Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының дене шынықтыру (жүзу) жөніндегі нұсқаушысы



бет11/91
Дата10.09.2022
өлшемі209.22 Kb.
#38793
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   91
10-параграф. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының дене шынықтыру (жүзу) жөніндегі нұсқаушысы
42. Лауазымдық міндеттері:
балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес дене шынықтыру (жүзу) бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады;
дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді;
денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;
ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді;
арнайы медициналық топтың балаларымен қосымша сабақтар өткізеді;
оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша белгіленген есептіліктің құжаттамасын жүргізеді.
43. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
дефектология негіздері және тиісті әдістемелер (дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс кезінде);
педагогикалық этиканың нормалары;
санитария және гигиена, психология және педагогика негіздері;
еңбек заңнамасының негіздері, алғашқы медициналық көмек көрсету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
44. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) жоғары деңгейдегі біліктілік педагог-шебер үшін мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.
45. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру (жүзу) жөніндегі нұсқаушысының жалпы талаптарына сәйкес келуі тиіс;
мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен дене тәрбиесінің заманауи әдістерін қолдану;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен дене тәрбиесінің заманауи әдістерін қолдану;
бағдарламалық материалдың мазмұны мен құрылымын білу;
инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;
диагностика даму деңгейін және дағдыларын әртүрлі жас топтары, қатысу әдістемелік жұмыс:
білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу;
кәсіби біліктілігін арттыру;
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) "педагог – сарапшы":
"педагог-модераторға" қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
мектеп жасына дейінгі балалардың дене қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін пайдалану, дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысу;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік жұмысқа, аудан, қала деңгейіндегі іс-шараларға қатысу: педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу;
өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби дамудың басымдықтарын анықтау:
білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің тәжірибесін жинақтау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
оқу бағдарламаларын, оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану;
аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
тәлімгерлікті қолдану;
көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен өзара әрекеттесу дағдыларына ие болу;
мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану;
аудан, қала деңгейінде қызмет бағыты бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:
жаңа бағдарламаларды игеру бойынша эксперименттік жұмысқа қатысу; аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі әдістемелік жұмысқа белсенді қатысу; облыста, республикада тәжірибені тарату және енгізу;
авторлық бағдарламаның болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлдау алған, басып шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болу;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық кәсіби конкурстарға қатысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   91




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет