Пәннің мақсаты мен міндеттері


Өзін- өзі бақылау сұрақтары



жүктеу 1.5 Mb.
Pdf просмотр
бет12/15
Дата22.12.2016
өлшемі1.5 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

 
Өзін- өзі бақылау сұрақтары: 
1.
 
XVI ғасырда империяға айналған мемлекет? 
2.
 
Осман империясының қоғамдық құрылысы қандай? 
3.
 
Осман империясының сыртқы елдерімен қатынастары? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
12 Дәріс. XV-XVII  ғғ.  Араб елдері. 
Негізгі сұрақтары: 
1. Түрік османдардың араб елдерін жаулап алуы. 
2. Осман империясының құрамындағы Ирак пен Шығыс Аравия. 
3. Сирия мен Ливия — Осман империясының құрамында. 
4. Түріктер кол астындағы Солтүстік Африка және Египет. 
 
     XVI  ғасырдың  басында  араб  елдері  түріктер  шапқыншыншылығына 
ұшырады. Месопотамияны басып алған соң І-Селим /1512—1520/ сұлтанның 
әскері Сирия, Ливия және басқа мамлюктер кол астындағы араб облыстарын 
жаулап  алуға  аттанды.Түріктер  мен  мамлюктер  армиялары  1516  жылғы 
тамызда  Халебтін  Солтүстігінде  бетпе-бет  кездесті.  Бұл  шайқаста  каруы 
жағынан  да,  соғысу  тактикасы  жағынан  да  басым  осман  армиясы  жеңіске 
кетті.  Мамлюктер  армиясы  талқандалып,  үкімет  басшысы  Кансу  Гури 
шайқаста  қаза  тапты.  Қазан  айының  ортасында  түріктер  Дамаскті  басып 
алды. Сөйтіп, бүкіл Сирия түріктер қол астына көшті. 
          Түріктер  жаулап  алушылығының  жеңілдеуінің  бір  себебі  жергілікті 
халықтардың  мамлюктерді  өздерін  қанаушы  деп  санауында  болды. 
Сондықтан  олар  түріктерді  өздерін  азат  етушілер  ретінде  қарсы  алып 
отырды.  Тек  Египетте  ғана  мамлюктер  барлық  күштерін  жинап,  қатты 
қарсылық көрсете алды. Бірақ түріктер мамлюктер әскерінің бұл қарсылығын 
басып,  1517  жылдың  басында  Каирды  алды.  Түріктер  Египетті  басып  алған 
соң Меккенің басшысы сұлтан Селимге елшісін жіберіп, оған бүкіл Хиджаз 
облысының  бағынатындығын  білдіріп,  адал  болуға  ант  берді.  1538  жылы 
түріктер  Аденді  /Меккеден  де  төмен,  оңтүстікте/  де  басып  алды.  Оның 
алдында, 1534 ж. түріктердің Ирак үшін Иранмен соғысы жеңіспен аяқталды. 
Сөйтіп,  ХVІ  ғасырда  арабтар  қоныстанған  Ирак,  Сирия,  Ливан,  Палестина, 
Египет,  Хиджаз  /Сауд  Аравиясы/,  Алжир,  Ливия,  Тунис  Осман 
империясының құрамына енді. Түріктер барлық жерлердің, шаруашылықтың 
есебін анықтап, олардан алынатын салық мөлшерін белгіледі. Барлық басып  

алынған араб елдері пашалықтар мен эйалеттерге /уалаят/ бөлінді. Сирия үш 
провинцияға:  Дамаск,  Триполи,  Халебке  бөлінді.  Иракта  Бағдад,  Басра, 
Мосул уалаяттары құрылды. Египет өзінше жеке пашалыкка бөлінді. Иемен, 
Бахрейн  /Аравия/,  Ақ  /Палестинада/  пашалыктары  құрылды.  Әр  облыстың 
басында  пашалар  тұрды.  Пашалардың  қарамағында  жергілікті  көмекші 
отрядтармен  қатар  сұлтанның  тұрақты  армиясының  бөлімдері  болды. 
Мысалы  Багдад  эйалетінде  12  мыңдық  янычарлар  орналасты.  Ал  пашаның 
қасында тағы да үш мың қарулы жауынгерлер болды. Пашалыққа 1-2 жылға 
тағайындалатын, бірақ көптеген пашалар әлдеқайда ұзақ қала  
беретін. 
         Әр  пашалыктың,  эйалеттің  бағыныштылығы  әртүрлі  болды.  Бағдад, 
Басра,  Лахса  /Азияда/,  Египет,  Тунис,  Алжир,  Триполи  /Солтүстік  Африка/ 
салық төлеп тұрды, ал ішкі құрылысы, тәртібі бұрынғысынша қала берді. Тек 
Бағдад эйалетінде біраз өзгешіліктер болды. Ол 20 санжақка бөлінді. Оның 8-
інде  түріктік  жер  иеленушілік  тәртібі  үстемдік  етті.  Дамаск,  Триполи 
/Сирияда/,  Халеб,  Мосулдағы  көптеген  жерлер  түрік  феодалдарына 
үлестіріліп  берілді  /тимар,  зеаметтер  ретінде/.  Ирак  Османдық  түріктер  мен 
сефевидтік Иран арасындағы күрес аренасына айналды. 1516 жылы жоғарғы  
Месопотамия  кызылбасылардан  тазартылып,  Осман  империясының 
құрамына қосып алынды. Орталық және оңтүстік Ирак Иранның қол астында 
қала  берді,  1516  жылы  түріктер  Бағдадты  басып  алды.  Сунииттік,  шииттік 
ағымдарға  бірдей  бостандық  берілді.1546  жылы  Оңтүстік  Ирак  Осман 
эйалетіне айналды. Оның орталығы Басра қаласы болды, 1550 жылы түріктер 
Португалияның Парсы шығанағындағы маңызды порты Аль-Катифты басып  
алды.  Бірақ  оны  ұзақ  ұстап  тура  алмады.  1555  жылғы  Амасиядағы  бейбіт 
бітім бойынша сефевидтер Ирактағы түріктер үстемдігін мойындады. 
1574—1595  жылдардағы  Мосул  провинциясында  заң  бойынша  жердің  ең 
төменгі /аз/ мөлшері 40 қадамға /ені, ұзындығы/ тең денюм болып табылды. 
Ал  суармалы,  құнарлы  жерлердегі  шаруалардың  толық  үлесі  80  денюмге 
теңелді.  Ол  үлес  “чифтилик”  деп  аталды.  Нашар  жерлердегі  чифтилик 
мөлшері  150  денюм  болды.  Егер  кімде-кім  өз  үлесін  игермей,  тастап  кетсе, 
бос  қалдырса,  ол  75-тен  300-ге  дейін  ақша  төледі.  Толык  үлесі  бар 
мұсылмандар 50 ақша төледі. Әр үй 3 күндік /аптасында/ барщина өтеуі тиіс 
болды. Оның әр күні 2 ақшаға бағаланды. 
            Жиналған бидайдын 1/5, кара бидайдын 1/6, арпаның 1/7 бөлігі салық 
ретінде  өткізілетін.  Малшылардан  да  салық  жиналды.  Мосулда  әр  100 
қойдың  біреуі,  ал  келімсектерден  —  екеуі  алынатын.  Малшылар  қыста  өз 
жерінде  қыстап  шықса,  әр  300  қойдың  біреуін  беретін  болды.  Салық  бал 
ұяларына  да,  диірмендер  мен  алма  ағаштарына,  жүзім,  мақта  егістеріне  де 
салынатын. Қалыңдық үшін де салық салынатын. Күйеуге тиетін қыздардың 
әкесі  60  ақша,  жесір  әйелдің  әкесі  /туысы/  30  ақша  төледі.  Бұл  ақшаның 
жартысы ірі жер иесіне, жартысы қазынаға кететін. 
Сирия мен Ливан. 
          Сирия  эйалеті  он  бір  санжакка  бөлінді.  Оның  жетеуінде  түрік 
феодалдарының  өздері  салық  жинап  алып  отырды.  Калған  төртеуінде 

санжақтан  түсетін  салық  қазынаға  кететін.Бұл  екі  эйалет  10  мың  әскер 
жасақтап  беріп  отыруға  тиіс  болды.  Сирия  эйалетіне  Дамаск,  Сафад, 
Иерусалим,  Наблус,  Сайд,  Бейрут  округтері  кірді.Түріктер  билігі  кезінде 
таулы  Ливанның  феодалдары  біраз  жеңілдіктерді  пайдаланды.  Түріктер 
басып  алғаннан  кейінгі  100  жылдай  бойы  Ливанда  феодалдық  Маанид 
әулетінің беделі күшті болды. Түрік үкіметі маанидтерді әлсірету үшін басқа 
феодалдарды  оған  қарсы  айдап  салып  отырды.  Бірақ  бұл  әрекеттері 
айтарлықтай нәтиже бермеді. 
           1584  ж.  ливандықтардың  қарулы  отряды  Сирия  мен  Египеттен 
жиналған  алым-салықты  Стамбулға  алып  бара  жаткан  керуенге  шабуыл 
жасады.  Сұлтан  үкіметі  бұл  шабуылды  Маандар  ұйымдастырды  деп  жала 
жауып,  Египет  пашасына  маандарды  талқандауға  бұйрық  берді.  Түрік 
әскерлері  Маанидтер  иелігіне  басып  кіріп,  талқандады.  Маан  эмирі  тауда 
корғаныс ұйымдастырып, берілмеді. Ақыры сол қамалда өлтірілді. Ливанның 
кейбір  феодалдары  Стамбулға  пара  апарып,  өз  бастарын  әрең  корғап 
қалды,Түрік  үкіметінің  мұндай  зорлық-зомбылығына  қарсы  халық 
наразылығы  калыптасып,  көтерілістер  болып  тұрды.  Бұл  көтерілістерді 
Маанидтер Ливанның толық тәуелсіздігін жеңіп алу үшін пайдаланып қалуға 
тырысты. Бұл әрекет ІІ-Фахреддин эмирдің атымен тығыз байланысты. Оны 
Ливан  феодалдары  1585  жылы,  13  жасар  кезінде  барлық  Маанидтер 
иеліктерінің билеушісі деп мойындады. 
        Ол билікке іс жүзінде 16 ғасырдың аяғына жуық ие болып, күннен-күнге 
ұлғая  түскен  иелікті  1635  жылға  дейін  басқарды.  Алғашында  ол  түрік 
сұлтаны  алдындағы  міндетін  адал  орындап  отырды.  Иелігі  өскен  сайын 
салықты да көп төледі. Сондықтан түрік өкіметі оның иелігін кеңейте беруіне 
қарсылық  көрсетпеді.  Фахрединнің  карулы  күштерінің  саны  бірте-бірте  40 
мыңға жетті.Осындай қуатты қарулы күші мен бай қазынасы бар Фахреддин 
Түрік  үкіметінің  рұқсатынсыз  өз  бетімен  шет  ел-дермен  дипломатиялық 
қатынас  орната  бастады.  Ол  Италиямен,  Франциямен  қатынас  орнатты. 
Флоренциямен  де  сауда  катынасына  барды.  Түркияға  бұл  тәуелсіздік 
ұнамады. 1609 ж. Дамаск пашасы болып Ахмед Хафиз тағайындалды. Оның 
карамағынаәскер бөлініп, Фахреддин иеліктеріндегі түріктер билігін калпына  
келтіру  тапсырылды.  Бірақ  Ахмед  Хафиз  түріктер  билігін  бірден  орната 
алмады.  Тек  1613  жылы  Фахреддин  күресін  тоқтатып,  Француз  кемесімен 
Италияға  барды.  Онда  Фахреддин  Италия  мен  Францияны  Осман 
империясына  карсы  күреске  тартуға  тырысты.  Бірақ  5  жыл  бойғы  бұл 
әрекетінен түк шықпаған соң, 1618 жылы ол Ливанға қайтып келді. Ливанда 
Фахреддинді  жергілікті  халық  ұлттың  батыры  санап,  қатты  кұрметтейтін. 
Фахреддин еліне кайтып келіп, түріктерге қарсы үндеу тастағанда оның қол 
астына 100 мың адам жиналды. 5 жыл ішінде Фахреддин Дамасск пашасын  
талқандап, Антиохиядан Сафадқа дейінгі аралықта Түрік үстемдігін  
жойды. Көп кешікпей Палестинаны жаулап алды.Ұланғайыр аумақты басып 
алу  Фахреддиннің  күшін  ыдыратты.  Осындай  жағдайды  түрік  үкіметі 
пайдалана қойып, Фахреддинді жеңді. Өзін тұтқынға алып, 1635 жылы өлім 
жазасына кесті. 

Солтүстік Африка 
        ХVІ  ғасырдын  басында  Солтүстік  Африкаға  жаңа  басқыншылар  — 
түріктер  келіп  кіре  бастады.  Хайреддин  Барбаросса  деген  Мителендік 
қарақшы  түрік  Алжирге  келіп  коныстанып,  оны  түрік  сұлтаны  І-Селимнің 
иелігі  деп  жариялады.  Сұлтан  Хайреддинге  көмекке  екі  мың  артиллеристер 
мен төрт мындык янычарлар үлгісінде құрылған әскер жіберді. 1518 жыл- 
дан  бастап  Хайреддин  Алжирдің  маңызды  портты  калалары  —  Бен,  Колло, 
Шершельді  басып  алып,  елдің  ішіне  ене  бастады,  Константинаны  басып 
алып,  Кабилия  тауындағы  тайпаларға  алым-салық  төлеткізді.  1529  жылы 
түріктер  Алжирде  түпкілікті  бекініп,  испандықтардың  жақсы  қорғалған 
қамалы  Пеньонды  алды.Түрік  басқыншылары  жергілікті  феодалдардың 
иеліктері мен таптық артықшылықтарына зиян келтірмей, сол қалпында кал-
дырды.  Хайреддин  паша  болып  тағайындалып,  “бейлер  —  бей”  деген  атақ 
алды.  Ол  жаулап  алынған  жерлердегі  феодалдардан  салықты  уақтысында 
және толык төлеп  отыруды талап  етті. Жинап алынған  салықтың жартысын 
Стамбулдағы  қазынаға  жіберіп,  жартысын  өз  қарамағындағы  әскер,  кеңсе, 
уәзірлер  ұстау  үшін  жұмсап  отырды.Хайреддиннен  кейінгі  Алжирдегі  түрік 
сұлтанының  пашасы  1541  жылы  V  Карлдың  испандық  әскерін  талқандады. 
Испандықтарды Алжирдегі бекіністерінен ығыстырды. Батыста олар Тлемсен 
үшін  мароккандықтармен  күресте  жеңіске  жетті.1535  жылы  Тунисте 
испандықтар  өзін  V  Карлдың  вассалы  деп  мойындаған  Эмирді  таққа 
отырғызды.  Түріктердің  өз  үстемдігін  орнату  әрекетінен  еш  нәтиже 
шыкпады.  Тек  1574  жылы  ғана  Түрік  сұлтанының  әскері  испандықтарды 
қуып шығып, Тунисті Осман империясына қосты. 
           Солтүстік  Африкадағы  Триполи  қаласы  үшін  еуропалықтар  мен 
түріктер арасында күрес жүрді — 1510 жылдан 1530 жылға дейін бұл облыс 
испандықтар  билігінде  болды.  Сонан  соң  ол  Родос  аралынан  түріктер  қуып 
шыққан  Мальта  рыцарьларының  қол  астына  көшті.  1551  жылы  түріктер 
теңізден шабуыл жасап, Триполиді басып алды. Рыцарьлар Мальтаға қашты 
/Италияның  оңтүстігі/.  Сөйтіп,  Солтүстік  Африканың  үш  елі  —  Алжир, 
Тунис,  Триполитания  /Ливия/  түріктер  қол  астына  көшті.  Тек  Марокко  өз 
тәуелсіздігін  сақтап  қалды.  Суфизм  бағытын  ұстанушы  мұсылмандар 
халықты  христиан  дініндегі  испандықтар  мен  португалдықтарға  қарсы 
“қасиетті  соғыска”  —  Джихадқа  ұйымдастыра  алды.  1550  жылы  өзінің 
шыққан  тегі  жағынан  “ислам  дінінің  негізін  қалаушы  “Мұхамедтен 
тарайтын-мыс  шериф  Мұхаммед-аль  Махди  Фесті  басып  алды.  Ол  бұған 
дейін  Оңтүстік  Мароккода  қант  тростнигі  егістігін  иеленуші  болатын. 
Маринидтік  әулеттің  түріктер  көмегімен  өз  билігін  калпына  келтіру 
әрекетінен түк шықпады. 1554 жылы Маринидтер әулеті толық қуылды. 
Шерифтер  Оңтүстік  Мароккодағы  өз  тіреніштері  болып  табылатын  араб 
тайпаларына  көп  қаражат  бөліп  отырды.  Ахмед-алъ  Мансур  /1578—1603/ 
шерифтің  тұсында  бұл  тіреніш  көмегі  онан  әрі  кеңейтілді.  Түріктердің  кол 
астында  калғысы  келмеген  Солтүстік  Шығыс  Марокко  тайпаларына  Фес 
облысынан әскери лендер бөліп берілді. 

            Марокконың  қорғаныс  қабілетін  күшейту  және  феодалдардың  өзара 
қақтығыстарын  тежеп  отыру  мақсатымен  тұрақты  армия  құрылды.  Оны 
арнаулы  мекеме  —  махзен  басқарды.  Бұл  армия  ислам  дінін  қабылдаған 
еуропалықтардан,  негрлерден  тұрды.  Әскерді  түрік  офицерлері  мен 
солдаттары оқытып, үйретті.Канша мықты болғанымен бұл армия феодалдық 
бытыранқылыққа карсы тұра алмады. ХVІ ғасырдын ортасында шерифтерге 
қарсы  Марабуттар  көтірілісі  болды.  Оның  нәтижесінде  Марокко  бірнеше 
феодалдық иеліктерге бөлініп кетті. 
Сауда, колөнері 
         Африка  төңірегіндегі  теңіз  сауда  жолының  ашылуы  Египет  саудасына 
ауыр  соққы  болып  тиді.  Соған  қарамастан  Египет  көптеген  Шығыс  және 
Батыс  елдерімен  сауда  жасай  берді.  Сыртқы  саудаға  ауыл  шаруашылық 
өнімдері  /бидай,  мақта,  кендір,  күріш,  тері/  мен  қолөнер  бұйымдары  /мата, 
кант  т.б./  шығарылды.  Египет  көпестері  Индиядан,  Еуропа  мен  Қиыр 
Шығыстан  келген  шетелдік  тауарлармен  де  сауда  жасады.Сауда  Каир, 
Александрия,  Булак,  Дамъетт,  Розетт,  Суэц,  Кусеир,  Тальх,  Абузир,  Фуэ 
калаларында  шоғырланды.  Египеттің  басты  порттары  Жерорта  теңізі 
жағалауындағы  Дамьетт,  Розетт  және  Александрия,  Қызыл  теңіздегі  Суэц 
пен  Кусеир  болды.  Суэц  пен  Кусеир  арқылы  Үнді  және  Аравия  тауарлары 
түсіп  тұратын.Сол  кездегі  Египеттің  ең  ірі  сауда  орталықтарының  бірі 
Александрия  Каирмен  канал  арқылы  қосылған  болатын.  Александрия 
гаванына  көп  елдердің  сауда  кемелері  ағылып  келіп  жататын.  Мұнда 
венециялык  та,  флоренциялық  та,  католондық  та,  Генуя  мен  Франция 
көпестерін кездестіруге болатын. Александрияда тек халықаралық сауда ғана 
шоғырланып  қойған  жоқ.  Қала  тұрғындары  жақын  маңдағы  ауылдардың 
ауыл шаруашылық өнімдерімен толық қамтамасыз етіліп тұратын. Нил өзені 
негізгі  сауда  жолдарының  бірі  болды.  Каир  тек  сауданың  ғана  емес, 
қолөнерінің де ірі орталығы болды. Ол көлемі мен халқының саны жағынан 
Египеттің ең үлкен қаласы болды.  
         ХVІ  ғасырда  Каирдің  халқының  саны  100  мыннан  асатын.  Онда 
армяндар,  итальяндықтар,  гректер,  француздар,  поляктар,  еврейлер  тұрды. 
Египет  саудасында  құл  сату  кең  орын  алды.  Жыл  сайын  елге  4—5  мың 
африкандық  құлдар  әкеліп  сатылатын.  Каирде  көптеген  Еуропа  елдерінің 
консулдығы орналасты. Көптеген консулдар мен шетелдік көпестер Египетте 
20,  одан  да  көп  жылдар  бойы  тұрып  жатты.  Мұнда  дінге  қудалаушылық 
болған жоқ, әр діннің шіркеу -мешіттері жеткілікті болды. Қолөнері негізінен 
қалаларда шоғырланды. Дегенмен қолөнерімен ауылдық жерлерде де кеңінен 
айналысты /кәрзеңке тоқу, жіп иіру т.б. Египетте мақтадан маталар тоқылды, 
қару-жарақ,  оқ-дәрі,  гончарлық  бұйымдар  жасалды,  иіссулар  мен  шараптар, 
нашатырь, селитра шығарылды. Бұл өнімдер Еуропа елдеріне, Осман  
империясына,  Африкаға  жөнелтіліп  жатты.Қазынаға  саудадан  көп  табыс 
түсіп  жатты.  Негізгі  табыс  жер  салығынан  жиналатын.  Сонымен  қатар 
қолөнері  өнімдерінен  де  салық  жиналып,  казынаға  түсіп  тұрды.  Үкімет 
барлық қолөнері өнімдерінің 5 процентін алып отырды. 1568 жылы ақындар 
мен жазушыларға салық салына бастады. Сумен қамтамасыз ету үшін  

де салық төленді. 
           Александрия,  Розетт,  Дамьетт,  Суэц  және  Булак  қалаларында 
мемлекеттік  кедендер  болды.  Алым-салық  шеттен  әкелінетін  ақшаларға  да 
салынатын.  Құлдыққа  түсіп  калған,  бірақ  әлі  ислам  дінін  қабылдап 
үлгермеген  христиандарды  сатып  алу  бағасы  белгіленді.  ХVІ  ғасырда 
шетелдік христиан дініндегі көпестер тауарының құнынан 10 процент салық 
төлейтін.1535 жылғы Францияға берілген жеңілдіктен кейін ол жеңілдікке  
ие  болғандар  2—3  процент,  ал  Осман  империясының  көпестері  10  процент 
салық  төлейтін  болды.  Осман  империясындағы  мұсылман  емес  тұрғындар 
/байлығына  қарай/  үш  категорияға  бөлінді;  1)  жылына  төрт  алтын  монета 
телейтіндер;  2)  екі  монета;  3)  бір  монета  төлейтіндер.  Жеке  бас  салығы  — 
джизья.  Бұл  салық  тек  еңбекке  жарайтындардан  алынатын.Батыс  Еуропа 
елдері  көпестеріне  берілген  артықшылықтар,  көптеген  ішкі  кедендер,  түрік 
үкіметі  мен  жергілікті  феодалдардың  зорлық-зомбылықтары  сауда 
байланысының дамуына көп кедергі келтірді. 
Мәдениет 
 Ислам  дінінің  абыздары  Африка  елдеріндегі  мәдениеттің  дамуына  елеулі 
үлес  қосты.  Солардың  бірі  аш-Шарани  (1565  ж.  өлген)  болды.  Оның  басты 
еңбегі «Шашыранды маржандар кітабы» болып табылады. Бұл еңбегінде аш-
Шарани  жаман  мінез-құлықтарды  келемеждеп,  жақсы  мінез-құлықты 
уағыздады, 
байлардың 
дүниеқоңыздығын 
сынап, 
кедейлерді 
қорғады.Тарихнама  саласында  ибн-Халдун  (1332—1406)  зор  еңбек  сіңірді. 
Өзінің  «Кіріспе»  деген  еңбегінде  тарихи  процестердің  теориясына  талдау, 
мұсылмандық  тарихына  шолу  жасады.  Мароккандық  Маккари  (1590—1632) 
«Андалусияның  Коңыржай  желі»  деген  еңбегінде  арабтардың  Пиреней 
жарты  аралындағы  үстемдігінің  тарихын  баяндайды.  Тарихшы  Мұхаммед 
ибн  Ияс  (1524  ж.  өлген)  «Ғасырлар  оқиғаларына  байланысты  түстер 
ерекшелігі»  («Бадан  аз-зухур  фи  вакаи  аз-духур»)  деген  еңбегінде  осман 
түріктерінің Египетті басып алып, алғашқы 6—7 жылдық билік жүргізуін ба-
яндайды.  Египетті  түріктердің  жаулап  алу  тарихын  («Фатх  Мыср»)  ибн 
Зунбул  ар-Раммал  да  (1553  ж.  өлген)  жазды.  ХVІ  ғасырда  араб  елдерінде 
кітап басу ісі қолға алына бастады. Ең алғашқы баспахананы 1519 ж. Алеппо 
қаласында  еврейлер  ашты.  1605  ж.  еврейлер  баспаханасы  Дамаскіде  де 
ашылды.  1610  ж.  Казхайяда  (Ливан)  Римнен  әкелінген  баспа  станогінде 
сирия тілінде дұғалар басылып шықты. 
        Бұл  кездегі  сәулет  өнерінің  ескерткіштерінің  қатарына  Дамаскідегі 
Теккис,  Дервишие,  Синание  мешіттерін  жатқызуға  болады.  Олар  фаянспен 
өте  әсем  безендірлген.  Сондай-ақ  Фахр-ад-диннің  тұсында  зәулім 
құрылыстар Бейрутте де салынды. 
 
  
Өзін- өзі бақылау сұрақтары: 
1.
 
XVI  ғасырдың  басында  араб  елдері  кімдердің  шапқыншылығына 
ұшырады? 
2.
 
Сирия эйалетіне қандай округтер кірді? 

3.
 
1609 жылы Дамаск патшасы болып кім тағайындалды? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
13 Дәріс. XVI-XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Индия. 
Негізгі сұрақтары: 
1.
 
XVI ғ. Солтүстік Индияның экономикалық және саяси жағдайы. 
2.
 
Бабыр және Ұлы Моғолдар империясының құрылуы. 
3.
 
Акбардың реформалары. 
4.
 
Мемлекеттік саяси жүйенің орнығуы. 
Еуропадағы 
а)өндіріс 
құрал-жабдықтарының,б)сауданың 
жетілуі,в)алтынға  деген  құштарлық,г)осман  түріктерінің  еуропалықтардың 
шығыспен  сауда  жасауын  қиындатуы-ұлы  географиялық  ашылымдардың 
басты  себебі  болды.  Ұлы  географиялық  ашылымдар  оқ  дәрімен  атылатын 
мылтықпен,зеңбірекпен  қаруланған  Еуропаның  аш  қасқырдай  жалақтаған 
рыцарьларының 
даму 
жағынан 
артта 
қалған 
елдерді 
отарға 
айналдыруларының бастамасы болды. 
 Еуропа  отаршыларының  ең  алғашқы  тобы  1498  жылғы  20мамырда 
Васко да Гаманың (1469-1524) басшылығымен Индияның Каликут қаласына 
келіп  түсті.  (Ол  жергілікті  раджамен  тіл  табысып,алдап-сулап  біраз  қонақ 
болып,қымбат  азық-түлік,  алтын-күмістерін  көк  тиынға  айырбастап  алып, 
1499  жылы  Лиссабонға  қайтып  барған  болатын.  Ал  1502  жылы  20  кемемен 
қайтып келіп, өздеріне керек-жарақ тауарларын зорлық-зомбылықпен тартып 
алып кеткен болатын. 1524 жылы Португалияның Үндістандағы вице королі 
болып  тағайындалды.  Сол  жылы  өзінің  соңғы,  үшінші  жорығына  аттанып, 
Үндістанда  қайтыс  болды).  1498  жылы  экспедиция  Сомалидегі  Малинди 
гаванына  жетті.  Сол  жерде  Васко  да  Гама  араб  теңізшісі  Ахмед  ибн 
Маджидті  жол  бастаушылыққа  жалдады.  Ол  экспедицияны  Үндістанға 
бастап  келді.  Келесі  жылы  экспедицияның  55  мүшесі  ғана  қайтып  оралды. 
Қалғандары жолда әртүрлі аурулардан қайтыс болды. 
 Еуропалықтар  мұнда  араб  және  басқа  да  мұсылман  елдерінің 
көпестерімен  бақталастыққа  түсті.  Олар  Индияға  Египеттен,  Қытайдан,  т.б 
елдерден  тауар  әкеліп  тұратын.Индиядан  Египетке  түскен  тауарларды 
Венеция мен Генуя көпестері Батысқа қарай жөнелтетін. 

Индияға  баратын  жолды  ашқаннан  кейін  португалдықтар  бұл  елмен 
саудаға  өз  үстемдігін  орнатуға  кірісті.  Индияның  ішіндегі  ала  ауыздықты 
және  өздерінің  әскери  күштерін  пайдалана  отырып,португалдықтар  екі 
арадағы  жолда  көптеген  бекіністер  сала  бастады.  Малабар  жағалауындағы 
Гоа  португал  вице  корлінің  мекеніне  айналды  (астанасы-Панаджи  қаласы, 
Үндістанның  батысында).  Ормузды  басып  алып,португалдықтар  парсы 
шығанағындағы бай саудаға өз бақылауын орнатты. 
1511  жылы  Албукерки  Сингапур  бұғазындағы  маңызды  порт 
Малакканы басып алды. Сөйтіп, Үнді мұхитына шығыстан да жол ашылды. 
Енді португалдықтардың қол астына Үнді мұхитының батысы да, шығысы да 
қарады. 
1517  жылы  португалдықтар  Цейлонмен  сауда  қатынасын  орнатудан 
бастап,  бірте-бірте  оны  өзіне  бағындырып  алды  (1653  жылы  оларды 
голландтар  қуып  шықты).Португалдықтар  басып  алған  жерлерінде 
шаруашылықпен аз айналысты, көбінесе дайын азық-түлік т.б. өнімдерді өте 
арзан бағаға сатып алып, Еуропада 10 есе қымбатқа өткізді. Олра басып алған 
жерлерінде көп дегенде 10 мыңдай ғана әскер ұстады. Португалдықтар әскері 
аз  болғандықтан  Азиядағы  отарларын  көбейте  алмай,  негізінен  теңіздегі 
қарақшылықпен айналысты. 
XVI  ғасырдың  аяғында-  XVII  ғасырдың  басында  португалдықтардың 
Индиядағы  және  оңтүстік-шығыс  Азиядағы  үстемдігін  ағылшындар  мен 
голландтар тартып ала бастады. 
Индия  XVI  ғасырдың  басында  өзара  қақтығысып,қырқысып  жататын 
бірнеше  дербес  князъдықтарға  бөлінген,  бытыраңқы  ел  болды.  Үндістанда 
Кашмир,Синд,Мултан,Гуджарат,Джайпур,Мальва,Бенгалия,Бахар 
дербес 
мемлекеттер  болды.  Солтүстік  Индиядағы  үлкен  мемлекеттердің  бірі  Дели 
сұлтанның билігі астаналық округтен аса алмады. 
Бұл  сұлтанның  басында  афгандық  Лоди  әулеттері  тұрды.  Индиядағы 
XVI ғасырдың басындағы ірі мемлекеттер Хандеш, Виджаянагар (1336-1565) 
болды.  Олар  мұсылмандардың  билігінде  еді.  Екі  сарай  төңкерісінен  кейін 
Кришна  Рай(  1509-1529)  империяның  бытырап  кеткен  облыстарын  қайта 
жинап  алып,  бір  мемлекетке  біріктірді.  Ол  армияны,  қаражатты  тәртіпке 
келтірді,  жерді,  одан  түскен  салықты  реттеді.  Малаварды  басып  алып, 
солтүстікке  бірнеше  жорықтар  жасады.  Кришна  Райдың  әскери  табыстары 
Виджаянагар  империясын  құлдырауын  тоқтата  алмады.  Империя  шағын 
князьдықтарға бөлініп кетіп отырды. 
Жаңа  раджаларды  мемлекет  палайякарлар  (қорғаушылар)  ретінде 
тағайындап,  бірнеше  деревнядан  тұратын  палайямадан  (иеліктен)  шағын 
салық  жинап  алуға  рұқсат  етті.Бұл  үшін  раджа  салығын  жинап  беруге,  өз 
аумағындағы  тәртіпті  бақылауға  қажетті  әскер  ұстауға  міндетті  болды. 
Кейбір қуатты палайякарлар вассалды князьдарға айналып отырды. Майсур, 
Келади, т.б. княздықтар осылайша құрылды. Кришна Райдың ісіне Айсьюта 
Рай  (1529-1541)  шығыстағы  бірсыпыра  облыстарынан  айырылып,  Райчурды 
ғана  ұстап  қалды.  Ал  іс  жүзіндегі  билік  Аравид  феодал  әулетінің  Рама 
Раджаның қолына көшті.  

1510  жылы  португалдықтар  Гоаны  басып  алып,  Виджаянагармен 
келісімге  келу  жолын  қарастырған  болатын.  1547  жылы  келісім  бойынша 
португалдықтар  Иран  мен  араб  елдерінен  жылқы,  қару,  қытай  жібегі  мен 
мыс,  сынап  т.б.  тауарлар  әкелінетін  болды.  Ал  Виджаянагар 
португалдықтарға селитра мен үнді матасын беретін болды. Португалдықтар 
қолдауына  сүйене  отырып,  әрі  қарай  ішкі  ала  ауыздықтарды  шебер 
пайдаланып,  Рама  Раджа  өз  иелігінің  шеңберін  солтүстікке  қарай  кеңейте 
түсті.  
Виджаянгар  тарапынан  төнген  қауіп  алдына  Ахмеднагар  Биджапур, 
Бидар және Голконда басшылары ала ауыздықтарын ұмытып, бірлесе түсуге 
мәжбүр  болды.  Олардың  біріккен  қарулы  күштері  1565  жылы  шайқастарда 
Виджаянагар  әскеріне  қатты  соққылар  берді.  Рама  Раджа  қаза  тапты.  Оның 
ағайындары  астананы  тастап  қашты.  Астана  (Виджаянагар  қаласы) 
талқандалды.  Кейін  қайтып  оралып,  махараджа  болған  Тирумала  оны  қайта 
қалпына  келтіруге  тырыспай,  Пенуконда  қаласын  астанага  айналдырды.  I-
Венката  (1586-1614)  империяны  бұрынғы  қалпына  қайта  келтірді.  Бірақ  I-
Венката  өлісімен  қырқысулар  қайта  басталып,  империяны  әлсіретті. 
Империядан  бірінен  соң  бірі:  Майсур,  Мадура,  Иккери,  Танджур 
князьдықтары бөлініп кетті. 
Үнді  жағалауының  қалалары  көптеген  таяу  және  қиыр  шығыс 
елдерімен теңіз саудасын кеңінен жүргізіп келе жатты. Сол себепті оңтүстік 
қалалары  өз  дамуындағы  солтүстіктегі  қалалардан  әлде  қайда  озып  кетті. 
Көпестер  бұл  қалалардың  құрметті  сословиесі  болды.  Сыртқы  сауданың, 
әсіресе күшті дамыған ауданы Малавар болды. Оның халқы кокос,келімдәрі 
т.б.  тағамға  қажетті  көкөністер,  жемістер  өсірумен  шұғылданды.  Бұл 
тауарлар  тек  шет  елдерде  ғана  емес,  елдің  ішінде  де  үлкен  сұранысқа  ие 
болды. Мұнда астыққа қажеттілік сұраныс зор болды. Малавардың өз астығы 
болмады.  
Индияның  барлық  жерлеріндегідей,  оңтүстіктегі  үндістер  де  қауымға 
бірігіп  тұрды.  Бірақ  мұндағы  қауым  XIV-XV  ғасырларда  біртіндеп  ыдырай 
бастады.  Азия  мен  Африкадағы  үнді  матасына  деген  зор  сұраныс 
шаруалардың 
көпшілігін 
мата 
тоқумен 
айналысуға 
итермеледі. 
Тоқымашылар поселкесі пайда болып жатты. Қауымнан бірте-бірте ұсталар, 
қыш бұйымдарының шеберлері, түптеушілер сияқты қолөнершілерде бөлініп 
шыға  бастады.  Барлық  қалалармен  көптеген  селоларда  әр  апта  сайын  базар 
өткізіліп  тұрды.  Тауарды  бүкіл  елге  таратып  тұратын  кезбе  (касталар 
коматтар, ламбадалар) сауданың дамуында айтарлықтай рөл атқарды.  
Рынокқа еңбек ететін қолөнершілер біртіндеп қауым ықпалынын босай 
бастады.  Олар  үстемші-  саудагерлерден  қарыз  ақша  алып,  өтеуге  шамасы 
келмегенде  қауымдағы  жерін  бере  салатын.  Қоғамдық  еңбек  бөлінісінің 
дамуы  қауымның  одан  әрі  ыдырауына  түрткі  болды.  Қауым  мүшелерінің 
үлестерінің теңдігі- өткен заманда белгісі ғана болып қалды, яғни жойылды. 
Қауым басшылығында шаруалардың неғұрлым бай топтары тұрды. Олардың 
кейбіреулері өз көршілерін қанайтын феодалдарға айнала бастады. 

Шаруалардың  көпшілігі  өз  үлестерінен  айырылып,  тақыр  кедейлерге 
айналды.Қауым  басшылары  мен  индус  храмдарының  жерлерінде 
жалгерліктің  “сыбағаластық”  деген  түрі  қалыптасып,  дами  түсті.  Бұл 
процестер 
Оңтүстік 
Индияда, 
әсіресе 
Виджаянагар 
(1336-1365) 
империясының соңғы жылдарында өте тез қарқынмен дамыды. 
Малавар жағалауында қауымның ыдырағандығы сонша, онда қауыдық 
үкімет  те,  қолөнершілер  де  қалмады.Шаруалар  үлкен  отбасыларымен  өзіне 
тән  ерекшелігі  бар  хуторларда  тұрып  еңбек  етті.  Жақындауға  болмайтын 
каста  мүшелерінің  жалдамалы  еңбегін  пайдаланды.  Қауымдық  құлдармен 
басыбайлы  шарулар  жеке  меншікке  айналды.  Малавардан  басқа  Оңтүстік 
Индияда  араласуға  болмайтын  касталық  басыбайлы  шарулар  бүкіл  қауымға 
ортақ  болып  қала  берді.  Бұл  жағдай  қауымды  ұжымды  қанаушы  ретінде 
топтастыра,  біріктіре  түсті.  Қауымдардың  ағылшындар  келуіне  дейінгі 
сақталып  қалуының  бір  себебі  осы  болды.  Жерге  феодалдық  меншіктің 
бірнеше түрі болды. 
1.Махараджа  әулетінің  иелігі,  сондай-ақ  иен  жерлер,  джунгли  мен 
айдалмаған 
(өңделмеген) 
жерлер 
мемлекет 
басшысының 
домені 
болды.Олардан түскен табыс сарайдың мұқтажына жұмсалды;  
2.Сонымен  қатар  Махараджа  кәмпіске,  жаулап  алушылық  кезінде 
мемлекет  меншігіне  айналған,  әскери  лендер  ретінде  тарту  үшін  ұстап 
отырған  елдердің  түпкір-түпкіріндегі  барлық  жерлерді  тек  өз  қалауы 
бойынша  пайдаланды.  Бірақ  ол  жерлерді  храмдар  мен  брахмандарға  діни 
сыйлық ретінде тартуға болмайтын еді
3.Әскери  лендер  “амарам”деп  аталды.  Олар  тақсыр  үшін  белгілі  бір 
әскери  контингенттің  басында  қызмет  атқарып,  тиісті  салығын  төлеп 
тұрғанда  өмір  бақилыққа  берілетін.  Бұл  салық  жылдық  азық-түлік 
табысының 1/6 –ін құрайтын. Одан аз болуы мүмкін болды, бірақ ешқашанда 
көп  болған  жоқ.Амарам  иесінің  өз  қарауындағы  шаруалардан  салық 
жинауына  үкімет  араласпады.  Салық  мөлшерін,  оны  жинау  мерзімі  мен 
жинаушылар  амаранайяк  өзі  белгілеп  отырды.  Оның  өз  жерін  басқа  біреуге 
сатуға, сыйлауға жәй беруіне құқы болды. Амаранайяктар ірі феодалдардың 
марқасқаларын құрады. Олардың саны 200-ден аспады. 
4.Амаранайяктар  вассалдарына,  кішігірім  отряд  командирлеріне 
берілген  “умбали”  деген  жер  сыйлығы.Феодалдық  жер  иеленушіліктің  бұл 
түрі тек әскери қызмет атқарғаны үшін берілді; 
5.Оңтүстіктің  ірі  феодалдары  храмдар  болды.  Бүкіл  елдің  аумағының 
1/5-і сол храмдардың қарамағында болды. Храмдарды үкімет тағайындайтын 
басты  абыз  бен  брахмандар  кеңесі  басқарды.  Орталық  үкімет  храмдардың 
байып. Нығая түсүіне көмектесіп отырды; 
6.Инабатты  феодалдар  өз  жерлеінің  біраз  бөлігін  оқымысты 
брахмандарға сыйға тартып тұратын. Император сарайында,оның вассалдары 
мен  әскери  бастықтарының  маңында  жер  мен  наградалар  сұрап  қора-қора 
брахмандар  жүретін.  Оншақты  брахмандар  отбасына  бір  деревня  берілетін. 
Онан  түскен  табысты  бәрі  бөлісіп  алатын.  Императорлар  князьдар 
арасындағы  ала  ауыздықтармен  қырқысуларды  өз  билігін  нығайту  үшін 

пайдаланып  отырды.  Сонау  1350  жылы  I-Харихара  (1336-1556)  барлық 
салықты  ақшамен  жинауға  бұйрық  берілген  болатын.  Ақшалы  рента 
Виджаянагар  әулеті  билік  құрған  кезде  мызғымай  қала  берді.  Натуралды 
оброк та сақталып қалды, бірақ оның мөлшері өте аз болды.  
Араласуға  болмайтын  кастамен  қарызға  белшесінен  батқан  қауым 
мүшелері-  мирастарлардың  қожайындарынан  кетуге  құқы  болмады.  Олар 
жалға алынған жерлері үшін өнімдерінің 7/8-ін қожайынға беруге немесе өз 
жерімен қоса қожайынның жерінде де жұмыс істеугу тиіс болды.Барщиналық 
еңбекті,  әсіресе  храмдар  жиі  пайдаланды.  Брахмандар  мен  храмдардың 
жерлеріндегі мұндай шектен тыс қанаушылыққа шыдамаған шаруалар басқа 
феодалдарға  қашып  кетіп  отырды.  Олардың  көпшілігі  салық  мөлшері 
азайтылған  соң  ғана  қайтатын.  Кейде  шарулар  қашпай-ақ  рентамен  алым-
салық мөлшерін төмендеткізе алды. Бұл мақсатқа жету үшін бүткіл бір аудан 
еңбекшілерінің  барлық  касталары  мен  топтары  өзара  келісіп  алып, 
қожайындарға  өздері  әділетті  деп  санайтын  салық  мөлшерін  ұсынатын. 
Келісімді бұзған каста мүшелері қатты жазаланатын, кейде өлім жазасына да 
кесілетін. 
Халық бұқарасын кеңінен қамтыған көтерілістер 1480 жылы Танжурда, 
1546  ж.  Баркурда  болды.  Әскери,  азаматтық  істердегі  барлық  билік 
махараджаның  қолында  болды.  Бірақ  әкімшіліктегі  басты  фигура  үлкен, 
бірінші  министр-махапрадхан  болды.  Ол  қаражат  жағын  басқарды.  Басқа 
министрлерді- прадхандарды басқарды. Әскери қолбасшы «далада-адхисари» 
деп аталды.  
Мемлекет  басында  губернаторлар  тұратын  бірнеше  провинцияға 
бөлінді.  Губернатор  жеке  өз  басының  пайдасына  майда  салықтар  жинап 
отырды. Оның әрбір қадамын орталық үкімет тыңшылар арқылы өте мұқият 
қадағалап  отырды.  Шамамен  әрбір  2-3  жылда  губернаторлар  ауыстырылып 
отырды.  Провинциялар  бірнеше  шағын  әкімшіліктерге  бөлінді.  Олардың 
әкімдері  ірілі-ұсақты  жер  иелері  болды.Әкім  қызметі  әкеден  балаға  мұра 
ретінде қала беретін болды. 
Солтүстік  Индиядағы  саяси  бытыраңқылық  және  феодалдық  өзара 
қырқысулар  сауданың,  ауыл  шаруашылығының  дамуына  кедергі  жасады. 
Күйзеліске  ұшырайтын  феодалдық  соғыстарды  тоқтптуға  шаруалар  да,  қала 
тұрғындары да мүдделі болды.  
XV  ғасырдың  аяғымен  XVI  ғасырдың  басындағы  португалдықтардың 
Үнді  мұхитындағы  үстемдік  құруы  Индияның  Батыспен,  Шығыспен  теңіз 
саудасын  тежеді,  ол  сауда  ең  көп  пайда  табушы  араб  көпестерін  тақырға 
отырғызды.  Португалдықтар  Үнді  мұхитындағы  кез-келген  кемелерді 
қиратып,  тоқтатып,  Индияға  жол  тартпауға  тырысты.  Бұл  әрекет  Индияның 
сыртқы саудасын құрғаққа ығыстырады.XVI ғасырда Индиялық маталармен 
бояулар,  тәтті  тағамдар  Еуропаға,  Ауғанстан,Персия,  Түркия  арқылы 
шығарылып,  ескі  керуен  жолы  жандана  түсті.  Бірақ  бұл  жандану  XVII 
ғасырад  қайта басылып  қалады. Оған себеп  ағылшындармен  голландтардың 
Үнді мұхитындағы португалдықтардың жеке дара белгісін жоюы болды. 

Сондай-ақ  солтүстік  Индиядағы  феодалдар  арасындағы  бір  орталыққа 
бағынған  мемлекет  құруға  ұмтылушылықтың  бір  себебі-мұсылмандар  мен 
индустар  арақатынасындағы  өзгерістер  болды.  Түрік,  тәжік,  ауған 
басшылықтары  кезінде  Индияда  ислам  діні  басым  болды.  Ал  жергілікті 
индус дінін ұстанатын халық жерінен, байлығынан айырыла бастады. Темір 
шапқыншылығынан  кейін  және  Дели  сұлтанаты  құралған  соң  индус 
феодалдары  қайтадан  бас  көтерді.  «1452  жылы  Делиді  Жайпур  раджасы 
қоршап алды. Бұл шабуыл 26 жылға созылды» (К.Маркс). 
Мұсылман  феодалдары  ала  ауыздықтарын  ауыздықтап,  бірікпесе,  өз 
артықшылықтарын  жоғалтатынын  ұқты.  Сондықтан  олар  бір  орталыққа 
бағынған күшті мемлекет құруға мүдделі болды. Бұл жағдайды Орта Азиядан 
шыққан  Қабул  әмірі  сұлтан  Бабыр  пайдаланып  қалды.  Ол  1526  ж.  Индияға 
басып  кірді.  Ол  Темірдің  шөбересі,  12  жасында  әкесінің  Ферғана  тағын 
мұраланды.  1504  жылы  көшпелі  өзбектер  оны  қуып  шықты.  Сол  жылы  ол 
Кабулды  басып  алды.  1512  жылға  дейін  Бұқарамен  Самарқандты  басып 
алмақ болды, бірақ ол мақсатына жете алмады.  
1525 жылы Пенджабтың наместнигі Дәулет-хан Бабырды Делиде билік 
құрып тұрған сұлтан Ыбрайм Лодиге қарсы бірге күресуге шақырды. Бабыр 
12 мың әскерімен Пенджабқа кіріп, Дәулет-ханды орынынан алды. Бабырдың 
сұлтан  Ыбрайм  Лодидің  40  мыңдық  әскерімен  шешуші  шайқасы  Пенджаб 
пен  Делидің  арасындағы  Панипат  алқабында  1526  жылғы  сәуірде  болды. 
Бабыр  әскері  зеңбірегінің  басымдылығының  арқасында  жеңіске  жетті.  Оған 
Делиге  жол  ашылды.  Бірақ  енді  Бабырға  қарсы  шайқасқа  Раджпуттық 
князьдар әскермен Рана Санграм Сингх шықты.  
1527  жылғы  наурызда  Кхнау  маңындағы  шайқаста  Бабыр  тағыда 
жеңіске  жетті.  Бабыр  орнатқан  мемлекет  Ұлы  Моғолдар  державасы  деп 
аталып  кетті.  Бабырдың  қайтыс  болуына  қарай  бұл  держава  батысында 
Кабулмен,  шығысында  Бенгалиямен  шектесіп  жатқан  ұлан  ғайыр  мемлекет 
болды.  Бірақ  ондағы  салық-  әкімшілік  жүйесі  нашар  болды.  200  жылдан 
астам уақытқа (1526-1761) дейін өмір сүрген бұл мемлекеттің негізін қалаған 
Бабыр  өте  көрнекті  қолбасшы,  әрі  саяси  қайраткер  болды.  Ол  өте  сезімтал, 
дарынды  ақында  болған.  Өзбек,  тәжік,  ауған,  үнді  тілдерінде  емін-еркін 
сөйлеген. Үнді елінің  салт-дәстүрін  сақтап, әдет-ғұрпымен  танысып, құрмет 
көрсетіп отырған. 
1530 жылы таққа Бабырдың баласы Хумаюн отырған соң үкімет билігі 
біраз әлсіреді. Өз інілеріне енші-иеліктер бөліп беруі моғолдық билеуші топ 
арасындағы қырқысуға әкеп соқты. Бұл қақтығыстар саудаға кесірін тигізіп, 
елдің  экономикасын  әлсіретті.  1532  ж.  Ұлы  Моғол  елшілігі  орыстың  ұлы 
князьі  Василий  III-нің  сарайына  келіп  қайтқан.  Бұл  кездесу  екі  елдің 
тарихында елеулі із қалдырған жоқ.  
1537 жылы Хумаюнға қарсы көтерілісті Бихарлық Ұсақ феодал Фарид 
басқарды.  Ол  ауғандық  сур  тайпасының  өкілі  болатын.  Өз  інілерінен  ешбір 
көмек ала алмаған  Хумаюн  Фаридтен жеңіліп, 1542 жылы  Персияға қашты. 
Шер-шах деген атпен тәж киіп (1539-1545), Фарид қоғам талабына өзгерістер 
енгізді.  Жан-жағына  ағаштар  отырғызылып,  1700  керуен-сараймен 

қамтылған  4  сауда  жолы  салынды.  Ол  жол  астына  Аграны  Бенгалиямен 
Раджпутанамен,  Аттокпен  және  Мултанмен  қосты.  Бүкіл  ел  кішігірім 
әкімшілік-паргандарға  бөлінді.  Ол-  орталықтың  бақылауын  күшейтті. 
Феодалдардың жерін тартып алуға батпай, жаңа  жер иеліктерін үлестіруден 
шах үкіметі аулақ болды.  
Шер-шах  феодалдардың  әскер  жасақталуына  бақылауды  күшейтті, 
жылқыларды  таңбалауды  енгізді.  Жер  салығына  өзгерістер  енгізді.Ол 
жаңалықтар  салықты  есепке  алуды  жетілдіруге  сөйтіп,  қазынаға  түсетін 
кірісті көбейтуге, сондай-ақ ол салықты төлеушілердің жағдайын жақсартуға 
бағытталды.  Енді  салықты  заттай  немесе  ақшалай  төлеуге  ерік  берілді. 
Үндістер  дініне  тіл  тигізу  қатаң  жазаланатын  болды.  Бірнеше  үндістер 
мемлекетті басқару ісіне тартылды. 
1545  жылы  Шер-шах  өлді.  Хумаюн  сол  жылы  Кабулды,  Қандағарды 
басып  алды.  1554  жылы  Индияға  басып  кіріп,  Пенджабты  бағындырды,  бір 
жылдан соң Делмен Аграны да бағындырды. Хумаюн 1556 жылы қаңтарда өз 
астрономиялық  обсерваториясындағы  мәрмәр  баспалдақтарында  тайып 
жығылып, қайтыс болды. Шах деп оның 13 жасар баласы (1355-1605) Әкбар 
жарияланды. Оған қарсы Хаму деген үндіс қолбасшысы көтеріліске шықты. 
1556 жылғы Панипаттағы шайқаста үндістер жеңілді. 
Онан  кейінгі  20  жыл  ішінде  көптеген  басқыншылық  соғыстардың 
нәтижесінде  Шығыс  Ауғанстан,  Пенджаб,  Дели-Агра  өңірін  қамтыған 
кішкентай  Солтүстік  Индия  мемлекетінен  Моғолдар  державасы  ұланғайыр 
империяға  айналды.  Ол  солтүстігінде  Гималай  тауларынан,  оңтүстігінде 
Годавари  өзеніне  дейін,  шығысында-  Бенгал  шығанағынан,  батысында 
Гуджарат 
жағалауларына 
дейінгі 
жерлерді 
алып 
жатты. 
Бұл 
шапқыншылықтардың  табысты  болуы    тек  моғолдардың  күш  жағынан 
басымдығына ғана байланысты емес еді. Моғолдар ішкі саясатында падишах 
билігінің әлеуметтік тірегін, жаңа құрылған феодалдық мемлекетті нығайтуға 
бағыт ұстаған болатын. 
Акбар  таққа  отырғанда  оның  тірегі  Индияға    Бабырмен  және 
Хумаюнмен  келген  орта  азиялық,ауғандық  және  персиялық  феодалдардың 
шағын  ғана  тобы  болды.  Осы  топтың  шексіз  билікке  деген  ұмтылысын 
шектеп  қана  шах  үкіметі  Индияға  атам  заманнан  бері  келіп  қоныстанған, 
жергілікті  үндістерден  дінінен  басқа  ешбір  айырмашылығы  қалмаған 
мұсылмандарды  өз  жағына  тарта  алды.  Индияның  түпкір-түпкірін  жаулап 
алған  кезде  Акбар  жергілікті  феодалдарға  зорлық-зомбылық  көрсеткен  жоқ. 
Қарсылық көрсетпеген феодалдарға сыйлық пен билік беріп отырды. 
Акбар  таққа  отырған  алғашқы  жылдары  эмир  лауазымы  бар  200  ірі 
феодалдардың  70  проценті  Индияға  Бабырмен,  онан  кейін  келген  орта 
азиялық,  ауғандық  феодалдар  болды.  1532  жылғы  мәлімет  бойынша 
эмирлердің 40 проценті моғолдар жаулап алушылығы кезінде келгендер еді, 
ал келесі 40 проценті жергілікті, үнділік мұсылмандар болды. 
Ал  үндіс  феодалдар  эмирлердің  20  процентін  құрады.  Сөйтіп,  шах 
билігі  жергілікті  индус  және  мұсылман  феодалдардың  қолдаушылығына 
сүйенді. 

Үндіс  ақсүйектерімен  жақындасу  саясаты  өмір  талабынан  туып  еді. 
Раджпутандағы  соғыс  кезінде  моғолдар  Бабырдың  жауы  Удай  Синхтың 
қатты қарсылығына тап болды. Бұл елді жаулап алуды жеңілдету үшін Акбар 
Раджпутан  князьдарының  бірнеше  қыздарын  өз  гареміне  алды.  Сөйтіп 
туыстасты. Акбар  жаңа  қайын  жұртына көп  жақсылықтар жасап,  өз  жағына 
тартып  алды.  Раджпутан  әскерлері  Акбар  қарулы  күшінің  1/3-ін  құрады. 
Индуизм  дініне  ерік  беру,  үндістерді  шенді  қызметтерге  тағайындау 
Акбардың үндістер арасындағы беделін көтерді. 
Моғолдар  державасының  құрамына  кірген  жерлерде  феодалдық 
қырқысулар  тоқтап,  ішкі  кеден  салықтары  жеңілдеді.  Сөйтіп,  егіншілік  пен 
сауда-саттық үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Сауда әсіресе 1572-1573 жж. 
Таяу  және  қиыр  шығыстың  көптеген  елдерімен  теңіз  саудасын  қызу 
жүргізетін бай Гуджаратты порттарымен қоса жаулап алған соң айтарлықтай 
жандана  түсті.  Құрғақта  үстемдік  құра  отырып,  моғолдар  теңізде 
дәрменсіздік  көрсетті,  сөйтіп  олар  Үнді  мұхитының  суларында 
португалдықтардың  қожайындық  етуімен  келісуге  мәжбүр  болды. 
Португалдықтарды  Гуджараттың,  бүкіл  Малабар  жағалауының  ірі  порты 
Суратқа  кіре  берістегі  ұялары  Диу  мен  Даманнан  қуып  шығу  әрекеті 
моғолдар үшін сәтсіз аяқталды. 
Индияның  едәуір  бөлігінің  Моғолдар  державасының  құрамында  саяси 
бірігуі,  мемлекеттік  басқару  ісінің  орталықтандырылуы,  салық  рентаны 
жинауды реттеу жөніндегі шаралар елдің экономикасының дамуына қолайлы 
жағдайлар туғызды.  
Ортағасырлық  Индияда  қолөнерінің  егіншіліктен  бөлінуі  Еуропа  мен 
Азияның  көптеген  феодалдық  елдеріндегіге  қарағанда  өте  баяу  қарқынмен 
жүрді. 
XVI ғасырда Индияда халқының саны көп қалалар қатары онан әрі өсе 
түсті.  Бұрынғы  байлардың  бекініс  мекені  типтес  қалалармен  қатар  жаңа 
қалалар- сауда-қолөнер орталықтары қалыптасып, көбейе түсті. Бұл қалалар 
бұйымдарын  рынок  талабын  қанағаттандыру  үшін  шығарып  отырды.Рынок 
сұранысының өсуі Моғолдар державасындағы қала мен деревня арасындағы 
еңбек бөлінісінің жоғары дәрежеге жеткендігінің белгісі болды. 
Индияның 
әртүрлі 
облыстарының 
арасындағы 
экономикалық 
байланыстардың дамығандығын Бенгалияны Индия континентінің Солтүстік-
батыс  бөлігімен  қосушы  негізгі  артерия-  Ганг  өзенімен  тауарлар 
тасымалының өсуі дәлелдейді. Өзенмен Бенгалдан жоғары, солтүстікке қарай 
күріш,  бидай,  қант,  мата,  бояу  тасылса,  төмен  Бихарға  қарай  Раджпутанда 
өндірілген  тұз,  әлемге  әйгілі  биязы  жылқылар,  лахор  мен  Делидің  зергер 
шеберлері жасаған қару-жарақтар әкелінетін. 
Индиямен  көршілес  Гуджарат  Махараштрға,Мальваға,  Раджпутанға 
Қолөнер  бұйымдарын  апарып,  олардан  өзіне  бидай,  күріш,т.б.  азық-түлік 
өнімдерін әкеліп тұрды. 
Абуфазыл  өзінің  «Аин-и-Акбари»  деген  еңбегінде  1577  жылы  1  манн 
бидай  Аграда-  50  дамм,  Аллахабадта-62  дамм,  Аудта-44  дамм,  Делиде-56 

дамм,  Мальвада-75  дамм  тұратын  дейді.  Соған  қарағанда  XVI-XVII 
ғасырларда Индияда біртұтас рынок қалыптасты деп айту қиын. 
XVIғасырдың 
ортасындағы 
Моғол 
державасының 
жағдайы 
егіншілікпен  қолөнеріндегі  ұсақ  тауарлы  өндірістің  өсуімен,  қалалардың 
сауда-қолөнері  орталықтары  ретінде  нығаюымен,  облыстық  рыноктардың 
қалыптасуымен,  елдің  түрлі  аудандары  арасындағы  экономикалық 
байланыстың нығаюымен сипатталады. 
Үнді  деревнясына  ақша-тауар  қатынастарының  енуіне  байланысты 
ауылдық  қауым  тез  ыдырай  бастады.  Шаруалар  мен  қолөнершілерді  сауда 
өсімқор  капиталдың  шырмап  алу  процесі  күшейді.  Индиядағы  XVI 
ғасырдағы маңызды экономикалық құбылыстар осындай еді. 
Әрине,  Индиядағы  әртүрлі  халықтардың  дамып,  жетілуінде 
алақұлалықтарға,  олардың  әлеуметтік-экономикалық  құрылысындағы  елеулі 
ерекшеліктерге,  тарихи  дәстүрлеріне  байланысты  жоғарыда  аталған 
процестер  елдің  барлық  аудандарында  бірдей  орын  алған  жоқ.  Идеология 
саласында орын алған  процестер Индиядағы феодалдық құрылыстың  өзінде 
болып жатқан өзгерістерді бейнеледі. 
Индиядағы  XVI  ғасырдағы  өзгерістер  ұлы  ақын  Тұлси  Дастың  атақты 
Рамаяна  деген  поэмасында  көрініс  тапты.  Поэманың  сюжеті  оқырманды 
ежелгі замандарға апармақ болғанымен ақын өзі өмір сүрген XVI ғасырдағы 
үнді  қоғамын  суреттейді.  Поэмада  ең  алдымен  ақша  билігінің  өсуі, 
брахмандардың 
шық 
бермес 
шығайбайлығы, 
қытымырлығы, 
дүниеқоңыздығы  суреттелді.  Ақшасы  көп  адам  шыққан  тегі  мен 
мәдениеттілігіне қарамастан-ақ құрметке ие болып, маңғазданды, ал ақшасы 
аз тектілер сый-құрметтен айырылды. 
Индиядағы  XVI  ғасырдағы  ең  басты  антифеодалдық  қозғалыстар 
сикхизм,  махдистер,  рошаниттер  болды.  Сикхизм-  шәкірт  деген  сөзден 
шыққан.  Ол  қозғалыс  XV  ғасырдың  аяғм-XVI  ғасырдың  басында 
қалыптасты.  Индуизмнің  сектанттық  бағыты.Ол  ортағасырлық  Индия 
қаласының  бай  қуатты  қолөнершілерімен  өсімқорларының  феодалдарға 
қарсы наразылығын білдірді. 
Алғашқы 
сикхтер 
Индияның 
солтүстік-батысындағы 
сауда-
өсімқорлықпен  айналысатын  кшатри  кастасынан  шықты.Сектаның  негізін 
қалаушы,  сикхтердің  бірінші  ұстазы    Нанак  (1469-1538)  сол  кшатри 
қатынасынан шыққан ол көпестің баласы болған, Лахордағы Дәулетхан деген 
байдың  нан  қоймасының  меңгерушісі  болып  істеген.  Бақуатты  қала 
тұрғындары  байлықтарын  жасырып,алма-жұлма  киім  киіп  жүруге  мәжбүр 
болғандықтан осы қозғалысқа қатысты. 
Сектанттар 
феодалдық 
тәртіптермен 
касталық-сословиелік 
бөлінушілікті 
айтпай 
отырып,брахмандар 
мен 
мұсылмандар 
дін 
басыларының 
арамдық-парақорлығын 
бұзылғандығын 
әшкереледі. 
Индуизмнің  сән-салтанаттық  дәстүрлеріне  сектанттар  қарапйымдылық  пен 
үнемшілдікті  қарсы  қойды.  Олар  дін  басыларының  беделін  мойындамады, 
қажылыққа  баруды  да  жоққа  шығарды.  Олар  сонымен  қатар  орта  ғасырлық 
аскетизмді  де  дүние  қызығынан,  үйленуден  бас  тартушылықты  да  сынады. 

Сектанттар  бұл  дүниеде  өз  байлығын  көбейтіп,  оны  бекер  ысырап  етпей, 
үнемшіл болуға, өмірде адамға қажетті қызықтардан құр қалмауға шақырды. 
Олар “арзан” шіркеу, дін үшін күресті.  
Ортодокстық индуизм адамның о дүниеде тозақтан құтылуының жолы-
қасиетті  заңдарды  жақсы  біліп,  оларды  мұқият  орындап  отыруда  десе, 
сикхтер барлық адамдарды құдай алдында тең деп, тозақтан құтылуда бәріне 
бірдей  деп  жариялады.  Алғашқы  сикхтер  шыдамдылыққа,  үкіметке, 
қоғамдық  тәртіпке  қарсы  күш  көрсетпеуге  шақырды.  Ол  феодалдар  үшін 
онша қауіпті болмады.Ал падишах Акбар олардың гуруына Пенджабтан жер 
сыйлыққа берді. Ол жерде сектанттар Амиритсар деген өз қаласын тұрғызып, 
оны “алтын храммен” безендірді.  
Сектанттардың  феодалдық  тәртіпті  сынауы  олардың  бейбіт  пиғылына 
қарамастан,  сикх  гуруының  моғолдармен  достығының  үзгісі  келмеседе, 
кедей-кепшіктің,  еңбекші  халықтың  арасындағы  ықпалдары  өсе  түсті. 
Шаруалармен  қолөнершілерді  секта  қатарына  еріксіз  тартып,  сикхтардың 
қызметі мен идеологиясына өзгерістер енгізуіне итермеледі. 
XVI  ғасырдың  бірінші  жартысында  солтүстік  Индияның  қарапайым 
мұсылман  халықтарының  арасында  антифеодалдық  сектанттық  махдистер 
қозғалысы  кеңінен  тарады.  Махди-құтқарушы,  әділеттік  патшалығын 
орнатушы.  Махдистердің  негізгі  орталықтары  Ага  маңындағы  Биан  ауданы 
болды.  Махдистер  басшысы  шейх  Абдулла  Ниази  өз  насихатын  қарапайым 
халыққа,  қолөнершілерге,  су, отын  тасушыларға  арнады.  Сектанттар  саны  3 
мың  адамға  жетті.  Олар  жергілікті  үкімет  билігін  күшпен  басып 
алып,феодалдарға өз нұсқауларын берді. 
Махдистер  арасында  құтқарушы  құдай  өкілі  келгенше  шыдамдылық 
көрсетіп,тоқтай  тұруға,  күш  қолданудан  аулақ  болуға  шақырған  бағытта 
болды.  Бұл  бағытты  тек  бақуатты  қала  тұрғындар  ғана  емес,  сондай-ақ 
мұсылман діни феодалдары да қолданды. 
1548-1549  жылжары  махдистер-  сектанттар  талқандалды.  Шейх 
Абдулла Ниази шах сарайына өзінің соңынан ерген қарапайым халықты ертіп 
келіп,  байлықты  бөлісу  талаптарын  қойды.  Ол  қате  пікірден  аулақ  бол, 
бұзықтықты қой дегенге көнбеген соң ұстап алып, жазаланды;ұрып-соғылды. 
Оған ерген махдистар қуғын-сүргінге ұшырады. Қозғалыс ыдырай бастады. 
XVI  ортасында  рошаниттер  қозғалысы  қалыптасып,  ол  70жылдай 
уақытқа  созылды.  Бұл  қозғалыс  инд  өзенінің  оң  жағалауындағы  ауған 
жерлерін,  Сүлеймен  қырқаларының  солтүстігіндегі  облыстарды  да  қамтып 
отырды. Рошаниттер өз атын қозғалыстың негізін қалаушы Баязит Ансардың 
(1524-1585)  атынан  алған.  Ансар  өз  жақтастарының  арасында  Пир-и-Рошан- 
әлем ақсақалы,қариясы деп аталыпты. 
Рошаниттер 
қозғалысының 
махдистер 
сикхтер 
қозғалысынан 
айырмашылығы-оның  қоғамның  ең  артта  қалған  тобының-қоғамдық 
қоғамнан  феодалдық  қоғамға  жаңадан  аяқ  басқан  қауым  арасында 
қалыптасуы  болды.  Бұл  сектаның  мүшнлері  байдың  мал-мүлкін  ортаға 
салуға-артықшылықтарды  жоюға  шақырды.  Рошанидтер  қозғалысы  тек 
әлеуметтік  теңдік  үшін  емес,  сондай-ақ  ауғандықтар  тәуелсіздігі  үшін  де 

күресті,  яғни  моғолдар  билігінен  құтылу  үшін  күресті.  Бірақ  XVII  ғасырда 
рошанидтер қозғалысы бір жолата талқандалды. 
1572-1573  жылдары  Гуджаратты  басып  алғанна  кейін  моғолдар 
басшылық  жорықтарын  уақытша  тоқтатуға  мәжбүр  болды.  Мемлекеттік 
билікті  нығайту  мақсатымен  падишах  Акбар  (1556-1605)  біраз  өзгерістер 
енгізуге  тырысты.  Ең  алдымен  индус  Тодор  Маланың  басшылығымен  (ол 
моғолдар  үкіметіндегі  қаражат  әкімшілігін  басқаратын)  салық  реформасы 
жүргізілді.Рента салық әр шаруаның жерінде әр-түрлі болатын болды. Оның 
мөлшері  жердің  сапасына,  онда  егілетін  дақылдардың  түріне  байланысты 
болды.  Барлық  шаруалардың,  байлардың  жерлері  қайтадан  өлшеніп,  сапасы 
тексеріліп,  түсетін  өнім  мөлшері  есептеліп  оларға,  салынатын  салық  көлемі 
дәл  анықталды.  Бұл  мыңдаған  есепшілер  жүргізген  өте  күрделі  де  ауыр 
жұмыс  болды.  Бұл  істің  нәтижесі-  моғолдар  державасының  Ауғанстан, 
Кашмир,  Бенгалиядан  басқа  жерлердегі  азық-түлік  рентасының  ақшалай 
рентамен ауыстырылуы болды. 
Реформа алғашында шаруалар жағдайын біраз жеңілдетті. Бірақ ақшаға 
деген  мұқтаждық  бірте-бірте  шаруаларды  өсімқорлар  қанауына  душар 
етті.XVI  ғ.соңғы  ширегінен  бастап  сауда  өсімқорлық  капиталдың  үнді 
деревнясына  енуі  күшейе  түсті.  Егін  бітік  шыққан  жылы  оның  құны  түсіп 
кетіп  отырды,  ал  ақшалай  слықты  бұрынғы  мөлшерінде  төлеу  керек  болды. 
Сөйтіп,егіннің  мол  өнімі  шаруаларды  байытудың  орнына,керісінше 
күйзеліске ұшыратты.        
Салық  реформасы  әкімшілік  аппаратты  орталықтандыруды  күшейтті, 
феодалдық  мемлекеттің  жерге  меншігін  нығайтты.  Феодалдық  рентаны 
натуралды  салықтан  ақшалай  салыққа  көшіру  жерге  феодалдық  меншіктің 
бұл  түрін  әлсірету  қаупін  тудырды.  XVI  ғасырдың  соңғы  ширегінде  Индия 
деревнясына  ақша  тауар  қатынастарының  енуі  онан  әрі  үдей  түсті.  Осы 
негізде деревня қауымының ішіндегі мүлік және жер үлесі жағынан теңсіздік 
ұлғая түсті.  
Феодалдық  қанаудың  өсімқорлық  шырмауымен  жалғасуы  салдарынан 
шаруалардың  көпшілігінің  күйзеліске  ұшырауы  тікелей  өнім  өндірушілер 
мен феодалдардың ара қатынасын шиелендіре түсті. Бұл шиеленіс моғолдар 
державасын әлсіретті. Шаруалардан ақшалай төлемді талап еткен Акбардың 
салық жүйесі бара-бара деревня қауымының ыдырауына ықпал етті.  
Мемлекеттік  феодалдық  меншіктің  үстемдігі  жағдайында  жер 
иеленушіліктің  негізгі  түрі  джагир  болды.  100  мың  гектарға  дейін  жер 
иеленуге  рұқсат  етілді.Бірақ  бұл  жер  иеленушілік  мұраға  берілмеді,  тек 
қызмет  етіп  жүргенде  берілді.  Қызметті  нашар  істеп,  үкімет  үмітін 
ақтамағандар жер иеліктерінен айырылатын. Орта есеппен бір жерді иелену 
мерзімі Акбар билігі тұсында он жылдан аспады. Шахтың рұқсаты бойынша 
джагирдің иеленушісі сол жерде отырғандардан өз пайдасы үшін алым-салық 
жинап  алатын  болды.  Жер  иеленуші  джагирдар  өз  қол  астындағы 
шаруалардың 5-10 жыл болсада шексіз бастығы, әміршісі болды.Шаруаларды 
еріксіз  жұмысқа  (“бегар”)  салды,  (жол,  канал,  сарайлар  салу  үшін),  өз  жеке 

басының пайдасы  үшін  де жұмысқа  салды,  “абваба” деп аталатын  қосымша 
салық жинады. ...  
Ең  құдіретті  джагирлардың  жылдық  табысы  250,300  тіпті  600  мың 
рупий болды. Бірақ бұл табыстың 2/3 бөлігі 4/5 бөлігін джагирлар жалдамалы 
әскер  ұстауға  жұмсады.  Әскер  саны  джагирлардың  атағына  сай  (жүзбасы, 
мыңбасы,5,10  мыңдық  басшы...)  құрылды.  Қосымша  салық  жинап  алғанда 
жиналған  алым-салықты  жарату  кезінде  де  джагирлар  заңының  қоятын 
шегіне  бағынбады.  Дегенмен  джагир  қызмет  бабы  бойынша  берілетін 
уақытша иелік болып қалды. Шах қашан қайтып аламын десе өз еркі болды. 
Джагирлар өліп кетсе оның барлық байлығы, гаремдағы әйелдерінің қымбат 
әшекейлерін 
қоса 
моғолдар 
державасының 
меншігіне 
көшетін 
болды.Байлығын  балаларына  беруге,  немесе  өз  өндірісін  кеңейтуге  жұмсай 
алмағандықтан жагирлар ұлан ғайыр қаржыны сән-салтанатқа ысырап етті. 
Ірі  жагирлар  моғолдар  державасындағы  феодалдардың  үстем  тобын 
құрды.  Олардың  шах  үкіметіне  деген  көзқарасы  әрқилы  болды.Акбардың 
экспансиялық саясаты джагирларға берілетін жер көлемін ұлғайтып отырды. 
Моғолдардың 
басқыншылық 
соғыстары 
жагирлар 
мүддесі 
үшін 
жүргізілгендіктен,  олардың  тарапынан  қолдау  тауып  отырды.  Күшті  шах 
үкіметі  феодал-жагирлердің  иеліктерін  сыртқы  жаудан  қорғады,  шаруалар 
толқуларын  басып  отырды;  ал  сауда  жолдарының  қауіпсіздігі  оларға  көп 
табыс  пайда  келтіріп  отыратын  коммерциялық  операцияларға  қатысып 
отыруға мүмкіндік берді.  
Тіпті  рентаны  да  мемлекеттік  салық  аппаратты  жинап  отырғандықтан 
шаруашылық  жұмыстарынан  еш  қам  жемейтін  жагирлер  той-думанды, 
тоғышарлық  өмір  сүріп  жатты.  Мұндай  өмір  олардың  феодалдық  жер 
иеліктерінің  шектелуіне  қарсы  наразылықтарын  туғыза  қоймады.  Бірақ 
жагирларға  сепаратизм  тән  болды.  Олар  уақытша  қожа  болудан  тұрақты 
қожа болуға, өз иелігіндегі жерден түсетін табыстың бәрін өз қолында ұстап 
қалуға, керек боса моғолдар державасынан бөлініп кетугеде тырысты.  
Акбардың  патшалығы  кезінде  бірнеше  рет  жагирлар  бүлігі  болған. 
Олардың  наразылығы  әсіресе  қазынадан  айлық  алатын  әскербасыларды 
жагирлардың  орнына  тағайындамақ  болған  кезде  күшейе  түсті.  Жагирлар 
оларға  жер  иеліктері  елдің  түпкір-түпкірінен  берілгенде  де,  бір  иеліктен 
екінші  иелікке  қайта-қайта  ауысуға  мәжбүр  болғанда  да  олардың 
контингенттерінің жағдайын жиі-жиі тексеріп отырғанда да шыдады.  
Олардың  шыдамы  жагир  жүйесін  жоюға  әрекет  жасалғанда  мүлдем 
таусылды.  Олар  1580-1582  жж.  Ірі  бүлік  жасады.Бұл  бүлік  моғолдар 
державасының  құрып  кету  қаупін  туғызды.  Бұл  билік  әскери  күшпен  емес, 
саяси  шарамен  басылды.  Пенджабтағы  моғолдық  қолбасшысы  Шахбаз-хан 
бүлікшілерге  қарсы  күрес  кезінде  Акбарды  жақтамаймын  дегендерге 
жагирды  кеңінен  үлестіріп  берді.  Акбардың  өзі  жагирларға  арқа  сүйеу 
керектігін  түсініп,  олардың  талабын  орындауға  келіскенде  ғана  бүлік 
басылды.  Сөйтіп  Акбар  жагирлық  жүйені  жоя  алмаса  да  өзінің 
орталықтандырылған  билігін  күшейтуде  де,  ірі  феодалдардың  дербестігін 
шектеуде айтарлықтай табысқа қол жеткізді. 

Дегенмен  жагирлық  жүйе  шарушылықтың  дамуына  ықпал  етпей, 
керісінше  кедергі  жасады.  Себебі  жагирлар  ертенгі  күніне  сеніммен  қарай 
алмады,  шаруашылықты  жақсы  басқаруға  мүдделі  болмай,  тезірек  және 
көбірек  салық  жинап  алып,  оны  ойын-сауық,  той-думан,сән-салтанатқа 
жұмсауға асықты. Оларды шаруалар күйзелісі толғандырмады. 
Индустар  мен  мұсылмандардың  ынтымағын  нығайту  арқылы  шах 
Акбар өз билігін едәуір нығайта алды. Діні бөлектер үшін салынатын джизия 
салығын жою, индустық діни мемлекеттерге жер үлестіру, мұсылмандар мен 
бірге  қатар  индустарды  да  үкімет  билігіне  орналастыру  Акбардың  халық 
арасындағы беделін өсіріп, билігін нығайтуға үлес қосты. 
“Бір  ғана  тақсыр-бір  дін”  принципін  жүзеге  асырмақ  болып,  Акбар 
1582ж.  “құдайшыл  наным”  деген  жаңа  діни  бағытты  жариялады.  Ол  дін 
ислам,  индуизм,парсизм  және  джайнизм  діндерінің  жиынтығы  болды.  Жаңа 
діннің  басшысы  –зайырлы  билікпен  діни  билікті  атқарған  Акбардың  өзі 
болды.Бұл  шарамен  өз  қоластындағы  пенделерінің  арасындағы  діни  ала 
ауыздықты  жоюға  күш  салып  бақты.  Бұл  реформаны  жүргізу  барысында 
Акбар  исламды  үстемдік  етуші  дін  ретінде  сақтап  қалуға  күш  салған 
мұсылман дін басыларын тәркілеуден де тайынбады.  
Акбардың  баласы  Жахангер  (1605-1628)  мен  немересі  Шах-Жаһан 
(1628-1656)  басшылық  соғыстарды  одан  әрі  жалғастырды.1633ж.  өте 
қымбатқа  түскен  соғыстың  нәтижесінде  Ахмеднагар  сұлтанаты  қосып 
алынды.  Осы  соғыс  кезінде  моғол  әскерінің  жауынгерлік  қабілетінің 
төмендеп  кеткендігі  байкалды.  Кандагарды  парсылықтар  басып  алды.  Шах-
жаханның  бұл  шекаралық  бекініс,  әрі  маңызды  транзиттік  сауда  орталығын 
қайтып алу үшін жасалған үш әрекеті сәтсіз аяқталды.  
Дели  сарайы  еуропа  саяхатшыларын  тамсандырған  сән-салтанатқа 
бөлене берді. Бірақ Ұлы Моғолдар державасы өзінің құлдырау сатысына аяқ 
басқан еді. Пельсарт бұл мемлекетті бекерден-бекер “топырақ аяққа сүйенген 
алып”  деген  жоқ.  Ал  Бернье  өзінің  Кольберге  жіберген  мәліметінде 
моғолдардың  нашар  қаруланғанын,  қимылы  сылбыр  сансыз  көп  әскерін 
пикард мушкетерлерінің бірнеше полкымен-ақ талқандауға болады деді. 
Моғолдар  державасының  құлдырауы  Ұлы  елді  отарға  айналдырып, 
оның  150  миллиондық  халқын  тонау  үшін  барлық  мүмкіндіктерді 
пайдалануға тырысқан еуропалықтардың Индияға кіруінің күшеюімен тұспа-
тұс  келді.  XVI  ғасырдың  аяғы,XVII  ғасырдың  басында  голландтар  мен 
ағылшындар  Үнді  мұхитының  жағалауында  өздерінің  сауда  факторилерін 
құрды, кейін ондай факторилерді елдің ішіне қарай жылжыта берді. 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе
2016 -> Гуманитарлық факультет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет