Пәнді оқытудың мақсаты



бет1/17
Дата03.03.2023
өлшемі1,99 Mb.
#71419
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерге тілдің фонетикасынана лексикологиядан сөзжасамнан морфологиядан және синтаксистен жүйелі білім беру мақсатын көздейді. Білім алуыларға тілдің қоғамдық мәні және оның ойлауымен байланысы туралы түсінік беру, үндесу заңдылықтарын, орфоэпиялық орфографиялық ерекшеліктерді меңгеру, сөз мағынасының түрлерін айыра білуін, сөзжасамның негізгі тәсілдерін таныту және морфемаларды меңгеруін, сөз таптарын жеке-жеке таныту, сөйлем мүшелерін таныту, олардың синтаксистік қызметін байқай білуін және сөйлемнің айтылу мақсатына, құрылысына қарай бөлінетін түрлерімен таныстыра отырып, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін меңгерту. Сауатты жазуға үйрету.

Міндеттері: Осы мақсаттан мынадай міндеттер туындайды:
- тілдің қоғамдық мәні және оның ойлауымен байланысы туралы түсінік беру, үндесу заңдылықтарын беру;
- орфоэпиялық орфографиялық ерекшеліктерді меңгеру;
- сөз мағынасының түрлерін айыра білу;
- сөзжасамның негізгі тәсілдерін таныту және морфемаларды меңгерту;
- сөз таптарын жеке-жеке таныту; сөйлем мүшелерін таныту;
- олардың синтаксистік өызметін байқату;
- сөйлемнің айтылу маөсатына және құрылысына қарай бөлінетін түрлерімен таныстыра отырып, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін меңгерту;
- сауатты жазуға үйрету.

Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: Фонетикалық, семантикалық, грамматикалық, мәтіндік және прагматикалық ерекшеліктерді қоса алғанда, тілдік қолданудың теориялық аспектілерін меңгеруді көрсетеді.



Пререквизиттер: Қазіргі қазақ тілі пәнін игеру үшін қажетті білімдер мен дағдылардың жинағы. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, лексикологиясы, сөзжасамы, морфологиясы, синтаксисі салаларын толық және жан-жақты білімді болу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет