«Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары»



Дата07.01.2022
өлшемі28,41 Kb.
#20728



«Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы





БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13420 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 11 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларында:

5-тармақтың бірінші бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Курстарды педагогтердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын келесі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - Ұйым) өткізеді: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру, сауықтыру орталығы, Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, меншік нысанына қарамастан және Жарғыға сәйкес курстар өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындары, заңды тұлғалар, сондай-ақ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әдістемелік кабинеттері».

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:  

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.



4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Министр



А.Аймагамбетов


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет