Пән: «Биологиялық химия клинико-биохимиялық зерттеу әдістерімен». №21. Тақырып: Бауыр биохимиясы



Дата01.02.2022
өлшемі19,14 Kb.
#24685

Пән: «Биологиялық химия клинико-биохимиялық зерттеу әдістерімен».

21.Тақырып:Бауыр биохимиясы.
Жоспары:

1.Бауырдың ағзадағы қызметі.

2. Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі

3.Бауыр этиологиясы


Бауыр паренхиматоздық мүшелердің арасындағы ең үлкені. Ересек адамда оның салмағы 1,5 кг. Бауыр дене массасының 2-3% -н алғанмен де, оған ағза қабылдайтын оттегінің 20-30% келеді.

Ол келесі негізгі қызметтерді атқарады:

1.Метаболиттік қызмет. Тағамдық заттардың қорытылу өнімдері асқазан-ішек трактісінен қақпалы вена арқылы бауырға түседі. Бауырда белоктар мен аминоқышқылдар, липидтер, көмірсулар, биологиялық активті заттардың (гормондар, биогенді аминдер және витаминдер), микроэлементтердің, судың алмасулары реттелуінің күрделі процессі өтеді. Бауырда басқа мүшелердің қызметіне қажетті көптеген заттардың синтезделуі өтеді, (мысалы, өттің).

2.Заттардың қандағы концентрациясының тұрақтылығын реттеп отыру қызметі. Бауырда көмірсулардың (мысалы, гликогеннің), белоктардың, майлардың, гормондардың, витаминдердің, минералдық заттардың қор ретінде жиналуы өтеді. Ағзаға бауырдан күрделі молекулаларды синтездеуге қажетті құрылымдық блоктар макроэргиялық қосылыстар тұрақты түсіп тұрады.

3.Бөгеттік қызмет. Бауырда, тағам құрамында түскен, ішектерде түзілген, сонымен бірге экзогендік көздер арқылы түсетін бөтен және улы қосылыстардың залалсыздануы (биохимиялық трансформация) атқарылады.

4.Экскреторлық қызмет. Эндо- және экзогендік көздер арқылы түскен әртүрлі заттар бауырдан өт жолдарына түсіп өт құрамыда шығарылады (40-тан астам қосылыс), немесе қанға өтіп, ол арқылы бүйрекке жеткізіліп шығарылады.

5.Гомеостатикалық қызмет. Бауыр қанға әртүрлі метаболиттерді синтездеп, жинақтап, оның тұрақты құрамын ұстауда (гомеостаз), қан плазмасының көптеген компоненттерін трансформациялау және экскрециялауды қамтамассыз етіп маңызды қызметті атқарады.

Бауырдың, мұндай, әртүрлі қызметтері оның өзінің және жеке жасушаларының құрылысының ерекшеліктері бойынша қамтамассыз етіледі. Гепатоцитте эндоплазмалық ретикулумның (жазықта, бұдырлы да) (ЭР) жүйесі жақсы дамыған. ЭР-дің негізгі қызметінің бірі – бұл басқа мүшелерде, ұлпаларда қолданылатын белоктардың (альбуминдердің), немесе бауырда қызмет ететін ферменттердің синтезі. Олардан басқа, бауырда фосфолипидтер, триглицеридтер және холестерол синтезделеді. Жазық ЭР құрамында ксенобиотиктер детоксикациясына қатысатын ферменттер болады.



Бауырдағы заласыздану механизмдері (биохимиялық трансформация механизмі)

Жануарлар ағзасына бөгде заттар тағам құрамында немесе қоршаған ортадан тері және өкпе арқылы түседі. Бұл затттар табиғи (ксенобиотиктер) немесе адамның тіршілігінің өнімдері болуы мүмкін. Олардың көп бөлігі ағзаға, негізінен, жоғары концентрациясында улы әсер береді. Бірақ, ағзада бөгде заттарды биохимиялық трансформациялау жолымен тиімді түрде инактивтеу және шығару механизмдері болады. Бөгде заттарды басқа қосылыстарға айналдыру механизмі қалыпты эндогендік қосылыстар, мысалы, өт пигменті мен стероидтардың ферменттік түрленуіне ұқсас. Биотрансформация негізінен бауырда өтеді.

1. Түрлендіру реакциясы. Реакцияның бұл түрі полярсыз молекулаға қызметші топтарды енгізу немесе оның қызметші топтарын түрлендіру жолымен атқарылады. Бұл өз кезегінде, молекуланың полярлылығының жоғарлауын, биологиялық активтілігінің төмендеуін, улылығының төмендеуін жүргізеді.

Бірақ, кейбір жағдайларда бөгде заттар (кейбір дәрілік заттар және канцерогендер) өздерінің биологиялық активтілігін жоғарыдағыдай түрлендіру нәтижесінде туындатады.

Ең маңызды түрлендіру реакцияларына жатқызылады:

гидролиз реакциясы, - эфирлер және пептидтерді гидролиттік ыдырату (гидролиз), мысалы ауырсынуды басатын зат ацетилсалицил қышқылының гидролизі;

тотығу реакциялары - заттарды гидроксилдендіру, эпоксидтік топты енгізу, сульфоксидтерді түзілдіру, дезалкилдендіру, дезаминдендіру;

тотықсыздану реакциялары-карбонилдік топтарды тотықсыздандыру, азо- немесе нитроқосылыстарды қайта қалпына келтіру, дегалогендеу;

метилдендіру реакциясы, мысалы, катехоламиндердің, норадреналиннің инактивтелуі;

—десульфидтеу реакциясы.

Бұл реакциялар гепатоциттерде жазық эндоплазмалық ретикулумде өтеді. Тотығу реакциясы цитохром Р450 жүйесі арқылы катализделінеді.

Бұл жүйе "индуцибельді", оның активтілігі субстраттар қатысында жоғарлайды, сонан кейін ол әртүрлі субстраттардың метаболиттік трансформациясын атқаруы мүмкін.


Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар:

Негізгі кітап: Кононский А.И. «Биохимия животных» 1992г, 150 бет

Видео сабақ: https://youtu.be/odEUD6IW6wk

1.Бауырдың биохимиялық трансформация механизміне толық сипаттама беріңіз.

2. Метоболиттік механизмін қалай іске асады?

3. Бауырдың ең маңызды түрлендіру реакцияларына нелер жатады?



4. Бауыр этиологиясы не себептен қалыптасады, оның ағзаға қандай зияндығы бар мысал келтіріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет