Пәннің мақсаты мен міндеттері



жүктеу 1.5 Mb.
Pdf просмотр
бет13/15
Дата22.12.2016
өлшемі1.5 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Мәдениет.Ұлы  Моғолдар  билігі  кезінде  Үнді  мәдениеті  жоғары 
дәрежеге  көтерілді.  Падишах  сарайына  алыстан  көптеген  суретшілер, 
мүсіншілер,  ақындар  мен  архитекторлар  келіп  жатты.  Олардың  көпшілігі 
астанада  орналасып,  сонда  түпкілікті  қалып  қойды.  Үнді  өнері  жергілікті 
дәстүрдің  Персияда,  Орта  Азиядан  келген  озық  түрлерімен  араласуынан 
пайда болды.  
Бұл ең алдымен сәулет өнерінен айқын көрінді. Оның дәлелі-Акбардың 
уақытша  астанасы  болған  “тастан  жасалған  ертегі”  аталып  кеткен  Фатхпур-

Сикри  және  дүниежүзіне  әйгілі  Тадж-Махал  кесенесі.  Оны  моғолдың 
императоры  Шах-жахан  (1628-1656)  өзінің  сүйікті  әйелі  Мумтаз-Махалға 
арнап 1630-1652жж. Салғызған.  
Тадж-Махал  Делиден  оңтүстік-батысқа  қарай  200км.жердегі  Агра 
қаласында орналасқан ол Ганга мен Джамна өзенінің тоғысқан жерінде биік 
жартас  жағаға  салынған.  Оның  сұлулығын  ақындар  айтып  жеткізе  алмай 
келеді.  Тадж-Махалды  ақындардың  көбі  “мрамордағы  поэма”  дейді.Оның 
сыртының  өзі  жартылай  асыл  тастармен  көмкерілген.  Оның  салмағы  100 
мыңдаған тонна. 
Миниатюра  өнері  кеңінен  тарады.Акбар  сарайындағы  миниатюра 
шеберлері  Дасванатх  пен  Басаван,сондай-ақ  Хумаюнмен  бірге  Шираздан 
келген Абу ус-Самад болды. Акбар тұсындағы атақты сарай ақындары үндіс 
Файзи мен шираздық Урфи болды. Екеуі де парсы тілінде жазды. Дегенмен 
өлен  сөздің  патшасы  Акбар  сарайына  қатысы  жоқ  бірақ  бүкіл  үнділіктерге 
таныс,хинди тілінде сөйлейтін ақын Тулси Дас болды. Ол үнді эпосына арнап 
“Рамаяна” поэмасын жазды. Онда “бхакти” идеясы насихатталады. 
XVI  ғасырдың  екінші  жартысында  “бхакти”  идеясын  “Сурасагаса” 
поэмасында  соқыр  ақын  Сур  Дас  жырлады.  Ол  поэманың  басты  кейіпкері 
Кришна.XVII  ғасырдың  бірінші  жартысында  Джайпурлық  ақын  Бихар 
Лалхинди  тілінде  “Сатсайя”  деген  700  өленнен  тұратын  жинақ  шығарады. 
Бұл  ақындар  өз  шығармаларын  сарайлық  парсы  тілінде  емес,  халықтың 
тілінде  жазып,  шығарды.  Халық  тілінде  жазатын  ақындардың  көпшілігі  өз 
өленіне  әнде  жазған.  Тансен  деген  танымал  ақын  ақындығы  жағынан  гөрі 
сазгерлігімен  көбірек  таныс  болды.  Бұл  кезде  Индияда  бұрынғы  баяу  бидің 
орнына жылдам қимылдайтын би келе бастады. 
Таринама  елеулі  табыстарға  жетті.  Сарай  хронистері  өз  заманының 
маңызды  уақиғаларын  патшалық  құрып  отырған  тұлғаны  мақтау  рухында 
жазды.  Дегенмен  хроникалар  құнды  дерек  көзі  болып  табылды.  Олардың 
ішінен әсіресе Акбардың қарсыласы болып табылатын Бадаунидің хроникасы 
ерекше орын алды. Ол ресми хроникада аталмаған деректерді кең қамтыған 
Абу-л Фазылдың “Акбарнамэ” деген хроникасында көптеген жарлықтар мен 
құжаттар, орта ғасырлар үшін өте сирек кездесетін салық,баға, жұмысшылар 
жалақысы туралы экономикалық мәліметтер келтірген. Сондай-ақ Фериштің 
орта  ғасырлық  Индиядағы  әр  түрлі  мемлекеттердің  тарихын  баяндайтын 
хроникасы XVI ғасырдың аяғы-XVIIғасырдың басында жазылған.  
XVII ғасырдың орта шенінде “Фарханг-и Джахангири” деген өте құнды 
фарсы  сөздігі  жазылды.  Санскриттік  “Махаб-харата”,  “Рамаяна”  эпостары 
фарсы  тіліне  аударылды.  Индиядағы  барлық  діни  секталардың,  олардың 
негізін қалаушылардың өмірі мен қызметі жайлы жинақ басылып шықты. Ол 
“Дабистан-и-мазахиб”  деп  аталды.  Ол  өте  құнды  тарихи  дерек  көзі  болып 
табылды.               
Өзін- өзі бақылау сұрақтары: 
1.
 
Оңтүстік Индияға еуропалықтар қай жылдары келе бастады? 
2.
 
Ұлы Моғол державасының құрылуы, негізн қалаған кім? 
3.
 
Ақбар реформасының мәні? 

 
 
 
 
14 Дәріс. XV-XVII  ғғ.  Африка. 
Негізгі сұрақтары: 
1. Еуропалықтардың Африкаға енуі. 
2.  XVI  ғасырдағы  және  XVII  ғасырдың  ортасындағы  Мали,  Сонгай 
мемлекеттері. 
3. Ойо, Бенин, Алтын жаға және Піл сүйегі мемлекеттері.  
4.. Эфиопия және Судан. 
          ХV  ғасырдың  екінші  ширегінен  бастап  Батыс  Африканың    мұхит 
жағасындағы  аудандарына  еуропалықтар,  негізінен  португалдықтар  мен 
испандықтар  ене  бастады.  1434—1482  жылдары  аралығында  олар  Бахадор 
мүйісінен 
Конго 
өзеніне 
дейінгі 
жағалықты 
аралап 
шықты. 
Португалдықтардың  1460—1469  жылдары  отарлаған  Көгілдір  Мүйіс 
аралдары Батыс Африкадағы ең алғашқы құл саудасының базасына айналды. 
Португалдықтардың  Батыс  Африкаға  ағылуы  әсіресе  1475  жылдан  кейін 
күшейді.  Осы  жылы  Лиссабондық  көпес  Фернан  Гомиштің  экспедициясы 
Анкобр  мен  Вольта  өзендерінің  төменгі  саласында  алтынға  бай  елді 
анықтаған  болатын.  Бұл  ауданда  тұратын  фанти  тайпасы  португалдық 
көпестердің  африка  халықтары  арасындағы  ең  бірінші  құрбаны  болды. 
Алтын жағадағы өз позициясын тез нығайту үшін 1482 жылы Сан-Хорхе-да-
Мина  /қазіргі  Элмина/  деген  тастан  қаланған  форт  /бекет/  салды.  Алғашқы 
кезде Африкадан тек алтын ғана тасылды. Құл сату онша кең өріс ала қойған 
жоқ. 
         Латын  Америкасының  жергілікті  халықтарын  қырып-жою  арқылы 
жүргізілген  Америка  континентін  жүйелі  түрде  отарлауға,  ондағы 
плантациялық шаруашылыктың кең өріс алуына байланысты өте көп жұмыс 
күші қажет болды. Ол күштің көзі Африканың жергілікті халықтары болды. 
Батыс  Африка  бірнеше  жүз  жыл  бойына  тегін  жұмыс  күшінің  резервуары 
болып,  үлкен  Құл  саудасы  рыногына  айналды.ХVІ  ғасырдың  аяғына  дейін 
Португалия  Батыс  Африка  жағалауына  орныққан  ең  бірінші  еуропалық  ел 
болды. Бірақ португалдықтар көпке дейін материктің ішіне терең ене алмады.                         
Тек  Сенегал  мен  Гамбияның  арасына  ғана  біраз  енді.  Осы  өзендер  арқылы 
португалдықтар  1534  жылы  Малиге,  1565  жылы  —  Томбуктаға  жетті. 
Сенегал  мен  Гамбия  арқылы  португалдықтар  ішкі  мандинг  рыноктары  — 
Кантора мен Бамбукке жетті. Бұл жердегі ірі мемлекеттерді португалдықтар 
басып  ала  алмады.  Олардың  басты  назары  Төменгі  Гвинея  өзенінің 
жағалауларына ауды /Сьерра  
Леонеден Камерунға дейін/. Олар бұл жағалауды төрт зонаға бөлді: 
1. Перечный жағалауы.  
2. Піл сүйегі жағалауы.  
3. Алтын жаға.  
4. Невольничий жағасы /Вольта өзені мен Нигер атырауы ара- 

лығы/. 
        Португалдық көпестер, әсіресе Алтын жаға мен Невольничий жағасында 
зор белсенділік көрсетті. Элминадан басқа португалдықтар Аксимде, Шамда 
т.б. жағалық пункттерде бірнеше жаңа форттар салды. Онда барлық сауданы 
шоғырландырды.  ХVІ  ғасырдың  басындағы  португадықтардың  Африкада 
өндіретін  алтыны  дүниежүзілік  алтын  өнімінің  1/10-ін  құрады.  Жағалық 
жергілікті халықтар португалдықтармен сауда қатынасында белсенді болды. 
Бірақ  алтынды  португалдықтар  өте  арзанға  алып  отырды.Оңтүстік 
Нигерияның  жағалауы  алғаш  португалдықтар  назарына  онша  іліге  қойған 
жоқ.  Күшті  Иоруб  мемлекеттері  ішкі  аудандарға  жылжуға  берік  тосқауыл 
болды.  Бенин  мемлекеті  португал  тауарларының  орнына  Еуропа 
рыноктарында  өте  жоғары  бағаланатын  келімдәрі  беріп  отырды.1486  жылы 
португал  көпестері  Гватода  Бениннің  экспорттық  портына  айналған  сауда 
пунктін ашты. Бірақ 1506 жылы бұл пункттің маңызы болмай қалды. Себебі 
Африка  келімдәрісінен  түсетін  табыс  индия  келімдәрісінің  табысынан 
әлдеқайда аз болды. Сондай-ақ португалдықтар тауарлары бениндіктерде өте 
төмен  бағаланды.Фернандо-По  және  Сан-Томе  аралдарына  бекініп  алып, 
португалдықтар  қант  тростнигін  өсіретін  плантациялық  шаруашылықпен 
айналысты. Оларға бұл шаруашылық үшін жұмысшы күші керек болды. Сол 
себепті құл саудасы кең өріс ала бастады. Ал құлдарды Нигер дельтасы мен 
Оңтүстік Нигерияның басқа аудандарындағы ұсақ тайпалармен жиі соғысып 
отыратын  Бенин  көптеп  сата  алды.  Португалдық  көпестер  құлдарды  қант 
плантацияларына  жақын  Алтын  жағаға  апарып,  алтынға  айырбастап  от-
ырды. Португалдық құл саудасы, әсіресе ХVІ ғасырдың аяғында Бразилияны 
отарлай бастағанда кең қанат жайды. 
            Бұл  кезде  Испания  мен  Англияның,  Францияның  Америкада  басып 
алған  басқа  да  аудандарында  плантациялық  шаруашылық  тез  қарқынмен 
дами  бастады.  Құл  еңбегіне  сұраныс  бірнеше  есе  өсті.  Еуропа  елдерінің 
арасында  Африкадағы  жұмысшы  күшінің  рыногын  басып  алу  үшін  қызу 
күрес басталды. Бұл күресте Португалия өте күшті Еуропа мемлекеттерімен 
қақтығысты. Бұл күрестің басты құрбаны, әрине, африкандықтар болды. ХVІІ 
ғасырда  құлдар  мен  Африка  жерлерін  басып  алу  үшін  ешбір  заңға 
бағынбаған қарақшылық соғыстар басталды. Тек 1530—1600 жылдар аралы-
ғында  ғана  португалдықтар  Америкаға  900  мың  африкандықтарды  апарып 
сатты.  1610  жылы  португалия  монополиясы  голландтар  бәсекелестігіне 
шыдай  алмай,  жеңіліске  ұшырай  бастады.  Голландтар  Вест-Индия 
компаниясын 
ұйымдастырып, 
Батыс 
Африка 
жағалауындағы 
португалдықтардың  сауда  бекеттерін  басып  ала  бастады.  1642  жылға  қарай 
Аргуин,  Гори,  Сан-Томе  порттары  голландтар  қолына  көшті.  Олар 
португалдықтардың Алтын Жағадағы порттарын да басып алды. 1648 жылы 
португалдықтар  біраз  уақыт  тәуелсіздігін  жеңіп  алған  Сан-Томені  қайтадан 
өзіне қаратып алды. Бірақ Атлантикадағы құл саудасындағы Португалияның 
монополиясы  біржолата  жойылды.  Оның  орнын  Голландия  басты.  ХVІІ 
ғасырдың бірінші жартысынан бастап Голландия Испанияның Америкадағы 
отарларына негізгі құл жеткізуші делдал болды. 

         Голландия  үстемдігі  де  ұзаққа  созылмады.  ХVІІ  ғасырдың  екінші 
жартысында  отар  үшін  күреске  Англия  мен  Франция  кірісті.  Бұл  елдердің 
плантаторлары  құлдар  үшін  алтын  сұрайтын  португалдықтардың 
делдалдығынан  құтылып,  құл  саудасының  негізгі  рыноктарын  басып  алуға 
тырысты.  Англиямен,  Франциямен  қатар  құл  саудасына  Еуропаның  басқа 
елдері  —  Швеция,  Дания,  Бранденбург  те  кірісті.  Сөйтіп,  ХVІІ  ғасырдың 
екінші  жартысы  мен  бүкіл  ХVІІІ  ғасырдағы  Еуропаның  басты 
державаларының арасындағы қайнаған бәсекелестіктің өзекті мәселесі — құл 
саудасындағы  үстемдік  болды.  Бұл  күрестің  аренасы  Африка  континенті, 
әсіресе Батыс және Орталық Африка аудандары болды. Англия мен Франция 
африкандық  құлдармен  саудада  үстемдік  құқы  берілген  ірі  сауда 
компанияларын  құрды.  Мұндай  компанияны  Франция  1664  жылы  құрса, 
Англия  1672  жылы  құрды.  Ағылшын  компаниясы  «Корольдік  африкандық 
компаниясы»  деп  аталды.Француздардың  сауда  экспансиясының  тіреніш 
пункті  Сенегал  болды.  Мұндағы  алғашқы  француз  бекеті  1630  жылы 
салынды,  ал  кейінгі  жылдары  Сен-Луи  аралында  бекет  салынды;  голланд-
тардан  Аргуин  және  Гори  форттары  тартып  алынды.  Гори  бірте-бірте 
француздықтардың  Батыс  Африкадағы  басты  теңіз  базасына  айналды.  ХVІІ 
ғасырда  Америкаға  2  млн.  750  мың  құл  апарылып,  сатылды.  Оның  2/3-ге 
жуығы Батыс Африкадан болды. Әрбір 6-шы африкандық жолда қаза тауып 
отырды.  Құл  саудасы  Африка  континентінің,  әсіресе  Батыс  Африканың 
халық  санын  кемітті.  Африка  континенті  келешегі  зор  жап-жас  жұмыс 
күшінен айрыл- 
ды. 
             Құл  саудасы  Батыс  Африка  елдерінің  экономикасына,  саяси 
жағдайына орны толмас зиян келтірді: өндіргіш күштер тоқырауға ұшырады, 
континенттің  солтүстік  облыстарымен  дәстүрлі  сауда-саттық  байланыстары 
үзілді,  ірі  мемлекеттер  құлдырауға  ұшырады.Батыс  Африканың  қорғаныс 
қабілеті  әлсіреді,  Африка  мемлекеттерінің  құл  саудасына  қатысқан  үстем 
таптарының азғындауы байқалды. 
ХVІ—ХVІІ ғасырлардың ортасындағы Мали 
 ХVІ  ғасырда  Мали  онан  әрі  ыдырап,  құлдырай  берді.  Оның  ең  басты 
қарсыласы  Сонгай  патшалығы  болды.  1498—1499  жылдарда  сонгайлықтар 
ірі Баган облысын жаулап алды. 1500—1501 жылдарда Малиге тәуелді Диар 
патшалығы,  1506—1507  жылдарда  Малиге  тәуелді  Галам  мемлекеті  тартып 
алынды. Малидің батысынан да шабуыл жасалды. 1530 жылы Малиге тәуелді 
алтын  өндірісінің  орталығы  Бамбук  мемлекетін  Текрур  патшалығы  жаулап 
алды.  Мали  патшасы  ІІ-Мамаду  1534  жылы  португалдықтардан  көмек 
сұрауға  мәжбүр  болды.  Португалия  елшісі  Перес  Фернандес  екі  ортадағы 
татуластырушы  рөлін  атқарды.  Текрурліктер  1535  жылы  басып  алған 
жерлерінен  кеткенімен,  Бамбук  Малиге  қайта  бағынбай,  тәуелсіздігін  алды. 
1546  жылы  Сонгай  патшасы  Дауд  біраз  уақыт  Малидың  астанасын 
оккупациялап  тұрды.Мароккандықтардың  Суданның  солтүстігіне  шабуылы, 
Сонгай  патшалығына  қарсы  күресі  Сонгайлықтардың  Малиден  кетуіне  се-
беп  болды.  Бірақ  ХVІІ  ғасырда  Малидың  басқа  жауы  —  бамбар  тайпалары 

пайда болды. Олар 50 жылдай Малидың қол астында болып, 1600 жылы Сегу 
облысында  өз  мемлекетін  құрған  еді.  Діні  жағынан  анимистер  бола  тұрып, 
бамбарлар  1645  жылы  Малидың  мұсылман  патшаларына  қарсы  соғыс 
жариялап, оның оңтүстік провинцияларына шабуыл жасай бастады. 
        1670  жылға  қарай  бамбарлардың  айтарлықтай  күшті  Сегу  мемлекеті 
құрылды.  Битон  Құлбала  басқарған  кезде  Сегу  патшалығы  Малиден 
Сансадинг,  Массин,  Баган  облыстарын  жаулап  алды.  Мароккандық  патша 
әскерінің  қалдығымен  шайқасып,  Битон  Құлбала  Женне  және  Томбукты 
облыстарын  басып  алды.Сол  кездерде  Каартте  екінші  бамбарлық  мемлекет 
пайда болды. Оны Сунса Құлбала басқарды. 3 жыл бойы /1667—1670/ Мали 
бамбар  әскерінің  шабуылына  төтеп  берді.  Бұл  күрес  Малиды  өте  қатты 
әлсіретіп,  кішкентай  князьдыққа  айналдырды.  Оның  аумағы  Кейт  әулетінің 
иелігі — Кангаб ауданымен ғана шектеліп қалды. Мали енді /ХVІІ ғ./ Африка 
континентінде елеулі саяси рөл атқара алмады. 
ХVІ—ХVІІ ғасырлардың ортасындағы Сонгай мемлекеті. 
 Ол  ХVІ  ғасырдың  басында  Малиден  бөлініп  шыққан.  ХVІ  ғасырдың  20- 
жылдары  І-Мухаммедке  /1493—1528/,  оның  орталықтандырылған  үкімет 
билігіне  қарсы  Сонгай  феодалдарының  күресі  басталды.  Олар  өз  мақсатына 
жету  үшін  аскидің  /патшаның/  балаларын  пай-даланды.  1528  жылы  І-
Мухаммедке  қарсы  көтерілісті  оның  баласы  Мұса  басқарды.1528  жылғы 
тамызда бүлікшілер Гаоға келіп кірді. Мухаммед тақтан бас тартуға мәжбүр 
болды.  Мұса  өзінің  бірге  туған  бауырларының  тақ  үшін  таласынан  корқып, 
оларды  жойып  жіберуге  тырысты.  Бірақ  өзара  талас-тартыста  1531  жылғы 
сәуірде  Мұсаның  өзі  өлтірілді.  Сонгайдың  аскиі  болып  оның  туысқан 
ағайыны Бенгай Корей жарияланды. Ол ІІ-Мухаммед деген атпен 1531—1537 
жылдар  аралығында  патшалық  құрды.  Оның  билігі  кезінде  үздіксіз  және 
сәтсіз  соғыстардан  күйзеліске  ұшыраған  Сонгай  державасы  құлдырай 
бастады.  Сәтсіздіктер  ел  басшылары  —  провинция  губернаторларының 
наразылығын тудырды. Солардың бірі — Денди Мар Тамзу деген губернатор 
1537  жылғы  сәуірде  көтеріліс  жасап,  II-Мухаммедті  тақтан  түсірді.  Оның 
орнына  1-Мухаммедтің  баласы  Исмаилды  /1537—1539/  отырғызды.  Бенгай-
Корей  Томбуктуда  тығылды.Өзінің  алдындағы  патшалар  сияқты,  Исмаил 
тонаушылық  соғыстар  жүргізді.  Әскери  тұтқындар  көбейген  соң,  құлдарға 
деген  сұраныс  азайды;  құлдың  құны  түсті.  Бір  құлдың  құны  300  каури 
раковинасына тең болды.Сонымен қатар Сонгайде әскери  кликаның  рөлі  — 
билігі артып, оған аскидің тәуелділігі күшейе түсті. Бұл тәуелділіктен құтылу 
әрекетін  аски  І-Иссихак  /Ысқақ/  /1539-1549/  жасады.  Ол  өзінің  әскери 
қолбасшыларының,  губернаторлық  қызмет  атқаратын  туысқандарының 
көпшілігін  қырып  тастады.  Дегенмен  үздіксіз  жүргізіліп  жатқан  соғыстар 
әскер  басшыларының  рөлін  әлсірете  алмады.  1545—1546  жылдарда  аскидің 
ағайыны  Даудтың  басшылығымен  Сонгай  әскері  Малиге  жорық  жасап, 
астанасын басып алды, елді тонады. Бірақ онда I аптадан артық тұра алмай, 
қайта қуылды. 
    Осы  кездерде  Текқазы  деген  тұз  өндіретін  жер  үшін  сонгайлықтар  мен 
мароккандықтар  арасындағы  жанжал  болды.  Бұл  жанжал,  әсіресе  Даудтың 

/1549—1582/ патшалығы кезінде шегіне жетті. Даудтың Малиге, Кеббиге т.б. 
елдерге қарсы жорықтарын пайдалана отырып, 1556 жылы Мароккандықтар 
Сонгай  гарнизондарын  талқандады,  Текқазыны  басып  алды.  Тұз  шығара 
бастады.  1578  жылы  мароккандықтар  Даудтан  тұз  шығатын  орынды  бір 
жылға жалға алды. Ақысына 10 мың алтын монета төлеуге уәде берді. Басқа 
көршілерімен  қырылысып  жатқан  Даудтың  мароккандықтарға  қарсыласуға 
шамасы келмей, олардың ұсынысын қабылдады. 
        Ал  мароккандықтар  Сонгайға  қарсы  соғысқа  дайындала  бастады. 
Мәлімет алу мақсатымен 1584 жылы Сұлтан Ахмед Гаоға, Даудтың мұрагері 
ІІІ-Мухамедке  /1582—1586/  қымбат  сыйлықтармен  елшілік  жіберді.  Мұның 
артынша  20  мыңдық  Мароккан  армиясы  оңтүстікке  Томбуктуге  қарай 
жорыққа аттанды. Ол сәтсіз болды. Барлық армия түгел дерлік жолда тамақ 
пен  судың  жетіспегендігінен  қырылып  қалды.  Аман  калған  шағын  тобы 
Мароккоға  қайтып  оралды.  Осындай  сәтсіздікке  ұшыраған  Мароккоға 
сонгайлықтар  қарсы  шығып,  200  адам  оқпен  атылатын  қарумен  қорғап 
тұрған  Текқазыны  тартып  алуға  сонгайлықтардың  батылы  бармады.  Ақыры 
1585  жылы  сонгайлықтар  Текқазыдан  бас  тартуға  мәжбүр  болды.ІІІ-
Мухаммедтің  мұндай  сәтсіздіктері  оның  ағайындарын  көтеріліске  шығуға 
мәжбүр  етті.  Көтерілісшілер  1536  жылы  желтоқсанда  Мұхаммед  Баниды 
Сонгайдың  патшасы  деп  жариялады.  Екі  жылдан  соң  Салық  Түнқара  деп 
аталып кеткен інісі Мұхаммед Садық көтеріліс жасап, Гаоға шабуыл бастады. 
Сонгайдың  аскиі  деп  Даудтың  баласы  ІІ-Ысқақ  /1588—1591/  жарияланды. 
Оның  әскеріне  қарсылық  көрсете  алмаған  Салық  Түнқара  әскерлері  Гаодан 
шегінді. Салық Томбуктуға қашты. Нигердің оң жағына өтіп кеткен жерінде 
ұсталып, 
өлтірілді.Сонгайдағы 
өзара 
қырқысуды 
мароккандықтар 
пайдаланып  қалуға  тырысты.  1589  жылы  Сұлтан  Ахмед  Ысқаққа  сәлем 
жолдап,  онда  Текқазыдан  толық  бас  тартуды  ұсынды.  Ысқақ 
сонгайлықтардың ондай талапқа көнбейтіндігін, соғысқа дайын екендігін ха-
барлады. 
                 1590  жылғы  қарашада  3  мыңдық  Мароккан  армиясы  Джудердің 
басшылығымен /шыққан тегі Испандық/ Гаоға жорыққа шықты. 1591 жылғы 
12  сәуірде  Гаоның  солтүстігіндегі  50  шақырымдық  жердегі  Тондибо 
ауданында  екі  армия  бетпе-бет  кездесті.  Ыскақтың  30  мың  жаяу,  12,5  мың 
атты  әскері  болды.  Бірақ  мылтықпен  қаруланған  мароккандықтар 
сонгайлықтардың қатарын ыдыратты. Ысқақ Гао мен Томбукту қалаларының 
тұрғындарын Нигердің оң жағасына қоныс аударуға бұйырды.Джудер әскері 
Сонгай астанасына кірді. Ысқақ Джудерге «100 мың алтын монета, мың құл 
беремін,  тек  елдеріңе  қайтыңдар»  деген  сәлем  хат  жіберді.  Джудер 
шабуылды  онан  әрі  жалғастырып,  1591  жылғы  30  мамырда  Томбуктуны 
алды.  Ол  жерде  Мароккоға  бағынышты  Томбукту  патшалығы  құрылды. 
Сонгайдың оңтүстігіндегі шағын ауданы ғана Денди патшалығы деп аталып, 
Ысқақтың  басшылығында  қалды.  Сөйтіп,  қуатты  Сонгай  мемлекетінің 
көлеңкесі  ғана  қалды.Ол  державаның  егіншілігі  мен  қолөнерінде  құл  еңбегі 
кең өріс алды. Сонгайдын ақсүйектері 300 ден 1000-ға дейін құлдар ұстады.  

Құлдар натуралды рента төледі. Құлдар тәуелділігі жағынан бірнеше сатыға 
бөлінді.  Ең  алғашқы  қүл-банья-еш  құқы  жоқ  құл  болса,  оның  баласы 
корсоның біраз құқы болды. Оны сатуға, сыйлауға болмады. Үшінші ұрпақ— 
суле, ал төр-тінші ұрпақ — суле-гуле деп аталды. Бұлардың балалары құл деп 
есептелмеді,  бірақ  өз  иелеріне  экономикалық  тәуелділікте  болды.  Түрлі 
категориядағы құлдармен қатар Сонгайда ерікті қауымдастар /общинники/ да 
болды. Сонгайдың 10 мыңдаған тұрғындары бар бірнеше ірі қалалары болды. 
Астанасы  Гаода  75  мыңдай  адам  тұрды.«Тарих-аль-Фетташ»  хроникасының 
дерегі бойынша Томбуктуда әрқайсысында 50-ге дейін еңбекшісі бар 26 тігін 
шеберханасы болыпты. Тіпті 70 тен 100-ге дейін адам істейтін шеберханалар 
да  болған.  Сонгай  тарихында  бірнеше  рет  құлдар  көтерілісі  болған.  Ол, 
әсіресе  Мароккан  агрессиясы  кезінде  кең  өрістеді.  Құлдар  көтерілісі 
Сонгайды  ішінен  әлсіретіп,  оның  жойылуының  бір  себебі  болды.Канем-
Борну  мемлекеті.  Бұл  мемлекет  Чад  көлінің  Батысы  мен  шығысын  алып 
жатты.  Ол  тарихта  VІІІ  ғасырдан  бері  белгілі.  ХV  ғасырдың  аяғындағы 
Канем  мемлекетінің  сыртқы  саясатындағы  сәтсіздігі  уақытша  болды. 
Катакармаби /І504—І526/ патшалығы кезінде сыртқы жаумен күресте елеулі 
та быстарға қол жете бастады. 
         Бұл кезде булал тайпасының Канемді басып алған бөлігі жеңіліп, астана 
Нджими  қайтарып  алынды.  Дунам  /1546—1563/  патшалығы  кезінде  Булал 
тайпасы  толығымен  Канем-Борну  мемлекетіне  бағындырылды.  Ыдырыс 
Алум  /І58І-І603/  билігі  кезінде  Канем-Борну  мемлекеті  гүлдене  түсті. 
Туниспен  қатынас  орнатып,  Ыдырыс  мылтық,  оқ-дәрі  алып,  сондай-ақ 
түріктер  әскер-соғыс  ісіне  дайындап,  үйреткен  солдаттарды  жалдай  алатын 
болды.  Сөйтіп,  әскерін  күшейтті.  Оңтүстігіндегі  гамерга,  мусгу-котеко, 
будума тайпалары бағындырылды. Сонан соң Ыдырыс армиясы Аирга еніп, 
бербер  тайпаларын  бағындырды.  Ыдырыс  тұз  қоймасы  орналасқан  Кауар 
көгал  алқабын  басып  алған  соң  Борну  бүкіл  орталық  Судандағы  бірден-бір 
тұз саудасының иесіне айналды.ХVІІ ғасырдан бастап Борнуге туарегтер мен 
коророфа  тайпаларының  шабуылы  қайталанды.  Олардың  бірлескен 
отрядтары  астана  Каср  Эггмоны  қоршап  алды.  Әрең  дегенде  қоршау 
бұзылды.  Феодалдық  құрылыста  алғашқы  қауымдық,  құл  иеленушілік 
құрылыстардың,  матриархаттың  қалдықтары  сақталып  қалған  еді.  Патша 
шешесі — магира мен елдің бірінші бикесі — гумсаның сая-си өмірдегі рөлі 
зор  болды.  Патшаның  билігі  мемлекеттік  кеңеспен  шектелді.  Оның  беделді 
мүшелері  армия  қолбасшысы  —  каигама,  премьер-министр  галадима, 
патшаның  әкесі  немесе  баласы  —  ерима,  астаналық  облыстың  губернаторы 
—  чирома  болды.  Канем-Борнудың  мәдениеті  көрші  халықтарға  зор  ықпал 
етті. 
Оңтүстік Нигерия мемлекеттері 
 Оңтүстік  Нигерия  мемлекеттері  бірінші  болып  еуропалықтардың  құл 
саудасына тартылды. Бұл іске араласу олардың экономикасы мен саясатына 
елеулі  өзгерістер  енгізді.  Оны  осы  аудандағы  ірі  мемлекет  —  Ойоның  мы-
салынан  көруге  болады.ХVІІ  ғасырдың  ортасына  қарай  Ойо  мемлекетінің 
билігі  Нигер  өзенінен  Анечоға  /Ломенің  шығысында/  дейінгі  бүкіл  оңтүстік 

Нигерияға  жайылды.  Құл  саудасына  тартылу  үкіметті  үлкен  армия  ұстауға, 
көршілермен  құл  алу  үшін  үздіксіз  соғыс  жүргізуге  мәжбүр  етті.  Бұл 
соғыстар  тек  Ойоның  ғана  емес,  оған  тәуелді  мемлекеттердің  де 
экономикасын  күйзелтті.  Орталық  үкімет  билігі  әлсіреді.  Ойоның 
солтүстіктегі  иелігінде  қауіпті  жау-фульбе  тайпасы  күшейді.Негізін  эдо 
халқы  құрайтын  Бенин  патшалығы  Оңтүстік  Нигериядағы  ежелгі 
мемлекеттердің  бірі  болды.  Оның  құрылу  уақыты  белгісіз.  XII  ғасырдың 
ортасына  дейін  жергілікті  әулет  басқарды.  Агефа  патша  өлген  соң  билеуші 
топ діни көсемнен ақыл-кеңес сұрады. Ол Эвек дегенді патшалыққа ұсынды. 
Бенин осы маңдағы елдердің ішінде ең бірінші болып еуропалықтармен ара-
ласа бастады1484 жылы Бенинге Португалдық д’Авейро келді. Ол мұнда оқ-
дәрімен  атылатын  қару  әкелді.  Ол  кезде  Бенин  патшасы  Окпама  еді.  Оның 
баласы  Эзигие  португал  тілін  меңгерді,  Португалияға  католик  дінімен 
танысуға миссия жіберді. Португалдық монахтар тәрбиесінде болған Орхогба 
патша /1540/ католик дінін қабылдады. Бенин құл саудасына тартылып, одан 
тек зардап шекті. 
Галла  тайпалары  аудандарға  еш  соғыссыз-ақ  кіре  бастады.  Бірте-бірте 
галлдықтар  жергілікті  халықпен  араласып  кетті.  Негустер  галлдықтардан 
жалдамалы  әскер  құрды.  ХVІ—ХVІІ  ғасырларда  галлдықтар  Эфиопияның 
оңтүстігіндегі  Шоа  және  Амхара  облыстарының  тұрғындарының  едәуір 
бөлігін  құрады.Эфиопия  негустарының  Гранмен  күресінде  көмек  көрсеткен 
португалдықтар  өздерінің  саяси  ықпалын  бекітіп,  онан  әрі  кеңейтуге 
тырысты. Бұл ықпалды күшейтуді олар католицизмді тарату арқылы жүзеге 
асырмақ  болды.  Олар  шіркеудің  өте  зор  идеологиялық,  саяси  ықпалын 
ескерді.  Португалдықтар  католик  миссионерлерінің  қызметіне  рұқсат 
алды.ХVІ  ғасырдың  ортасы  сепаратистік  пиғылдағы  феодалдардың  орталық 
үкіметке  қарсы  бүліктерімен,  феодалдық  қырқысуларымен  белгілі.  1561 
жылы  негусқа  қарсы  феодалдық  бүлік  болды.  Үкімет  әскері  бүлікшілерді 
талқандады. Жеңілген бүлікшілер Түркияға қашып, оның патшасынан көмек 
сұрады.  Жеңіске  жеткен  күнде  түріктерге  Дебороа  мен  Массауа  аралығын 
бермек  болды.  Бүлікті  епископ  басқарған  португалдық  миссионерлер  де 
астыртын  қолдады.  Бұл  әрекет  жөнінде  біліп  қойған  негус  католик  дінін 
әрмен қарай таратуға, португалдықтардың Эфиопиялық әйелдерге үйленуіне 
тыйым  салып,  миссионерлерінің  басшыларын  елден  қуды.  Португалдықтар 
католик  дініне  көшуге  уәде  берген  бүлікшіл  феодалдар  жағына  ашықтан-
ашық  шықты.  Бүлікшілерді  1562  жылы  Эфиопия  армиясы  талқандады. 
Көмекке  кешігіп  келген  түрік  әскерлері  де  жеңілді.Дегенмен  кейінірек 
Эфиоптық  негус  пен  феодалдарға  португалдықтар  ықпалы  күшейді.  Негус 
бастаған  бір  топ  феодалдар  католик  дінін  қабылдады.  Эфиопия  шіркеуі 
негусқа  қарсы  көтеріліс  ұйымдастырды.  Бұл  діни  соғыс  елден  португалдық 
миссионерлер мөн көпестерді қуумен аяқталды. 
      Португалдықтар  қуылған  соң  Эфиопия  шіркеуінің  ықпалымен  елде 
оқшаулану, жекелену, басқа елдермен қатынас үзу үрдісі орын алды. Сыртқы 
қауіптің жойылуы феодалдардың орталық үкіметтен құтылу ниетін тудырып, 
Эфиопияның  феодалдық  ыдырауын  тездетті.ХVІІ  ғасырдың  басында  ірі 

феодалдардың  сепартистік  пиғылдары  күшейді.  Негустер  ірі  феодалдардың 
артықшылықтарын  кысқартуға  /шектеуге/  тырысты.  Бірақ  бұл  әрекет  қарсы 
күресті  үдетті.  Галла  тайпаларының  шонжарлары  бұл  жанжалға  белсене 
араласып,  орталық  үкіметті  жоюға  күш  салды.  Ақыры  көптеген 
провинциялардағы үкімет билігі галлалардың қолына көшті. 
     Бұл  елдің  тұрғындарының  басым  көпшілігін  Танту  тілінде  сөйлейтін 
байру  тайпасының  диқандары  құрады.  Олар  бүкіл  қоғамды  егінмен, 
көкөніспен  қамтамасыз  етіп  отырды,  қолөнерімен  айналысты.  Байрулардың 
ірі  қара  мал  ұстауға,  құнарлы  жайылымдарға  қоныстануға  құқы  болмады. 
Олар  негізгі  салық  төлеушілер,  жұмыс  күші  болды,  бірақ  олар  әскерге 
алынбады, басшы қызметке тағайындалмады. Бұл міндеттер нилот тілдес мал 
шаруашылығымен  айналысатын  бахималардың  үлесі  болды.  Малы  бар 
адамдар  құрметті  адамдар  деп  есептелді.  Малға  бай  адамдар  үлкен  қызмет 
орындарына  тағайындалатын.  Малды  —  жақсы  кызметі  мен  әскери  ерлігі 
үшін  жалақы-награда  ретінде  беретін.  Бағынбағаны,  тәртіп  бұзғаны  үшін 
малын  алып  қоятын.ХVІ  ғасырдың  аяғына  қарай  көлдердің  оңтүстігінде 
Руанда  және  Бурунди  мемлекеттері  құрылды.  Оларда  негізінен  3  тайпа 
халықтары:  тутси,  хуту,  тва  тұратын.  Малшы  тутсилер  басшы  рөл  атқарды. 
Тутсилерге әскери іспен ғана айналысу керек деген қағида қалыптасты. Олар 
басқа тайпаларға менмендікпен қарады.Диқан хутулар тәуелді, қаналушы топ 
болды. Олар жердің иесі деп есептелді. Олардың мал ұстауға құқы болмады, 
тек  тутсилердің  малын  бағуға  рұқсат  етілді.  Малдан  түсетін  азды-көпті 
табысты  пайдаланды.  Ал  үшінші  топты  құрайтын  тваның  ешбір  құқы 
болмады. Олар тутси, хутулардың малайлары болды. Тек Буганда деген мем-
лекетте  ғана  малшылар  көрнекті  роль  атқармады.  Мұнда  диқандар  да, 
малшылар  да  тең  құқықты  болды.  Басшы  қызметке  қабілетіне  қарай 
тағайындалды.  Буганда  ХVІ  ғасырдың  аяғына  карай  толық  тәуелсіздігін 
алды.Замбези  мен  Лимпопо  өзендерінің  аралығында  Мономотапа  деген 
мемлекет  өмір  сүрді.  Оның  халқының  негізін  мошона  тайпасы  құрады. 
Мемлекеттің негізін қалаушы Мутота /ХV ғ./ болды. Оның үрім-бұтағы 1917 
жылға  дейін  басқарды.  Мономотапаның  құрамына  қазіргі  Зимбабве 
толығымен,  Мозамбиктің  бір  бөлігі  кірді.  Чикуйдің  /1494—1530/  басқарған 
жылдарында елде тыныштық болды. Ірі жер иелері — фумостың қатары өсе 
түсті.  Шаруашылықтың  басты  саласы  егіншілік  болды.  Сондай-ақ 
аңшылықпен, балық аулаушылықпен де айналысты.Қолөнері, металл өндіру 
мен өңдеу кең өріс алды. Шаруаларға азық-түлік салығы салынды: аңшылар, 
қолөнершілер де натуралды салық төледі. Салық уақтылы жиналып отырды. 
Құлдық  болғанымен,  ол  елеулі  рөл  атқармады.  Салт-дәстүрлер  берік 
сақталды.  Әруақтарды  құрметтеу  кең  орын  алды.  Португалдық 
миссионерлердің  тұрғындарды  католик  дініне  енгізу  әрекетінен  түк 
шықпады.  Дегенмен  олар  1561  жылы  үкімет  басшыларын  шоқындырып 
үлгерген еді.Мономотапаның жеке облыстарының арасындағы байланыс на-
шар  болды,  ортақ  рынок  қалыптаспады.  Натуралды  шаруашылық, 
провинциялардың 
экономикалық 
тәуелсіздігі 
сақталды.ХVІ—ХVІІ 
ғасырларда  Мономотапа  шығыста  жаңа  күшпен  —  португалдықтардың 

алғашқы  экспедициясымен  қақтығысқа  ұшырады.  Олар  өздерінің 
оңтүстіктегі  базалары  Мозамбик  пен  Софаладан  шықты.  1550  жылға  қарай 
португалдықтар  материктің  түкпірінде  /ішінде/  Сену  және  Тете  деген  тірек 
пункттерін  салып  үлгерді.  Бұл  пункттер  мен  бекеттер  үшін  португалдықтар 
қымбат  сыйлықтар  мен  ақша  төледі.  Сол  себепті  олар  еш  қарсылықсыз, 
тежеусіз  елдің  ішінде  жүріп-тұруға  рұқсат  алды.  ХVІ  ғасырдың  екінші 
жартысында  португалдықтар  шет  елдерде  әскер  күшімен  емес,  келісімдер 
арқылы орнығып алу бағытын ұстанды. 
       Дегенмен 60—70 жылдарда күшпен жаулап алуға да әрекет жасады. 1563 
жылғы  экспедиция  елді  жаулап  алу,  алтын  кеніштерін  анықтап,  оларды 
басып алу мақсатын көздеді. Найзамен, садақпен ғана қаруланған жергілікті 
әскер  португалдық  мушкетерлерді  тоқтата  алмаса  да,  шамасы  келгенше 
қарсыласып  бақты.  Келесі  экспедициялар  да  қарудың  күшімен  жүргізілді. 
Сол  кездегі  шайқастарды  көзімен  көрген  куәлер  қара  түсті  жергілікті 
халықтың қайтпас қайсарлығын, ерлігін ерекше атап өткен. Ұзаққа созылған 
соғыстың  бірінші  кезеңі  —  1569—1573  жылдар  —  португалдықтар  үшін 
сәтсіз аяқталды — олар Мономотапаны басып ала алмады..Жаңа жорық 1574 
жылы басталды. Португалдықтар Читеве облысының басшысынан оның жері 
арқылы  жүріп-тұру  рұқсатын  ала  алмады.  Әскери  жорықтың  басшысы 
Мономотапа  уәкілдерінен  Чиков  облысындағы  күміс  рудниктерін 
пайдалануға рұқсат алғанымен жергілікті басшы бұл келісімді мойындаудан, 
рудникті көрсетуден бас тартты. Португалдықтар ішкі облыстарды басып ала 
алмады.  Дегенмен  олардың  мономотапа  басшыларына  саяси  ық-палы 
сақталып  қала  берді.  Үкімет  өзіне  бағынғысы  келмей,  бөлініп  кетуге 
тырысатын  вассалдарын  бағындыру  үшін  португалдықтар  көмегіне 
сүйенетін.  Ол  көмекті,  әсіресе  Гатси  Русере  /1596—1627/  кеңінен 
пайдаланды.  Португалдықтарға  ризашылығын  білдіре  отырып,  олар  үшін 
елдің ішінде емін-еркін жүріп-тұруға, қару ұстап жүруге рұқсат етілді. Мұны 
португалдықтар  баю  мақсатына  пайдаланды.  Олар  тонаушылықтан  да 
тайынбайтын. 
          Бұл  шектен  шығушылық  қалың  халық  бұқарасының  наразылығын 
туғызды.  Ол  наразылық  үкімет  пен  оның  одақтасы  португалдықтарға  қарсы 
көтеріліске  әкеп  соқты.  Көтерілістің  шырқау  шегі  1607  жылы  болды.  Оны 
басқарған  бұрынғы  бақташы  Матузиане  өзін  ел  басшысы  деп  жариялап, 
сауда  жолдарын  кесіп  тастады.  Португалдық  аркебузерлердің  көмегімен 
Мономотап  үкіметі  Матузианені  қуып  жіберді.  Бұл  көмегі  үшін  үкімет 
басшысы  барлық  алтын,  күміс,  мыс,  темір,  қалайы  кеніштерін  Испания  мен 
Португалия  короліне  беруге  мәжбүр  болды.  Ол  жөнінде  1607  жылы  1 
тамызда келісім жасалды.Бұл шара уақыт ұтып, тойтарыс беруге қажетті күш 
жинау  үшін  жасалса  керек  деген  пікір  де  айтылады.  Осы  келісім  арқасында 
көтеріліс  толық  басылып,  оның  көсемі  өлтірілді.  Орталық  өкімет  билігін 
қалпына  келтіріп  алып,  1609  жылы  патша  тонаушылық,  зорлық-зомбылық, 
қатыгездік күнделікті істеріне айналған шетелдік келімсектерді қуып шығуға 
бекінді.  Оған  сылтау  да  табылды:  жаңа  португалдық  әскер  басшысы 
Мономотапаға бұрынғы әдет бойынша жіберілуге тиісті сыйлықты —  

Круаны жібермеді. Сөйтіп, осы 1609 жылдан өз билігінің соңына /1627/ дейін 
Гатси Русере Еуропа басқыншыларына қарсы ашық күреске шығып, оларды 
өз  еліне  жібермеді.  Бұрынғы  келгендері  қала  берді.  Бірақ  олар  кеніштерге 
жолатылмады.Гатси  Русеренің  мұрагері  Капранзине  сол  саясатты  әрі 
жалғастырды. Ол 1628 жылы португалдықтар мүлкін тәркіледі, оларға қарсы 
соғыс  ашты.  Алғашқы  қысқа  мерзімді  жеңістен  кейін  оның  әскері  жеңіліп 
қалды. 1629 жылы Капранзине тақтан түсті.  
Оның  орнына  португалдықтарды  жақтайтын  Мануза  отырды.  Ол  өзін 
Португалия  королінің  вассалы  деп  мойындады.  Келісім  бойын-ша 
келімсектердің  кеніштердегі  жұмысына  рұқсат  етілді,  мұсылман  көпестері 
қуылды,  әрбір  жаңа  португалдық  әскер  қолбасшысына  сыйлық  жіберілетін 
болды; миссионерлер уағызына рұқсат етілді. Манузаның өзі христиан дініне 
кіріп,  Филипп  деген  ат  алды.Бірақ  португалдықтарға  деген  өшпенділік, 
оларға қарсы күрес Манузаның тұсында да, одан кейін де тоқтаған жоқ. Бұл 
күрес нашар ұйымдастырылғандықтан тез басып тасталып отырды. Тек 1684 
жылы  розви  халқының  көсемі  Чангамир  Домбо  жеңіске  жетіп, 
португалдықтарды  қуып  шыға  бастады.  Бірақ  1685  жылы  Чангамир  Домбо 
қайтыс  болған  соң  ғана  португалдықтарды  толық  қуып  шығу  мақсаты 
орындалмай  қалды.  Бірақ  енді  португалдықтар  бұрынғы  дандайсуларын 
тежей  бастады.  Мономотапа  империясы  да  қалжырап,  ыдырай  бастады.  Ол 
бірнеше шағын мемлекеттерге бөлініп кетті. 
  1491 жылы Конгоға католик миссионерлері келді. Елдің басшысы Нзинга-а 
Нкуву  христиан  дінін  қабылдап,  есімін,  Жоао  да  Сильва  деп  өзгертті. 
Мбанза-Конгоның астанасы  онда  салынған  католик  шіркеуінің  атымен  Сан-
Сальвадор  деп  аталатын  болды.  Көсемнің  Энрике  деген  баласы  онбір 
жасынан  бастап  Лиссабонда  тәрбиеленіп,  ең  алғашқы  африкандық  епископ 
болды  /1518  ж./.  Билеуші  топ  еуропалықтардың  құл  саудасына  белсене  ара-
ласты.Бірақ оған бақылауды өз қолдарында ұстап тұра алмады. Португалдық 
құл  саудасымен  айналысушылардың  тонаушылығын  шектеу  үшін  Конго 
көсемдері  ХVІ  ғасырдың  бірінші  жартысында  Ватиканнан  көмек  сұрай 
бастады.  Бірақ  еш  нәтиже  шықпады.  Келімсектер  зорлығына  қарсы  халық 
көтеріліске  шығып  тұрды.  Оның  қысымымен  португалдықтардың  құқтары 
мен  артықшылықтарын  шектеу  саясаты  жүргізілді.Құл  саудасы  елдің 
экономикасын  әлсіретті.  ХVІ  ғасырдың  екінші  жартысында  көптеген  Конго 
вассалдары  тәуелсіздігін  алды,  көршілердің  шапқыншылығы  күшейді.  1568 
жылы көрші тайпалардың бірі астананы басып алды. Елдің басшылары тағы 
да  португалдықтардан  көмек  сұрауға  мәжбүр  болды.  Мани-Конго  1-Алвару 
Португалия королінің вассалы болуға келісті. 1641 жылы португалдықтардың 
тірегі  болған  Луанда  қаласын  голландтар  басып  алды.  1642  жылы  Конго 
Голландиямен  достық  бітім  жасады.  Бірақ  1649  жылы  португалдықтар  күш 
жинап,  голландтарды  Луандадан  қуды.Соғыстардан,  ішкі  талас-тартыстан 
әлсіреген  Конго  1651  жылы  Португалиямен  «патронаж»  жөнінде  келісім 
жасады.  Португалдықтар  ықпалынан  құтылу  жолындағы  соңғы  әрекет  І-
Антониу  тұсында  /1663  жылдан  кейін/  жасалды.  Луандалық  Португал 
үкіметімен қырғиқабақтық әскери қақтығысқа жетті. 1665 жылғы 29 қазанда    

Амбуилдегі шешуші шайқаста Конго әскері толық жеңілді.Конгоның жеңілу 
себебінің  бірі  —  онда  күшті  мемлекеттің  құрылмауы  болды.  Армия  мен 
полиция сияқты зорлау аппараттары халықтан толық қол үзіп, өзінің жетілу 
шыңына жетіп үлгермеген еді. 
                              
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе
2016 -> Гуманитарлық факультет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет