Пән: Жұбановтану



Дата16.03.2023
өлшемі13,72 Kb.
#74824
түріЛекция

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

ОСӨЖ-4
Пән: Жұбановтану
Тақырып: Қ. Жұбановтың «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен
лекциялар»еңбегіндегі фонетика мәселелері

Орындаған: Сагиева А


Тексерген:Миров М
Қазақ тілі дыбыстарының буын ішінде үндесіп барып сөз құрайтынын аңғарған Қ.Жұбанов «қазақ тілі буыншыл тіл»деп жаңалық айтқан болатын. Ғалымның «Ауыл мұғалімі «журналында жарық көрген «Буын жігін қалай табуға болады»деген мақаласында буын жайындағы айтқан пікірлерінің маңызы артып, бүгінгі күні тілшілер ұстанатын қағидаға айналды деуге болады. Қ.Жұбанов буынды тілдің көп қырлы, күрделі жүйесі деп таниды да оған мынадай сипаттама береді :1)буын мен емленің байланысы;2)буын мен сөз тудыру ;3)буын мен сөз түрлендіру ;4)буын мен сөз екпіні ;5)буын мен сөз сазы (интонация) 6)буын және сөз мәнері ;7)буын және өлең құрылысы.

Қ.Жұбанов дыбыс, буын, сөз, сөйлем дегендердің тіл тарихында дүниеге келіп, шығуын бұлайша танып келудің себебі не деген мәселеге жауап береді :бірінші себеп – дыбыстар бір кездері, қазіргідей басы ашық, бөлектенген емес. Екінші себеп – дыбыс қаланған кірпіш сияқты, сөз жасайтындай көрінеді. Дыбыстардың санына қарай, қазақ сөзінің буындары а) бір дыбысты, б) екі дыбысты, в) үш дыбысты, ғ) төрт дыбысты. Буын теориясы фонетикадағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Қазақ тіл білімі тарихында буын типологиясы туралы алғашқылардың бірі болып пікір айтып алғашқылардың бірі болып пікір айтып зерттеу жүргізген Қ. Жұбанов болып табылады.



«Сөзді бөліп бөліп айту керек болғанда үйір-үйірімен бөлсе, дыбыстары өзшермейді. Үйірін бұзып бөлсе омыртқаны буынсыз жерден бөлгендей болып, сөздің дыбыстарының бірі үзіліп, біріне артық дыбыс қосылып, қалпы бұзылады», - дейді Қ. Жұбанов демек, буынның жігін таба білу буын теориясының басты қажетілігін екендігін де ғалым ерекше атап көрсеткен.

Қорытынды. Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық  бөлшек буын деп аталады.
Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауыстыдыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, қарлығаштардың  деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет