Пән Химия Мұғалім



бет9/11
Дата26.04.2022
өлшемі108.83 Kb.
#32421
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
(Т) Тапсырма №1 Quizlet бағдарламасы арқылы 10 сұрақтан тұратын тесттік тапсырма орындайды:

(ҚБ) Жіберілген қателіктер алдымен топта сосын барлық сыныппен талданады

Мысалы: (М): қай сұрақта қателік болғанын сұрайды

(О): топта жіберілген қателікті ұсынады

(М) сұрақтың дұрыс жауабын топта келтіруді ұсынады

(О) неліктен бұл жауап дұрыс екенін түсіндіреді,

(М) дұрыс жауапты барлық сыныппен талқылауды ұсынады

(Т), (Э) Тапсырма №2. 13 зертханалық жұмыс

Реактивтер: азот қышқылы, натрий гидроксидінің ерітінділері, бор, мыс оксиді, лакмус

Құрал – жабдықтар: сынауықтар, сынауыққа арналған тұрғы, спиртшам

1 топ. 1 – тәжірибе. Азот қышқылының сынауықтағы ерітіндісіне лакмус қосып, үстіне натрий гидроксидін ақырындап тамызыңдар. Бақылағандарыңды жазыңдар.

Дескрипторлар:



  1. Қауіпсіздік ережесін еске түсіреді;

  2. Зертханалық жұмысқа берілген заттармен танысады;

  3. Бейтараптану реакциясын жүргізеді;

  4. Лакмус ерітіндісінің түсінің өзгеруін түсіндіреді;

  5. Реакция теңдеуін келтіреді, қорытындылайды;

2- топ. 2 – тәжірибе. Сынауыққа аз мөлшерде мыс (II) оксидін салып, үстіне сұйылтылған азот қышқылын қосыңдар. Ерітіндінің түсі қандай? Қысқышпен ұстап сынауықты аздап қыздырыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгерді? Түстің өзгеруі нені білдіреді? Дескрипторлар:

  1. Қауіпсіздік ережесін еске түсіреді;

  2. Зертханалық жұмысқа берілген заттармен танысады;

  3. Бейтараптану реакциясын жүргізеді;

  4. Ерітіндінің түсін анықтайды;

  5. Реакция теңдеуін келтіреді;

  6. Қыздырған кезде ерітіндінің түсінің өзгеруін түсіндіреді;

  7. Егер ерітіндінің түсі өзгерсе, өзгеру себебін болжайды;

  8. Қорытындылайды

3- топ. 3 – тәжірибе. Сынауыққа аздап бор ұнтағын салып, үстіне сұйылтылған азот қышқылын қосыңдар

Дескрипторлар:



  1. Қауіпсіздік ережесін еске түсіреді;

  2. Зертханалық жұмысқа берілген заттармен танысады;

  3. Бейтараптану реакциясын жүргізеді;

  4. Тәжірибе кезінде бөлінген газды болжайды;

  5. Реакция теңдеуін келтіреді, қорытындылайды;

Бағалау: «Бағалау сэндвичі» әдісі бойынша топтар бір – бірін бағалайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет