Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың негізгі аспектілері



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата02.02.2023
өлшемі167,41 Kb.
#64554
  1   2


ӘОЖ:
ӘОЖ:
37
37
.013
.013
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
А. С. Ищанова, магистрант, Г. К. Кабулова, аға оқытушы
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада педагогикалық практиканы ұйымдастырудың негізгі аспектілері қарастырылды.
Соған орай педагогикалық практиканы ұйымдастырушы маманның кәсіби қалпы, студенттердің
кәсіби бағыттылығын қалыптастыру және практиканы тиімді ұйымдастыру бойынша 
ұсыныстар беріледі.
В статье рассматриваются основные аспекты проведения педагогической практики.
Таким образом даются профессиональные качества специалиста и студентов, в связи с этим
раскрываю выгодные предложения по организации практики.
In the article pedagogics еxperience to unite examined basic aspects. That wrapping up 
pedagogics еxperience organizer specialist professional restoration, students to form professional
direction and I fully stopped еxperience to suggestions on advantageously to unite.
Заманауи нарықтық қатынастарда Қазақстан Республикасының сенімді әрі нық дамуы үшін 
барлық сала шеңберінде жоғары білікті мамандар қорын жасақтау қажет. Сол себепті де жоғары 
білікті мамандар қалыптастыру үшін оқу барысында тәлімді ұйымдастырудағы басты мақсат – 
жоғары білім беретін оқу орындарын және білімді мамандардың біліктілігін әрі қарай дамыту 
болып табылады. Сондықтан да өндірістік жағдайда оқып – үйрету маңызды ұйымдар мен 
ғылыми-әдістемелік бөлімдердің басты міндеті болып отыр.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында 
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз 
онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде 
Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие 
процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру 
қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, 
жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда 
ұйымдастыруды талап етеді». 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – 
ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке 
адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; 
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық 


коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін 
көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін, жоғарғы оқу ұжымдарының, әр оқытушының күнделікті 
ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа 
практикаға, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Сондықтан да қазіргі қоғамымызға әр оқытушы өз іс - әрекетінде қажетті өзгерістерді 
әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс – тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс 
пайдалана білуі керек. Сонымен қатар жоғарғы мектептегі оқу – тәрбие жүйесі, оқытушы – 
студент арасындағы қарым – қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі 
өзгерістерді қажет етіп отыр.
Жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық кадрлардың көп деңгейлік 
дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз 
ету жағдайларында болашақ оқытушыларды кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау 
мәселесінің өзектілігі зор. 
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды 
ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар оқытушылық кәсіби – 
іс-әрекет деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және 
прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылатын талаптар күшеюде.
Жоғары білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің нәтижелігі, ең алдымен, оқытушыға 
байланысты. Оның жеке тұлғалық қасиеттері, педагогикалық білігі, адамгершілік және ақыл-ой 
парасаты, педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіске бой алдыруы, есеюі, 
өнегелілі, денсаулығы мен рухани байлығы қоғамның әлеуметтік алғышарты болып табылады [1].
Бүгінгі күнгі Қазақстанның педагогикалық білім беру жүйесі дүниедегі алдыңғы 
қатарлардан бірі болып саналады. Ол кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру процесінің технологиялық 
бағыттылығымен мықты, оның негізгі мазмұны дайын білімді, дайын ұйғарымдарды меңгеру 
болып табылады.
Оқытушыны дайындауда, ең алдымен, әрбір педагог-маманның бойында жеке тұлғаны 
қалыптастыруды талап етеді. Бұл ұзақ та күрделі процесс. Алайда, оның негізі жоғары 
педагогикалық оқу орнында қаланады. 
Қоғам жаңаруының динамикалық үрдістері жағдайындағы педагогикалық теория мен 
тәжірибені дамыту қажеттілігімен анықталып, оған төмендегі жағдайлар себепші болған.
Біріншіден, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасу деңгейінің түбегейлі мәні бар. 
Педагогикалық мамандарды дайындау процесінің әлеуметтік маңызының ұлғаюы 
оқытушылардың кәсіби дайындығы жүйесін реформалаудың өзара байланысты процестері мен 
олардың жоғары оқу орнындағы дайындығына деген талаптардың өсуіне тәуелділігі себеп болды.
Екіншіден, әр түрлі оқу-тәрбиелік жағдайлардағы педагогикалық іс-әрекеттің 
ерекшеліктеріне ие болған, білім берудің мақсатына жетудің қандай да бір тәсілінің тиімділігін 
анықтайтын себеп-салдарлық байланыстың жалпы заңдылықтарын түсінетін оқытушының 
белсенді шығармашылық жеке тұлғасының рөлінің өсуі.
Үшіншіден, оқытушының кәсіби жете білушілігі рөлінің, оның кәсіби білім деңгейінің, 
тәжірибесі мен жеке-дара қабілетінің, оның өзінше білім алуға және өзін өзі жетілдіруге, өз ісіне 
шығармашылықпен және жауапкершілікпен қарауға деген уәждемелік ұмтылысының өсуі.


Төртіншіден, жаңа педагогикалық түсініктерді енгізу, олардың мәнін анықтау, педагогикада 
белгілі басқа да түсініктермен қатынасын айқандау арқылы педагогиканың түсініктемелік 
аппаратын дамыту маңыздылығы.
Бесіншіден, болашақ мамандарды кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындаудың жүйесін 
құру қажеттілігі [2].
Жоғарыда айтылғандарға орай, педагогикалық жоғары оқу орнында педагогикалық 
практиканы ұйымдастырушы маманның кәсіби қалпы төмендегідей жүйеде болу қажет деп 
есептеймін:
- Арнайы пәндерден білімі жоғары, оларды практикада қолдану қабілеті, кәсіби сапаны 
қалыптастыра білетін маман;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра білу шеберлігі мен біліктілігі жоғары маман;
- Теориялық және практикалық біліммен толық қаруланған білікті маман;
- Болашақ мамандығы туралы білімі, мамандығына деген қызығушылық мотиві қалыптасқан 
маман;
- Бәсекеге қабілетті білімді, білікті кәсіби бағытылықты қалыптастырған маман.
Болашақ оқытушының жеке тұлғалық қажетті-мотивациялық саласын қалыптастыру қажетті 
болып саналады, бірақ оның толық кәсіби-педагогикалық дайындығының жеткіліксіз шарты 
болып табылады. Кәсіби-педагогикалық қызметті меңгеру процесінің тиімділігін айтарлықтай 
арттыратын шарттар тізіміне арнайы білімді – қызметтің нақты түрлері туралы ауыстырылатын 
кәсіби-педагогикалық қызмет мазмұны мен құрылымын қорыта отырып меңгеруді жатқызамыз. 
Осы шартты жүзе асыру мақсатында іс-шаралар жүйесін ойлап табылды, оған кіретіндер:
1. Нақты бір педагогикалық шеберлік бойынша кәсіби-педагогикалық қызметтің құрылу 
деңгейін анықтау бойынша диагностикалық тапсырмаларды орындау және талдау жасау.
2. Білімді түзеу жолдарын және нақты бір студенттердің шеберлігін анықтайтын жеке кеңес 
беру жұмыстары.
3. Кәсіби-педагогикалық қызметтің мазмұны мен құрылымын меңгеру бойынша мақсатқа 
бағытталған жұмыс жүргізу.
4. Студенттердің әртүрлі сабақ конспектілерін қызметтің нақты бір түрін өңдеу мақсатында 
дайындауы (сабақтың мақсаты мен міндетін тұжырымдау, үйрету және оқытудың оңтайлы әдіс-
тәсілдерін, студенттер мен оқытушылар және т.б. қарым-қатынасының формаларын таңдау). 
5. Студенттердің танымдық қызметке шынайы оқыту-тәрбиелік процестерді кәсіби 
танымдық қызметті жүзеге асыру арқылы қосуы (іскерлік ойын әдісін қолдану, кәсіби мұғалімдер 
мен студенттердің жүргізген сабақтарын бейнежазбаларға және т.б. түсіру). 
6. Педагогикалық қызмет құрылымын әртүрлі моделдерде анықтау (алгоритм, алгоритмдік 
нұсқамалар, эвристикалық нұсқамалар, эвристика). 
7. Әрбір студенттің шынайы кәсіби-педагогикалық қызметті тәжірибе кезінде жүзеге 
асыруы.
8. Шығармашылық тапсырмаларды орындау (мысалы, «Оқыту сабағын дайындау және 
өткізу ережелері (алгоритмдер мен эвристикалар)» тақырыбына шығарма жазу).
Осы міндеттерді жүзеге асыруда, біріншіден педагогтың кәсіби білімін арттыру, екіншіден, 
жоғары оқу орындары студенттеріне қойылатын талаптарды күшейту басты назарда болуы тиіс. 
Сондықтан педагогикалық білімі бар маманның кәсіптік-педагогикалық шеберліктерін 


шыңдаудың педагогикалық шарттарын, заңдылықтарын және ерекшеліктерін зерттеу айырықша 
мәнге ие [3].
Педагогикалық практика кәсіптік оқыту педагогының кәсiби даярлығы жүйесiнде мынадай 
маңызды қызметтер атқарады: оқытушылық; дамытушылық; тәрбиелiк; диагностикалық
Осыған орай педагогикалық практика университеттегi теориялық оқыту мен студенттердiң оқу-
тәрбие мекемелерiндегi өзiндiк жұмысы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады
студенттердi алғашқы, әрi өте құнды педагогикалық iс-әрекет тәжiрибесiмен қаруландырады, 
теориялық бiлiмдердi бекіту мен тереңдету құралы ретiнде қарастырылады.
Бұл болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының жеке тұлғасын тәрбиелеуші ретінде 
қалыптастырудың жаңа тәсілінің дәріптелуін, кәсіптік-педагогикалық білім берудің заман 
талабына сай жаңа мақсаттарын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуін, тұлғаның қоғам 
дамуының белгілі бір деңгейге жетуін талап етеді. Осы мәселелердің іске асуы жоғары оқу 
орындарында кәсіптік мектептерде педагогикалық практиканы өткізудің дұрыс жолға қойылуына 
тәуелді. Әзірге, жалпы тәрбие мәселесі, оның ішінде педагогикалық практика білім беру 
процесімен, оның мазмұнымен, жаңа бағдарламалармен, оқулықтармен, оқыту 
технологияларымен шектеліп отыр. Тәрбие мәселесінің кәсіптік жоғары оқу орындарында 
көлеңкеде қалып қойғаны жөнінде айта кеткен жөн. Қазіргі қалыптасқан жағдай екі әртүрлі, бірақ 
өзара байланысқан оқыту мен тәрбиелеу процесін бір «білім беру» терминіне біріктіреді. Соның 
нәтижесінде жалпы тәрбие процесі, оның ішінде педагогикалық практика барысындағы тәрбие 
мәселесі назардан тыс қалып қойды. Егер білім берудің құраушылары үнемі жаңаланып отыратын 
білім беру жүйесімен байланысты мазмұнды танымдық контекске бағытталған болса, онда тәрбие 
құраушылары жеке тұлғаның құндылық құрамына, оның адамгершілік, рухани мәдениетіне 
бағытталған кәсіптік мектеп тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қазіргі жағдайын қанағаттанарлық 
деп есептеуге болмайды, ол кәсіптік мектеп оқушыларына тәрбиенің жеткіліксіздігімен тікелей 
байланысты. 
Кәсіптік оқыту педагогы өз iс-әрекетiнiң мәнiн терең түсiнбей, қоғамдық-саяси, арнаулы 
ғылыми, психологиялық-педагогикалық бiлiмдер жүйесiн игермей, сондай-ақ теориялық 
бiлiмдерiн, практикалық мәселелердi шешу кезiнде шығармашылықпен қолдану iскерлiгiнсiз 
жүзеге асыра алмайды. Педагогикалық практика болашақ мамандарды педагогикалық iс-әрекеттiң 
алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, студенттердiң педагогикалық iс-әрекетке 
кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiшi қызметiн атқарады. Мұның бәрi 
студенттердiң педагогикалық практикасын жетiлдiру проблемасының теориялық және 
практикалық мәндiлiгiн қамтамасыз етедi.
Педагогикалық практиканы табысты өткiзу үшiн, меніңше, студенттердiң кәсiби бiлiмдердi, 
iскерлiктер мен дағдыларды саналы игеруге шығармашылықпен және үлкен жауапкершiлiкпен 
қарау қажеттiгiне көздерiн жеткiзiп, педагогикалық практиканы өз бетiмен орындайтын 
педагогикалық iс-әрекет ретiнде қарастыру керек.
Ал болашақ педагог даярлығы жүйесiндегi педагогикалық тапсырмалар проблемасы 
әлдеқайда аз дәрежеде зерттелген. Бұл мәселе (Н.А.Смирнова) жасөспiрiмдермен жүргiзiлетiн 
жұмыс бойынша берiлетiн педагогикалық тапсырмалар түрiнде әртүрлi аспектiлерде 
қарастырылған; студенттердiң танымдық белсендiлiгiн және шығармашылық қабiлеттерiн 
дамытудағы тапсырмалардың ролi (Р.А.Низамов); студенттердiң педагогикалық iс-әрекетiне 
зерттеушiлiк көзқарасын қалыптастыруға арналған тапсырмалардан тұратын ғылыми-
педагогикалық нұсқау (В.М.Духовная, С.А.Зимичева). Сондай-ақ Н.В.Кузьмина педагогикалық 
мәселелер жүйесi ретiнде қарастырған репродуктивтiк және модельдеу жүйесi және 
О.А.Абдуллина зерттеп, әзiрлеген оқу-зерттеу тапсырмалары теориялық және практикалық 


жұмыстардың тоғысы болып табылады. В.А.Сластениннiң пiкiрi бойынша, нақты тапсырмалар 
студенттердiң өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң мәндi дәлелдерiн қалыптастыру үшiн, тапсырманы 
орындау процесiн өз бетiмен бiлiм алу iс-әрекетiмен жақындастыру үшiн жағдайлар туғызады. 
Нақты тапсырма студенттердiң өзiн-өзi әлеуметтiк, кәсiптiк және адамгершiлiк тұрғыдан танып-
бiлуiне ықпал ететiн өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң әлеуметтiк-мәндiк себеп-салдарын 
қалыптастыру үшiн жағдай жасайды дей келе, «іс-әрекет мақсатымен және оны жүзеге асыру 
шартымен сәйкес келетін педагогикалық жағдайлар - педагогикалық тапсырма болып табылады» - 
деп анықтама береді. Г.М.Коджаспирова «Педагогикалық тапсырма туындаған педагогикалық 
жағдайлар мен оны шешу негізіне бағытталған, қажетті әрекеттер жоспары» деп қарастырады. 
Сонымен қатар педагогика ғылымында жинақталған теорияны оқып-үйрену, университет 
студенттерінің педагогикалық практикасын ұйымдастырудың бастапқы деңгейін зерттеу, 
студенттердің педагогикалық практикасының тиімділігін қамтамасыз ететін келесі шарттарды 
анықтауға мүмкіндік береді:
-
практика барысындағы сабақтастық және студенттердің курстан курсқа өткендегі іс-
әрекетінің көлемі мен мүмкіндігінің артуы;
-
студенттердің практика барысындағы нақты рөлі мен функцияларын анықтау;
-
студенттердің практиканың алғашқы күндерінен-ақ оқу-тәрбие жұмысына 
белсенділігін арттыру шараларын ұйымдастыру;
-
практика бағдарламасына студент-практиканттардың студенттермен өз бетінше 
тәрбие жұмысына жетекшілік етуге арналған тапсырмалар жиынтығын қосуы;
-
студенттердің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру деңгейіне байланысты 
дифференциалдық келіс;
-
практика бағдарламасына педагогикалық практика тиімділігін арттыру шарттарын 
енгізу. Студенттердің педагогикалық практикасының тиімділігін арттыру тек шарттарды 
анықтауды ғана емес, сондай-ақ осы үрдіске педагогикалық жетекшіліктің ғылыми негізделген 
жолдарын да талап етеді.
Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес педагогикалық практиканы жетілдіру, теория мен 
практика арасындағы алшақтықты жою үшін кешенді тапсырмалар құрастырылу қажет. 
Зерттеу барысында практиканттар төмендегідей оқу-тәрбиелік іскерліктерді игеруі керек: 
тәрбие жұмысын жалпы адами және ұлттық тәрбие принциптері тұрғысынан жоспарлау, талдау 
және жүзеге асыру; тәрбиеленушіге деген жоғары талаптарды оның тұлғасына деген терең 
құрметпен сабақтастыру; тәрбиеленушілер тұлғасынан оң мінезді табу және жеке келістерді 
жүзеге асыру кезінде оған арқа сүйеу; келешекті сызықтар мен параллель іс-әрекет әдістемесін 
қолдану; жеткіншектерді психологиялық зерттеу мақсатында әдістемелер кешенін қолдану; 
студенттерді психологиялық зерттеудің оқу-тәрбие процесін талдау кезіндегі нәтижелеріне 
сүйену; оқу-тәрбие процесін (оның жекелеген жақтарын) талдау негізінде университет 
оқытушысы көмегімен нақты оқу-тәрбие мәселесін қою және оны шешу жолдарын жоспарлау; 
қойылған мәселелерді шешу мақсатында тәрбиеленудің формаларын, әдістерін және құралдарын 
таңдау, әрі қолдану; тәрбиелеу құралын таңдау кезінде студенттердің жас және жеке 
ерекшеліктерін ескеру; - студенттік топ ұжымында өзін тәрбиелеу бойынша жұмыс ұйымдастыру; 
сабақтың және сабақтан тыс тәрбиелік шараның негізгі элементтерін бақылау және талдау, 
нәтижелерді педагогикалық практика күнделігіне тіркеу, оларды талдау; өзін кәсіби дайындаудың 
бағдарламасын құру және орындау; педагогикалық күнделік жүргізу.


Педагогикалық тәжірибе
негізіндегі дидактикалық
материалдар.
Білім жүйесін реформалау 
проблемасына арналған заң
құжаттары. 
Қазақстан Республикасының 
заңдары. 
Ұлттық білім мен тәрбие
мәселелері жөніндегі ғылыми
зерттеу материалдары. 
Іс-тәжірибелерді тарату
орталықтары. 
Педагогикалық мониторинг. 
Педагогикалық технологиялар 
мен мәліметтер. Деректі 
фильмдер, слайдтар және т.б.
Психологиялық дайындықтан
өткізудің кешенді жүйесі. 
Алғышарттар және 
сауалнамалар.
Ғылыми-практикалық конференциялар
материалдары. Интернет желісіндегі озық 
үлгідегі электронды оқулықтарын, 
университетіміздің сайтын қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет