Қосылғыш ретінде қайталанатын сан көбейгіш, оның неше рет қосылатынын көрсететін сан көбейткіш, ал амал нәтижесі көбейтінді деп аталады. Көбейгіш пен көбейткішті жалпы алғанда көбейткіштер деп те атайды. Мыс., 6X5=30, 6 —көбейгіш. 5 — көбейткіш, 30 — көбейтінді. Көбейту амалы да ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік (дистрибутивтілік) заңдарына бағынады. Ертедегі Үндістанда көбейту амалы сол жағынан басталып орындалатын. Қазіргі үйреншікті тәсіл 15 ғасырдан бастап қолданылған. Көбейту таңбасы әуелде нүкте (•) түрінде (15 ғ.), кейін онымен қатар кірес (X) түрінде (17 ғ.) жазылатын болған.


Екі көбейткіштің көбейтіндісінен сол көбейткіштердің бірі арқылы екіншісін табу амалы бөлу деп аталады. Бөлінетін сан бөлінгіш, оны бөлетiн сан бөлгіш, бөлу нәтижесі бөлінді деп аталады. Мыс., 12:3=4, 12 — бөлінгіш, 3 — бөлгіш, 4 — бөлінді. Бөлу амалы — көбейту амалына кері амал. Бөлу амалы бүтіндей бөлу және қалдықпен бөлу деп екі түрге бөлінеді. Қалдықпен бөлу дегеніміз — бөлгішпен көбейтіндісі берілген бөлінгіштен артпайтын ең үлкен бүтін санды табу деген сөз. Бұл іздеп отырған сан толымсыз бөлінді деп аталады. Бөлінгіштің толымсыз бөлінді мен бөлгіш көбейтіндісінен айырмасы қалдық деп аталады, ол — бөлгіштен әрқашан да кем болады. Мыс., 21-ді 4-ке бөлгенде, толымсыз бөлінді 5, қалдық 1 болады, яғни 21=4x5+1. Бөлудің қазіргі қолданылатын тәсілін 15 ғасырда итальян ғалымдары ойлап шығарған. Бөлу таңбасын (:) алғаш қолданған (1633 жылы) — ағылшын ғалымы Джонсон.
Теңдік таңбасын (=) алғаш енгізген (1557 жылы) ағылшын дәрігері — Роберт Рекорд. Арифметикалық амалдардағы қазіргі таңбалар тек 17 ғасырдың ақырында ғана барлық елдерде қолданыла бастаған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет