Пәннің мақсаты мен міндеттері


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



жүктеу 1.5 Mb.
Pdf просмотр
бет10/15
Дата22.12.2016
өлшемі1.5 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 
1.
 
Дели сұлтандығын кім құрды? 
2.
 
1347 жылы деканда қандай мемлекет құрылды? 
3.
 
Феодалдық жер иеленудің басты түрі? 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
8 Дәріс. ХІV – ХҮ ғғ. Тропикалық Африка. 
Негізгі сұрақтары: 
1. Батыс Африка мемлекеттеріндегі феодалдық қатынастар. 
2. Х―ХV ғғ. Гана, Мали, Сонгай. 
 
          Орталық  және  Батыс  Суданның  халықтары  ежелден  егіншілікпен 
айналысты,  сахараның  Оңтүстік  шекарасында  көшіп-қонып  жүретін  малшы 
берберлер  тайпасымен  айырбас  жасап  отырды.  Батыс  Суданның 
солтүстігінде,  Сахель  зонасында  VІІ―VІІІ  ғасырларда  халықтардың  саяси 
бірлестіктерінің  орталықтарына  айналған  сауда  пункттері  ―  Аукар,  Мали, 
Томбукту,  Уалата,  Гас  қалыптасты.  Бұл  қалалардың  бәрі  Батыс  Судан 
аудандарын  бір-бірімен  байланыстыратын  керуен  жолдарының  маңызды 
буындары  болды.  Нигер,  Сенегал,  Гамбия,  Гульбин,  Сокото,  Камадугу 
өзендері де маңызды көлік-сауда жолдары болды. Айырбастың басты заттары 
ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының өнімдері, тұз, алтын болды. 
Ал Батыс Суданның Оңтүстігі алтын мен кола жаңғағына бай болды. Батыс 
Судандағы айырбастың құралы кауридің қабыршығы, мыс және мата  
қиындылары  болды.  Нигер  өзенінің  жоғарғы  және  орта  ағысы  бассейнінде 
Гана,  Мали,  Сонгай  мемлекеттік  /құрылымдар/  бірлестіктері  қалыптасты. 
Сенегал  бассейнінде  волоф,  серер,  тукулер,  фульбе  халықтары  мен 
тайпаларының  мемлекеттік  бірлестіктері  пайда  бола  бастады.  Чад  көлінің 
солтүстік және батыс жағалауында ортағасырлық Борну, Канем мемлекеттері 
және  Хаустың  қала  мемлекеттері  құрылды.  Судан  ―  Африканың  Солтүстік 
ендіктегі  8°  дейінгі  тарихи  облысы.  Ол  Атлант  мұхитынан  Эфиопия 
тауларына  дейінгі  аралықты  алып  жатыр.  Жалпы  көлемі  5  млн.  км2 
«Судан»― арабтың ― «ассудан» ― «қара адам» деген сөзінен шыққан. 
      Батыс  Суданның  Атлант  мұхиты  жағалауы  мен  Гвиней  шығанағы 
ауданына  түйісіп  жатқан  жерінде  ерте  орта  ғасырларда  Иоруба, 
Бенин,Дагомея,  Ашанти  мемлекеттері  қалыптасты.  Гана  мемлекеті  туралы 
алғашқы  мәлімет  VІІІ  ғасырға  жатады.  Оның  этникалық  негізін  сонинке 
халқы  құрды.  Астанасы  ―  Кумби  ―  Сале  қаласы  болды.  ІХ  ғасырда  Гана 

сауда  керуендерін  тонап,  тыныштық  бермейтін  көршілері  ―  көшпелі 
берберлермен жиі соғысып отырды. Берберлердің лемтун тайпасының көсемі  
Тилутан  Батыс  Сахараның  барлық  берберлерін  біріктірді.  919  жылы 
Лемтундар билігі құлаған соң басшылық зенега тайпасына көшті. 990 жылы 
Гана  зенегаларды  жеңіп,  олардың  басты  қаласы,  маңызды  сауда  орталығы 
Аудагосты алды. Х ғасырдың басында Гананың саяси қуаты шырқау шегіне  
жетті. 1054 жылы Мароккандық Альморавидтер мемлекеті Ганадан Аудагост 
қаласын  басып  алды.  Бірақ  бұл  Гананың  Батыс  Судандағы  үстемдік 
жағдайына  нұқсан  келтірген  жоқ.  Гананың  200  мыңдық  әскері  болды,  оның 
40  мыңы  садақшылар  мен  атты  әскер  еді.  Гана  барлық  Батыс  Суданның 
Магриб  елдерімен  саудасындағы  үстемдігін  сақтады.  Оның  аумағы  арқылы 
сол  кездегі  барлық  белгілі  сауда  жолдары  өтетін.  Бірде-бір  бер-берлер  мен 
араб  көпестерінің  керуендері  Ганаға  соқпай  кете  алмайтын.  Саудаға  түсетін 
бұйымдар  азық-түліктер,  негізінен  мыс,  каур  раковинасы,  тұз,  мата,  финик 
еді.  Гана  қазіргі  Мавританияның  Оңтүстік  аудандарымен  жүргізілетін 
саудаға  да  бақылау  орнатты.  Гана  үкіметі  өз  аумағы  арқылы  өтетін  барлық 
сауда керуендерінен кедендік салық жинап отырды. Араб саяхатшылары мен 
көпестері Гана патшаларының байлығы туралы таңғажайып аңыздар таратты.  
Альморавид /қазіргі Мавритания, Батыс Сахара, Оңтүстік Морокко/ сұлтаны 
Абу  ибн-Омар  Батыс  Суданның  Солтүстік  бөлігін  басып  алуға,  сөйтіп  онда 
Ислам дінін енгізуге тырысты. 1076 жылы ол Гананың астанасын басып ала 
алды. Қала талан-таражға салынды. Көптеген тұрғындары тұтқынға әкетілді. 
Гана  тункасы  /патшасы/  Менен  өзін  Альморавидке  тәуелді  деп  мойындады, 
жыл сайын салық төлеп тұрды. Мароккондықтар алтын өндірілетін  
Бамбук ауданын басып алды. Мароккандықтардың Ганадағы үстемдігі қысқа 
болды. 1087 жылы Адрар ауданында көтеріліс басталды. Ол көтерілісті басу 
кезінде Абу-Бекр өлді. Мароккандықтар Ганадан әскерінің басым көпшілігін  
шығаруға  мәжбүр  болды.  Бірақ  шет  ел  басқыншылары  Гана  державасына 
ауыр соққы болып тиді. Мароккандықтар қуылғаннан кейін Гананың аумағы 
Аукар және Бассикуну облыстарымен ғана шектелді. Батыс Суданда тәуелсіз 
мемлекеттер  пайда  болды.  Солардың  бірі  Каньяга  болды.  Ол  ХІІ  ғасырда 
Гананың  біраз  жерін  тартып  алып,  қуатты  Сосо  мемлекетін  құрды.  Бұл 
мемлекет,  күшейіп  келе  жатқан  Мали  патшалығы  сияқты,  Ганаға  қауіп 
төндіріп тұрды. Гана Суданның Солтүстік бөлігінің сауда байланыстарының 
орталығы болудан қалды. 1203 жылы Сосо патшалығы Гана аумағын толық  
жаулап  алды.  1230  жылы  Батыс  Судандағы  ең  ірі  мемлекетке  айналып, 
барлық  сауда  керуен  жолдарын  өз  бақылауына  алды.  1224  жылы  сауда 
жолдарының қиылысында үлкен Уалата қаласы салына бастады.  
     Сосо  мемлекетінің  қауіпті  бақталасы  Мали  болды.  Мали  мемлекетінің 
қалыптасуы  VІІІ  ғасырға  жатады.  Малидің  шекарасы  алғаш  Шығыста 
Нигердің  жоғарғы  ағысымен,  солтүстікте  ―  Белдугу,  батысында  ―  Бакай 
өзенінің  жоғарғы  ағысымен  шектелді.  Мемлекеттің  негізгі  ядросы  тароре, 
конате,  кейта  рулары  орналасқан  солтүстік  аудан  болды.  ХІ  ғасырда  билік 
құрып тұрған әулет ислам дінін қабылдады. Бірақ халықтың басым көпшілігі  

бұрынғы  діндерінде  қала  берді.  Арабтар  мен  берберлердің  мұсылман 
көпестері  Малиге  жиі  қатынасып  тұрды  және  үкімет  тарапынан 
қолдаушылыққа  ие  болып  отырды.  Малидің  экономикалық  және  саяси 
қуатының  күшеюі  ХІІ  ғасырдың  екінші  жартысына  жатады.  Бұл  кезде 
Малидегі  өкімет  билігі  кейт  руының  қолына  көшті.  Бұл  рудың  көрнекті 
мемлекеттік  қайраткері,  қолбасшысы  Сундиата  1230―1255  жылдары 
патшалық  құрды.  Оның  кезінде  қатаң  тәртіпке  бағынған  күшті  армия 
құрылды.  
      Алғашқы  басқыншылық  жорық  нәтижесінде  Мали  өзіне  Санкаран  мен 
Фута-Джаллон  облыстарын  қосып  алды.  Сонан  соң  Сундиата  Шығысқа 
жорық  жасады.  Оның  барысында  Нигер  мен  Бауле  өзендерінің  аралығын 
жаулап алды. Сундиата Сосо патшалығымен оның Оңтүстігін басып алу үшін 
соғысты.  Сундиата  Белдугу  мен  Киринуды,  Нигердің  оң  жағасындағы 
Кениенко  ауданын  жаулап  алды.  1235  жылы  Кирине  маңындағы  шайқаста 
Сосо  әскері  талқандалды.  Сөйтіп,  Сосо  жерінің  едәуір  бөлігі  Малиге 
қосылды.  1240  жылға  қарай  Сундиатаның  қол  астына  барлық  Сосо  жері 
көшті. Сундиата мемлекеттің жаңа астанасы ― Ниани қаласын салғызды. Ол 
Санкарани  өзенінің  оң  жағасында  салынды  /қазіргі  Ниора  қаласының 
маңында/.  Мали  Батыс  Судандағы  ең  күшті  мемлекетке  айналды.  ХІІ 
ғасырдың 
екінші 
жартысында 
Мали 
басқыншылық 
соғыстарын 
жалғастырып,  аумағын  онан  сайын  кеңейтті.  Көптеген  әскери  қолбасшылар 
жаулап  алынған  жерлерде  қалып,  вассалдық  патшасымақтарға  айналды. 
Мали  империясының  құрамына  Батыс  Суданның  ірі  сауда  және  мәдени 
орталықтары  ―  Уалата  мен  Томбукту  да  кірді.  Малидың  басқа  елдермен 
сыртқы  байланысы  кеңейді.  Магриб  /  Тунис  ―  Алжир  ―  Марокко/  пен 
Египет  мемлекеттерімен  жүйелі  сауда  айырбасы  қалыптасты.  Малидың 
сыртқы 
саяси 
байланысы 
да 
кеңейді. 
Марокко 
сұлтандарымен 
дипломатиялық  қатынас  орнатылды.  ХІV  ғасырдың  екінші  жартысындағы 
Мали тарихы мемлекеттік төңкерістерге, ішкі талас-тартыстарға толы болды. 
Бұл  жағдайды  оның  көршілері  пайдаланып  қалуға  тырысты.  Малидің  басты 
бақталастыры Сонгай мемлекеті мен Моси тайпасының мемлекеті ― Ятенга 
болды.  Мали  мемлекетіндегі  қоғамның  негізгі  ячейкасы  патриархалды 
отбасы болды. Оның құлдары мен ерікті қызметкерлері де отбасы мүшесі деп  
есептелді.  Осындай  бірнеше  отбасы  ауылдық  қауым-дугаға  бірікті. 
Патриархалды  отбасының  басшысы  үстемдік  етті.  Онан  соң  кіші 
отбасыларының  иелері  келесі  сатыда  тұрды.  Ерікті  қолөнершілер  мен 
диқандар қауымының қатардағы мүшелері саналды. Қоғамдық иерархияның 
ең  төменгі  сатысында  құлдар  тұрды.  Құлдың  келесі  ұрпақтары  ерікті 
қызметкерлер  қатарына  қосыла  беретін.  Қауымның  қатардағы  мүшелері, 
құлдар  мен  еркімен  жүргендер  аптасына  5  күн  патриархалды  отбасының 
иелігінде жұмыс істеуге тиіс болды. Қалған екі күнді өз үлестерінде істейтін.  
Ол  үлесінен  түскен  өнім  өзінде  қалатын.  Жер  бөлу,  сот  биліктері 
патриархалды  отбасының  қолында  болды.  Қызметтері  үшін  әскербасылары, 
жауынгерлер ел басшыларынан алтын, жер алып отырды. Жері үшін қызмет 
атқаруға  міндетті  болды.  Ортағасырлық  Малидің  шаруашылығы  натуралды 

болды.  Мали  қауымдарында  қолөнершілер  тобы  болғанымен,  басқа 
қауымдармен  тауар  айырбасы  қажет  болмады.  Жергілікті  рыноктар 
болғанымен  олар  шағын  аудандар  көлемімен  шектелді.  Томбукту  мен 
Дженне  —  Малидің  маңызды  сауда  және  қолөнері  орталықтары  болды. 
Қалаларда солтүстік африкалық көпестер мен мұсылман-діндарлар да тұрды. 
Олар  жеке  кварталдарда  тұрып,  өздерін-өздері  басқарды.  Сонгай  мемлекеті. 
Мали  мемлекеті  әлсіреген  кезде  Сонгай  мемлекеті  күшейе  түсті. 
Сонгайлықтар  Малидың  шығысында  тұрды.  Бірнеше  ғасырлар  бойы  Мали 
патшалығына алым-салық төлеп келді. ХV ғасырдың басында сонгайлықтар 
Малиден  тәуелсіздігін  алды.  Көрші  тайпаларды  бағындырып,  сонгайлықтар 
өз  биліктерін  Дженнеге  дейінгі  Нигер  өзенінің  орта  ағысындағы  аумаққа 
орнатты.  Мемлекет  басында  берберлік  әулет  тұрды.  Сонгай  мемлекетінің 
күшеюі ХV ғасырдың ортасына, Али Бер билігі /1464/ 1465―1492 жж./ кезіне 
жатады. 1468 жылы Али Томбуктуды басып алды. Жеті жылдан кейін ол ірі 
сауда орталығы Дженнені басып алды. Али Бер 1492 жылы кезекті бір соғыс 
кезінде қаза тапты. Оның баласы Бакари-Дааның билігі ұзаққа созылмады.  
Али  Бердің  әскер  қолбасшысы,  Сонинке  тайпасының  өкілі  Мухаммед  Туре 
Бакари-Дааға  қарсы  шықты.  Ол  1493  жылы  Ангоо  маңындағы  шайқаста 
Бакари  ―  Дааның  әскерін  жеңді.  Сонгай  астанасына  кіріп,  өзін  І-
Мухаммед/1493―1528/ деген атпен патша деп жариялады.  
         Мухаммед  күшті  кәсіпқой  армия  құрды.  Енді  шаруалардың  жұмыстан 
қол  үзуінің  қажеті  болмады.  1494  жылы  Сонгай  Диага  патшалығын  қосып 
алды.  Көп  кешікпей  Мухаммед  Малидің  ірі  провинциясы  ―  Багануды 
Сонгайға  қосып  алды.  1513  жылы  хаусандық  Кацина  мемлекеті  жаулап 
алынды.  Келесі  бір  хаусандық  мемлекет  ―  Кеббимен  бітім  жасады.  1515 
жылы  Агадес  қаласы  мен  оның  облысы  басып  алынды.  Жаулап  алынған 
жерлердің  халықтары  Сонгай  үстемдігіне  қарсы  көтеріліс  жасап  отырды. 
1517 жылы Баганада бұрынғы Мали патшасының әкімі Кама Кейт басқарған 
көтеріліс болды. Ол өте қатаңдықпен басып тасталды.Сонгай державасының 
қоғамдық  құрылысы  құлдықтан  феодализмге  өту  кезеңінде  болды.  Ел 
басшылары өз иеліктерінде 200―300 құлдан 1000 құлға дейін ұстады. Бірте-
бірте  бұл  құлдар  басыбайлы  шаруаларға  айналып,  өз  қожайындарына 
натуралды  рента  төлеп  тұрды.  Құлдардың  3―4-ші  ұрпақтары  ерікті 
шаруаларға  айналып  отырды.  Бірақ  өзінің  қожасына  белгілі  бір  мөлшерде 
тәуелді  болды.  Қала  тұрғындары  еріктілер  болды.  Сонгай  мемлекетінің 
астанасы ― Гао қаласында шамамен 75 мың адам тұрды. «Тарих аль-феташ»  
деген  Сонгай  жылнамасының  мәліметі  бойынша  Томбуктуда  әрқайсысында 
50  жұмысшысы  бар  26  тері  илеу,  т.б.  шеберханалары  болған.  Тіпті  100-ге 
жуық  жұмысшылары  бар  шеберханалары  жұмыс  істеген.  Моси  тайпалары 
құрған  мемлекеттер  ХІ  ―  ғасырда  Вольта  өзенінің  бассейнінде  өмір  сүрген 
моси  тайпаларының  Уагадугу,  Ятенга,  Фада-и-Гурма  деген  мемлекеттері 
құрылды.  Уагадугу  мемлекеті  16  провинциядан  құрылды.  Уагадугу 
мемлекетінің  басшысына  5  провинция  тікелей  бағынды.  Қалған  11 
провинцияның  басында  жергілікті  көсемдер  тұрды.  Өкімет  басшысының 
жанынан  16  кеңесшіден  тұратын  Кеңес  құрылды.  Уагадугу,  Ятенга  және 

басқа да ірі елді мекендерде құлдар сататын рыноктар болды. Құлдарды тек 
ауыр жұмыстарға ғана емес, ірі әкімшілік қызметтерде де пайдаланды. Моси 
тайпаларының  екінші  ірі  мемлекеті  Ятенга  ХІІ  ғасырда  құрылды.  Оның 
негізін  бұрынғы  Уагадугуға  вассалдық  тәуелділікте  болған  Зандома 
князьдығы  құрды.  ХІІІ―ХІV  ғасырларда  ол  Сонгай  империясы  мен  Мали 
мемлекетінің  тарапынан  өз  аумағын  ұлғайтты.  Ятенганың  астанасы  Груси 
тауында болды /Ятенга қаласы/. 
         Ятенганың  мемлекеттік,  қоғамдық  құрылысы  Уагадугудағы  құрылысқа 
ұқсас  болды.  Әкімшілік  аппараты  Уагадугудың  аппаратынан  едәуір  көп 
болды. Провинциялардың әкімдерін орталық өкімет тағайындады. Ол қызмет 
әкеден балаға мұра ретінде қалып отыратын. Провинциялардың бастықтары 
мосаи  тайпасының  өкілдерінен  ауылдардың  бастықтарын  тағайындады. 
Басып алынған жерлерде сондай ауыл бастықтарынан басқа жергілікті ру  
көсемдері де қосымша бастықтар болып тағайындалатын. Олар «жер иелері», 
«жер  қожалары»  деп  те  айтылатын.  Ятенгада  тұрақты  салық  жүйесі 
қалыптасты.  Салықты  тек  бағынышты  нионьосе,  само,  диула,  фульбе 
тайпалары  ғана  төледі.  Мосиліктер  салықтан  босатылды.  Салықтар,  сауда 
керуендерінен  алынатын  кедендік  алымдар  астық,  тұз,  мал  түрінде 
жиналатын. 
 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 
1.
 
Қанда сауда пунктері VII-VIII ғасырларда халықтардың саяси 
бірлестіктерінің орталықтарына айналған? 
2.
 
Гана туралы алғашқы мәлімет қай ғасырға жатады? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

9 Дәріс. XV-XVII  ғғ.  Жапония. 
Негізгі сұрақтары: 
1. XV ғ. Жапониядағы феодалдық қатынастар. Жапонияны біріктіру үшін 
күрес. 
2.Ода Набуганың Жапонияны біріктіру әрекеті. 
3.Хидэссидің Жапонияны біріктіруі ісін жалғастыруы және оның 
басқыншылық саясаты.  
4. ЖапониядаТокугава режимінің орнауы. 
 
XV  ғасырдың    II-  жартысында  қалалар  тез  қарқынмен  дами  түсті. 
Олардың    қолөнері  мен  сауда  жедел  дамыды.  Ескі  қалалар  өсе  түсті,  жаңа 
қалалар  пайда  болды.  Жапон  көпестері  өз  тауарларын  Тайвань  мен 
Филиппинге,  Үндіқытай  жағалауына  апарып  жүрді.  Онда  XV  ғасырдың 
аяғында Жапон сауда факторийлері мен елді мекендері орын тепті. Бұл кезде 
жапондықтардың географиялық мәліметтері кеңейіп, кеме жасау ісі дамыды, 
сауда  жүзу  өнерін,  тау-кен  ісін,  алтын,  күміс,  мыс  өңдіруді  жетілдіре  түсті. 
Өңдірістің  бұл  салаларының  дамуы  сыртқы  және  ішкі  саясатқа  байланысты 
болды. 
Ірі  феодалдарға  көп  қару-жарақ  керек  болды,  соғыстар  мен 
феодалдардың  баюға  ұмтылуы  алтын  мен  күмістің  көптеп  өңдірілуін  қажет 
етті.  Жапондықтар  мысты  Қытайға  тасыды.  Ол  жақтан  мыс  тиындар  алып 
отырды.  Өз  тиындарын  жапондықтар  тек  XVI  ғасырдың  соңынан  шығара 
бастады. Қытайға мыстан басқа семсер, желдеткіш, кермелер апарып тұрды. 
Еуропалықтарды  бәрінен  бұрын  жапондықтардың  алтыны  мен  күмісі 
қызықтырды. Сыртқы сауданың дамуы кеме жасауды ұлғайтты. 
Елдің  экономикалық  дамуы  жедел  қарқынмен  жүріп  жатты.  Бірақ  бұл 
дамуы  біржақты  болды.  Олай  дейтін  себебіміз  өнеркәсіпке  қарағанда  ауыл 
шаруашылығы  өте  баяу  дамыды,  ал  халық  тұтынатын  тауарлар  қңдіру  тау-
кен  өндірісінен,  қару-жарақ  жасаудан  әлдеқайда  артта  қалды.  Өндірістің 
кейдір салаларын ірі феодалдар –даймерлер өз қол астына алып қалды. Тау-
кен рудниктері, кеме жасау, қару-жарақ өндірісін солардың қолында болды. 
Сыртқы  саудадағы  сияқты,  бұл  істерге  даймерлер  көпестерді  де 
араластырлы.  Кейбір  қалаларда  /феодалдарға  бағыныштылығы  шамалы/ 
қару-жарақ  жасау,  мата  тоқу  өндірістерін  өздері  ұйымдастырды.  Теңіз 
арқылы  алыстағы  елдермен  саудадан  көп  табыс  тауып  отырды.  Мысалы, 
Комигая  Содзин  деген  көпес  XVI  ғасырдың  екіші  жартысында  Кореямен, 
Қытаымен,  Сиаммен,  Люсонмен  /Филиппин/  сауда  жасады.  Олөз  отаны 
Кюсю  аралында  бояу  шығаруды  кеңінен  жолға  қойды,  атақты  «Хаката» 
матасын  шығруды  қолға  алды.  Хонсю  аралының  оңтүстігіндегі  күміс 
руднигін іске қосты, құрлыспен де айналысты. Накояда диктатор Хидэесидің 
лагерін  салды.  Хидэесидің  іс  жүзіндегі  банкирі  ретінде  сол  кездегі  саяси 
өмірге белсене араласты. 
Симай  Сосицу  деген  тағы  бір  ірі  көпестің  Кореяда,  Люсонда 
/Филиппин/,  Сиамада  сауда  агенттері  болды.  Шексіз  байлық  иесі  болып 
тұрып,  ол  іс  жүзінде  Кюсю  аралының  даймелерін  өз  қолында  ұстады.  1592 

жылы  ол  Хидэесидің  Корея  мен  Қытайға  жорығын  дайындауға  белсене 
араласты. 
Жапондықтар  қарақшы  кемелер  XVI  ғасырда  Қытайға  шабуылдарын 
қайталады.  1523ж.  Олар  ірі  портты  Қытай  қаласы  Нинбоны  талантаржыға 
салып,  өртеді.  1555  ж.  Жапон  кемелері  Янцызы  өзенімен  Нанкинге  дейін 
жетті. Тек 60- жылдары ғана олар талғандалды. Жапондықтар Қытаймен 1593 
және 1597 жж. соғысып, жеңіліс тапты. 
XVI  ғасыр  ортасында  Жапонияның  еуропалықтармен  сауда  қатынасы 
орнады. 1543ж. Жапонияға португалдықтар келсе, 1580 ж. испандықтар келіп 
жетті. Еуропа көпестері, қарақшылары мен миссионерлері Жапонияға Қытай 
мен Индиядан, Үнді қытайдан негізіне жібек маталарын, т.б бұйымдар әкеліп 
отырды. 
Сондай-ақ    Еуропада  жасалған  қару-жарақтар  көптеп  сатыла  бастады. 
Көп  кешікпей  ондай  қаруды  Жапония  өзі  шығара  бастады.  Жапониядан 
еуропалықтар  алтын,  күміс  және  еркіне  айрылған  адамдарды  алып  келіп 
отырды.  Өзара  соғыстарда  қолға  түскен  тұтқындарын  жапон  феодалдарыда 
сатып  алып  отырды.  Оқпен  атылатын  қару-жарақ  енді  жетік  меңгерген 
маман-жауынгерлерлерді қажет етті. 
Князьдар  енді  тек  самурайлардан  ғана  құрылған  қарулы  күштермен 
қанағаттанбай,  шаруалар  отрядтарын  да  қаруландыра  бастады.  Жаңа 
замоктар  саяси-әкімшілік  орталықтарына,  олардың  төңірегі  нағыз  қаолаға 
айнала  бастады.  Өз  замоктарында  даймерлер  самурайлардың  басым 
көпшілігін  ұстады.  Оларға  шаруалардан  жинап  алынатын  натуралдық 
рентаның есебінен күріштен паек беріп отырды. 
Португалдық,  кейін-  испандық  көпестермен  бірге  келе  бастаған 
иезуиттер  Жапонияда  католие  дінің  уағыздады.  Алғаш  бұл  уағыз  табысты 
болды Кюсю аралының даймерлері иезуитерді қабылдап, уағыздарына рұсат 
беріп, мектептер мен шіркеулер ашуға мүмкіндік жасады. Өздері де христиан 
дінің  қабылдап,  ол  дінге  вассалдарын  да  тартып  отырды.  Даймрлер  сол 
діннің  көмегімен  өз  порттарында  сауда  кемелерін  көптеп  тартуға,  сөйтіп 
көбірек пайда табуға , ең бастысы- оқ-дәрімен атылатын қару-жарақ  қорын 
байытуға  тырысты.  Сонымен  қатар  Еуропалықтадың  өз  қарсыластарына 
қарсы  күресте  де  пайдалануды  ойлады.  Еуропалықтардың  келуі  
Жапониядағы феодалдардың өзара қырқысуын шиеленістіре түсті. 
Сонымен  қатар  теңіз  саудасын  дамытты,  сөйтіп,  портты  қалалардың 
көпестердің  байытты.  Еуропалықтардың  мұндай  пайдасымен  қатар, 
Жапонияның  отарға  айналу  қаупі  туды.  Бұл  қауіпті  испандықтардың 
Филиппинынын  басып  алуынан  айрықша  көруге  болатын  еді.  Бірақ 
феодалдар  үшін  басты  қауіп  шаруалар  көтерлістері  сияқты  болып 
көрінді.Осындай  жағдайда  феодалдар  мен  ауқатты  қала  тұрғындары 
арасында Жапонияны біріктіруге, бір орталыққа бағынған күшті мемлекетке 
айналдыру ниеті күшейе түсті. Бұл біріктіру бастамасын белсенді түрде қолға 
алғандар  еуропалықтармен  байланысы  нығая  қоймаған,  қңтүстіктегі 
даймерлердің  күшеюінен  қауіптенген  орталық  арал  Хонсюдің  орташа  және 
ұсақ  феодалдары  болды.  Сонымен  қатар  Жапонияның  бір  орталыққа 

бағынған  күшті  мемлекетке  айналуына,  феодалдық  құрлысты  нығайтуға 
ықпалды феодалдар да мүдделі болды. Олар мұндай үкімет өзара қырқысуды, 
шаруалар  қөтерілістерін  тоқтатады,  сауда-ростовщиктің  капиталдың  өсіп 
бара жатқан өктемдігің шектейді деп үміттенді. 
1568-1582  жж.  ең  бірінші  рет  елді  біріктіру  ісін  кедейлеу  феодал  Ода 
Нобунага басқарды. Аз ғана уақыттың ішінде ол орталық Хонсю ауданының 
көптеген  даймерлерің  өзіне  бағындырып  алды.  ОЛ  Асикага  әулетінің  ең 
соңғы  сегунын  биліктен  тайдырып  /1573/  өзара  қырқысуға  қатысқа  бірнеше 
буддалық  монастырларды  талқандады.  1580  жылға  қарай  Ода  Нобунага 
Жапонияның  жартысына  жуығын  өз  ұол  астына  біріктірді.  Өзіне  қаратқан 
жерлерде  Набунага  ішкі  кедендерді  жойып  отырды.  Жолдар  салынды. 
Набунага  Орталық  үкіметке  XV-XVI  ғғ.  феодалдардың  тәуеліздігің  жеңіп 
алған,  Жапонияның  ең  бай  қаласы  Сакаиды  /Осака  маңында/  бағындырып 
алды. 
Набунага елді толық біріктіре алмады. Оны қалпына өзінің бір вассалы 
өлірді.  Жапонияны  біріктіруді  оның  жақын  серігінің  бірі  Тоетоми  Хидэеси 
/1583-1598/ аяғына жеткізді. Хидэеси елде қатаң тәртіп еңгізді, шаруалардың 
жару-жарағың  жинап  алды.  Ол  шаруаларды  жерге  бекітетің,  басы  ауған 
жаққа  кетуге  тыйым  салатын  жаңа  жер  қадастырын  /реестр  тізімі/  енгізді. 
Жерді  пайдаланғаны  үшін  шаруа  түсімінің  2/3  бөлігін  салық  ретінде 
феодалға өткізетін.  
Хидэесидің сыртқы саясаты басқыншылық саясат болды. 1592-1597 жж. 
Хидэеси  Кореяға  екі  үлкен  жорық  жасап,  оның  оңтүстігінен  солтүстігіне 
дейін  жетті.  Бірақ  аяғында  жеңіліп  ,  Кореядан  кетуге  мәжбүр  болды.  Бұл 
жеңілістен  кейін  Хидэесидің  отаршылдық  саясатын  белсенді  түрде  суда 
буржуазиясы  өзінің  саясат  пен  экономикадағы  бұрынғы  ықпалынан 
айырылды.  Дегенмен,  елдің  бірігуі,  өзара  қырқысулардың  тоқтауы  ішкі 
сауданың жедел қарқынмен дамуына мүмкіндік жасады. 
1598  ж.  Хидэеси  өлгенен  соң  елдің  үшінші  біріктірушісі  рөлін 
Хидэесидің  қолбасщыларының  бірі, Канто  ауданың  даймесі  Токугава  Иэясу 
атқарды  /1598-1616/.  Токугава  1600  ж.  Хидэесидін  баласын  жақтаған 
қарсыластарын Сэкигахара түбіндегі шайқаста  жеңіп, 1603 ж. билікті ресми 
түрде  баласы  Хидэтадаға  берді.Бірақ  іс  жүзінде  өзі  басқара  берді.  Токугава 
әулетінің  сегундары  Жапонияны  1867-1868  жж.  буржуазиялық  революцияға 
дейін,  яғни  265  жыл  биледі.  Үкімет  1637  ж.  Кюсю  аралындағы  Симабара 
қаласындағы  көтерілісті  басты.  Бұл  көтеріліске  қатысушылардың  көпшілігі 
христиан  дініндегі  самурайлар  мен  қала  тұрғындары  болғандықтан  оны 
Христиан көтерілісі деп атады. 1633, 1636, 1639 жж. үш жарлығымен үшінші 
сегун  Иэмицу  өлім  жазасын  қолдана  отырып  жапондықтардың  өз  елінен 
кетуіне, алысқа жүзе алатын үлкен кемелер жасауына тыйым салды. 
Елге  шетелдіктердің  келуіне  де  тыйым  салынды.  Тек  қытайлықтармен 
голландықтарға  рұқсат  берілді.  Дэсима  аралындағы  Нагасаки  қаласында 
өткізіліп  тұратын  жәрмеңкеге  Қытай,  глланд  сауда  кемелерінің  келуіне 
болатын  еді.  XVI  ғасырда  жапондықтар  тек  Корея,  Қытай,  Сиам, 
Филиппинымен  ғана  емес,  Еуропа  елдерімен  де  байланыс  жасап  тұрды. 

Мысалы,  1582-1590 жж. Римде Кюсю  аралында христиан  князьдықтарының 
елшілігі болды. 
1587 ж. ең бірінші рет христиан дінің насихатауға тежеу салынды, бірақ 
еуропалықтармен  қатынас  үзілген  жоқ.  Кезінде  Хидэеси  еуропалықтардың 
кеелері иен қаруын Кореяға жорығында пайдалануға тырысқан еді. Токугава 
Иэясу  да  сол  сясатты  ұстанды.  Ол  ағылшындар  мен  голлондықтарға 
кеңшілдік білдіре отырып, оларды испандықтар мен португалдықтарға қарсы 
айдап  салып  отырды.  Токугава  Иэясу  1610  ж.  Мексикаға,  1613  ж.  Еуропаға 
елшіліктер  жіберді.  Біра  оның  билігінің  соңына  қарай  және  баласы 
басшылыққа  келген  соң  еуропалықтардың  Жапониядағы  істеріне  үзілді-
кесілді шек қойылды. 
Бұл Жапонияның басқа елдермен қатынасын жасанды түрде үзіп тастау 
2,5  ғасыр  бойы  сақталды.  Мұндай  шаралар  феодалдық  құрылысты 
тұрақтандыру  мақсатын  көздеді.  XV-XVI  ғғ.  сыртқы  сауданың  дауы  теңіз 
порттарындағы  пысық  қала  тұрғындарының  баюына  мүмкіндік  жасады. 
Мұндай  бай  қала  тұрғындарының  қатары  көбейе  түсті.  Күшейіп  алған  қала 
буржуазиясы  феодалдық  құрылысқа  қауіп  төндірді.  Сондықтан  да 
Жапонияның  жаңа  үкімет  басшылары  сыртқы  саудаға  тыйым  салып,  бұл 
күшейіп  келе  жатқан  сауда  буржуазиясына  соққы  беруге  тырысты.  Тек 
голланд  және  Қытай  саудагерлеріне  ғана  Жапонияға  келіп-кетіп  тұруға 
рұқсат етілді. 
Шет  елдермен  сауда,  одан  түсетін  табыс  үкімет  пен  оның  өкілдерінің 
пайдаына  түсіп  отырады.  Бұл  шара  саудагерлердің  де,  оңтүстік 
феодалдардың  да  баю  көзіне  үлкен  зиян  келтірді.  Сонымен  қатар  жапон 
феодалдарына өз билігін Қытай мен  Кореяны бағыдырып алып манчжурлар 
тарапынан  зор  қауіп  төнді.  Дегенмен  елді  басқа  әленен  бөліп  тастаудың 
басты  себебі  елдің  ішкі  жағдайына  байланысты  болды.  Елде  шаруалар 
көтерілісі  кең  өріс  алды.  Ол  көтерілістер  христиан  дінің  туы  астында 
өткізілді.  Сондықтан  христиан  дінің  уағыздау  жапон  феодалдарына  ерекше 
қауіп  төндірді.  1630  ж.  Еуропа  кітаптарын  әкелуге  тыйым  салынды. 
Христиан  діні  туралы  мағлұматтар  бар  қытай  кітапарын  әкелуге  де  шек 
қойылды. 
Жер  феодалдардың  /дайме/  меншігі  ретінде  бекітілді.  Жер  иесінің 
табысы  дәл  есептеліп  отыратын.  Табыс  күріш  дақылымен  есептелетіңн. 
Барлық  қаражат  есеп-қисаптары  күрішке  аударылды.  Күріштің  басты 
өлшемі-коку-1,8  гектар  литр  /180  литр/  -  барлық  құнның  негізгі  өлщемі 
болып  табылады.  Сол  себепті  феодалдардың  табысы  күріш  кокумен 
есептелді. 
Жер  иесі  –  дайме  өзі  басқаратын  шаруашылықтағы  тұрғындардың 
үстінен  әкімшілік  билігін,  сот  билігін  атқарды.  Оның  қол  астында  көмекші 
вассалдары – самурайлар шаруашылық жұмыстарынан қол үзіп, бақылаушы, 
есепші, дайменің шабарманы қызметін атқарды. Үкімет феодалдардың өзара 
қырқысуларына, үкіметке қарсы бас көтерулеріне тыйым салды. 
XVI  ғ.  аяғы  XVII  ғ.  Басында  қалалар  қатары  көбейіп,  оның  халқының 
саны  өсе  түсті.  Ең  үлкен  –  қалалар  –  Эдо,  Киото,  Осака  болды.  Ол 

қалалардың  тұрғыңдарының  саны  300  мыңнан  асты.  Онан  кейінгі  Нагоя, 
Нагасаки,  Сакаи,  Канадзава  қалаларында  60  мыңнан  астаи  адам  тұрды. 
Хиросима,  окаяма,  Хаката,  Кумаота,  Акида  сияқты  қалалардың  халқының 
саны  20-30  мың  аралығында  болды.  Ірі-ірі  17  қаладағы  сауда  мен  өолөнері 
феодалдар билігінен алынып тікелей орталық үкімет қарауына берілді. 
Қолөнершілдердің  бірлестіктердің  дза  деп  аталады.  Әр  деревня  бес 
үйден тұратын аулаға бөлінді. Ол ауланы өз бастығы болды. Ол бастық сол 5 
үйдің  ең  пысығынан  тағайындалды.  Оның  міндеті-  қарауындағы  5  үйдің 
мүелерінің  үкімет  жарлықтары  мен  тапсырмаларының,  нұсқауларының 
бұлжытпай орындауларын қадағалау болды. Шаруалардың бекітілген жерден 
кетуге құқы болды. Қашып кетсе оның міндетің қалған үйлердің шаруалары 
бірлесіп  атқарды,  қарызын  да,  салығын  да  бірлесіп  төледі.  Қашқан  шаруа 
қатаң жазаланды. Саудагерлер мен қөлөнершілердің қызметтері де шектеулі 
болды.  Бірақ  ол  шектеу  шаруалардың  тұрмысы  мен  қызметіндегі  шектеу 
сияқты  өте  қатаң  болмады.  Із  жүзінде  бұл  шектеулер  өне  бойы  сақтала  да 
бермейтін.  Қолөнершілер  мен  саудагерлердің  жеке  топқа  бөлнуінің  өзі 
олардың  күшейгендігің  көрсетті.  Бұрын  Жапон  хұқы  тек  «саурайлар» 
/жауынгерлер/  мен  халықты  мойындайтын  да,  саудагерлер  мен 
қолөнершілерді елемейтін. 
Токугава  шектеушілігі  дворяндар  сословиясының  ішіне  де  өзгерістер 
енгізілді.  Барлық  дворяндар  тобының  басында  жоғары  сюзерен  тұрды.  Ол 
бұрынғыша  «сегун»  деп  аталды.  Оның  жақын  уәзірлері  «фудайлар»  болды. 
Олардың  кейін  бөгде  князьдар-  «тодзамалар»  тұрды.  Бүкіл  самурайлар 
бұқарасы  осы  бөгде  князьдардың  самурайлар  хатомото  деп  аталды,  ерекше 
жағдайда  болды.  Әрбір  дайменің  саурайлар  отряды  болды.  Барлық  басқару 
аппаратын  бақылайтын  арнаулы  топ  «мэцукэ»  деп  аталды.  Бұл  топқа 
сегунның бақылаушылары кірді. 
Токугава  шаралары  XVI  ғасырдың  ортасынан  басталған  феодалдық 
құрылыстың  ыдырауын  аз  уақытқа  болса  да  кідіртті.  Феодалдық  өзара 
қырқысулардың  тоқтауы  экономикасының  дамуына  қолайлы  жағдай 
туғызды.  Ауыл  шаруашылығында  жаңа  техникалық  құрал-саймандар  пайда 
болды.  Дәнді  дақылдардан  басқа  қағаз  және  лак  ағаштары,  шай  мен  цитрус 
өсіру өркендеді, тәтті картофель, қарбыз, темекі, мақта өсімдіктері әкелініп, 
өсіріле бастады. 
Мұның бәрі халық санының өсуіне ықпал етті XVI ғасырдың аяғында 16 
млн.  халық  болса,  XVII  ғасырдың  аяғында  қарай  оның  саны  25  миллионға 
жетті.  XVII  ғасырдың  30  жылдарындағы  шет  елдермен  араласуға  тыйым 
салынғаннан  кейін  және  көпестерді  пайда  табудың  көзі-  сыртқы  саудадан 
айырған  соң  ақша  –  тауар  қатынастарының  жапон  деревнясына  ағылуы 
басталды.  Бұл  ағылыс  натуралдық  шаруашылықты  тез  ыдыратты.  Дайме, 
саурайлар,  шаруалар  көбірек  сауда  өсімқор  капиталының  ықпалына  түсіп 
қалып отырды. 
Капиталистік  өнеркәсіптің  алғашқы  түрлері  –  үйдегі  өнеркәсіп  пен 
мануфактура өмірге келді. Мұндай өнеркәсіп алдымен мақта иіру саласында 
орын  алды.  Аудандар  матаның  түр-түріне  маанданды,  бір  аудан  тек  жібек 

матаен  айналысса,  енді  бір  аудан  жәй  ғана  мата  тоқумен  шұғылданды. 
Саудагерер  бұл  өнеркәсіпті  бірте-бірте  өз  қол  астына  бағындыра  берді. 
Тапсырысты  да  солар  беріп  отырды.  Капиталистік  кооперациялар  мен 
орталықтандырылған  мануфактуралар  елдің  өнеркәсібіне  елеулі  рөл  атқара 
қойған  жоқ.  Мұндай  өнеркәсіп  сакэ  жасау  ісінде,  тоқыма  өндірісінде  бірлі-
жарымды ғана орын алды. 
Үкіметтік және әлеуметтік мануфактуралар металл өндеу, фарфорфаянс 
өндірісінде  кеңірек  орын  алды.  Ондай  мануфактураларда  жергілікті 
шаруалармен қатар жан-жақтан қашқан шаруалар да істеді. 
Сөйтіп, 
жапон 
деревнясында 
тауар-ақша 
қатынасының 
енуі, 
капиталистік  өндірістің  алғашқы  түрлерінің  тууы,  шаруалардың  мүлік 
жағынан  жікке  бөлінуі,  қалалардың  өсуі,  айырбастығ  жетілуі  елде  үстемдік 
еткен натуралдық шаруашылықты ыдырата бастады. 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе
2016 -> Гуманитарлық факультет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет