Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Қосымша білім беру педагогі (білім беру ұйымдары жанындағы секциялар мен үйірмелер педагогі)



бет45/91
Дата10.09.2022
өлшемі209.22 Kb.
#38793
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   91
3-параграф. Қосымша білім беру педагогі (білім беру ұйымдары жанындағы секциялар мен үйірмелер педагогі)
158. Лауазымдық міндеттері:
қосымша білім беру саласында білім алушылардың әр түрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады;
үйірмелердегі, секциялардағы, студиялардағы, клубтық және басқа да балалар бірлестіктеріндегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;
қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақ жоспарлары мен іс-шаралар бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
белгіленген құжаттаманы жүргізеді;
психофизиологиялық мақсатқа негізделген жұмыс формаларын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды, жеке тұлғаның дамуына, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дербес қызметін, оның ішінде зерттеу қызметін ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқытудың практикамен байланысын жүзеге асырады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды;
білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалайды;
дарынды және талантты білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдайды;
әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы іс-шараларға балалардың қатысуын ұйымдастырады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің каникулдық демалысын ұйымдастыруға қатысады;
сабақтар өткізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады;
ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді;
әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің қызметіне, педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысады;
жүйелі түрде кәсіби біліктілігін арттырады.
159. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру қызметін, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздерін, еңбек заңнамасы;
педагогикалық этиканың нормалары;
тәрбие жұмысының әдістемесін, өнімді, сараланған, дамытушылық оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары, құзыреттілік тәсілді іске асыру;
білім алушылармен, әртүрлі жастағы тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтармен байланыс орнату, жанжалды жағдайлардың себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу әдістері;
білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары.
160. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл;
161. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
зерттеу, эксперименттік жұмыс дағдыларын пайдалануға;
жаңа әдістемелерді сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізуге;
өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқаруға тиіс;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға;
облыстық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқаруға;
педагогикалық басылымдарда әдістемелік жарияланымдарының болуы тиіс;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқаруға;
авторлық әдістемелік әзірлемелері болуы тиіс;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқаруға;
авторлық әдістемелік әзірлемелері болуы;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   91




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет