Пәні: Бағалаудың өлшемдік технологиялары



бет14/18
Дата18.01.2023
өлшемі174,67 Kb.
#61750
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
5 билет 3 сұрақ примерно


№18

Сұрақтар/тапсырма

1

Педагогикалық тестің құрылымы. Топта тест жүргізудің әдісін жасаңыз
Тест оқушы білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше формасы болып табылады. Тарихи тұрғыдан тесттердің ең көне түрі оқушылардың дарындылығы немесе олардың ақыл-ойының жалпылама даму барысын тексеруге қолданылған. Бұл тесттер оқушының белгілі бір мәліметті жадында сақтау қабілетін, ынтасын, зеректігін, нақтылы көріністі көз алдына елестету қабілетін тағы басқа маңызды сипаттарды анықтауға көмектеседі деп есептеледі. Қазіргі педагогикалық практикада тестер өте жиі пайдаланып келеді. Оларды қолдану аясы да күннен күнге ұлғайып барады: оқушылардың бір пәннің бір тақырыбынан ғана алған білімін тексеруден бастап, жоғары оқу орындары мен мектеп пәндерінің барлығынан да жаппай осы тест жүргізу әдісіне көшуге бет бұрып келеміз.
Тестілеу – өзіндік және педагогикалық білім модельдерінің сәйкестігін бағалау процесі.
Әр пәннің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оқыту процесінде пайдаланылатын тестік тапсырмалардың да өзіндік ерекшеліктері бар болады. Берілетін сұрақтарды және тапсырмаларды нақты, жеткілікті анық, түсінікті және ой тұжырымын жасауға ыңғайлы етіп жасау қажет. Осыған сәйкес тестердің жауаптарды да қойылған мақсатқа сай мүмкіндігінше қысқаша, нақты, анық және дәл болуы тиіс. Топта тест жүргізу әдісін қолдануға болады. Топта тест жүргізу барысында оқушылардың деңгейіне,сабақ үлгеріміне байланысты қойылады.

2

Рефлексиялық оқыту бойынша бағалау әдісін талдаңыз
Рефлексиялық оқытуға балалардың үйренгендері жайында сын тұрғысынан ойлау кіреді. Бұл олар көрсеткен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын зерттеуді, жазып алуды және бағалауды талап етеді. Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі белгілі бір дәлелдерді талқылап, қарастыруды қажет ететін тапсырмаларды орындау барысында көрініс береді. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері:
Ұтымдылық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақ қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзіндік сана-сезімге қатысты эмоция да болуы ықтимал).

3

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдаңыз 17билет 3сұрақ 19 билет






№19

Сұрақтар/тапсырма

1

Білім алушылардың мотивациясын жоғарылату құралы ретінде оқу нəтижелерін бағалаудың маңызын түсіндіріңіз
Мотивация отандық және шет ел психологиясындағы іргелі проблемалардың бірі болып табылады. Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс- әрекетін, мінез-құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты. Оқу мотивациясы оқу іс-әрекетіне, оқудағы іс-әрекетке енетін мотивациялардың жеке түрі ретінде анықталады. Кез келген басқа түр сияқты оқу мотивациясы да осы іс-әрекетке тән өзгеше факторлар қатарымен анықталады. Оқушылардың оқуға деген мотивациясын көтеру қаншалықты маңызды болса мұғалімдердің мотивациясы соншалықты маңызды. Мектеп оқушыларының оқу мотивациялық аясын талдау үшін олардың оған деген қатынасының сипаты маңызды. Блум токсономиясына сәйкес оқу мақсаттарының мынадай меңгеру деңгейлерін көреміз:1.Білу- оқыған материалды нақты дәлелдермен біртұтас теорияға дейін жадыда сақтау және қайталау. Білім алушы терминдерді, нақты дәлелдерді, әдістер мен тәртіптемені, негізгі ұғымдарды, ережелер мен қағидаттарды есіне түсіреді. 2. Түсіну- материалды бейнелеудің бір үлгісінен екінші үлгісіне өзгеруі, оны интерпретациялау, құбылыстың, оқиғаның келешекте дамуы жөнінде болжам жасау.3.Қолдану- меңгерілген жаңа білімдерді нақты жағдайда түрлі жағдаяттарда пайдалана білу. 4.Талдау- бүтіннің элементтері мен қасиетін талдай отырып, оның қасиеттерін анықтау. 5.Жинақтау- бүтін нысанды әр қырынан алып қарастырып, оның қасиет ерекшелігін, жеке бөлек-бөлшектеріне құрастырып бір бүтін жасау. 6.Бағалау- материалдың маңызын бағалай алу біліктілігі. Критериалды бағалау білім алушы өз жетістіктері мен кемшіліктерін туралы ақпарат алатын кері байланыс функциясын орындайды.Сондықтан аралық жұмыстың ең қанағаттанарлықсыз нәтижелерін оқушы өз нәтижелерін жақсарту үшін берілген ұсынымдар ретінде ғана қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет