Пән: геометрия Қысқа мерзімді жоспар №1-сабак



бет20/47
Дата21.02.2023
өлшемі17,5 Mb.
#69740
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Амандасу. Оқушыларды оқу мақсатымен таныстыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару және өтілген материалды қайталау мақсатында алдыңғы тақырып бойынша сұрақ қоюды ұйымдастыру.
Сұрақтар ауызша фронтальді түрде қойылады:
-Айналу денелері дегеніміз не? Мысал келтіріңіздер.
-Неліктен бұл денелерді айналу денелері деп атайды?
-Цилиндрді қалай алуға болады?
-Цилиндр пішінді заттарға өмірден мысал келтіріңіздер.



Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушылармен бірлесе отырып бағалау критерийлерін құру (Слайд 1):
-Конустың анықтамасын тұжырымдайды;
-Конустың элементтерін сызбада көрсетеді;
-Конустысызады;
-Конустың элементтеріне байланысты есептер шығарады.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

http://bilimland.kz/index.php/ru/catalog/structure/876-math.

Сабақтың ортасы



Оқушыларды жұпқа бөлу.Оқушылардың конус туралы білетін мағлұматтарын жинақтау мақсатымен жұптасып таратпа қағазын (Қосымша 1) толтыруға тапсырма беру, нәтижесі ауызша талқыланатынын ескерту.
Жұппен орындауға арналған тапсырмалар (Қосымша 1):
1.Берілген сызбаға қарап конусқа екі түрлі анықтама беріңіз

2.Схема бойынша конустың элементтерін жазыңыз.

Конус элементтеріне анықтама беріңіз.




Жұмыс барысында мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды, сұрақтар қою арқылы бағыт-бағдар береді. Жұмыс соңында бірнеше жұп кезекпен тақтада өз жауабымен бөліседі. Қалған жұптар кері байланыс береді. Мұғалім теориялық мағлұматтарды талқылау барысында конус және оның элементтері туралы презентацияұсыну арқылы сабақтың теориялық бөлімін қорытындылайды. Сөз соңында көлбеу және тік конус болатыны туралы қосымша мәлімет бере отырып, алдағы уақытта тек тік конус қарастырылатыны ескертіледі. Тік конусты жалпы жағдайда жәй ғана конус деп айтады.

Оқушыларға бекітуге арналған тапсырмалар ұсыну. Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды, қажет жағдайда кері байланыс береді.
1. Жұптық жұмыс(Қосымша 2).
№1. Тік бұрышты үшбұрышты әрбір катетінен айналдырғанда пайда болған конустар әрдайым тең болады ма?
Жұптар тең болмайды депқысқаша жауап берген жағдайда , қай уақытта тең болады деген сұрақ қою арқылы толық жауап беруге бағыттау.

№2.Қабырғаларының ұзындықтары 3 см, 4см, 5 см болған үшбұрышты ұзын қабырғасының бойынан айналдырғанда пайда болған фигураны сызып көрсетіңіз. Пайда болған фигура туралы не айта аласыз?




Жұмыс нәтижесін «Аялдама» әдісі арқылы жұптар бірін-бірі тексереді.


2. Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар (Қосымша 3):

№1.Конустың биіктігі 6 см, ал радиусы 3 см. Конус жасаушысын табыңыз.(Жауабы: )


№2.Конус жасаушысы 14 см, ал биіктігі 8 см. Конус табанындағы дөңгелектің ауданын табыңыз. (Жауабы:)
№3. Конус жасаушысы12см тең және табан жазықтығына 30° жасап көлбеген. Конустың радиусы мен биіктігін табыңыз. (Жауабы:)
№4. Конустың табанындағы дөңгелектің ауданы 1600, биіктігі 9. Конустың жасаушысын табыңыз. (Жауабы: 41)
№5. Конус биіктігі 10 тең және конус осімен 60° бұрыш жасайды. Конустың диаметрін және жасаушысын анықтаңыз. (Жауабы: және 20)


Оқушылар жұмыс нәтижесін дайын жауаптар арқылы тексереді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет