Пән: Сандық әдістер Орындаған: Айдарханова Аида Еңбекті ұйымдастыру және нормалау 242-топ Ғылыми жетекші



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі0,51 Mb.
#14997
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

НАРХОЗ университеті


Жоба

Тақырыбы: Тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшеріне зерттеу

Пән: Сандық әдістер

Орындаған: Айдарханова Аида

Еңбекті ұйымдастыру және нормалау 242-топ



Ғылыми жетекші: аға оқытушы Елшібаева А.З.

Алматы, 2019

Жоспар:

I. Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1. Әсер етуші факторлардың тығыздығын анықтау

2.2. Корреляциялық кесте

2.3. Көптік регрессия

2.4 . Тренд теңдеуін тұрғызу

2.5 . Экономикалық-математикалық моделдеу

III.Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

V. Қосымша

I.Кіріспе

Әр адам қарттық келген шақта бейнетінің зейнетін көргісі келеді. Бойдан – қуат, қолдан – күш кеткен уақытта, қазақстандықтар еңбегінің жемісі ретінде зейнетақысын жеткілікті деңгейде тұрақты алуы үшін ел үкіметі 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізді. Бұл ретте Чили елінің зейнетақы жүйесі негізге алынғаны белгілі. Жүйе тірі ағза секілді дамып, жетіліп отырады. 20 жыл ішінде ол талай кезеңдерді бастан кешірді.

Алғашқы жылдары жеке зейнетақы қорлары жұмыс істеп, азаматтар өз жарналарын аударатын қорды таңдау құқығына ие еді. Алайда жеке қорлардың басшылығы зейнетақы активтерін көп жағдайда барынша табысты және тәуекелі жоғары қаржы құралдарына инвестициялады. Қорлардың көзсіз инвестициялық саясаты кей жағдайларда табыс емес, шығынға әкеп соқтырғаны жасырын емес. 2013 жылдың күзі мен 2014 жылдың көктемі аралығында барлық жеке қорлардағы зейнетақы активтері «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры базасында құрылған жаңа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына толығымен шоғырландырылды. Қазіргі уақытта Қордағы жеке зейнетақы шоттарының саны 10 миллион бірліктен, ал зейнетақы жинақтарының сомасы 8 триллион теңгеден асты. Бұл орайда «Pro Gente» экономикалық зерттеу орталығының жетекшісі Мақсат Халық «20 жыл ішінде жүйенің жеткен жетістіктері де, кемшіліктері де бар», – деген пікірде.

Бүгінде Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұрады:

1) мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және жасына (еңбек өтіліне) байланысты ортақ зейнетақы;

2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына негізделген міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі;

3) ерікті зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе.

Сала мамандарының есептеуінше, зейнетақы жүйесі толық күшінде жұмыс істеуі үшін шамамен 40 жыл уақыт керек екен.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет