Павлодар облысының білім беру басқармасы,Павлодар қаласы, Білім беру бөлімінің " Павлодар қаласының 20 лицей-мектебі " Коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата06.06.2022
өлшемі442,9 Kb.
#36437

Павлодар облысының білім беру басқармасы,Павлодар қаласы , Білім беру бөлімінің " Павлодар қаласының 20 лицей-мектебі " Коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Тақырыбы: Дене шынықтыру жаттығулары арқылы сколиозды жою. Орындаған: 10 А сынып оқушысы Қайролла Елнұр Ғылыми жетекшісі: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кенченбаев Е.Ж.

Өзектілігі Кішкентай кезімізден бастап «бүкірейме», «түзу отыр», «тік жүр», «түзу жат», «түзу тұр», «ауыр көтерме, белің қисаяды» деген сөздерді ұстаздарымыз мен ата-анамыздан жиі естиміз. Бірақ бала көңіл ол сөздің түпкі астарына бойлай бермейміз. Кейіннен ойланып қарасақ, мұның астарында бала денсаулығы, бүкіл елдің болашағы жатыр екен.

Зерттеу объектісі: жасөсірім оқушылардың дене қисаюы.

  • Зерттеу объектісі: жасөсірім оқушылардың дене қисаюы.
  • Зерттеу пәні: еш жағдайда өз бетімен жіберуге болмайтын кең таралған арқа зақымдалуының бірі.
  • Болжам: Сколиоздың асқынулары ретінде әр түрлі жүрек ақаулары, қан айналым жүйесі, тыныс алу, жыныс бездері мен несеп жолдары функциясы бұзылыстары дамуы мүмкін
  • Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды.

  • 8-11 сынып оқушыларының омыртқа жотасы ауруларының жалпы даму үрдісін анықтау. Ата-аналар мен оқушылардың сауалнама қортындысын жасау.
  • Оқушыларға арналған мектеп жиғазының санитарлық талаптарға сәйкес болуын аңықтау.
  • Сынып оқушыларының партада отыру тәртібінің мониторингі.
  • Оқушылардың сабақта 5 минуттық денені шынықтыру әдісінің жүргізілуін аңықтау.
  • Дене жаттығулары арқылы сколиозды кетіру.

Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасады. Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюы – «сколиоз ауруы» деп аталады. Сколиоздың ең басты симптопдарының бірі-омыртқа жотасының қисаюы.Cколиоз ауруына назар аудару керек,себебі бұл ауруының ауыр түрлері,организмнің маңызды жүйелерінде елеулі бұзылуларға,өмірдің ұзақтығын қысқартады. Сколиоздың асқынуы өте қауіпті, яғни кеуде қуысының қисаюына, жүрек қызметінің жетіспеушілігіне, өкпе қызметінің нашарлауына, полицетемия, өкпе гипертензиясына әкелуі мүмкін. Сколиоз асқынған жағдайда хирургиялық араласу жүреді. Жалпы омыртқаны түзету – ең күрделі операциялардың бірі. Қазақстанда бұл операция тек Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтында жасалады екен. Бүгінде мұндай операция сколиотикалық қисаюы немесе пішіннің өзгеру бұрышы 40-45 градустан асқан жағдайда жасалады.

Консервативті емдеу омыртқаның құрылымдық өзгеруіне тікелей әсер ете алмайды. Консервативті емдеудің мәні-қисықтықтың функционалды компонентін азайту арқылы омыртқаның қисықтығын түзету және бұлшықет-байламды аппараттың функционалды жағдайын жақсарту арқылы қол жеткізілген түзетуді тұрақтандыру. Акупунктура - сколиоздың ауырсынуын азайтуға көмектесетін әдіс. Арқадағы ауырсыну үшін йога немесе массаж жасаңыз. 1-деңгейлі сколиозды гимнастикамен жақсы емдеуге болады, бұл жағдайда басқа емдеу түрі керек емес.2-4 айда емдеуге болады. Кез-келген жаттығу келе бермейді, омыртқа қисығын түзеуге және арқа бұлшықетін нығайтуға арналған жаттығулар қажет.

Еденге жатып, қолды жан – жаққа созып.–қолдарды жоғары көтеріп ұстау Арқамен жатып,аяқты 45 ⁰ горизонталды ұстап қайшылау . Арқамен жатып аяқты вертикалды ұстап қайшылау. 1.Сол қолды алға оң аяқты артқа созу. 2.Оң қолды алға сол аяқты артқа созу. төрт тағандап тұру 1.Артқа тартылып созылу. 2.Жоғары тартылып созылу. .Арқамен жатып,қол екі жақта. 1.Сол алақанды оң алақанға тигізу. 2.Оң алақанды сол алақанға тигізу. 3.Еденге жатып, қол мен аяқты алға созып,жоғары көтеріп ұстау.

Қорытынды

Қорытынды

Сколиозбен сіз ұзақ уақыт отыра алмайсыз, кенет қозғалыстар жасай алмайсыз, 3 кг-нан астам көтере алмайсыз, тек білікті дәрігермен спортпен шұғылдануыңыз керек, ұсынылған спорт түрі: жүзу, омыртқалы дискілерден жүктемені жеңілдету үшін тірек ұстағышты , бекіту белдігін пайдалану керек, бірақ тек дәрігердің ұсынысы бойынша сүйек тінін нығайту үшін кальций бар мультивитаминді қабылдау керек.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет