Табиғи жағдайларда адам және жануар үшін жалпы болып табылатын инфекциялар



Pdf көрінісі
Дата29.12.2016
өлшемі2,37 Mb.
#714



Зооноздар 

—табиғи жағдайларда адам және 

жануар үшін жалпы болып табылатын 

инфекциялар .

Медициналық әдебиетте зооноздар –



адамның инфекцияның резервуарымен кӛзі 

ретінде  әртүрлі үй және жабайы 

сүтқоректілер мен құстар болып табылатын 

жұқпалы және инвазиялы аурулар тобы. Олар 

қоздырғыштың биологиялық түр ретінде ӛмір 

сүруін қамтамасыз етеді. 



Зооноздар – этиологиясы бойынша: 

бактериялды, вирусты, прионды болып 

бӛлiнеды.

Бактериялды

• бруцеллѐз

• оба 

• туляремия 



• кампилобактериоз 

• лептоспироз

• сальмонеллѐз

• сібір түйнемесі

• риккетсиоздар 

• хламидиоздар 

• боррелиоздар

Вирусты

• геморрагиялық 

қызбалар 

• құтыру


Прионды

• скрептер

• губка тәрізді

• энцефалопатия



Эпидемиологиялық 

мақсаттарда 

зооноздарды 

қоздырғыштардың 

үй, сонымен қатар 

синантропты және 

жабайы жануарлар 

арасында айналып 

жүру қабілеттілігіне 

қарай бӛлу дұрыс 

болып саналады.

Қоздырғыш 



резервуары жабайы 

жануарлар болып 

келсе, ол ауруларды 

– табиғи-ошақтық 

деп атайды. 


Туляремия – тулярин

микробтары арқылы пайда

болатын табиғи-ошақты 

зооноздық жіті жұқпалы 

ауру.


Үй жануарларының ішінде

ауру кӛздері болуы мүмкін 

жануарлар: қой-ешкі, ірі

қара малдары, шошқа.

Ауруды таратушы болып



қан соратын жәндіктер: 

маса, кене, сона, бүрге 

болуы мүмкін.


Адамдар бұл дертті ауырған 

кеміргіштерден, шала пісірілген

ет тағамдарынан, залалданған 

суды пайдаланғанда, жәндіктер 

шаққанда, ауадағы ауру 

қоздырғыштарымен тыныс алу

арқылы жұқтыруы мүмкін. 

Сонымен қатар, су 



тышқандарының, ондатра мен 

қоян секілді аңдардың терісін

сойып ӛңдеген кезде

туляремияны жұқтырып алуға 

болады. 


Адам ағзасына ауру 

қоздырғыштары тері мен 

сілекейлі қабыршақ арқылы, 

тіпті жарақаттанбаған 

күйінде де ӛтіп кете алады.

Қан сорғыш жәндіктер, 



сона, маса, кене ауырған 

жануарлардың қанын сорып

сау жануарлар мен 

адамдарды қайта шаққанда  

ауру қоздырғыштарын 

жұқтырады. 



Жасырын мерзімі орташа 3-7 күн болып

келеді, сол мерзім өткен соң, аурудың дене

қызуы кенет 38-40 градусқа дейін көтеріледі. 

Басы қатты ауырып айналады, аяқ, арқа, бел 



бұлшық еттерінің қақсап ауыруы, тәбетінің

жоғалып, әлсіздік пайда болады, қалтырап 

тоңу сияқты белгілері басталады.

Баспа белгілері орын алып, жақ асты, 



мойын, қолтық, шап бездері ісінеді. Аурудың

бірінші күнінен бастап бет қызарып, ақ қабық

пайда болады, 3-5-ші күндері  құрғақ жөтел 

басталады. 



Туляремияның басты белгілері -

әртүрлі лимфа бездердің 

ұлғаюы, яғни,  кӛлемі ас 

бұршақтан грек жаңғағының 

кӛлеміне дейін жетеді. Егер

ішек, бауыр, кӛкбауыр лимфа 

бездері ісінсе, іштің ауруы

байқалады. Ауру  кӛбінесе 2-3 

аптаға созылып (кейде одан да 

ұзақ болуы мүмкін), сирек

жағдайда қайталануы мүмкін.

Ауру асқынуларымен қауіпті: 



ӛкпенің қабынуы,  перитонит, 

перикардит, менингит. 



Алдын алу шаралары

кешенді түрде жүргізіледі.

Ең тиімді және басты шара 

– адамдарды жаппай егу, 

егпе шаралары жеңіл және 

еш ауырсынусыз ӛтеді.

Егілген кейін 2-3 апта



ӛткен соң, адамда

туляремия ауруын 5 жыл

бойы қабылдамайтын 

иммунитет пайда болады.  

Әрбір 5 жыл сайын екпені

қайталап отыру керек. 



Туляремия қоздырғыштарын 

таратушылардың бірі – кенелер деп

жоғарыда айтып ӛттік. 

Сондықтан, кенеден қорғану үшін 



әртүрлі үркітуге арналған заттарды

пайдалану қажет.



Түйнеме (сібір жарасы) 

– зоонозды аса қауіпті, 

қоздырғышы жанасу

механизмі арқылы 

берілетін, тері

қабатының карбункул 

тәрізді зақымдалуымен, 

қызба және 

интоксикациямен, кейде

сепсис дамуымен

сипатталатын жұқпалы 

ауру. ҚР ӛзекті.


"Сібір" атауы осы аурудың 19-ғасырда Сібір

аймағында он мыңдаған бас мал мен мыңдаған 

адамдардың қырылуының себебі болған үлкен 

эпизоотия мен эпидемияларының пайда

болуына байланысты берілген.



Инфекция кӛзі – ірі мүйізді мал. Бұл аурудың 

қоздырғышы – микроб, "сібір жарасының 

таяқшасынан" шыққан.

Ол ауру малдың қанында, зақымдалған 



барлық мүшелер мен тіндерде, және ауру 

малдың дәреті мен нәжісінде кездеседі. 

Қоздырғыш малдың ӛлім алдында бӛлінетін 



серозды сұйықтығында кӛп болады. Сібір

жарасының таяқшасы жайлау топырағына, 

ашық су қоймаларының суына түседі. 


Спора сиырдың, қойдың, жылқының, 

шошқаның, түйенің, есектің организміне

түсіп, сібір жарасының таяқшасын түзеді, 

содан кейін ол кӛбейеді, қан арқылы тарап, 

1-3 күннен кейін ауру тудырады. Бұл ауру 

жануарларда, әдетте, ауыр түрде ӛтеді және 

кӛбінесе ішектің бұзылысымен басталады. 

Ішектің кебуі, қызудың кӛтерілуі байқалады.

Зәр мен сүтте қан кӛрінеді. Екінші, үшінші 

күні мал ӛледі.


Түйнеменің таралуына үй жануарлары

арасында қансорғыш буынаяқтылар себепші

болады, бұлар – шыбындар, масалар. 

Жануардың терісінде, қоздырғыштың ену

қақпасында қолмен ұстап қарағанда ыстық

тығыз, ауырсыну байқалатын карбункул және 

ісік пайда болады. 



Сепсистік формасына

қарағанда, терілік

формасы жеңіл ӛтеді 

және сауығумен 

аяқталуы мүмкін.

Бірақ сырт кӛзге сау

жануарлар кенеттен

құлаған жағдайлар да 

болған. 


Ауру малдан және малдан алынған азық-

түліктен жұқтыруы мүмкін. Аурудың 

жасырын кезеңі адамдарда бірнеше сағаттан 8 

күнге дейін созылады, кӛбіне қоздырғыштың 

теріге ену қақпасында кішкентай дақ пайда

болғаннан кейін 2-3 күн. Аз ғана уақыттан 

кейін дақ безеуге, содан кейін бұлдыр қан 

аралас сұйықтығы бар кӛпіршікке айналады. 

Кӛпіршік жарылып, сұйықтық ағып кетеді, 

орнында қара қабықшамен – карбункул: 

қапталған жара пайда болады. 



Ауру жоғары температурамен, жалпы

әлсіздікпен жүреді. Қалыпты іріңдеуге 

қарағанда түйнемелік іріңдеу 

ауырсынусыз, айналасындағы тері

қабынбаған, ноқат қара түсті 

болғандықтан халық түйнемелік 

карбункулды "кӛмірлік" деп атаған.

Түйнеменің терілік түрінің басты



қауіпі жалпы қанның зақымдалуы –

сепсиспен асқынуы мүмкін. Бұл әдетте 

карбункулды қасығанда, ноқатты 

сыдырғанда болады. 

Асқынуды болдырмас үшін науқас ӛзі 



емделмей, тез дәрігерге қаралуы керек.

Түйнеменің алдын алудың ең басты бағыты -

ауыл шаруашылық жануарларын

иммунизациялау. Үйде жеке мал болса, әр 

малды түйнемеге қарсы егу керек. Егер сіз

жануарлардан аурудың белгілерін байқасаңыз, 

дереу үйге ветеринар маманын шақырыңыз. 

Малды сою ветеринар қарап, жануардың 

денсаулығы туралы анықтама бергеннен кейін

жүргізілу керек.



Сарып, бруцеллез 

(Brucellosіs), медицинада —

адам мен малдың жұқпалы 

ауруы. Аурудың қоздырғышы 

бруцелл — суыққа тӛзімді, 

ыстыққа тӛзімсіз бактерия. 

Мұны 1886 ж. ағылшын 

дәрігері Д.Брюс (1855 —

1931) тапқан. Кейіннен бұл 

аурудың адамға малдан

жұғатыны анықталды.



Сарыппен кӛптеген үй жануарлары (қой, ешкі, 

сиыр, шошқа) ауырады. Ауырған мал іш

тастайды және шуы түспейді. Індет малдың 

несебі, сүті, жыныс мүшесінен аққан 

жалқыаяқ, іш тастаған малдың қағанағы, лас 

тӛсеніш, құрал-жабдық, т.б. арқылы тарайды.


Адамға Сарып кӛбінесе ауру малдың сүтін 

қайнатпай ішуден, етін дұрыс пісірмей жегеннен

жұғады. Жүн жуатын, ет комбитарының 

жұмысшылары және ауру малды күтуші адамдар

Сарыппен жиі ауырады. Аурудың белгісі 1 — 3 

аптада білінеді. Ауырған адамның температурасы

39 — 40°С-қа дейін кӛтеріліп, қалтырап, әлсіздік 

пайда болады. Науқасты қалың тер басып, басы 

ауырады, буыны мен бұлшық еттері сырқырап, 

жүйке және қантамырлар жүйесі зақымданып, 

кейде адамның психикасы да ӛзгеруі мүмкін. 



Ауруды дұрыс емдемесе

еңбекке жарамсыздыққа 

әкеледі, ал жүкті әйелдер 

Сарыппен ауырса, түсік 

тастайды. Ауруға шалдыққан 

адам ауруханада емделеді. 

Сарып ауруы байқалған 

шаруашылықтардан шетке

мал шығарылмайды, шеттен

келген мал тексеруден ӛтеді. 

Ауру мал жайылған ӛріске 

сау малды жаюға тыйым

салынады. Сарыптан сақтану 

үшін сау малға вакцинация 

жасалады. 



Ауру мал тұрған қора, алаң, аула кӛңнен 

тазартылып, концентрациясы жоғары 

ерітінділермен дезинфекцияланады; іш

тастаған малдың қағанағын, жалқаяғын, оның 

жатқан тӛсенішін, ластанған кӛңін ӛртейді. 

Ӛлген малдың терісін 2 айдай тұзға салып

қояды, жүнін бромды метилмен

зарарсыздандырады. Ауру малды күтуші адам

үнемі дәрігердің бақылауында болады



Руководство по зоонозам, под ред. 

В. И. Покровского. Л., 1983

Патологиялық анотомия терминдерінің, орысша –



латынша – қазақша түсініктеме сӛздігі.- Ақтӛбе.



Қазақ Энциклопедиясы




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет