Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы



Дата04.10.2022
өлшемі17,22 Kb.
#41324

Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы

    1. Ғылыми ізденістің тиімділігі көбіне зерттеудің қадамдарына ,олардың зерттеудің логикасына алып келуге мүмкіндік береді. Психолого- педагогикалық зерттеудің саласы,оның қалыптасып келе жатқан адамның қоршаған ортамен қиын өзарақаты-насы, адамдарның қалыптасқан əлеуметтік байланыстарының молдығымен білі-неді.Сонымен бірге қалыптасып жəне өсіп келе жатқан адамның бұл пəнге тəрбиенің субъектісі ретінде есептеледі. Бұның барлығы логикалық жүктелуіне ,яғни ғылыми ізденістің үнемді тұтас құрылымын анықтайды.

Логикалық стратегиясын тудыратын ізденістің нұсқауы- қиын үрдіс, ол бүкіл зерттеу үрдісіне тəн,өйткені кейінгі қадамдар жұмыс барысындағы нəтиже мен қорытындыларға байланысты.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу əдістері – шындықтың құбылыстарын эмпирикалық жəне теориялық танудың, зерттеудің тəсілдері, іс-шаралары жəне операциялары.
Эмпиризм (грек.empeiria – тəжірибе) – дүниені танудың бірден бір көзі – түсіну жəне сезімдік тəжірибе деп түсінетін философиялық бағыт.
Педагогикалық зерттеу – бұл білім берудің заңдылықтары, құрылымы мен механизмі, мазмұны, принциптері мен технологиясы жайында жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-əрекет процесі мен нəтижесі.
Педагогикалық зерттеулер бағыттары бойынша фундаментальды, қолданбалы жəне өңдеу түрлеріне бөлінеді. Фундаментальды зерттеудің нəтижесінде жалпылама концепциялар пайда бол□ды. Олар пе□агогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытындылайды, педагогикалық модеьдердің болжамын ұсынады. Қолданбалы зерттеулер педагогикалық практиканың кейбір жақтарын терең зерттеуге, оның заңдылықтарын ашуға бағытталған жұмыстар. өңдеулер бұрыннан белгілі теориялық қағидаларды есепке ала отырып, ғылыми-практикалық ұсыныстарды негіздеуге бағытталған жұмыстар.
Педагогикалық зерттеулердің басты көрсеткіштері: өзектілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы.
Ғылыми зерттеудің логикасына сəйкес зерттеудің əдістемесі жасалады. Түрлі əдістерді қолдану арқылы зерттелетін мəселе жан-жақты қарастырылуына мүмкіндік туғызылады.
Педагогикалық зерттеулердің басты принциптері:

      1. біртұтастық принципі.

      2. тұлғалық принципі.

      3. іс-əрекеттік принципі.

      4. полисубъектілік принцип.

      5. культурологиялық принцип.

      6. этнопедагогикалық принцип.

      7. антропологиялық принцип.

Зерттеу əдісі – ғылыми зерттеу мақсатын шешетін амалдар; құбылыстарды зерттеуге жəне алуан түрлі ғылыми мəселелерді шешуге арналған əдіс-тəсілдердің жиынтығы.
Зерттеу жұмысының логикасы жəне құрылымы – зерттеудің көкейтестілігі, қарама-қайшылығы, зерттеу проблемасы,зерттеу мақсаты, обьектісі, пəні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, зерттеудің əдіснамалық негізі, зерттеу көздері, əдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мəнділігі, практикалық мəнділігі, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар, зерттеу нəтижелерінің дəлдігі мен негізділігі, зерттеу нəтижелерін сынақтан өткізу жəне өндіру, зерттеу базасы.
Мұғалімнің зерттеушілік мəдениеті оның кəсіби дайындығының маңызды бөлігі болып табылады. Мұғалімдердің зерттеушілік мəдениетін қалыптастыру кезеңді жүргізіледі.
Бірінші кезең – дайындық кезеңі. Міндеттері – республикадағы білім беру жүйесіндегі реформалар бағытымен, мектепте жұмыс жасау үшін белсенді, дербес, шығармашылық ойлауы дамыған түлектерді дайындауға қойылатын талаптармен таныстыру; педагогикалық іздену жұмысына мотивтерін дамыту; мұғалім іс-əрекетінің объектісі ретінде біртұтас педагогикалық үрдісті таныту; ғылыми-педагогикалық зерттеудің кейбір зерттеу əдістерімен таныстыру.
Екінші кезең – шығармашылық кезең. Оның басты міндеті – ьелгіленген зерттеу объектісін кезеңді зерттеу. Кейбір өзгермелі шамаларды зерттеу мақсатында ғылыми- педагогикалық зерттеудің əдістерін меңгеру.
Үшінші кезең – интеграциялау кезеңі. Бұнда теориялық білім практикаға енгізіледі.
Төртінші кезең – бақылау-түзету кезеңі. Бұнда жасалған жұмыстың нəтижесі көрсетіліп, бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет