Пән Химия Мұғалім


топ. Азот қышқылының химиялық қасиеті



бет8/11
Дата26.04.2022
өлшемі108,83 Kb.
#32421
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2 топ. Азот қышқылының химиялық қасиеті

«Түйіндеме» әдісі

  1. Аты – жөні

  2. Суреті

  3. Туған күні

  4. Мекен – жайы (азоттың периодтық жүйедегі орнын көрсетуіне болады)

  5. Біліктілігі (Тұншықтырғыш иісі бар, қуаты жоғары тотықтырғыш екендігін жазуға болады)

  6. Жағымды қасиеті (негіздік оксидтермен, негіздермен және әлсіз, ұшқыш қышқылдардың тұздарымен әрекеттесу теңдеуін келтіруі мүмкін)

  7. Жағымсыз қасиеті (кейбір металдардың азот қышқылында пассивтенуі)

  8. Жетістіктері (досы HCl мен «патша сұйықтығын» түзетіні, ол ерітіндіде металдардың патшасы алтын еритіндігін келтіре алады)

3 топ. Азот қышқылының қолданылуы және нитраттар

«Галлереяға саяхат» әдісі . (Қолданылу саласы мен кең таралған нитраттар бойынша берілген суреттерді қабырғаға іле отырып суреттерді сөйлетеді, қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсынады. Идеяларын қорғайды немесе мұғалім ұсынған ресурстан бөлек өзіндік идеяларын ұсына алады. Қосымша мәтін беріледі)

(Топтардың жұмыстары тыңдалады, өзге топтар алдында қорғалады)

Бағалау: Эдвард Бононың «6 қалпақ» әдісі арқылы топтар бір – бірін бағалайды. (Топтарға 6 түрлі қалпақ ұсынылады. Әр критерийге сәйкес түсті қалпақ көтеру арқылы бағаланады.)

Бағалау критерийлері:

  1. Тақырып мазмұнының ашылуы (ақ қалпақ)

  2. Креативтілігі (жасыл қалпақ)

  3. Жұмыстың безендірілуі (сары қалпақ)

  4. Топтағы оқушылардың толық қамтылуы, белсенділігі (қызыл қалпақ)

  5. Қорытындылануы (көк қалпақ)

  6. Ұсыныс (қара қалпақ)

Қорытынды: Мұғалім жоғарыда аталған әдіс арқылы топтарды өзі бағалайды. Топтардың бір – бірін бағалауына толықтыру беріп өтеді. Жалпы мәтінмен жұмысты түйіндейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет