Павлодар қаласы Қ. Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі Математика пәні Жанжаксина Сәуле Калымовна Бастауыш сыныптарға арналған логикалық тапсырма тесттері



Дата30.06.2022
өлшемі16,38 Kb.
#37430

Павлодар қаласы
Қ.Бекқожин атындағы № 12 жалпы орта білім беру мектебі
Математика пәні
Жанжаксина Сәуле Калымовна
Бастауыш сыныптарға арналған логикалық тапсырма тесттері
1.Сұрақ белгісінің орнында тұру керек санды табыңыз? 5; 6; 14; 45; 184;
А) 320
B) 416
C) 628
D) 845
E) 925
2.Бөлмеде төрт аяқты орындықтар мен үш аяқты тақтар бар.Барлығының аяқтарын қосқанда 39 болады.Бөлмеде неше орындық, неше тақ бар?
А) 7;4
B) 6;5
C) 4;6
D) 3;8
E) 4;5
3.Машина 300 км жолдың бірінші жартысын 100 км/сағ, ал екінші жартысын 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті.Оның орташа жылдамдығы қандай болды?
А) 70 км/сағ
B) 100 км/сағ
C) 80 км/сағ
D) 60 км/сағ
E) 75 км/сағ
4.Қорапта қызыл , жасыл, көк, барлығы 23 шар бар.Жасыл шарлардың қызыл шарлардан 11-і артық.Көк шар нешеу?
А) 6
B) 11
C) 9
D) 13
E) 8
5.6-ға бөлгенде 5 қалдық қалатын ең кіші төрт таңбалы санды жазыңыз.
А) 1010
B) 1100
C) 1001
D) 1000
E) 1002
6.[0; 1; 2; ..., 2000; 2001] сан жиынына тиісті неше бүтін санның цифрларының қосындысы 2-ге тең?
А) 1
B) 5-тен артық
C) 4
D) 5
E) 3
7.а >b>c екені белгілі.Егер а х b x c > 0 болса , келесі тұжырымдардың қайсысы орындалады?
1) 0>а>b>c
2) a>0>b>c
3) a >b>0>c
4) a>b>c>0

А) тек 2
B) тек 3


C) 1 мен 2
D) 2 мен 3
E) 2 мен 4
8.Бағбан 1000 түптен аз ағаш отырғызу керек еді.Егер ол әр қатарға 37 түптен отырғызса,онда 8 түп қалып қояды.Ал, егер 43 түптен отырғызса, онда 11 түп қалып қояды.Барлығы неше түп ағаш болған?
А) 895
B) 750
C) 785
D) 820
E) 915
9.63 саны қандай да бір төрт сандардың қосындысы ретінде жіктелген.Ол төрт сан мынадай: біріншісі бір белгісіз санға алдымен 2 –ні қосып ,екіншісі сол белгісіз саннан 2-ні алып, үшіншісі сол белгісіз санды 2-ге көбейтіп , ал төртіншісі сол белгісіз санды 2-ге бөлгендей болу керек.Белгісіз санды табыңыз.
А) 15
B) 14
C) 12
D) 11
Е) 10
10.Мотоциклші А қаласының В қаласына қарай 30 км/сағ жылдамдықпен , В қаласынан А қаласына қарай 20 км/сағ жылдамдықпен жүреді.Мотоциклшінің орташа жылдамдығы қандай?
А) 25 км/сағ
B) 24 км/сағ
C) 25,5 км/сағ
D) 30 км /сағ
Е) 28,5 км/сағ
11.Сыныптағы 8 ұлдың орташа бойы 1м 14 см.Нұрсаттың бойы олардың ең кішісі- 1 м 7 см.Қалған жеті ұлдың орташа бойы қандай болады?
А) 1,13 см
B) 1,14 см
C) 1,18 см
D) 1,17 см
Е) 1,15 см
12.Сандар белгілі бір заңдылық нәтижесінде алынған.Сұрақ белгісін қандай санмен ауыстыру керек?
Егер «17» = 7, «21» = 2 , «30» =0, «45» =20, «53»= 15 болса ,онда «913»= ?
А) 27
B) 0
C) 13
D) 39
Е) 15
13.Торғайлар ұшып келіп ағаш бұтағына қонды.Бұтақ басына 1 торғайдан қонса ,4 торғай орынсыз қалады.Ал бір бұтаққа 2 торғайдан қонса, 4 бұтақ артық қалады.Сонда торғай нешеу, бұтақ нешеу?
А) 16 торғай, 12 бұтақ
B) 14 торғай , 10 бұтақ
C) 15 торғай, 10 бұтақ
D) 12 торғай, 8 бұтақ
Е) 16 торғай,8 бұтақ
14.4262; 4532; 6232; 4562; 4232 сандарындағы цифрлар белгілі бір әріптермен белгіленген.4532 сандық белгінің сөзін табыңыз.
А) жора
B) жата
C) жата
D) тара
Е) жота
15.Дымбілмес бірінші рет сыныптағы қыздардың мұрындарын және ұлдардың құлақтарын санағанда барлығы 37 болды.Дымбілмес екінші рет сыныптағы ұлдардың мұрындарын және қыздардың құлақтарын санағанда барлығы 35 болды.Сыныпта неше қыз, неше ұл бар?
А) 12 қыз,13 ұл
B) 14 қыз,12 ұл
C) 15 қыз,13 ұл
D) 11 қыз,13 ұл
Е) 16 қыз,11 ұл
16.Суретші Сәрсенбаев бір айда 42 сурет салды.Олардың 17-сінде орман,29-нда өзен, ал 13-нде орман да, өзен де салынған.Қалған суреттерде түсініксіз бейнелер бар.Қанша түсініксіз сурет бар?
А) 29
B) 25
C) 13
D) 9
Е) 12
17.Таразы басындағы үш қарбыз , бір асқабақтың салмағы он екі қауынның салмағында тең.Бір асқабақтың салмағы бір қарбыз бен сегіз қауынның салмағына тең болды.Бір асқабақ неше қауынмен теңеседі?

А) 4
B) 8


C) 7
D) 5
Е) 9
18.Үсен атаның 6 ұлы бар, олардың әрқайсысының 6 ұлы бар,ал Үсен атаның әрбір немересінің 2 қызы бар.Атаның неше шөбере қызы бар?
А) 48
B) 686
C) 98
D) 343
Е) 72
19.Ауладағы қаздар мен қояндардың бастарының саны 24, ал аяқтарының саны 66.Аулада неше қаз, неше қоян бар?
А) 15 қаз,9 қоян
B) 12 қаз,12 қоян
C) 16 қаз, 8 қоян
D) 11 қаз, 13 қоян
Е) 14 қаз, 10 қоян
20.Саяхатшылар қайықтармен өзеннен өтпекші болды.Әрбір қайыққа 3 адамнан отырса, 3 адам сыймай қалады,ал 5 адамнан отырса, 1 қайық артық қалады.Саяхатшылар нешеу? Қайықтар нешеу?
А) 16 саяхатшы, 4 қайық
B) 12 саяхатшы,3 қайық
C) 18 саяхатшы, 5 қайық
D) 25 саяхатшы, 6 қайық
Е) 15 саяхатшы, 4 қайық
Дұрыс жауаптары:
1.Е,2.В, 3 .Е , 4 .В, 5.С, 6.В, 7.Е, 8.С, 9. В, 10.В, 11.Е. 12.А, 13.А, 14.А, 15.Д, 16 .Д, 17.Е, 18.Е, 19.А, 20.Е.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет