Педагогиканың әдіснамалық және әдістемелік ұстанымдары



Дата14.03.2022
өлшемі6,41 Kb.
#27927

Педагогиканың әдіснамалық және әдістемелік ұстанымдары

Педагогиканың әдіснамалық және әдістемелік ұстанымдары

Орындаған: Өнербек Дәрия Өнербекқызы

Педагогика – адамзат қоғамының даму тарихымен бірге өмір сүріп, дамып келе жатқан, адамдардың тәрбие, оқыту, білім беру деп аталатын саналы әрекетін зерттейтін ғылым. Тәрбие, оқыту мен білім беру ісінде қоғам мен оның мүшесі болып табылатын жеке адам өзара мүдделес, мұраттас. Әрбір ата-ана дүние есігін енді ғана ашқан нәрестесін өзінің үлкен саналы ғұмырының жалғасы, бүгінгіні ертеңге жалғастырушы деп біледі, ал қоғам, дәлірек айтқанда, оның саяси реттеушісі саналатын мемлекет, сол жас адамның тәрбиелі тағылымды, білімдар және парасатты азамат болып өсуін өзінің қуаттылығының, мызғымас беріктігінің, өркениеттілігінің кепілі деп санайды. Осы ортақ мүдде мақсат бірлігі, сан ғасырлық тәжірибе, бұл саладағы алғашқы зерттеулер, тұжырымдар, қоғамдық құрылыстардың өзгеруі кезінде болмай қоймайтын сан қырлы, алуан саналы жүйелілік өзгерістер педагогиканың биік мәртебелі, іргелі ғылым ретінде қалыптасуына негіз қалады.

Педагогиканың әдіснамасы бұл педагогикалық теориялардың негіздері мен құрылымы, білімдердің жүйесі, педагогикалық құбылыстармен үрдістерді зерттеу амалдары және білім алу амалдарының түрлері туралы білімдер жиынтығы.

Педагогика әдіснамасының деңгейлері: 1. Логикалық гносеологиялық; 2. Ғылыми мазмұндық; 3. Дүниетанымдық; 4. Гносеологиялық.

Әдіснама үшке бөлінеді: Жалпы әдіснама; арнайы әдіснама; жеке әдіснама Жалпы әдіснама қоршаған әлем құбылыстары мен соның жағдайында адамдарды оқыту мен тәрбиелеуүрдісіне диалектикалық амал тұрғысынан келу. Жалпы әдіснама әлем дамуының жалпы заңдары туралы сол ғылым зерттейтін феноменнің алатын орнымен ролі туралы неғұрлым дұрыс және нақты көзқарасты қамтамасыз етеді. Арнайы әдіснама адам психикасы мен санасының, оған педагогикалық және тәрбиелік ықпалдың мүмкіндіктері туралы көзқарасты қарастырады. Арнайы әдіснама немесе нақты ғылымдардың әдіснамасы ғылымға зерттеуші феноменінің қызмет етуіне, дамуына, қалыптасуына қатысты өзінің заңдылықтарын нақтылауға мүмкіндік береді. Жеке әдіснамаға мінезқұлықтық құбылыстармен үрдістерді зерттеудің әдістері мен ұстанымдары және т.б. кіреді. Жеке әдіснама түрлі құбылыстарды нақты ғылымда зерттеу әдістемесін, оны талдау нысанын, пәнін, амал тәсілдерін және әдістерінің жиынтығын білдіреді.

Э.Г.Юдин пікірінше, әдіснамалық білімнің төрт деңгейі белгілі: Философиялық деңгейге ғылымның категориялдық тізбегі мен танымның жалпы ұстанымдары кіреді. Жалпы ғылыми деңгейге ғылымның көбінде қолданылатын теориялық тұжырымдамалар жатады. Нақты ғылыми деңгей нақты пәнде қолданылатын процедура, ұстаным, әдістердің жиынтығы. Технологиялық деңгей зерттеу әдістемесі мен техникасы жатады.

Педагогикадағы әдіснамалық амалдар: 1. Тұлғаға бағдарланған амал 2. Құзырлылық амал 3. Жүйелілік амал 4. Тұтастық амал және т.б.

Әдіснаманы меңгеру арқылы мұғалім оның принциптеріне сүйене отырып, ойлауға үйренеді. Бұл оған педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен мақсаттарының, принциптері мен ережелерінің күрделі сипатын түсінуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, әдіснаманы тек ғылыми зерттеулерге қатысты жүйе ретінде ғана қарамай, оның күнделікті оқыту, тәрбиелеу және дамыту практикасындағы, тұтас білім беру үдерісін жетілдірудегі мәнін жете түсіне білу қажет.



Назарларыңызға рахмет!
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет