Пәні: Бағалаудың өлшемдік технологиялары



бет8/18
Дата18.01.2023
өлшемі174,67 Kb.
#61750
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Бағалау жүйесі – бұл оқыту мәселелерін болжаудың және жетістіктерін өлшеудің негізгі құралы.
Диагностика – бұл дидактикалық процестің нәтижесін анықтау. «Диагностика» түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда кең және терең. Диагностика бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, жобалануын қамтиды. Диагностикалаудың маңызды бөлігі – қадағалау. Мән-мағыналық тұрғысынан, бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу әрекеттерінің нәтижесі жөніндегі мәліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Қадағалау нәтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қанша дәрежеде жемісті болғанын пайдаланғанын сарапқа салады.
Қадағалау түрлері:
Алдын-ала; Ағымдық;
Мерзімдік; Тақырыптық;
Қорытынды; Өтілген материал ізімен;
Ауызша; Жазбаша; Тәжірибелік;
Мониторинг – мектепті көп деңгейлі басқарудағы маңызды жүйелердің бірі. Ол диагностика жүргізілуін және болжамдалған нәтижелерге сәйкес мектептердің оңтайлы қызмет етуін қамтамасыз етеді. Мониторингтегі жүйе құрайтын құрылым білім беру мекемелерін қолданатын бақылау түрлерін түгел өзара іс-әрекеттегі элементтердің бірыңғай құрылымына біріктіруге мүмкіндік береді. Мақсаттары да, қаржылары да ортақ бұл элементтер мынадай принциптер негізінде қызмет етеді: жүйелік, циклдік, кезеңділік, оқиғаларды тікелей бақылау нәтижелері бойынша бағалау.




10

Сұрақтар/тапсырма

1

Биология сабағында формативті бағалауды қолданудың әдісін талдаңыз
1 билет 1 сұрақ

2

Интерпретацияға анықтама беріп, талдаңыз
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау. Блум таксономиясында қолдануға болады. Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге, мәселен, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі қадағалау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болар; немесе мінез-құлыққа қарап логикалық қорытынды жасауға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның миында болып жатқан құбылыстың нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды.

3

Топтық жұмысты бағалау əдістемесін жасаңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет