Пән: Технологиялық жабдықтарды типті бөлшектері мен түйіндерін жөндеу технологиясы. Тақырып



Pdf көрінісі
Дата12.04.2022
өлшемі0,5 Mb.
#30728


Күні: 09-12.01.2021 

Пән: Технологиялық жабдықтарды типті бөлшектері мен түйіндерін жөндеу технологиясы.  

Тақырып: 

Біліктер мен осьтерді топтық әдіспен жөндеу.

 

Мақсаты: Біліктер мен осьтерді жөндеу әдістерін, технологиялық топтарын анықтауды, 

біліктерді қалпына келтіру әдіс тәсілдерімен таныстыру.



 

Машина детальдары мен тораптарын жөндеу технологиясы 

Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен) 

Біліктер  класына  айналу  денелеріне  ұқсас  пішіні  бар  және  айналу  моментін  бере  алатын 

детальдар  жатады.  Біліктер  мен  осьтерде  төмендегідей  ақаулар  болуы  мүмкін:  отырғызу 

мойыншаларының  тозуы;  бұранда,  оймакілтек  ойықтарының  жұмыс  беттерінің  мыжылуы  мен 

тозуы; біліктің майысуы; сызаттар мен бүлінулер және т.б. 

Біліктің  немесе  осьтің  майысуын  оны  салқын  күйінде  немесе  алдын  ала  қыздыру  арқылы 

түзетеді.  1  м  ұзындықтағы  диаметрі  80  ммге  және  майысуы  8  мм-ге  дейінгі  біліктерді  салқын 

күйінде  престерді  пайдалану  арқылы,  ал  өлшемдері  бұдан  жоғары  біліктерді  қыздырудың 

көмегімен түзетеді. Өңделген біліктердің үлкен емес майысуларын (1 м білік ұзындығына 0,1...0,3 

мм)  ажарлаумен-ақ  жөндейді.  Түзетуден  соң  ішкі  кернеулерді  түсіру  үшін  білікті  термиялық 

өңдеуге салады (450

Сқа дейін қыздырып, осы температурада 0,5...1 сағат аралығында ұстау). 



Біліктердің 

отырғызу 

мойыншаларын 

номиналды 

өлшемге 

дейін 


балқытумен, 

металдандырумен,  электролиттік  жабындымен,  полимерлермен,  пластикалық  деформациялау 

тәсілімен,  втулканы  престеумен  және  т.б.  қалпына  келтіреді.  Отырғызу  мойыншаларының 

өлшемдерін  қалпына  келтірудің  ең  көп  тарағаны  –  балқыту  тәсілі.  Балқытуды  көбінесе  бұрама 

сызық  бойымен  орындайды  (5.1  а-сурет),  ал  қаттылығы  жоғары  емес  біліктерді  жөндеуде 

білікшелерді біртіндеп қою тәсілі қолданылады (5.1 ә-сурет). Балқымадан соң білікті қажетінше 

түзейді, мойыншаларды номиналды өлшемге дейін ажарлайды. 

 

5.1- сурет. Біліктерді балқытып қаптастыру сұлбалары : 



1 – бұрама сызығымен; ә – білікшелер қоюмен; сандар білікшелерді қою ретін көрсетеді 

Біліктердің  оймакілтекті  беттерінде  тозық,  майысу  және  жұмыс  беттерінің  желінуі  байқалуы 

мүмкін.  Диаметрі  80  мм-ден  жоғары  біліктердің  оймакілтекті  бөліктерін  қолдық  немесе  бойлық 

білікшелермен автоматты түрде балқытады. Біліктің деформациясын азайту үшін балқыманы 5.2-

суретте  көрсетілгендей  кезекпен  қояды.  Оймакілтек  ені  5  мм-ге  дейінгі  оймакілтекті  беттерді 

көбінесе толықтай балқытады. Жөндеудің кез келген тәсілінде оймакілтектердің соңғы өлшемдерін 

механикалық өңдеумен алады. 

 

5.2-сурет. Оймакілтектік біліктерді балқытып қаптастырудың реті  



( сандар балқытып қаптастырудың кезегін көрсетеді ) 


Кілтек  ойықтарында  да  оймакілтектердегідей  ақаулар  болуы  мүмкін.  Кілтек  ойығының  ені 

бойынша  15%-ға  дейін  тозуы  байқалған  жағдайда  оның  жөндеу  өлшемін  фрезерлеу  арқылы 

алады.  Егер  ойық  енін  үлкейту  арқылы  оның  геометриялық  формасына  қол  жеткізе  алмаған 

жағдайда, бұзылған ойыққа 90...120

0

С-қа жылжытып, жаңасын фрезерлейді, ал ескісін балқытып 



жауып  тастайды.  Шамалы  желінген  бұрандаларды  токарь  станогінде  бұрандакескіш  көмегімен 

немесе темірұсталық әдістермен түзетеді. 

Білік  класына  жататын  детальдарды  топтық  әдіспен  жөндеудің  типтік  технологиялық 

маршруттарын жасау үшін оларды төрт технологиялық топқа біріктіреді. 

Бірінші топқа токарлық-бұрамакескіш және дөңгелек ажарлау станоктарында ұсталық және 

механикалық өңдеу арқылы жоюға болатын ақаулары бар біліктер жатады.  

Екінші  топқа  токарлық-бұрамакескіш,  фрезерлік  және  дөңгелек  ажарлау  станоктарында 

ұсталық және механикалық өңдеу арқылы жоюға болатын ақаулары бар біліктер кіреді. 

Үшінші топқа тозған (бүлінген) беттерді өсіруді талап етіп, сонан соң токарлық-бұрамакескіш 

және ажарлау станоктарында ұсталық және механикалық өңдеу арқылы жоюға болатын ақаулары 

бар біліктерді біріктірілген. 

Төртінші  топқа  токарлық-бұрамакескіш,  фрезерлік  және  ажарлау  станоктарында  ұсталық 

өңдеумен,  тозған  беттерді  өсірумен  және  өсірілген  беттерді  механикалық  өңдеумен  жоюға 

болатын  ақаулары  бар  біліктер  кіреді.  Жөндеу  кезінде  өңдеу  сипатына  байланысты  алынған 

біліктер  класына  кіретін  детальдар  классификаторының  жобалық  мазмұны  мен  көп  кездесетін 

ақаулары 5.1 және 5.2-кестелерде берілген.  



5.1- кесте Біліктердің сипатты ақаулары 

Ақаулар сипаты

 

Біліктер класына кіретін детальдардың технологиялық тобы



 

1

 



2

 

3



 

4

 



Білік майысуы

 

+



 

+

 



+

 

+



 

Сырғанау 

мойынтіректеріндегі 

тірек 


мойыншаларының 

тозуы


 

+

 



+

 

+



 

+

 



Шариктік 

және 


аунақшалы 

мойынтіректердегі 

тірек 

мойыншаларының 



тозуы

 

-



 

-

 



+

 

+



 

Отырғызу 

мойыншаларының 

тозуы


 

-

 



-

 

+



 

+

 



Кілтек 

ойықтарының тозуы

 

-

 



+

 

-



 

+

 



Оймакілтектердің 

тозуы


 

-

 



-

 

-



 

+

 



Бұранданың мүжілуі 

немесе үзілуі

 

+

 



+

 

+



 

+

 



Ескерту. «+» – ақау болуы мүмкін; «-» – ақау болуы мүмкін емес 

2- кесте  Жөндеу кезінде өңдеу сипатына қарай біліктердің классификациясы 

Өңдеу сипаты

 

Біліктер класына кіретін детальдардың технологиялық тобы



 


1

 

2



 

3

 



4

 

1



 

2

 



3

 

4



 

5

 



Ұсталық 

(тазалау, 

білікті  ауытқымаға 

тексеру )

 

+

 



+

 

+



 

+

 



1

 

2



 

3

 



4

 

5



 

Токарлықбұрамакеск

іш станоктарда өңдеу

 

+



 

+

 



+

 

+



 

Фрезерлік 

станоктарда өңдеу

 

-



 

+

 



-

 

+



 

Дірілдоғалы 

балқыма өңдеу

 

-



 

-

 



+

 

+



 

Флюс 


қабатымен 

балқытып өңдеу

 

-

 



-

 

-



 

+

 



Термиялық өңдеу

 

-



 

-

 



+

 

+



 

Ажарлау 


станоктарында өңдеу

 

+



 

+

 



+

 

+



 

Ескерту. «+» – өңдеу қажет; «-» – өңдеу қажет емес. 

    Сұрақ: Біліктер зақымдануының қандай түрлерін білесіз?  



    Тапсырма: Оларды жою тәсілдерін атаңыз.

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет