Педагогикалық зерттеулер



Дата02.12.2022
өлшемі87 Kb.
#54382

Педагогикалық зерттеулер
әдіснамасы.
Педагогикалык зерттеудердін әдіснамасы. « Әдіснама»грек тілінен аударғанда « әдіс туралы ғылым » деген мағьшаны береді. «Метод» « әдіс»термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы әдіснама, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретіңде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын жөне негізін (фактический) Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және әдіснаманың олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті. Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсок ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болыл табылады.
Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз козғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарынын деректерімен толық сәйкестік барын көреді. Диалектика дамудың ең жалпы зандылықтарын жасап үйлестіреді ; бірлік және қарама қайшьшылықтардың күресі, саннан сапаға көшу және теріске шығаруды теріске шығару, мынадай философиялық жұп категорияларымен : себеп салдар, кажеттілік жөне кездейсоқтық, мүмкіншілік пен шындық, мән және құбылыс, мазмұн мен форма және т.б. аныкталады. Диалектикалық өдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша ( идеалды ) бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықгың заңдылықтарын ашады. Сонымен материалистік диалектика ғылыми ізденістің стратегиясын береді, бірақ ол нақгылы ғылымда пайда болатын сұрақтарға дайын жауап бермейді. Әдіснамалық анықтамаларды менгеру арқылы ғалымда да және машықтандыруда да көзкарастың дүниетанымдық ұстаным қалыптасады, ол содан кейін белгісіз зерттеулерде, жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс - әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, соңғысы нақтылы ғылымның әдіснамасымен байланысты және сол сияқты педагогикада қолдануға болады. Одақгық педагогикада XX ғасыр түгелдей қойылған сұрақтарға өте белсенді жауап іздестіру уақыты болды.
Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғы шарттар негізінде жасалады, ал ол теорияның негізгі салаларымен байланысты - табиғат, коғам және ойлау ғылымдарына қатысты үшбұрыш. XIX ғасырдың өзінде қалыптасқан дәстүрлі үшбұрышта педагогикаға, медицинаға, техникалық білім және басқа да ғылымдардың жасампаз мақсатта бағытталған адамдардың іс - әрекеттеріне байланысты ғылымдарға орын жоқ. Сондықтан XX ғасырдың екінші жартысының өзінде, кейбір ғалымдар (М.Г. Ярошевский) төртбұрыштық ғылымды ұсынады. Мұндай жағдайда адамдардың жасампаз мақсатты бағытталған іс – әрекеттері ғылыми білімдер жүйесінің моделінде, заңды өз орнын алады. Бұл, әрине, нақтылы ғылыми білімнің, міндетті түрде : сол нақтылы ғылымның әдіснамасын, теориясын, тәжірибесін көрсетіп, теорияны жалпылау мен практикалық ұсыныстарға, құрамына әсерін тигізеді Демек, XIX ғасырдың аяғының өзінде қалыптасқан ғылымның даму тенденциясы ғылымды теориялаңдырудан тұрады. Міне осыдан ғылыми жұмыстардың ең көп тараған фундаментальдық терең, қолданбалы және талдамалық бөлінуінен келіп шығады. Кейбір ғалымдар (К.Е. Гмурман ) ғылымдардың бөлінуін басқаша береді : фундаменталдық, теориялық, теориялық – қолданбалы және талдамалық, зерттеулерді теорияландырудың ролін баса көрсеткен. Сонымен бірге қазіргі уақытта, іс-тәжірибеге шығуды қарастырмаған барлық теориялық тұжырымдамалар кейін оны қайта өзгертудің негізі болуы мүмкін.
Іргелі терең зерттеулер, кұбылыстар мен процестерді сипаттау мен түсіндіруде, олардың әрекеттерінің тетіктерін, зандар мен зандылықтарын, олардың дамуы мен өмір сүріп, қызмет етуімен байланыстылығын теориялық зерттеулер ашып көрсетуді мақсат еткен нақтылы көрінбейтін құбылыстардың мәнін зерттеумен, олардын өзара байланыстары мен тәуелділіктерін анықтаумен байланысты, оларды тәжірибе жүзінде басқару мүмкіндіктерін білуін айқындайды. Теориялық қолданбалы зерттеулер практикалық іс – әрекеттердің табылған заңдар мен заңдылықтардың қолдану тәсілдерін айқындайды. Талдамалар машықтандыру ( халыкқа білім беруді ұйымдастырушыларға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге ) жұмыстарына керекті әдістемелік оқу құралдарың нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, құралдар және т.б. беруге бағытталған. Көптеген жағдайларда педагогикада негізгі идеялар, теориялық және тәжірибелік аспектшер өзара тыгыз байланысты. Сондықган педагогикада теорияны жасау және зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы тенденция болып отыр. Бұл тенденция педагогиканың әдіснамасы деген сұрақгы қарастырғаңда күмән жоқ,бұл сұракқа жауап бермей басқа сұраққа жауап беру мүмкін емес — ал, бүл дегеніміз педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін күшейту деген сөз. Педагогикалық әдіснаманың мәні әртүрлі түсіндіріледі : әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде ; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика әдіснамасның шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады ( Г.В.Воробьев ). Қазіргі педагогика әдіснамасның пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесін (Ф.Ф. Королев) зерттеу процесі екендігі анықтылған. Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның әдіснама » қызметін атқаратын әдіснамалық және жалпы теориялық білімдер шекарасы айқыңдалуда. Әдіснамалык білімдер жүйесіне : педагогика пәні, педагогиканың категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика ғылымдарының жүйесі ; педагогикалық пәңдердің жалпы және ерекшелік міңдеттері, педагогиканың анықтамалы – терминдік жүйесі жатады.
Әдіснаманың көрсетілген аспектілерін жасау « білетін туралы білім » береді. Осылайша педагогикалық құбылыстарды тану процесін оқуда зерттелетін мәселелер анықталады, « білетін туралы білім », яғни педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзінде оның принциптері, заңдылықтары, әдістері, болашағы туралы білімдер жинақталады. Қазіргі кезеңде мынадай әдіснамалық нысаналарды жасау педагогика ғылымының түсіндіру, жобалау және конструктивтік функцияларының атқаратын қызметтерінің өзара байланыстылығын, педагогикадағы дүниетанымдық пен методологиялық принциптерінің ерекшеліктерін, ұғымдар жүйесі мен, ұғымдар қатарын және т.б. зерттеу өзекті мәселе болып отыр (В.Е. Гмурман, Г.В. Воробьев, В.И. Журавлев). Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулерге педагогикалық процестің мәнін, зандылықтарын, биологиялық пен әлеуметтіктің ара қатынасын ; педагогикалық процесте тұлғаны қальштастыру ; тұлға және ұжым ; ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде ; педагогикалық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б. жатады. Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақгары пәнаралық және ғылым аралық байланыстарын диференцияландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог — зерттеушілер мен практиктардың зерттеу процесін ұйымдастырудағы дайындығына байланысты тиімді жасалуы мүмкін.
Педагогикалық зерттеулердің ə діснамалық принциптері Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет : - педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің б ə рі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары ж ə не себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды ə рі дамиды ; - құбылыстарды даму барысында зерттеу ; - бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу ; - зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген ə дістер кешенімен орындалатынын естен шығармау ; - зерттеу ə дістері зерттелетін құбылыстың м ə н- мағынасына сай келуі ; - даму процесін сол дамудың қозғаушы күші ж ə не даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс ж ə не өзіндік даму ретінде қарастыру ; - сынақталушыға, білім -т ə рбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік - инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы Философиялық ілім ретінде. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл – осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді. Кез- келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен оның гносеологиялық негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымдама, көбінесе, ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологкялық-педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір әдіснамалық тұжырымдама психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде құрылып, соларға сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға жақын және онын ең басты құрылымдары болып табылады. Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психолгиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік концепциялар желісінде пайда болып, дамиды, ол нені іздеу керек және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, олар зерттеушіні тежеп, оның еркін ойлауына кедергі жасауы да мүмкін.
Зерттеушіге, кейде, ғылымдағы көпшілік қабылдаған, тұрақты ережелер туралы, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептер бағыттары туралы ұмытып, олардан бас тартып, оларды дәлелді түрде жоққа шығарудың пайдасы көп болады. Сондай-ақ, әр түрлі тұжырымдарға, олардан шығатын мәселелерге және оларды шешудің ерекше тәсілдеріне сын көзбен қараудьщ да пайдасы зор. Іске осылайша қарау теориялық материалға деген өзіндік қатынасты қалыптастыруға, белгілі бір тұжырымдарға сүйеніп, бір жағынан философиялық ережелер ықпалындағы, ал екінші жағынан ғылыми-педагогикалық танымның белгілі бір саласына бағытталған кейбір тұжырымдарды сынауға көмектеседі. Зерттеу жұмыстарына жаңадан араласқан зерттеушіге ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұрақты философиялық және теориялық тұжырымдар мен қортындыларға сүйенудің пайдасы мол. Бұл зерттеліп жатқан саладағы жаңа жүйелік тұтастық білімдерін алуға көмектеседі. Эмпирикалық деңгейдегі білім қайта құрылып, теориялық білім мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы теориялық қортындылар мен нақтыландырулардын негізін құрастыру қажет. « Теориялық білім » дегеніміз сөздің, жалпы мағынасында, белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Ал, тар және арнайы мағынасында, ол дегеніміз педагогикалык іс-әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Бұл тұтас білім жүйесіндегі ішкі шектеу, ол бір элементтердің басқа элементтерге тәуелділігін сипаттайды, ал теория мазмұны пікірлер мен түсініктер жиынтығынан тұрады. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың қалыптасқан тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені қортындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды.
Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол – осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құралуының механизмі. Теория шынайы өмірде жоқ, бірақ теориялык-әдіснамалық білімдерге сүйеніп жүзеге асыруға болатын нәрсені құрастыруға көмектеседі. Осының бәрі ғылыми білімдердің жалпы жүйесі ретінде педагогикалық теорияның тұтастығын құрайды. Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеу керектігіне бағыттайды. Кез- келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – болмыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Алайда, басқа жағынан қарағанда, теориялық болжамдар, мысалы, Д.И. Менделеевтін химиясы практикаға белгісіз жаңа химиялық элементтердін ашылуын болжаған. Осылайша Нептун ғаламшарының ашылуы да бірінші теория жүзінде болжанып, практика жүзінде заманға сай телескоптар пайда болған кезде ғана оны коре алған. Іс жүзінде таза теория болмайды, өйткені ол әрқашан зерттелінетін пәннің әдістемесімен өзара тығыз байланыста болады және зерттеу іс-әрекетінің бағытын анықтайтын бастапқы нүкте болып табылады. Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты-ғылыми деңгейде өкізілген зерттеулер сүйенеді. Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оньщ танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Таным процесіндегі әдіске антикалык философияда-ақ үлкен мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы өзара қатынас айқындалған болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудін анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің дамуы мен жетілдіру процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінің бірі ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе больш отыр. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға, оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмысты қарама-қайшылықтарды шешудің тәслдерін ашуға шақырады. Бұл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқаттың әр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдык және жаратылыстану ғылымдарының ілгері дамуына икемделген ойлаудьщ басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі. Тарихи материализм әдісі барлық қоғамдьщ ғылымдар үшін жарамды және ол әлеуметтік, педагогикалық және басқа да заңдылықтар мен олардың дамуының ерекшеліктерін танудың негізі болып табылады. Ғылыми танымның осы әдістері шешуші мәнге ие, зерттеудің бағыты мен оның тағдырын анықтайды, ал оның таным объектісін зерттеудегі принциптік ыңғайы зерттеу нәтижелері мен олардың әдістемелік құндылықтары бағасының дүниетанымдық көрсеткіштері болып табылады.
Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды (физика, математика, химия, тіл білімі ) зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады : байқап-бақылау, теңеу, талдау және жинақтау, дәріптеушілік, өлшеу, эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция; бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді. Сонымен, зерттеу әдісі дегеніміз күрделі танымдық әдістемелер, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады. Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты.. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпаратарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез- келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол – жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет