Педогогика жоғары мектебі



бет1/2
Дата18.11.2022
өлшемі1,15 Mb.
#51054
түріСабақ
  1   2

Павлодар Педагогикалық Университеті
Педогогика жоғары мектебі
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
І-курс, І-семестр
Пән атауы: «Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін оқыту әдістемесі»
Еркін сөйлеу қатынасында арнаулы сабақтарда балалардың сөздік қорын
байыту әдістері мен тәсілдері.
Орындаған:Урзада Султанбековна Истамкулова
Тексерген:Жанар Маженовна Бердыбекова
Баланың ана тілі сөздерін үйрену процесі осы сөздерге сай келетін заттарды «зерттеумен» қатар жүреді: бала заттарды қарап шұқып, ұстап және сипап көреді, оларды шертіп, қандай дыбыс шығатынын тыңдап, дәмімен иісін байқайды. Баланың назары ауған зат оның санасына барлық бас сезім органдары көру, есту, иіс сезу, сипап сезу органдары – арқылы енеді. Дүниені сезім арқылы танып білу баланың эмоционалдық сезімдерін дамытады: ол «тамаша»-«жексұрын» сияқты тіптен қарама –қарсы сезімдерді ғана емес, сондай-ақ аралық сезімдердің де бүкіл гаммасын сезінуге қабілетті болып шығады. Затты сөздің жәрдемімен сезімдік қабылдау баланың жадында осы зат жөніндегі түсінік ретінде берік орныққан соң оны атайтын сөз баланың жадында ең алдымен, ол осы затпен сезім арқылы жанасқан кезде бастан кешірген сезімдердің бәрін қоздырады.
Мысалы, бала шырша деген сөзді естігенде, бірден оның бастан өткізген түйсіктері мен сезімдері жандана түседі: ол қиялында нақты шыршаны, оның жасыл қылқандары мен пирамида пішінді орналасқан бұтақтарын көреді, ол шыршаның шайыр иісін нақты түйсінгендей болады, шыршаның қылқандарын осылайша «көруден» бала ол қолына «кіріп кетпеу үшін» өзінің саусақтарын еріксіз тартып алады; сәбидің бар сезімі шаттыққа, өзінің өмірінде алғаш рет безендірілген Жаңа жылдық шыршаны немесе жазғы ормандағы шыршаны көруден алан қуанышын еске түсіру сәтіне бөленеді.
Сөзді осылайша қабылдау поэтикалық қабылдау деп аталады.
Егер тәрбиешілер баланың санасына жас кезінен бастап ана тілі сөздерін оның бар поэтикалық мәнерімен сіңіре білген болса, онда балада адамның өзі ойлап тұруына ған қажетті емес, сондай-ақ ақындардың творчествосын түсінуге қажетті поэтикалық қабілет дамиды. К.Маркс былай деген болатын: «Егер өнерден ләззат алғың келсе, онда сен көркем өнерден хабардар болуға тиістісің».
Сөздің «сезімдік негізін» меңгерген соң бала оның жалпылауыш маңызын түсінуге қабілетті болады. Міне, сондықтан да бөбектер мен мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын байыту оларды айналадағы заттармен, тұрмыспен, табиғат пен, адамдардың еңбегімен, олардың қоғамдық өмірімен таныстыру процесінде ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен бірге тәрбиеші баламен жүйелі, грамматикалық қалыптасқан, қисынды сөздермен сөйлесуге тиіс. Демек, ересек адамардың айтуынан естіген жекелеген сөздерді баланың өзі болып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет