Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су



бет1/4
Дата27.11.2022
өлшемі74,55 Kb.
#53082
түріСабақ
  1   2   3   4

Сабақ жоспары

Пән: Жаратылыстану
Сынып: 4
Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.



Мектеп: Пригород ЖОББМ
Мұғалім: Сартаева Ж.Б
Қатысқандар саны:
Қатыспаған оқушылар:

Күні

28.11.2019ж

Тақырыбы

Ауа қалай қозғалады?

Оқу мақсаты

4.3.2.4 ауаның табиғаттағы орын ауыстыру процесін түсіндіру;
4.1.2.1 зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

ауаның табиғаттағы орын ауыстыру үдерісін сипаттайды;
ауаның қозғалысына мысал келтіреді.

Бағалау критерийі

Ауаның табиғаттағы орын ауыстыру процесін сипаттайды
Ауа қозғалысына мысал келтіреді.

Тілдік мақсат



Пәндік терминология мен тірек сөздер: ауа қозғалысы, жел

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу

АКТ қолдану дағдылары

Үлестірмелі парақшалар, видео, қатты қағаз, желпуіш(веер), түтікше, шар, целлофан, маркерлер, фенн, майшам, сіріңке, қыстырғыштар, салқындатқыш.

Алдыңғы меңгерілген білім

Ауаның құрамын, оның қасиеттерін біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин



2 мин

Ұйымдастыру кезеңі(амандасу, түгендеу)
«Атомдар мен молекулалар» ойыны
Оқушыларға мұғалім бәріміз молекулалар сияқты жалғыз қимылдаймыз дейді.Молекулалар бірігіп-бірігіп, екеу болады, сосын үшеу болады, атомдар түзіледі. Оқушылар молекулалардан атомдар түзілу арқылы топтасады.
Жұмбақтар:

  1. Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (ауа)

  1. Аяқсыз жетіп барады,

Қолсыз есік қағады. (жел)

  1. Аспандағы алып доп,

  2. Жарқырайды жарық боп. (Күн)

«Миға шабуыл» (топпен талқылау)
- Ауа деген не?
- Ауаның құрамын ата. (азот, оттегі, көмірқышқыл газ)
- Ауаның қандай қасиеттерін білесің? топта ауаның бар екенін қалай дәлелдеу.


Тірек сөздер:
ауа қозғалысы – движение воздуха- air movement
жел-ветер- wind
Мысалы,желпуішпен желпу; целлофанның ішіне ауа толтыру, шарды үрлеу, түтікшені үрлеу, т.б.

Топқа бөлу

Үш топқа жұмбақ тарату.Шешкен топты отырғызу.


(ауа, жел, жылу)
Топтарға бөліп отырғызу

Топқа не себепті ауа, жел, күн боп бөлінгендерін пысықтау, сабақ мақсатын анықтау.


Үш тілде айту.


Желпуіш, шар, целлофан, түтікше, т.с.с.

Сабақтың ортасы

28 мин


Сергіту сәті
«Австралия жаңбыры»



Топтық жұмыс. Ауаны не үшін салқындатады?
Желдеткішті ашып көру немесе салқындатқышты қосу.
Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме жүргізу.
- Суық ауа қандай бағытта қозғалады? Ол қандай түспен көрсетілген?
- Жылы ауа ше? Ол қандай түспен берілген?
- Салқындатқын неліктен есіктің жоғарғы жағына, ал батарея терезенің астына орналастырылған?
- Салқындатқыш не үшін қолданылады?
Зерттеу
Ресурстар: А4 қағаз, қайшы, жіп, қарындаш, қағаз қыстырғыштар, электрлік жылытқыш құрал (радиатор) немесе майшам, зерттеу нәтижесін тіркейтін парақ пен маркер. Егер сынып бөлмесіндегі радиатор жабық болса немесе электрлік жылытқыш құрал әкелуге мүмкіндік болмаса, майшам қолдануға болады, алайда мұндай жағдайда тәжірибені мұғалімнің басшылығымен жүргізу ұсынылады.
Зерттеу жүргізуге aрнaлғaн нұcқaулықпен таныстыру.
1. А4 парағына үлгі бойынша тұйықталмаған шеңбер­лерден спираль суретін салу.
2. Спираль суретін қайшымен қиып алу.
3. Спиральдің бір ұшына (шеңбердің ең ортасындағы) жіп тағып, қағаз қыстырғышпен (скрепка) қыстыру не степлермен бекіту.
4.Спиральді жылу батареясы немесе электрлік жылытқыш құралдың үстіне жібінен ұстау. Сәлден соң қозғала бастаған спиральді бақылау.
5. Бақылау нәтижесін тіркеу.
6. Қорытынды жасау.
Зерттеу бойынша жылы ауа жоғары көтеріледі, пайда болған ауа қозғалысы спиральді де қозғалысқа келтіреді, ауаның жылиды және жылы ауаның жоғары көтеріледі деген қорытынды жасайды.

  • Зерттеу жұмысын қандай әдіс қолданып жүргіздіңдер?

  • Қай жұмыс түрі бақылау болды?

  • Жұмыстың қай түрі эксперимент болады?

  • Қай кезде қай әдіс тиімді болды?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет