Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет48/250
Дата07.01.2022
өлшемі203.53 Kb.
#20743
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   250
Педагогикалық жағдаят №88

Үйде мынадай жағдайлар орын алды. Анасы баласына айтады: Сен өз міндеттеріңе жауапкершілікпен қарамайсың, таңғы астан қалған ыдыстарыңды не үшін жумағансың? Баласы жауап берді: сен өзің де әрдайым таңғы астан кейін ыдысыңды жуып жүрмейсің.

Анасы айтады: Мен – бұл мүлде басқа әңгіме. Сенің анаңның онсызда үйде жасайтын жұмыстары көп, сенің ойыңша, сендер сияқты жалқаулардың арттарыңды аз жинаймын ба? Бала қарсы сөз айтты: мен жалқау емеспін.


  1. Анасы баласымен сөйлесу барысында қандай қателіктер жіберді?

  2. Мұндай тәрбиенің арты неге әкеліп соқтыруы мүмкін?

Жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №89

Сағат түнгі 11 болды, ал қызы әлі келмеді. Анасы алаңдап, бүкіл құрдастарына, сыныптастарына хабарласты. Қызы ешқайда жоқ болды. Түннің ортасында Сәуле көңілді әрі бақытты күйде үйге оралды.



  • Қайда жүрсің? Саған осыншалықты кеш келуге кім рұқсат берді?

Егер сен 11 сыныпта болсаң, есейіп кеттім деп ойлайсың ба? Қайда екенің белгісіз құрып кеткенше, одан да сабақ оқысаң қайтеді! – деп анасы көңілдегісін айтты.

  • Ана, неге сонша алаңдайсың, мен Дамирмен оның оқу орнындағы дискотекада болдым,- деп қыз ақталғысы келді.

  • Қандай Дамирмен? Әлгімен бе? – деп Сәуленің күнделігінен бозбаланың сүретін жұлып алды. – Мен саған ҰБТ-ның алдында қыдыру дегенді көрсетемін! – деп қызына айқайлап, ашу үстінде Дамирдің сүретін жыртып тастады.

  • Бұған қалай дәтің барды! – деп жерде жатқан сурет қиындыларын жинап жүріп айқайлады. Оларды жинап алып, бөлмесіне жылап кіріп кетті.

Бұл жағдайды талдаңыз және анасы мен қызының әрекеттеріне баға беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   250




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет