Педагогика əОЖ: 821. 512. 122 Тулеуова А. М., Султангалиева А. А



Pdf көрінісі
Дата27.03.2017
өлшемі345,54 Kb.
#10380

Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №3(71) 2016

ISSN 2304-3334-04

273 

ПЕДАГОГИКА 

ƏОЖ:  821. 512. 122 

Тулеуова А.М., Султангалиева А.А. 

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық  университеті, Орал қаласы 

А.СҮЛЕЙМЕНОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР МЕН ЭТНОГРАФИЗМДЕР 

         Аңдатпа  

         Мақалада 

А. 

Сүлейменов 



шығармаларындағы 

көнерген 

сөздер 

мен 


этнографизмдердің  стильдік қызметі қарастырылған. 

Кілт  сөздер:  көнерген  сөздер,  этнорафизмдер,  стильдік  қызмет,  теңеу,  ұлттық 

мəдениет, əдет-ғұрып, салт-дəстүр. 



Кіріспе 

Əдеби  тіл - жалпыхалықтық  тілдің  құнды,  дамыған,  барлық  халыққа  түсінікті, 

стильдік  жағынан  сараланған  түрі.  Əдеби  тіліміздің  үнемі  дамып  отыруы 

қаламгерлеріміздің  еңбектерінің  əсеріне  де  тікелей  байланысты.  Көркем  əдебиет  тілі 

жекелеген  қаламгерлердің  сөз  қолдану  машығын  талдау,  таразылау    бүгінгі  күндегі 

жалғасын тауып келе жатқан маңызды мəселелер қатарын құрайды. Қазақ əдебиетінің түрлі 

кезеңдерінде  халықтың  рухани  дамуына  өз  туындылары  арқылы  үлес  қосқан  сөз 

шеберлерінің тілін зерттеу, стильдік дəстүрлерін саралау, қорыту арқылы əдеби тілімізді 

молайтуға қосқан үлестерін ашып көрсетудің мəні зор.  

Материалдар мен əдістер 

Көне түркі тілінде, соның ішінде қазақ тілінің көнерген сөздері жөнінде белгілі тілші 

ғалымдар С.Аманжолов «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» (1959), Н. 

Сауранбаев  «Некоторые  черты  древне  кипчакского  языка», «К  истории  казахского 

литературного  языка» (1954),   Ш.  Сарыбаев  пен  Ə.  Құрышжанов  «Халық  жырларының 

текстологиясы»,  Қ.  Жұбанов  «Из  истории  порядка  слов  в  казахском  предложении»,  Ə. 

Болғанбаев, М. Белбаева, І. Кеңесбаев, С. Исаев т.б. еңбектерінде зерделенеді. 

Зерттеу  жұмысында  лингвостилистикалық  талдау  жүргізілді.  Жұмыста  сипаттау, 

жүйелеу, стильдік талдау, тұжырымдау т.б. əдістер қолданылды. Жұмыстың практикалық 

мəні  жоғарғы  оқу  орындарында      «Көркем  мəтінді  лингвостилистикалық  талдау», «Тіл 

мəдениеті», «Əдебиет  теориясы»  жəне  т.б.  арнаулы  курстарда  қосымша  құрал  ретінде 

пайдалануда көрінеді. 



Зерттеу нəтижелері мен олардың талқылануы 

Мақала  деректері  «А.  Сүлейменов  шығармаларындағы  тілдік  бірліктер» 

тақырыбындағы 

ғылыми-зерттеу 

жұмысы 

құрамында 



кафедраның 

ғылыми 


семинарларында талқыланды.  

Асқар Сүлейменов шығармаларында кездесетін көнерген сөздер  кейіпкер бейнесін, 

сөйлеу ерекшелігін, ортасын, мəдениетін ашуға қызмет етеді.  

Академик  Ə.  Қайдар: «Этнографизмдер  дегеніміз - тұрмысымызда  болған,  əлі  де 

қолданылып  келе  жатқан  күнкөріс  бұйымдарының  белгілі  бір  кəсіпке,  шаруашылыққа, 

салт-дəстүрге, əдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке, ішер асқа, туыстық 

қатынасқа,  ел  билеу  ерекшелігіне,  заң  тəртібіне,  əдеттік  құқыққа  байланысты 

қолданылатын,  халқымыздың  тұрмыстық  жəне  тілдік  өзіндік  ерекшелігін  көрсететін 

арнаулы атаулар мен сөз тіркестері»,-дейді [1, 19]. 

А. Сүлейменов шығармаларында бүгінде ұмыт болған жəне сирек айтылатын ұлттық 

түрдегі жастардың бас қосуы жəне ойын атаулары кездеседі. 


Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №3(71) 2016

ISSN 2304-3334-04 

274

Мысалы, 


Деуін деді, бірақ қоламтаның бір түйірі түскендей көмейі күйді, бетпақ шоқты шала 

қарпып ұртқа шығарып шайнап та жіберді, шайнап жіберіп ұрын барғандағы жасын да есіне 

түсірді – жиырма  беске,  қайта  айналып  келмейтін  қандай  алау  жиырма  беске  бірі  ғана 

жетпейтін жиырма төрт [2, 106]. 

 ...Көп көріп  барып түйгені: əннің басын сол сыңсуға өкпе пісердей уақыт қалғанда 

жіберген жақсы [2, 158];  

Асқар  Сүлейменов  шығармаларындағы  этнографизмдер - ұлттық  нақышты 

танытатын, қазақ ұлтына тəн ерекшеліктерді, оқиға орын алған, кейіпкерлердің қоғамдық 

ортасын  сипаттайтын  бірліктер  ретінде  танылады.  Мұндай  этноатауларға  қоғамдағы 

материалдық құндылықтар да жатады. Олардың атаулары тілге де, мəдениетке де ортақ. А. 

Сүлейменов шығармаларындағы заттық негіздегі лексикаға қатысты, киім атаулары, ыдыс-

аяқ атаулары бір жағынан ұлттық нақышты көрсететін бірліктер болса, екіншіден кейіпкер 

бейнесін ашуда да өзіндік қызметтер атқарады. 

Мысалы,  

Ғұмыр бойы  сабаның пұшпағын илеп өскен адамның пайымдылығын тағы көрсетіп 

еді – қос  зеренге  ернеулетіп  толтырғанда,  лықылдап  құйылған  қымыздан  бір  тамшы  да 

ысырап болған жоқ [2, 23].  

 Түндіктен  көк  күмбезденіп  көрінген  аспан  іш  əлетін  қырау  басқан  мына  сəтте 

Крейгельге сондайлық жат сезіледі [2, 73].  

 Шығармада кездесетін ыдыс атаулары: шақша - мүйізден жасалған насыбай салатын 

құты.  Қазан,  аяқ,  мес,  зерен,  саба - қазақ  халқының  тұрмыста  жиі  қолданылған  ыдыс  

түрлері.  Қаламгер  ұлттық  нақышты  танытатын  тілдік  бірліктерді  пайдалана  отырып, 

кейіпкердің  мінез-құлық  ерекшелігін, психологиялық  өзгешелігін  шебер  көрсеткен.  

Мысалы, 


Жарты құлаш көк бəтес орамал суға салып алғандай шылқылдап қапты; атанбалтыр, 

жайбасар жігіт өзін осыншалық тершең деп   ойламаушы еді [2, 47]...    

Тəрбиесінде кішіден алдымен иба, үлкеннен алдымен салиқалық күтіп үйренген жас 

жігіт  бұтынан  бұзау  өткендей  ұзын  сирақ  офицердің  мына  қылығынан  қатты 

ыңғайсызданып қалып еді [2,19].  

Шығарма  тілінің  мұндай  ерекшелігі  туралы  Р.Сыздық  былай  деген  болатын: «... 

Бұтынан  бұзау  өткендей  ұзын  сирақ  офицер»  деген  сөйлемдегі  теңеу  қазақы  таныммен 

астарласып  жатыр.  Əдетте  аяқтары  қысқалау  келетін  қазақтар  үшін  сирағы  ұзын  орыс 

адамының  «бұтының  арасынан  бұзау  өткендей»  болып  салыстырылуы  заңды...  Теңеу – 

таным  нəтижесі.  Сондықтан  теңеулердің  дені  этнографиялық,  ұлттық  сипатта  болады. 

Мысалы, Төрехан өз жасын «саба түбі сарқындыға» теңесе, орыс империясының төресін 

«ширатылған  су  сіңді  қыл  шылбырға»  балайды,  автор  Төреханды  тай  сабаға,  баласы 

Сəруарды  құла  қайың  тегенеге  теңестіреді.  Бұл  теңеулердің  барлығы  да  қазақ  өмірінен, 

қазақ танымынан алынған. Асқарда жасанды əлеміш теңеулер жоқ. Демек, халық үшін жан 

пида  етіп  отырған  əке  мен  баланың  көзімен  баяндалған  əңгімеде  теңеу,  салыстыру, 

дүниетаным дегендер нағыз ұлттық, нағыз қазақтық болып ұсынылған » [3, 211]. 

Тілдік құралдарды осылайша талғай білген Асқар Сүлейменов туындыларында киім-

кешек атауларына қатысты  этнографизмдер  ұшырасады.   Киім-кешек, мата атаулары – 

қазақ  ұлтының  өзіндік  өзгешелігін  танытумен  қатар,  ұлттық  мəдениет  негізін  құрайды. 

Сонымен бірге, тіліміздегі лексиканың бір бөлшегі ретінде де танылады. 

Киім  атаулары  арқылы:  кейіпкердің  қандай  əлеуметтік  ортаның  өкілі  екендігі; 

олардың тұрмыс-тіршілігі; жалпылама алғанда қазақ даласының қоғам бейнесі қамтылған; 

кейіпкердің кім екені астарлы жеткізілген. 

Киім-кешек атаулары, оның əр түрлі ерекшеліктері жөнінде профессор Ж. Манкеева: 

«Киім-кешек  атаулары  ұлттық,  мəдени,  тілдік  процестер  туралы  «ақпарат»  беріп  қана 


Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №3(71) 2016

ISSN 2304-3334-04

275 

қоймайды, олар тілдік шығармашылықтың «тірі қазынасы» іспетті. Талғаммен салтанаты 



жарасқан  қазақтың  киімі - ұлттық  мəдениеттің   жарқын көрінісі», - деп тұжырымдайды 

[4, 222].  

Асқар  Сүлейменов  шығармаларында  күні  бүгін  ұмытылған  не  болмаса  сөз 

қолданысынан  шығып  қалған    атаулар  ұшырасады.  Оларға  халықтың  ерте  замандағы 

күнделікті  тұрмыс-тіршілігіне  қажетті:  мес,  шөміш,  тең,  кебеже,  əбдіре,  зерен,  тегене,  

шолпы, текемет, киіз, сырмақ т.б. зат-бұйым атаулары жатады.  

Сирек  кездесетін  зат  атаулары:  шақша,  саптама.  Мүндай  сөздердерге  С.  Сапина: 

«Логоэпистемалар - қазіргі уақытта кейбірінің мағынасы өзгерген, кейбірі ұмытылған, тіпті 

қолданыста жоқ сөздер» [5, 35], - деп анықтама береді. 

Қаламгер еңбектеріндегі көнерген сөздер: 

-

 

өткен уақыттағы қазақ лексикасының байлығын көрсетеді; 



-

 

ғасырлар  бойына  қалыптасқан  халқымызға  тəн  əдет-ғұрып,  мəдениет,  салт-



санамыздың өзіндік орнын айқындайды. 

«Этнолингвистика  халықтың  тілі  мен  оның  мəдениетінің  арақатынасын  зерттейді. 

Тіліміздегі  этнолингвистикалық  бірліктер  халықтың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық 

болмысын,  өзіндік  салт-дəстүр,  əдет-ғұрпын,  дүниеге  көзқарасын,  таным-түсінігін 

аңғартады. Тіл өз халқының тұрмыс-салтымен тығыз байланысты» [6, 5]. Осындай тілдегі 

ұлттық  айшықты  танытатын  тұлғалар  көркем  шығармаларда  жазушы  шеберлігіне 

байланысты əр түрлі формада, əр түрлі стильдік мақсатқа орай жұмсалған. 

Қаламгер кейіпкерлерінің таным-түсінігін, дүниеге көзқарасын көрсете отырып, қазақ 

ұлтына тəн ерекшеліктерді аңғартқан. Көркем шығармаларда көрініс тапқан əдет-ғұрыпқа, 

салт-дəстүрге қатысты тілдік құралдар ескі қазақ ауылындағы халықтың күнделікті тұрмыс-

тіршілігін шынайылықпен əсерлі бейнелейді. 

Кейде  ояз  бастықтарына,  кейде  приставтарға  еріп  болыс  сайлауларына,  жер  дауы, 

жесір дауларына бой жаза барғанда талай көрген [2, 20]... 

...Жаңа байқады – жалаңаяқ мына солдаттың дастарқан деп жайғаны бір жібі жібек 

кере құлаш сарғыш шəлі екен. Осы өткен сəуірде Мұқыштың тұңғышы сүндетке жатқан [2, 

42].  


 Осы үзінділердегі жəн жазуы шығармаларындағы сүндет, жер дауы, жесір дау, ұрын 

келу,  сəлем  салу  сияқты  сөздер  қазақ  халқының  салт-дəстүрін,  ұлттық  əдет-ғұрыпты 

сипаттаған. Жазушы мұндай сөздерді, əсіресе, ауыл өмірін бейнелеуде ұтымды қолданған. 

Қорытынды 

         Сонымен,  ұлттық  ерекшелікті  аңғартатын  лексемалар  теңеу  түрінде    қолданылады. 

Жазушы теңеулері көбінесе халық өміріне, тұрмысына қатысты құбылыстардан алынады.  

 Оқырман көңіліне жақын, тартымды бейнелер - жазушының сөз қолдану шеберлігінің 

жемісі.  Қаламгер  ұлттық  айшықты  танытатын  этнолингвистикалық  бірліктерді  орайын 

тауып,  орынды  қолдану  арқылы  шығарма  мазмұнына  шынайылық  беріп,  көркем 

туындының мəнін ашқан.  

Əдебиеттер 

1. Қайдар Ə. Этнолингвистика. //Білім жəне еңбек. 10, 1985. -19 6.

2. Сүлейменов А.  Бесатар. Повестер мен əңгімелер.–Алматы: Атамұра, 2009.- 352 б.

3. Парасат  падишасы,  Асқар  Сүлейменов  туралы  естелік  кітап.-  Алматы:  Атамұра,

1998, 201 б. 

4. Манкеева Ж. Мəдени лексиканың ұлттық сипаты. - Алматы, 1997.-  272 б.

5. Сапина  С.  «Түркістан  уəлаяты  газетінің»  лексикасы.  Филол.  ғыл.  канд.

Дисс.автореф. - Алматы, 2002. - 119 6. 

6. Снасапова  Г.Ж.  Ғ.  Мүсіреповтің  «Ұлпан»  повесіндегі  лингвомəдени  бірліктер.

Филол. ғыл. канд. дисс.автореф. - Алматы, 2003. -28 б. 



Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №3(71) 2016

ISSN 2304-3334-04 

276

Тулеуова А.М., Султангалиева А.А. 



УСТАРЕВШИЕ СЛОВА И ЭТНОГРАФИЗМЫ В ПРОЗЕ А.СУЛЕЙМЕНОВА 

          Аннотация  

          В статье расматриваются стилистические ососбенности и функции устаревших слов 

и  этнографизмов  в  произведениях  А.  Сулейменова.  Авторы  приводят  примеры  и 

анализируют  стилистические  функции  устаревших  слов  и  этнографизмов.  Даются 

определения и мысли ученых о данных языковых единицах.  



         Ключевые слова: устаревшие слова, этнографизмы, стилистические функции,  эпитет, 

национальная культура, обычаи, традиции.   

Tuleuova A.M., Sultangalieva A.A. 

THE PECULARITIES OF LINGUISTIC REPETITION IN THE COMPOSITION OF WRITER 

          Annotation  

         This  article  is  considered  the  stylistic function of repetitions and grathic materials in the 

compositions of A.Suleymenov. 

         Key words: repetitions, grathic materials, stylistic function, national culture, cbstoms, 



tradition. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет