№7 Практикалық жұмыс Молекулалардың орын ауыстыру, айналдыру және



Pdf көрінісі
Дата29.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#121025
Байланысты:
№7 Практикалық жұмыс



№7 Практикалық жұмыс 
Молекулалардың орын ауыстыру, айналдыру және
масштабын өзгерту 
Бұл жұмыста қалыптасатын дағдылар:
• x, y және z осьтері бойынша орындарын ауыстыру; 
• x, y және z осьтері бойынша айналдыру; 
• молекулаларды үлкейту және кішірейту; 
• Z кесіндінің өлшемін өзгерту. 
№3 практикалық жұмыста HIN файлна сақтаған propene.hin молекуласын 
қайтадан ашыңыз.
Файлды ашу: 
1. HYPERCHEM бағдарламасын ашыңыз. 
2. File мәзіріндегі Open-ді таңдаңыз. 
Open File диалог ұяшығы шығады. 
3. №3 практикалық жұмыста сақтаған файлыңыздың папкасын тауып алыңыз. 
4. Папкадағы файл тізімінен 
propene.hin 
молекуласының атауын
тауып, 
үстінен қатарынан екі рет L-шертпе жасаңыз . 
Диалог ұяшығы жоғалып, жұмыс кеңістігіне таңдаған молекулаңыз шығады.
Атомдардың маркировкаларын өшіру: 
1. 
Display 
мәзірінен
Labels 
таңдаңыз. 
Labels диалог ұяшығы ашылады. 
2. 
None 
үстінен белгілеп, ОК-ді басыңыз
.
Молекуладағы атомдардың таңбалары өшеді. 
XY орын ауыстыру
Молекуланы немесе молекуладағы белгілі бір атомдардың экран бетінде 
орнын ауыстыру үшін, XY орын ауыстыру аспабын пайдаланасыз. Бұл аспаппен 
басқаруға L-шертпені қолданасыз. Кейінірек Translate орын ауыстыру диалог 
ұяшығын да қолданамыз.
XY орын ауыстыру аспабын қолдану: 
1. XY орын ауыстыру 
аспабына L-шертпе жасаңыз. 
2. Мезгегішті жұмыс кеңістігіне апарыңыз. 
Мезгегіш XY орын ауыстыру аспабының пішініне ауысады. 
3. Төмендегі суреттегідей молекулаға Л-орын ауыстыру жасаңыз: 


4. Екі тәсілдің біреуін пайдаланып, Translate диалог ұяшығын ашыңыз:

XY орын ауыстыру аспабының үстінен қатарынан екі рет шертіңіз, немесе 

Edit мәзірінен Translate опциясын таңдап. 
Translate диалог ұяшығы шығады: 
5 dx мәтін ұяшығына L-шертпе жасап, 5.0 санын жазыңыз. 
6. dy мәтін ұяшығына L-шертпе жасап, 0.0 санын жазыңыз. 
7. [Tab] батырмасын бас. 
8. dz мәтін ұяшығына L-шертпе жасап, 0.0 санын жазыңыз. OK-ді басыңыз. 
Молекула экранның сол жағына 5.0 Ангстремге жылжиды. 
Z орын ауыстыру 
Бұл жаттығуда 
Z орын ауыстыру 
аспабын пайдалана отырып, молекуланы z 
осьі бойынша өзімізге жақындатуды және алыстатуды үйренеміз. 
Z орын алмастыру аспабын қолдану: 
1. 
Display 
мәзірінен 
Rendering 
таңдаңыз. 
Rendering
диалог ұяшығындағы 
Perspective
опциясы қосылғанын қадағалаңыз.
2. Бұл ұяшықты жабу үшін OK-ді басыңыз.
3. Z орын ауыстыру 
аспабына L-шертпе жасаңыз. 
4. Мезгегішті жұмыс кеңістігіне шығарыңыз. 
Мезгегіш Z орын ауыстыру аспабының пішініне ие болады. 


5. Жұмыс кеңістігінде жайлап Л-орын ауыстыру жасаңыз. 
Молекула өзіңізге қарай жақындайды. 
6. Молекула көрінбей қалғанша жалғастырыңыз. 
Молекула енді көрінбейді, өйткені Z плитасының кесіндісінен шығып кеттіңіз. 
Кейінірек Z кесіндісін жөнге салуды үйренеміз. 
7. Кез-келген тәсілмен Translate диолог ұяшығын аш: 

XY орын ауыстыру аспабының үстінен қатарынан екі рет шертіңіз, немесе 

Edit мәзірінен Translate опциясын таңдап. 
8. dx и dy мәтін ұяшығына 0-ді жаз. 
9. dz мәтін ұяшығына 5-ті жаз да OK-ді бас. 
HYPERCHEM молекуланы өзіңізден қайтадан 5Å-ге алыстатады. Осы әрекетті 
молекула толық көрінгенше қайталаңыз.
Zoom аспабын қолдану 
Молекуланың көлемін үлкейтуге немесе кішірейтуге Zoom tool қолданыңыз. 
Ол, әсіресе үлкен молекулалық қосылыстардың құрылымдық формуласынан 
белгілі бір бөліктерін зерттегенде өте ыңғайлы. 
Zoom tool қолдану: 
1. Аспаптар қатарынан Zoom tool-дың үстіне мезгегішті 
апарып L-шертпе 
жасаймыз. Мезгегішті жұмыс кеңістігіне апарамыз. Мезгегіш стрелкадан Zoom 
tool-дың пішініне ауысады.
2. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, тышқанды ары-бері 
қозғаймыз. Молекуланың көлемі үлкейіп немесе кішірейеді:
Жинақылау және масштабтау 
Молекулалық жүйе файлдан енгізілгенде, жұмыс кеңістігіне стандартты 
өлшемде енеді.
Молекуланы масштабтау: 
1.
Display мәзірінен Scale to Fit таңдаңыз. 
Молекула бастапқы өлшеміне келеді. Жұмыс кеңістігінің ортасына 
орналасады. 


Назар аударыңыз: Zoom диалог ұяшығына 1 мәнін енгізіп, Scale to Fit 
масштабындай масштабты алуға болады.. 
XY айналдыру
1.
Мезгегішті Rotate аспабына апарып, L-шертпе жасаңыз. Мезгегішті жұмыс 
кеңістігіне шығарыңыз. Мезгегіш стрелкадан Rotate пішініне ауысады. 
2.
Тышқанның сол батырмасын басып тұрып, мезгішті х,у және z осьтері 
бойынша айналдырамыз. Молекулада осы бағыттар бойынша айналатын 
болады. 
Z Кесу 
Z кесу аспабы молекуланың ішкі жағындағы атомдарды көруге мүмкіншілік 
туғызады.
"Пластина" немесе «кесінді плитасы» молекулалық жүйенің бір-біріне 
параллель фронты мен молекуланың артқы бетінің жазықтығын береді.
Жазықтықтың арасындағы атомдар ғана көрінеді. 
Жасырын кесінді плитасы кесінді жазықтығын бізге молекулалық жүйе 
толық көрінетіндей орнатады.
Z Clip диалог ұяшығын қолданып, плита кесіндісін өзгерту: 
1.
Алдымен бензол сақинасын экранға көлденең жатқызып алыңыз:
2. Z Кесу 
аспабының үстінен екі рет шертіңіз . 
Диалог ұяшығы ашылады: 


3. Кесіндінің кері жазықтығын реттейтін ұяшыққа кіріңіз.
4. Молекуланың берілген мәніне дейін ұяшыққа Л-орын ауыстыру жасаңыз. 
Ұяшықты жылжытқанда Slab мәтін ұяшығындағы мәндер өзгереді.
5. OK-ге L-шертпе жасаңыз. 
Диалог ұяшығы өшеді. Тапсырылған молекула кесіндісі жұмыс кеңістігіне 
шығады: 
6. Z Кесу 
аспабының үстінен екі рет шертіңіз . 
Диалог ұяшығы ашылады.
7. Мезгегіштің бағдарын жолақтарға апарыңыз. 
8. Жолақты молекуланың сыртына шығарыңыз да OK-ді басыңыз. 


Молекуланың қайтадан толық құрылымдық формуласы көрінеді. 
Жұмыс кеңістігін тазалау: 
1. File мәзірінен 
New 
таңдаймыз. 
2. Егерде HYPERCHEM бағдарламасында өзгертулеріңізді сақтағыңыз келе ме?-
десе, 
No-
ді таңдаңыз. 
Бұл таңдау экранды тазалайды. 
Практикалық мысалдар 
Кейбір практикалық мысалдарды қарастырайық: 
1. Display мәзіріндегі Show Inertial Axes опциясы қосылып тұрғанда, 
молекулаларды айналдыру және орнын ауыстыру. 
2. Егерде экран бетінде бірнеше молекула болса,
Select 
мәзірінен
Molecules 
таңдап, R-орын алмастырудың көмегімен бір молекуланы өз осьінен 
айналдыруға болады. 
Зертханалық жұмысты өңдеу 
1.
Зертханалық жұмыстың атауын және мақсатын жазыңыз. 
2.
Зертханалық жұмыстың орындалу әдісін жазыңыз. 
3.
Зертханалық дәптерге орындалған тапсырманы өңдеп түсіріңіз. 
Тапсырма 
1.
Жұмыстың барысымен танысыңыз. Орындалған тапсырмаларды көшіріп, 
параққа шығарып алыңыз да, зертханалық дәптеріңізге жапсырыңыз.
2.
N-Фенилнафтил-1-амин 
(N-фенил-β-нафтиламин) 
молекуласының 
құрылымын құрып, молекулалардың орын ауыстыру, айналдыру және
масштабын өзгерту амалдарымен жұмысты қайталаңыз. 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Атомдардың маркировкаларын қандай амалдарды қолданып өшіреді? 
2.
Молекуланы немесе молекуладағы белгілі бір атомдардың экран бетінде 
орнын ауыстыру үшін қолданатын амалдар; 
3.
Егерде экран бетінде бірнеше молекула болса, ондағы бір молекуланы өз 
осьінен қалай айналдыруға болады? 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет