Біріккен Ұлттар Ұйымы
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, халықтар
арасындағы достық қатынастарды дамытуға, халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізуге және
мемлекеттердің іс-әрекеттерін үйлестіру орталығы болуға бағытталған үкіметаралық ұйым. Басты
максаты — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы
ынтымақтастықты дамыту.
БҰҰ – әлемдегі ең ірі, халықаралық деңгейде ұсынылған және ең қуатты үкіметаралық ұйым. Бас
кеңсесі – Нью-Йорк, АҚШ-та орналасқан. Қазіргі уақытта БҰҰ-ның құрамына 193 мемлекет
кіреді.«Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Франклин Делано Рузвельт ұсынды.Декларациясы
Сан-Францискода 1945 жылы 24 қазанда қабылданды. Сол күн БҰҰ күні деп жарияланды. Біріккен
Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді
алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері
өкілдерінің қатысуымен жасалған.Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, фран цуз және испан
тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51
мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы
елдердің Жарғыны ратификация лауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан
халықаралық қоғамдас тықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп
жүр.Көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін Бас Ассамблея Біріккен
Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде
бір дауысқа ие болады. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбіт шілік пен
қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүше лер мен оның бюджетін қабылдау мәселе лері БҰҰ-ға мүше
мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі.Сондай-ақ, Бас
Ас самблея Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әртүрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік
Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. Қазіргі таңда, Қауіп сіздік Кеңесіне Ресей,
АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше болып келеді. Сондай-ақ,
біраз жылдардан бері Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қатарын көбейту жөнінде мәселе қозғалып
жүр. Бірақ ол әлі шешімін тапқан жоқ.
БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей
салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен
мемлекеттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді
талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор.БҰҰ-ның
басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым
халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды
рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі
кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың
алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп
негізін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға
алуда.
Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір
орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен
күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-
мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.
Достарыңызбен бөлісу: |