Педагогиканың жалпы ғылымдық әдіснамасы



Дата23.11.2022
өлшемі19,08 Kb.
#52132

Педагогиканың жалпы ғылымдық әдіснамасы
Жалпығылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол әрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай-ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне бағдарлайды.Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осыдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қасиеттері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан және тарихи қырлары келесідей зерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар мен дамуды ескеру. Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика тұтастығы орындалады. Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми білімдер мен тұжырымдардың шынайылылығы практика міндеті мен талаптарына орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау болады, ал білім тәжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дәстүрлерді қажет ететін жаңа сұрақтардың туындауына жол ашады.
Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі Зерттеу әдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер (метод) тобынан құралады. Әдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі- бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері, 3) математикалық әдістер. Педагогикалық тәжірибені зерттеу/ Эмпирикалық/ әдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қолданылады: бақылау, әңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу. Педагогика жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі бақылау. Бақылау – зерттелетін педагогикалық құбылысты мақсатты түрде қабылдау арқылы нақты фактілер жинау. Ғылыми педагогикалық бақылауға қойылатын талаптар: 1. Бақылау алдын-ала белгіленген нақты мақсат бойынша жүргізіледі. 2. Бақылау алдын-ала ойластырылған және жазылған жоспар бойынша жүргізіледі. 3. Зерттелетін белгілер саны минимум болуы керек және оларды нақты анықтау қажет. 4. Бақылаушы қателіктердің пайда болу мүмкіндігін және оларды болдырмау жолдарын алдын-ала ойластыруы керек. Педагогикалық бақылауды дайындаудың және жүргізудің келесі кезеңдерін көрсетуге болады: 1) бақылау объектісін таңдау, мақсатын анықтау; 2) бақылау жоспарын құру, құжаттарды дайындау (бақылау хаттамасы бланктерін, бақылаушыға нұсқаулар, құрал-жабдықтар және т.б.); 3) бақылау мәліметтерін жинау (жазбалар, хаттамалар, кестелер және т.б.); 4) бақылау нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу; 5) бақылау нәтижелерін талдау және қорытынды жасау. Зерттеу барысында бақылау түрлерінің әр алуан жіктемесін ажырата алады: - тікелей бақылау, зерттеуші- мұғалім оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұраып бейтарап адам және зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кірген кезде тікелей бақылау жүзеге асырылады. Мұғалімнің рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады; - жанама баылау, ол тікелей бақылауы толықтырады және зерттеушімен бірге, оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арќылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады; - жасырын немесе елеусіз бақылау тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы шынайы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылапзерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды. - үздіксіз бақылау оқыту процесін, екі-үш оқушының сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс мінез-құлқын зерттеуге қолданылады; - дискретті (үзік-үзік) бақылау объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады; - монографиялық бақылау біреуді немесе бір нәрсені бақылау кезінде қолданылады; Сауал-сұрақ әдістері - әңгімелесу, интервью алу, сауалнама жүргізу. Әңгімелесу – қажетті ақпаратты алу мақсатымен қолданылатын зерттеудің жеке немесе қосымша әдісі. Әңгімелесу алдын-ала жасалған жоспар бойынша анықтауды қажет ететін белгіленген сұрақтар бойынша жүргізіледі. Әңгімелесу еркін формада өткізіледі. Сауал-сұрақ әдістерінің бірі интервью алу. Интервью алу барысында зерттеуші жоспарланған сұрақтар алдын-ала белгіленген қатаң бір ретпен қойылады. Сұрақтар құрастыру барысында төмендегі талаптар сақталуы керек: 1) сұрау кездейсоқтық сипатта емес, жоспарлы болуы керек; алғашында оңай, соңына қарай қиын сұрақтар қойылады; 2) әр сұрақты өзгертусіз қағаздан оқу қажет; 3) сұрқтар міндетті түрде рет-ретімен қойылуы қажет; 4) интервью қысқа уақытты болуы керек (оқушылармен – 15-20 минуттан, ал үлкендермен 30 минуттан аспауы керек); 5) интервью алушы жауап берушіге әртүрлі жолдармен ықпал етпеуі керек (бас шұлғу немесе келіспегенін білдіріп басын шайқау және т.б.); 6) қажет болған жағдайда интервью алушы қосымшша тек бейтарап сұрақтар қоя алады (мысалы, «Онымен не айтқыңыз келеді?», «Осы туралы толығырақ түсінік берсеңіз.»); 7) егер жауап беруші сұрақты түсінбесе оны қайта оқу керек; жауап берушіге сұрақты, сұрақта кездесетін түсініктерді түсіндіруге болмайды және сұрақ қайта оқылғаннан кейін де түсініксіз болса «Сұрақ түсініксіз» деп жазып қою керек; 8) жауаптар тек интервью алу кезінде жазылады. Сауалнама алу – зерттеудің мәліметтерді жаппай жинау әдісі. Сауалнама алуға қойылатын талаптар: 1) оның қолданылуының мақсаттылығы; 2) қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беруі; 3) сұрақтардың түсінікті болуы және бір-біріне қарама-қайшы келмеуі; 4) сауалнама сұрақтары жауап берушіде теріс эмоция туғызбауы; 5)жауап берушінің дайындық деңгейін ескеру. Сауалнама түрлері: ашық, жабық және аралас. Ашық сауалнамада сұрақтарға жауаптарды жауап берушінің өзі құрастырса, жабық сауалнамада дайын жауаптардың біреуін таңдайды. Аралас сауалнамада сұрақтар ашық және жабық түлде болады. Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық дейгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады Педагогикалық эксперимент – қатаң бақыланатын және басқарылатын жағдайда педагогикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеу. Кез келген экспериментті жүргізудегі негізгі принцип – зерттеу барысында зерттелетін құбылысқа бір-ақ жаңа фактор енгізу, қалғандары өзгеріссіз және қатаң бақылауда болуы керек. Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тәрбие процесі жағдайында) және зертханалық – қандай да әдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты және т.б. орай ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін. Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент- қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі. Эксперименттік әдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен әдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды келеді. Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу әдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тәрбие, білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады. Жоғарыда аталған әдістер тобы педагогикалық құбылыстар танудың эмпирикалық мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке-дара ғылымипедагогикалық деректерді жинақтауға арналады. Ал осы топталған алғашқы деректік материалдың мән-мағынасын ашып, заңдары мен заңдылықтарын анықтау зерттеудің теориялық талдау әдісімен орындалады. Зерттеудің теориялық әдістері: Теориялық әдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық әдіс көптеген әдебиеттермен таныс болуды талап етеді: жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері; жалпы және арнайы педагогикалық әдебиеттер, тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар, педагогикалық мерзімді басылымдар, мектеп, тәрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар, педагогикалық анықтама құралдары, педагогика және онымен сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар мен – әдістемелік қолданбалар Әдебиеттермен танысудың арқасында қай проблеманың қандай тараптары жақсы зерттелгенін, қандай проблемалардың дау-дамайлы және қай мәселелердің әлі тың жатқанын білуге болады. Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістерінің түрі сан-алуан. Олар арасында көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін мәселеге байланысты іріктеліп алынған деректік әдебиеттер тізімі; реферат жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар; аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу; сілтеме (цитата) беру – әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре жазу. Индуктив және дедуктив әдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық әдістері. Индуктив әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады. бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қортындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады. Анализ – бұл нысанды ойша құрамдас бөліктерге бөліп, оларды жеке алдын ала зерттеу үшін оларға тән белгілер мен қасиеттерді анықтаудан тұратын теориялық зерттеу әдісі. Бұл зерттеу нысаны элементтеріне тән сипатты тез және шынайы тануға, олардың арасындағы басты байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады, бұл ретте жоққа шығару ережесі қолданылады, яғни күрделі пікір болған жерде оның құрамды сөйлемдері де болуы керек. Синтез – құбылыстың белгілері мен қасиеттерін ойша мағыналы бүтінге қосу Абстракциялау – қарастырылып отырған үдерістің (құбылыстың) жалпы, қолданыста бар қасиеттеріне (заңдылықтарына) көңіл бөлу үшін, оның жеке, кейде жоқ қасиеттеріне ойша тоқталу. Абстракциялау, әдетте, екі кезеңде жүзеге асырылады. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін немесе сапасын бөліп алу процесі. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады. Салыстыру – қарастырылатын құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бекіту Дәріптеушілік – (идеолизациялау) дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін емес жаңа түсінік пен белгі береді. Дәріптелген объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді, әсіресе материалдық объектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол. Математикалық және статистикалық әдістер педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады. Математикалық әдістер арасында педагогикада ең көп қолданымға келетіндері: тіркеу (регистрация), ранжирование (тәртіпке келтіру), өлшемге түсіру (декодирование). Статистикалық әдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа сандық шамасы айқындалады: орта арифметикалық (салыстырып бақылау және эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа санын шығару үшін); медиана – тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта он екі оқушы болса, бағаның өсу дәрежесімен өрнектелген тізімде алтыншысының бағасы - медиана ); таралу дәрежесі – дисперсия немесе орташа квадраттың ауытқу, баламалар коэфиценті және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет