Педагогикалық жағдаяттар



Дата06.01.2022
өлшемі17,75 Kb.
#13980

Педагогикалық жағдаяттар

І – жағдаят

Жазушы Сансызбай Сарғасқаевтың «Ұстаз» романының үзінді: ....Күлзағира орнынан ұшып тұрды да: «Мен қателесіппін, Сәуле тәтей, кешіріңіз» - демесі бар ма? Несін жасырайын, жүйке-жүйкем босап кетті. Шыдай алмадым. Қасына жетіп барып, қолаң шашын сипап тұрып: «Оқасы жоқ. Ол қателік енді қайталанбаса болғаны», - дедім.

Бұл кішкентай болса да Күлзағира үшін де, мен үшін де жеңіс еді.


  • Міне, тамаша! – деп Мәдиша алақанын шарт еткізді. Біз кейде балаға кешірім сұрата алмай жалынып жатамыз, ал мұнда өзі сұраған.

  • Оған таң қалатын дәнеңе жоқ, - дедім мен жайбарақат.

  • Жарайды, - деді Әсия. – Бала кешірім сұраса, ол орынды да. Өз басым барғой, мұғалім оқушысынан кешірім сұрады дегенге иланғым келмейді.

  • Неге? – деді Береке Әсияға қадала қарап. – Мұғалім адам емес пе. Ол да қателеседі. Ол қатесін мойындасын не сөкеттігі бар?

  • Сонда да... – деді Әсия басын шайқап.

  • Тұра тұр, - деді Береке. – Әңгіме басталған екен, аяқтауымыз керек. Сен, Әсия өз қатесін оқушылар алдында, мойындаған Шотбекті кіналап отырған секілдісің.

  • Солай-ақ делік, - деді Әсия түрі сазара.

  • Сен білесің, қарт беделі одан түскен жоқ. Қайта өсті. Егер де шәкірттерімізт мені дәл Шотбектей қадірлесе, арманым жоқ дер едім.

Шотбек ағай балалардан кешірім сұрады дейсің бе?!

Бұл жағдаят туралы сіздің пікіріңіз және мұғалімнің жеке басының қандай қасиеті әңгіме болып отыр?
8 – жағдаят.
Мектеп-интернаттың VI класында денешынықтыру сабағы өткеннен кейін, спорт залының еденін дымқыл шүберекпен сүртіп шығу екі кезекші-оқушыға тапсырылған.

Сабақтың үзіліс кезеңінде жоғары кластың үш оқушысы залда жатқан баскетбол добын еш сұраусыз торға түсіріп ойнаған. Әрине, еденді былғап кеткен. Залға кіріп келген мұғалім, еденді жуып жатқан Талғатқа дауыс шығарып, «қайтадан жу» - деп талап етеді. Бала болса, көзімен ата қарап, қызараңдап:



  • Керек болса, өзіңіз жуып алыңыз! – деп, залдан шығып кетеді.

Осы педагогикалық жағдаятқа талдау жасаңыз. Мұғалімнің педагогикалық талабында қандай психологиялық заңылықтар ескерілмеген? Сіз не істеген болар едіңіз?
14 – жағдаят
Төмендегі қасиеттердің жағымды және жағымсыз түрлеріне талдау жасаңыз, нақтылы өмір мысалдарымен дәлелдеңіз:

  1. Адамға үйір және көпшіл болу. 12. Ынталылық

  2. Тәртіптілік 13. Жалқаулық

  3. Принципшілдік 14. Әділдік

  4. Қайырымдылық 15. Дербестік

  5. Ұяңдық 16. Еңбек сүйгіштік

  6. Жасқаншақтық 17. Сенгіштік

  7. Шыдамсыздық 18. Қайсарлық

  8. Кеңпейілділік 19. Сенімсіздік

  9. Табандылық 20. Селқостық, бейқамдық

  10. Өзімшілдік 21. Беймазалық

  11. Кешірімді болу

Осы аталған қасиеттерге күнделікті өмірден, мектеп тәжірибесінен, көркем әдебиет кейіпкерлерінен жағдаяттар келтіріңіз.



Саналы азамат болу үшін жоғарыдағы қасиеттердің қайсысынан арылуың керек, ал ол қасиеттердің қайсысын өз бойыңа қалыптастыруың керек деп ойлайсың?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет