Педагогикалық практиканы өткізудің маңызы және ұйымдастыру мәселелері



Pdf көрінісі
Дата31.12.2021
өлшемі105,5 Kb.
#22540


 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫ ӨТКІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ 

ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

        

   

Ә.С.Ақашева,  г.ғ.к. доцент, К.Ж. Дүйсебаева,  г.ғ.к. доцент, Ақмолдаева Б.Қ., аға 

оқытушы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

 

          Болашақ педагог мамандардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін 



ұштастыратын  негізгі  форма  –  педагогикалық  практика.

 

Ресей  жазушысы  В.Афанасьев: 



«Теория  мен  практиканың  айырмашылығы  –  тәжірибеде.  Теория  деген  не?  Өткен 

ұрпақтардың жинаған іс-тәжірибесі. Практика деген не? Өзіміз жинақтайтын іс-тәжірибе. 

Теорияны  да,  тәжірибені  де  ескерген  жөн.  Теориямен  нығайтылмаған  тәжірибе 

ешқашанда тиімді болмайды, қандай тақырыпта сөз қозғалса да» - деп айтқан.  

         Болашақ педагог мамандардың педагогикалық қызметті меңгеруі  тек теориялық оқу 

мен практикалық тәжірибе өзара байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асады. Кәсіби 

компоненттердің  іскерлігі  мен  дағдыларын  дәрісханада  ғана  отырып  қалыптастыру 

мүмкін емес.  

          Педагогикалық 

практикадан  өту  кезінде  студент-практикант  қаншалықты 

мамандықты  дұрыс  таңдағанын,  өзінің  тұлғалық  қабілеттерінің  болашақ  мамандығымен 

үйлесімділік  деңгейін  анықтайды.  Тек  ұзақ  мерзімді  практикада  студенттердің  бұрын 

меңгерген білімі мен қажетті білім қоры арасындағы қайшылықтары айқындалып, үздіксіз 

білім  алу  факторы  туындайды.  Студенттің  кәсіби  әрекеті  мазмұнды  материалдардың 

негізінде,  практика  барысында  жетіледі.  Бұл  кезеңде  студенттердің  іскерлігі  мен 

дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық деңгейде жұмыс 

істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдейді. Студент-практикант өз іс-әрекетін 

талдай отыра, жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шешеді.  

        Студенттердің  іс-тәжірибесі  жоғары  оқу  орындарында  теориялық  оқу  барысында 

алған білімін нығайтуға және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруге бағытталады. 

Болашақ  маманға  университет  қабырғасында  білімділік  және  кәсіптік   бәсекелестікке 

төтеп бере алатын өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді 

қалыптастыру  қажет.  Мұғалімге  аса  қажеттілігі:  педагогикалық  мамандыққа  бейімділік, 

балалармен жұмыс істеуге айқын берілгендік, бейімділіктің көрінетін басты нәрсесі және 

мұғалім  мамандығын  тандай  алудағы  айқындаушы  нәрсе  балаларға  деген  сүйіспеншшік, 

т.б. қасиеттер. 

         Балаларға  деген  сүйіспеншілік  және  олармен  жұмыс  істеуге  ынта-ықылас 

болмайынша нағыз мұғалім болу мүмкін емес және ол өзінің педагогикалық шеберлігін де 

шыңдай  алмайды.  Оның  негізгі  бастамасы  болашақ  мұғалімді  дайындау,  қалыптастыру 

кезеңінде  басталады.  Бұл  орайда  педагогикалық  практиканың  алатын  орны  ерекше, 

өйткені қазіргі студент  — болашақ ұстаз өзінің бейімділігін, шеберлігін, ыңғайлылығын, 

алған  теориялық  білімдерін  мектеп  өмірімен  байланыстырып  отырғанда  ғана  жүзеге 

асырады. Тек сонда ғана мұғалімге тән педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетуге   жол 

ашылады. 

         Педагогикалық  практика  кезінде  болашақ  мұғалімнің  оқушы  мұқтажын  сезінуі, 

қарым-қатынас  психологиясын  меңгеруі,  әр  оқушымен  жеке  дара  жұмыс  тәжірибесінің 

дамуы,  ата-анамен  байланысының  күшеюі,  оқушылардың  өзін-өзі  басқаруына  жағдай 

жасай білуі, еңбекке қатынасын, үлкенді сыйлау, т.б. мінез-құлықтарының қалыптасуына 

ықпал  ету  әдістерін  меңгеруі  жүзеге  асады.  Осы  бастама  кейін  тәжірибеде,  мұғалімдік 

қызмет   барысьінда   өз   жалғасын   табады. 

           Болашақ  мамандардың  тұлға  ретінде  қалыптасуында  педагогикалық  практиканың 

мәнін  қөтерудің  бірнеше  себебі  бар:  біріншіден,  жоғары  оқу  орны  қабырғасында 

өткізілген  теориялық  дайындықтар  нәтижесі  педагогикалық  практика  кезінде 

қолданылады  да,  оның  жетістігі  мен  кемшілігі  айқын  көзге  түседі.  Екіншіден, 




педагогикалық  практика кезінде студенттер оқушылармен тікелей қарым-қатынасқа түсу 

арқылы  оның  жеке  дара  ерекшеліктері  мен  қабілеттерін  айқындайды,  олардың  мінез-

құлықтарындағы  кейбір  кемшіліктерді  түзетуге  ұмтылады.  Үшіншіден,  педагогикалық 

практика  кезінде  студенттердің  өзіндік  «менінің»  мәні  арта  түседі.  «Мен  білемін», 

«үйренемін», «үйретемін», «тәрбиелеймін», «қарым-қатынас жасай аламын» деген сияқты 

сенімі  нығаяды.  Оқушыларды  тәрбиелеуге  көңіл  бөле  отырып  студент  өзін-өзі 

тәрбиелеумен  айналысады,  қиындықты  жеңуге,  сол  сәтте  кездескен  проблемалардың 

шешеімін табуға үйренеді, педагогикалық ойлауы дамиды. 

Практика міндеттері: 

1. 


Студенттердің институт қабырғасында алған теориялық білімдерін тереңдету. Осы 

білімдерін оқушылармен жүргізетін оқу –тәрбие жұмысында қолдана білуге үйрету. 

2. 

Оқытудың  әр  алуан  әдістері  мен  тәсілдерін  пайдалана  білу.  Оларды  сабақтың 



жоғары әсерлігіне жету үшін тиімді үйлестіре білуге үйрету. 

3. 


Студенттерде оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау іскерлігін қалыптастыру. 

4. 


Оқушыларды  ойлау  қызметін  жандандырудың  тәсілдерін  зерттеп  біліп,  оларды 

қолдана білуге үйрету. 

5. 

Студенттерді балалар мен жасөспірімдердің психологиясы негізіне сүйене отырып, 



оқушылармен оқу – тәрбие жұмысын жүргізуге үйрету. 

6. 


Ғылыми-педагогикалық  зерттеулер  жүргізудің  элементтерін  қалыптастыруға 

үйрету. 


        Студенттердің  педагогикалық  практикасын  өткізу  кезеңінде  оқушыларды  тәрбиелеу 

жұмыстарын  кешенді  жүргізуге,  оқу  мен  тәрбие  жұмыстарының  бірлігін  іске  асыруға, 

сонымен  қатар  оқушыларды  адамгершілікке,  имандылыққа,  еңбек  сүйгіштікке  баулуға, 

оларға  эстетикалық,  экологиялық  және  дене  тәрбиесін  беруге  бірден  бір  ерекше  көңіл 

бөлінеді. 

         Студенттердің  мектептегі  педагогикалық  практикасының  «Жұмыс  бағдарламасы» 

кафедра  оқытушыларының  іс-тәжірибелеріне  негізделіп,  мемлекеттік  стандартқа  сәйкес 

жасалынған.  Бұл  бағдарлама  факультеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінде  бекітіледі. 

Бағдарламада педагогикалық практиканың мақсаты, мазмұны, көлемі мен құжаттар үлгісі, 

сабақ жоспары, хаттама және талдау үлгісі көрсетілген. Бағдарлама кафедра отырысында 

талқыланғанады. 

         Педагогикалық  практиканың  негізгі  міндеті  студенттердің  жалпы  теориялық, 

арнайы, психологиялық-педагогикалық әдістемелік жағынан дайындығы болып табылады. 

        Педагогикалық практика біртіндеп кезеңмен жүзеге асады. 

Педагогикалық  практика  бастамас  бұрын  педагогика,  психология  кафедраларының 

жауапты  оқытушыларымен  бағыт  беруші  конференция  өткізіп,  студенттерді  мектепте 

жасалатын жұмыстардың мазмұнымен, міндетімен таныстырады. 

           Педагогикалық  практиканың  негізгі  кезеңі  бекітілген  мектептегі  студенттердің 

жұмысы  болып  табылады.  Педагогикалық  практиканың  міндеті  мен  мазмұнына  сәйкес 

студенттер  бірінші  аптасында  мұғалімдердің  сабақтарына  және  сынып  жетекшілердің 

сыныптан  тыс  жұмыстарына  қатысады,  практика  кезінде  жасалынатын  оқу-тәрбиелік 

жұмысының өзіңдік жеке жоспарын құрады. 

           Студенттер  практика  кезінде  тәрбиелік  және  сыныптан  тыс  жұмыстар  өткізіп, 

талқылауға және талдауға қатысады. Өткізілетін сынақ сабақтар саны және тәрбиелік іс — 

шаралар практиканың бағдарламасында және өткізу кестесінде анықталады. 

           Практика  кезінде    студенттер  педагогика  және  психология  кафедрасының 

оқытушылары  басшылығымен  жекеленген  оқушыларға  және  сынып  ұжымына 

психологиялық-педагогикалық  мінездеме  жасайды.  Педагогикалық  практиканың  үшінші 

кезеңіңде яғни, соңғы аптасында студенттер есеп беру құжаттарын дайындайды. Мектепте 

қорытыңдылаушы педагогикалық кеңес өткізіледі. 

          Педагогикалық  практика  университеттегі  өткізілетін  жалпы  қорытындылаушы 

конференциямен аяқталады. 




        Мектептегі  студенттердің  педагогикалық  практикасының  тікелей  басшылығын 

топтық  жетекшілер  (педагогика  және  психология  оқытушылар  мен  бірге  жеке  әдістеме 

кфедраларының оқытушылары) атқарады. 

       Педагогикалық  практиканы  бағдарлама  бойынша  орындау  мақсатныда  студенттерге 

тиісті кафедралардан топ жетекшілері, мектептен сынып жетекшілері бекітіледі. 

 

Топ жетекшісінің міндеті: 



-  оқу-тәрбие  мекемелерінің  жетекшілерімен  бірге  студенттерді  сыныптарға  (топтарға) 

бөледі,  ал  пән  мұғалімдерімен  бірге  сабақтардың  тақырыбын  және  сыныптан  тыс 

жұмыстарды бөледі; 

-  практика  кезінде  педагогика-психология  кафедрасының  оқытушыларымен  бірге 

студенттерге  жеке  өзіндік  жоспар  жасауға  көмектеседі  және  практиканттердың  өзіндік 

жұмыстарының тақырыптарын бекітеді

-  студенттердің  сабақтан  және  сыныптан  тыс  жұмыстарды  өткізуін  қамтамасыз  етеді, 

сабаққа және пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарының дайындықтарына кеңес береді, 

сабақтың жоспарын және үлгісін тексеріп және бекітіп, сабақтарына және сыныптан тыс 

жұмыстарына  қатысады,  оларды  талдайды  және  бағалайды,  жеке  өзіндік  жұмыс 

жоспарларының орындалуын бақылайды; 

-  студенттердің  өткізген  құжаттарын  жинайды  және  талдайды,  практика  қорытындысы 

бойынша есеп жасайды және онымен факультеттің басшылығын таныстырады

- университеттің педагогикалық практика бойынша бағыт беруші және қорытындылаушы 

конференцияларына,  сонымен  бірге  оқу-тәрбие  мекемелерінің  басшылары  өткізген 

жиналыстарға қатысады; 

-  практика  бойынша  сынақ  қоюға  қатысады,  педагогика  және  психология  кафедрасы 

оқытушыларымен, бірге жалпы бағасы қойылады

 

 Сынып жетекшісінің міндеті: 



-   студенттерді  сыныптан  жалпы  ерекшеліктерімен,  негізгі  тәрбие  міндеттерімен  және 

өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады; 

-   педагогика  пәнінің  оқытушысымен  және  топ  жетекшілерімен  бірігіп  студенттерге 

тәрбие жұмысының жоспарын жасауға көмектеседі, жоспарды бекітеді, оның орындалуын 

қадағалап, кеңес береді

-  психологая  пәнінің  оқытушысымен  бірге  практиканттардың  оқушыларды   және  сынып  

ұжымын   зерттеу  жұмыстарына,  психологаялық-педагогикалық  мінездеме   жасауына 

жетекшілік, жасайды; 

-  студенттердің  өз  бетінше  жасаған  тәрбиелік  іс-шараларына  және  оны  талдауға,  баға 

қоюға қатысады; 

- студенттерді сыныптың (топтық) күнделікті тәрбие жұмыстарына тартады; 

-   студенттерге мінездеме беріп, олардың тәрбие жұмысын бағалайды; 

-  педагогикалық  практика  бойынша  оқу-тәрбие  мекеме  жетекшілерінің  өткізген 

жиналыстарына, 

сондай-ақ 

университеттегі 

бағыт 


беруші 

және 


қорытынды 

конференцияларына қатысады. 

       Педагогикалық  тәжірибенің  нәтижелерін  мектеп  мұғалімі  мен  тәжірибе  жетекшілері 

(педагогика,  психология  пәндері  оқытушылары)  бірігіп,  дифференциялдап  бағалайды.     

Педтәжірибе  аяқталған  соң  студенттер  кафедра  меңгерушісі  тағайындаған  комиссия 

алдында педагогикалық тәжірибе өту туралы есебін қорғайды. 

         Жалпы  студенттердің  тәжірибе  кезіндегі  жұмыстарын  бағалау  үшін  рейтингтік 

бақылау  жүйесі  қолданылды.  Қорытынды  рейтинг  балы  педагогикалық  тәжірибе 

бағдарламасында  көрсетілген  және  оны  кафедра  оқытушылары  студенттердің  атқаратын 

жұмыстарын түгелдей ескере отырып алдын ала анықтайды. 

        Педагогикалық  тәжірибені  бағалау  үшін  жетекшілер  төмендегі  әдістерді  қолданады: 

студенттердің  оқу  сабақтары  мен  сыныптан  тыс  жұмыстар  жүргізу  үрдісіндегі  қызметін 




бақылау;  жеке  сабақтарын  талдау;  студенттің  пән  мұғалімі,  сынып  жетекшісі,  мектеп 

әкімшілігі  берген  мінездемелерін  талдау,  студенттердің  әдістемелік,  ғылыми  –  зерттеу, 

басқа  да  шығармашылық  жұмыстарын  талдау,  студенттің  оқытушы  ретіндегі  жұмысқа 

даярлығын  өзіндік  бағалауы,  педагогикалық  тәжірибе  құжаттарын  талдау  (педтәжірибе 

мерзіміндегі  өзіндік  жұмыс  жоспары,  күнтізбелік  жоспар,  сыныптан  тыс  тәрбие 

жұмыстарының  әдістемелік  нұсқаулары,  психологиялық  тапсырмалардың  материалдары, 

күнделіктері, жұмыс есебі). 

             Мақсатты  ұйымдастырылған  және  тиянақты  өткізілген  педагогикалық  практика 

студенттерді  оқыту  мен  тәрбие  жұмысының  қазіргі  өмірімен  байланысын  күшейтуге, 

болашақ  ұстаздың  балалар  және  жасөспірімдермен  байланысын  күшейтуге,  болашақ 

ұстаздың  балалар  және  жасөспірімдермен  тығыз  қарым  –  қатынаста  болуына  және 

студенттің  пән  бойынша  психологиялық  –  педагогикалық  білімінің  қалыптасуына  оң 

әсерін тигізеді.  

         Педагогикалық  практика  барысында,  студенттер  болашақ  қызметінің  қыр-сырын 

тікелей  жұмыс  орнында  танып,  психологиялық  және  кәсіби  бейімделуден  өтеді.     

Студенттер  практика  кезінде  өздерін  мұғалім  ретінде  сезінуге  мүмкіндік  алып,  мектеп 

оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренеді. 

      


Педагогикалық  практика  болашақ  мамандардың  кәсіби  біліктілігі  мен  дағдыларын 

қалыптастыруда, болашақ педагогтардың кәсіби қалыптасуында үлкен және маңызды рөл 

атқарады.  Практикадан  өту  барысында  студенттердің  теориялық  білімдері  тереңдетіледі, 

кеңейеді,  нығайтылады.  Студенттердің  кәсіби  білік-дағдылары  мен  кәсіби-тұлғалық 

қабілеттері  қалыптасып,  педагогикалық  ойлауы,  шығармашылық  белсенділігі  мен 

дербестігі дамиды.  

   

Пайдаланған әдебиеттер 



1. 

Е.Әбілдаев. Педагогикалық практиканың ролі. Қазақстан мектебі, №11-12, 2005ж. 

2. 

Ж.Әбдиев, С.Бабаев, А.Құдияров. Педагогика. Алматы, 2004ж. 



3. 

Л.Омарова. Педагогикалық практиканың маңызы. Қазақстан мектебі. №11, 2008ж. 

4. 

С.Маусымбаев,  Қ.Қасымханова.  Пед.практика  (тәжірибе):  ұйымдастыру  және 



өткізу. Қазақстан мектебі, № 7. 2005 ж. 

5. 


Типтік оқу бағдарламасы. Жоғары кәсіптік білім. Алматы, 2005ж. 

6. 


С.Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2004ж. 

7. 


С.Г.Губашева, А.Ж.Отарбай. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы, 2004ж. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет