Патофизиологиялық тәжірибеде міндетті түрде болуға тиісті


 м биіктікте ұшып бара жатқан ұшақтың кабинасының герметизациясы



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата20.02.2023
өлшемі0,52 Mb.
#69492
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
10000 м биіктікте ұшып бара жатқан ұшақтың кабинасының герметизациясы 
бұзылды. Ұшуын жалғастыру үшін ұшқыш бетперде арқылы оттегімен 
демалуға көшті. Бірақ жағдайы нашарлаған соң шұғыл қонуға мәжбүр болды. 
Оттегімен дам алуының тиімсіздігін қайсы жағдайдың туындауымен 
байланыстыруға болады: 
бас миының ишемиясы 
газдық эмболия 
мидың артериялық гиперемиясы 
ауалық эмболия 
тромбоэмболия 
*** 
Егер наркотиктерді ұзақ уақыт қолданған адамдарда, осы зат организміне 
түспеген жағдайда вегетативті көріністер байқала бастайды: ұйқысыздық
артериялық қысымның құбылмалығы, тахикардия, сіреспелер, АІЖ 
моторикасы мен секрециясының бұзылыстары. Осы көріністер наркомания 
патогенезінің келесі сатысын айқындайды: 
толеранттылық синдромы 
физикалық тәуелділік синдромы 
өзгерген реактивтілік синдромы 
психикалық тәуелділік синдромы 
наркотиктерге нейроадаптация синдромы 
Дәлел
: Литвицкий 262 бет 
*** 
Түрлі аурулардың патогенезіндегі бейспецификалық процестерге жатады: 
гипертермия 
қан тамырларының тромбозы 
арнайы антигенге антиденелердің өндірілуі 
сенсибилизацияланған T-лимфоциттердің түзілуі 
бос радикалды майлардың асқын тотығының активациясы 
*** 
Жасушалық деңгейдегі бүліністердің мысалы болып табылады: 
иммундық тромбоцитопения 
глобиннің бета-тізбегіндегі глютамин қышқылының валинге алмасуы 
қантты емес диабет кезіндегі вазопрессин биосинтезінің бұзылуы 
қан ұюының VIII факторының тұқымқуалаушылықты тапшылығы 
атриовентрикулалық саңылаудың стенозы 
*** 


Сауығудың тұрақты механизмдеріне жатады: 
катехоламиндердің босауы 
деподан эритроциттердің шығуы 
қан нәруыздарымен улардың бейтараптануы 
қорғаныстық рефлекстердің қосылуы 
репаративті регенерация 
Дәлел новицкий кз 73 бет 
*** 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет