Педагогикалық тәжірибеде мектепшілік басқарудың жағдайын диагностикалау



бет1/5
Дата16.05.2022
өлшемі0,74 Mb.
#34674
  1   2   3   4   5

Педагогикалық диагностика жөнінде білімдерін кеңейту, оны қолдануға дағдыландыру.

Орындаған: Исағатқызы Д

Тексерген: Мақсотова Т


Орал 2021 жыл

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау педагогикалық үрдісті практикалық тұрғыдан жүргізуге мүмкіндік береді.

Диагностика - оқу процесінің жағдайларын объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі; танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі. Диагностика бақылаудан (тексеру), бағалаудан, статистикалық деректердің жинакталуынан, олардың талдауынан, серпін мен беталысты айқындаудан және одан әрі дамудың болжауынан тұрады.

Мектеп басқаруда орын алатын негізгі алатын ерекшеліктердің бірі ретінде басқарудың үнемі талданылып отыратынын атауға болады.



Диагностикалау негізінде басқару мазмұнының тұтасынан алғанда мектеп жұмысына сәйкестігі айқындалады.

Менеджменттік тұрғыдан қарастыру арқылы басқарудың гумандылығы, демократиялығы, басқарушылардың ұжымды үздіксіз қолдап отыру жағдайына басты назар аударылады.



Диагностикалық әдістерге оқушылар мен педагогтарды тестілеу, педагогикалық бақылау, интервью алу, әңгіме өткізу, рефлексиялық талдаулар, рефлексиялық практикумдар жатады.

Мектепішілік қалыптасқан жағдайды бақылау немесе тексеру үшін ең әуелі мақсатқа бағытталған ішкі және сыртқы диагностика, субъектілердің өзіндік рефлексия қызметін ұйымдастыру, объективті және субъективті талдау мен бағалау іске асырылады. Өзіндік рефлексия және сыртқы диагностика әдістері арқылы оқыту үрдісінің ерекшеліктері, педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижелілігі зерттеліп, соның негізінде одан әрі даму бағыттары нақтыланады, мектепті басқарудың тағы қандай мүмкіндіктері бар екені анықталды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет