Пәні: Сұрақтар 13. Баланы халық даналығына баулудағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні



бет1/2
Дата16.03.2023
өлшемі18,72 Kb.
#74778
  1   2

Жауап парағы
Аты-жөні:
Оқу тобы:
Институт: Педагогика және дәстүрлі өнер институты
Пәні:
Сұрақтар
13. Баланы халық даналығына баулудағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні
Мақал-мәтел – әрі қысқа, әрі нұсқа айтылған сөз мәйегі, ой маржаны. Мақал-мәтел бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған. Мақалдар мен мәтелдерде айтылмайтын, сөз болмайтын өмір саласы жоқ десе де болады. Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікір айтылады. Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысқан. Сөйтіп, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, қорытып береді. Онда халық тарихы, әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі кең көрініс тапқан. Мақал менен мәтелдерде халқымыз жақсылық пен жауыздықты, адамдық пен арамдықты, еңбеккерлік пен еріншектікті, жомарттық пен сараңдықты салыстыра сөз етеді, жамандық пен жауыздық қылықтардың барлығын батыл сынап, жұртшылыққа адамгершілікке тән мінез, қылықтардың барлығын ұсынады. «Мақал – сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Олар халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Мақал-мәтелдердің басты тақырыбының бірі – Отан, туған жер, атамекенге байланысты. Мақал-мәтелдердің үлкен бір саласы еңбекке арналған. Халық еңбекті әр уақытта ардақтап, бүкіл игіліктің көзі деп таныған. Бұл «Еңбек түбі – береке», «Еңбек етсең, емерсің», «Ер дәулеті – еңбек», «Бейнет, бейнет түбі – зейнет деген
мақалдардан айқын аңғарылады. Халық еңбек пен бақытты егіз деп қараған. Адамды ер атандырып, құрмет, қуанышқа жеткізетін де еңбек деп білген. «Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет», «Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік мұратқа жеткізер», «Еңбек еткен – мұратқа жеткен», «Әрекет болмай, берекет жоқ», «Еңбексіз рақат жоқ», «Бір еңбектің көп рақаты бар», «Біткен іс – піскен жеміс» деп, халық еңбекті мейлінше дәріптеген. Сонымен қатар жалқаулықты, еріншектікті мінеген. «Ақымақ күлкіге тоймас, жалқау ұйқыға тоймас», «Жұмысы жоқтық – ырысы жоқтық», «Еріншектің егіні піспес», «Еңбек адамды бүтіндейді, жалқаулық адамды түтіп жейді», «Жақсы болар жігіттің жұмыссыз жүрген күні жоқ, жаман болар жігіттің еш жұмысқа қыры жоқ» деп, халқымыз жалқаулықты шеней отырып, еңбек адамының беделін биіктетіп отырған. Қазақ мақал-мәтелдері – ертек, аңыз-әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жанр.
Халықтық мәдени тәрбие беру ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі, балалар арасындағы тәрбие жұмыстарының мақсаттары, міндеттері мен тәсілдері бір-бірімен байланысты жинақталған. Сондықтан тілімізге мемлекеттік мәртебе берілуіне, республикамыздың тәуелсіздік алуына байланысты тарихымызды, мәдениетімізді, бүкіл адамгершілік рухани қазынамызды ғылыми жүйеге келтіріп, оны ұрпақ тәрбиесіне орынды пайдалануымыз керек. Бұл салада мұғалімдердің алдында күрделі де жауапты міндеттер тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет