Пәннің мақсаты мен міндеттері


Өзін- өзі бақылау сұрақтары



жүктеу 1.5 Mb.
Pdf просмотр
бет14/15
Дата22.12.2016
өлшемі1.5 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Өзін- өзі бақылау сұрақтары: 
1.
 
XVI ғасырдың аяғында Батыс Африка жағалауына орныққан ең бірінші 
еуропалық ел? 
2.
 
XVI ғасырдың басында Малиден бөлініп шыққан мемлекет? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы пәні бойынша 
практикалық (семинар) сабақтарын өткізу үшін әдістемелік нұсқау
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                           
Семей 2015-2016ж ж.
 

 
1. Тақырып Тропикалық Африка III-VIII ғғ.
 
Мақсаты: Тропикалық Африка III-VIII ғғ туралы білімді бекіту.
 
Негізгі сұрақтары: 
   1.Орта ғасырлардың басындағы Африкалық қоғамдар . 
   2. Ерте ортағасырлардағы Солтүстік-Шығыс Африка. Аксум. 
   3. V-IX ғғ. Нубия. 
   4. Аксум мен Нубия мәдениеті. 
Тапсырма:  Бұл  тақырып  бойынша  студент  Орта  ғасырлардың  басындағы 
Африкалық  қоғамға,  Ерте  ортағасырлардағы  Солтүстік-Шығыс  Африкаға, 
Аксум,V-IX  ғғ.  Нубияны,  Аксум  мен  Нубия  мәдениетін  ерекшеліктеріне 
тоқталу керек. 
Әдістемелік нұсқау: Бұл тақырып бойынша студент Орта ғасырлардың  бас 
кезінде  халықтарда  таптық  қатынастардың    қалыптасуы,  мемлекеттік 
бірлестіктердің  құрылуы.  Африка  аумағында  қоғамдық  қатынастармен  
экономикалық  өмірінің    дамуы.  Алғашқы  мемлекеттер  құрылған  солтүстік-
шығыс  Африка  халқының  дамуына  араб  мәдениетінің  ықпал  етуі,  Африка 
халықтарының  оңтүстік  Аравия  мен  алғашқы  қатынастарына  тоқталу. 
Аксумдаға  саяси  бірлестіктердің  қалыптасуына,  Аксум  патшаларының 
сыртқы  саясаты  мен  негізгі  бағыттарына  сипаттама  беру,  Аксумның 
экономикалық  және  саяси  жағынынан  дамуы.  Аксумның  маңызды 
одақтастары  Рим-Византия  испериясына  талдау  жасау.  Аксумның  қоғамдық 
өміріндегі  маңызды  оқиға  яғни  ІҮ  ғасырда  христиан  дінін  қабылдауына 
тоқталу  қажет.Ү  –ҮІғасырлардағы  Аксумның  қуатты  мемлекетке  айналуы 
мен  құлдырауына  сипаттама  беру.  Ақ  Ніл  мен  Көк  Нілдің  қосылған  жері 
Нубияның  тарихта  алатын  орны.  Нубияның  солтүстік  облыста  арабтардың 
қоныстана бастауына тоқталу, Аксум мен Нубия мәдениетіне сипаттама бере 
отырып  ерекшеліктеріне  мәдениетіне  талдау  жасау.  Христиан  мәдениетінің 
ықпалы,  әдебиеттің  даму  ерекшеліктері  тоқталу  қажет.  Есеп  беру  түрі: 
Студент тақырып бойынша ауызша жауап береді. 
2. Тақырып Орта Азия халықтары.     
Мақсаты:
 
Орта Азия халықтары туралы білімді бекіту.  
Негізгі сұрақтары: 
1.
 
Орта Азия халықтарының шаруашылығы. 
2.
 
Орта Азиядағы шетел үстемдігіне қарсы күрес. 
3.
 
Орта Азия халықтарының мәдениеті.  
Тапсырма:  Тақырып  бойынша  студент  Орта  Азия  халықтарының 
шаруашылығын, Орта Азиядағы шетел үстемдігіне қарсы күресті, Орта Азия 
халықтарының мәдениеті туралы түсініктеме беру керек  

Әдістемелік  нұсқау:  Тақырып  бойынша  студент  Орта  Азия  халықтарының 
шаруашылығына  сипаттама  бере  отырып  каналдардың  салынуына,  мал 
шаруашылығына, суармалы жерлердің ұсақ учаскеге бөлінуіне тоқталу. 615-
712  жылдар  аралығында  Орта  Азияны  толығымен  Арабтардың  басып 
алынуына сипаттама беру. Мәдениеттің қалыптасуы жазудың дамуы, туралы 
түсініктеме беру керек. 
Есеп беру түрі: Студент тақырып бойынша ауызша жауап береді. 
 
3. Тақырып Солтүстік және Оңтүстік Индия мемлекеттері. 
Мақсаты:  Солтүстік  және  Оңтүстік  Индия  мемлекеттері  туралы  білімді 
бекіту

 
Негізгі сұрақтары: 
1.
 
Солтүстік Индияның саяси жағдайы. 
2.
 
Гуптар билігінің орнауы, Харши мемлекетінің құрылуы. 
3.
 
Оңтүстік Индия мемлекеттерінің қоғамдық саяси өмірі. 
4.
 
Чолалар мемлекеті, Чалукилер мемлекеті. 
Тапсырма:  Студент  бұл  тақырып  бойынша  Гуптар  билігінің  орнауын, 
Харши мемлекетінің құрылуы, Солтүстік Индияның саяси жағдайы, Оңтүстік 
Индия  мемлекеттерінің  қоғамдық  саяси  өміріне  тоқталу  қажет.Чолалар 
мемлекетімен Чалукилер мемлекеті, Декан мемлекеттерінің өзара соғыстары 
туралы 
Әдістемелік  нұсқау:  Студент  бұл  тақырып  бойынша  Солтүстік  Индияның 
саяси  жағдайы,  Гуптар  билігінің  орнауы,  әкімшілк  және  әскери  аппараттың 
құрылуы.  528  жылы  гупттар  басшысы  Баладитьяның    эфталиттерге  қарсы 
күресі.Гупттар  мемлекетінің  әлсіреуі.  Үнді  жерінде  феодалдық  қатынастың 
тереңдей  түсуі  мен  мүлік  теңсіздігін  саралау,  қауымдық  жер  «раджа  жері» 
деп  аталуы,ҮІ  ғасырда  ішкі  талас  тартыстан  құлаған  гупттар  мемлекетінің 
орнына  тарих  сахнасына  Харши  мемлекетіне  тоқталу,  Харши  өлгеннен 
кейінгі  елдің  жағдайы.  Оңтүстік  Индия  мемлекеттерінің  қоғамдық  саяси 
өміріне  тоқталу  қажет.  Чолалар  мемлекетімен  Чалукилер  мемлекетінің 
ерекшелігіне, Үнді жеріндегі шаруашылық пен сауданың дамуы туралы білім 
дағдыларын қалыптастыра отырып сипаттама беру. 
Есеп беру түрі:  Студент тақырып бойынша ауызша жауап береді. 
 
4. Тақырып Орта ғасырлық Жапония  
Мақсаты: Орта ғасырлық Жапония туралы білімді бекіту.  
Негізгі сұрақтары: 
1.
 
Жапониядағы қолөнері мен сауданың дамуы. 

2.
 
Қаланың,мәдениеттің дамуы. 
Тапсырма:  Бұл  тақырып  бойынша  студент  қолөнері  мен  сауданың  дамуы, 
әдебиеті, қаланың, мәдениеттің дамуы ерекшеліктеріне тоқталу  керек. 
Әдістемелік  нұсқау:  Бұл  тақырып  бойынша  студент  Қолөнершіліктің  және 
сауда  өсімқорлық  ұйымдарына  тоқталу  қажет.Бірте-бірте  қолөнершілерді 
«дза»  деп  аталатын  бірлестіктердің  құрылуына.  Дзалардың  император 
сарайына  қызмет  етуінің  себебі,  Миномото  сегунаты  кезіндегі  қолөнердің 
шарықтаған  шегіне,  провинцияларда  базарлардың  ашылуы.  Азық  түлік 
сататтын  бірлестіктердің  құрылуына.  Тоя  саудагерлерінің  рөлі  мен  сауда 
өсімқорлығының нығаюына сипаттама беру қажет. 
Есеп беру түрі:  Студент тақырып бойынша ауызша жауап береді.
 
 
5. Тақырып  XI-XIII ғғ. Ортағасырлық Түркия.  
Мақсаты: XI-XIII ғғ. Ортағасырлық Түркия туралы білімді бекіту.  
Негізгі сұрақтары: 
1.
 
XI-XIII ғғ. Кіші Азия территориясындағы алғашқы түрік мемлекеті. 
2.
 
Данышменилер сұлтандығы. 
3.
 
Селжүк мемлекеті моңғолдар үстемдігінде. 
4.
 
Селжүк сұлтандығының мәдениеті. 
Тапсырма:  Тақырып  бойынша  студент  XI-XIII  ғғ.  Кіші  Азия 
территориясындағы  алғашқы  түрік  мемлекеттеріне  сипаттама  беру, 
Данышменилер 
сұлтандығы, 
монғол 
шапқыншылығының 
басталу 
себептеріне  тоқталу,  Селжүк  мемлекеті  моңғолдар  үстемдігінде,  Селжүк 
сұлтандығының мәдениетіне талдау жасау қажет. 
Әдістемелік  нұсқау:  ХІ  ғасырдың  40  жылдары  Шығыста  жаңа  түркі 
мемлекеттінің  бой  көтеруіне.  Данышменилер  сұлтандығының  саяси 
тарихына  сипаттама  беру,Осы  мемлекеттін  негізін  қалаған  Тоғрыл-Бек  тің 
тарихта алатын орнына, ғазнауилерге қарсы күресіне сипаттама беру, Мелік-
шах тұсындағы селуктердің саяси қуатылығына сипаттама беру, Осы кездегі 
феодалдық  бытыранқылықтың  орын  алуы,  Мелік  Шахтың  балаларының 
арасында  Селжүк  мемлекетінің  бөліске  түсуі  және  оның  нәтижелері, 
мемлекеттің құлдырауы мен Кони сұлтандығын саталып қалуы,  1239 жылы 
Баба  Исхак  басқарған  көтеріліске  және  1243ж  моңғолдардың  селжүк 
әскерлерін  талқандауы,  Кони  сұлтандығының  моңғолдарға  бағынышты 
бірнеше  билікке  бөлінуі  Осман  билігіне  тоқталу,  территорияның  ұлғаюы,  
Түркия  жерінде  жер  меншігінің  пайда  болуы,  уақытша  берілген  жерлердің 
атауы  екі  категорияға  бөлінуі,  ақшалай  салықтың(харадж,джизья)  пайда 
болуы.1422жылы  түріктер  Константинопольді  қоршауға  алуына,  құлауы 
және  Стамбул  деп  аталуы,Түрік  мәдениетіне,  жазба  әдебиетнің  алғашқы 

үлгілеріне талдау жасау қажет. 
Есеп беру түрі:  Студент тақырып бойынша ауызша жауап береді.
 
6.Тақырып 
Моңғол 
мемлекетінің 
құрылуы 
мен 
моңғол 
жаулаушылықтары. 
Мақсаты:Моңғол  мемлекетінің  құрылуы  мен  моңғол  жаулаушылықтары 
туралы білімді бекіту. 
Негізгі сұрақтары: 
1.
 
Моңғолдар державасының құрылуы. 
2.
 
Оңтүстік Қытайды жаулап алу және Юань империясының құрылуы. 
3.
 
Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны басып алуы. 
4.
 
Моңғолдардың Закавказьені басып алуы. 
Тапсырма:  Моңғолдардың  Қазақстан  мен  Орта  Азияны  басып  алуы, 
Моңғолдардың  Закавказьені  басып  алуы,  Моңғол  жаулап  алушылығының 
салдары туралы білім дағдыларын қалыптастыруы керек. 
Әдістемелік  нұсқау:  Моңғол  мемлекеттінің  құрылуына  тоқтала  отырып, 
саяси құрылысына, хан тағына отырыған Шынғысханға саяси портрет жасай 
отырып,  Шынғысхан  жорығын  басты  бағыттарын  картадан  көрсету, 
1259жылы  Оңтүстік  Қытайды  бағындыру  үшін  болған  жайқас  және  оның 
салдары.  Құбылай  ханның  биліке  келуі.  Астананы  Пекинге  көшіруі.  Дай 
Юань деген атақты алуы. Юань империясының бой көтеруіне талдау жасау, 
Құбалай хан тұсындағы жаулаушылық жорықтар, Монғол басқыншыларына 
қарсы    Қытай  тарихында  әйгілі  күрес«Қызыл  орамалдылар»  көтерілісіне 
сипаттама  беру,  1219ж  Қазақстан  мен  Орта  Азия  жерлеріне  жасаған 
жаулаушылық  соғыстары,  шапқыншылық  нәтижесінде  Орта  Азия 
қалаларының  жермен  жексен  етуі.  1220ж  моңғолдардың  Бұхара  мен 
Самарқанды,Хорезм мемлекетін басып алуына, Жебе мен Сүбедей батырлар 
басқарған  моңғол  қолының  Әзірбайжан  мен  Грузияны  талқандауына, 
Шыңғыс ханның Таңғұт мемлекетіне жорығы және оның нәтижесі. 
Есеп беру түрі:  Студент тақырып бойынша ауызша жауап береді.
 
 
7.  Тақырып VIII-XV ғғ. Тропикалық Африка. 
Мақсаты: VIII-XV ғғ. Тропикалық Африка туралы білімді бекіту. 
Негізгі сұрақтары:  
1.
 
Эфиопия және Судан. 
2.
 
Феодалдық жер меншігінің қалыптасуы. 
3.
 
X-XV ғғ. Шығыс Африка, Суахили қала мемлекеттерінің дамуы. 
Тапсырма: Студент бұл тақырып бойынша Эфиопия және Судан, феодалдық 
жер  меншігінің  қалыптасуына  түсініктеме  беруі  қажет,  X-XV  ғғ.  Шығыс 
Африка,  Суахили  қала  мемлекеттерінің  дамуы  туралы  білім  дағдыларын 

қалыптастыруы керек. 
Әдістемелік нұсқау: Студент бұл тақырып бойынша Шығыс Африкадағы ірі 
мемлекеттің  бірі  Эфиопияға  тоқтала  отырып  саяси  құрылыстың  феодалдық 
ирархияға  негізделуіне  сипаттама  беру  қажет.Эфиопиядағы  тұрақты  салық 
жүйесінің  қалыптасуына,  сонымен  қатар  «дерго»  міндеткерлігіне  талдау 
жасау,Судан  жерінде  бірнеше  ұсақ  князьдықтардың  өмір  сүруі,  Судан 
аумағына  араб  тайпаларының  қоныстануы,  араб  тілі  мен  дінінің 
таралуы.Феодализмнің  даму  барысында  қауымдық  жер    иеленушіліктің 
пайда  болуы,  барлық  жердің  иесі  негус  деп  саналуының  себебі.  Жер 
үлестерін ықпалды отбасыларының өз жеке меншігіне айналдыруына,Шығыс 
Африкадағы  саяси  бірлестіктердің  құрылуы,  Китара-Буньеоро  мен  Бачвези 
бірлестіктер,  Ортағасырлық  шығыс  африка  мемлекеттері  «Сухали  қала 
мемлекеттері» деп  аталуы, Сухали қала мемлекеттерінің көбінесе аралдарда 
салынуы,  Ірі  сауда  орталықтары  болған  Могадишо,  Ламу,  Пате,  Килва, 
Памба,Мафия, Момбаса т.б. қалаларына сипаттама беру. 
Есеп беру түрі: Студент тақырып бойынша ауызша жауап береді 
8. Тақырып XVI-XVII ғғ. бірінші жартысындағы Жапония. 
Мақсаты:  XVI-XVII  ғғ.  бірінші  жартысындағы  Жапония  туралы  білімді 
бекіту. 
 
Негізгі сұрақтары: 
1.
 
Экономикалық жағдайы. 
2.
 
Жапонияны біріктіру үшін күрес. 
3.
 
XVII ғ. Токугава режимі «Жабық есік» саясаты. 
4.
 
Капиталистік қатынастардың қалыптаса бастауы. 
Тапсырма: Тақырып бойынша студент Экономикалық жағдайы, Жапонияны 
біріктіру  үшін  күресі,  XVIII  ғ.  Токугава  режимі  «Жабық  есік»  саясаты, 
капиталистік  қатынастардың  қалыптаса  бастауы,  тақырыптарындағы 
зерттеулеріне талдау керек. 
Әдістемелік  нұсқау:  Елдің  экономикалық  жағдайына  сипаттама  беру, 
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына сипаттама беру, Кеме жасау 
ісінің  дамуына,  тау  кен  ісіне,  алтын,  күміс,  мыс  өндірудің  жетіле  түсуіне. 
Жапонияның  ішкі  және  сыртқы  саясатына  баға  беру,Жапонияның 
Европалықтармен  сауда  қатынастары,Жапонияға  Қытайдан  Үндістаннан 
жібек маталардың тасымалдануы,Ода Нобунаганың жапон тарихында алатын 
орны, Токугава Иэясудің рөлі және оның саясаты. Жапонияны біріктіруге,бір 
орталыққа  бағынған  күшті  мемлекетке  айналдыру  нәтижесі,  Капиталистік 
қатынастардың  қалыптасуы,  капиталистік  өнеркәсіптің  түрлері,  мақта  иіру 
саласының  орны,  капиталистік    кооперациялар  мен  орталықтандырылған 
мануфактуралардың    алатын  орны.  Тауар-ақша  қатынастарының  енуі, 

капиталистік  өндірістертің  алғашқы  түрлерінің  тууы,  шаруалардың  мүлік 
жағынан жікке бөлінуі, қалалардың өсуіне тигізген әсеріне тоқталу қажет. 
Есеп беру түрі: Студент тақырып бойынша ауызша жауап береді. 
 
9. Тақырып XVI-XVII ғғ. Иран.   
Мақсаты: XVI-XVII ғғ. Иран туралы білімді бекіту. 
Негізгі сұрақтары: 
1.
 
Мемлекеттік құрылымы. 
2.
 
Иран мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты. 
3.
 
Ауыл шаруашылығы, сауда, қолөнері. 
Тапсырма:  Студент  бұл  тақырып  бойынша  мемлекеттік  құрылымы,  Иран 
мемлекетінің  ішкі  және  сыртқы  саясаты,  ауыл  шаруашылығы,  сауда, 
қолөнері туралы білім дағдыларын қалыптастыруы керек. 
Әдістемелік  нұсқау:
 
15  ғасырда  Иран  елінің  өркендеуіне  Герат  мектебі 
үлкен әсер еттуі. 16 — 17 ғасырларда пайда болған Тебриз, Шираз, Исфаһан 
(Риза  Аббаси,  т.б.)  мектептері  миниатюра  өнерін  жоғары  дәрежеге  көтеруі. 
17  —  18  ғасырларда  Иранның  экономикасы  құлдырап,  халықтың  жағдайы 
нашарлап  кетуі.  Ұсақ  халықтар  (ауғандар,  түрікмендер,  Әзірбайжандар, 
күрдтер,  армяндар,  грузиндер)  орталықтың  езгісіне  қарсы  жиі-жиі  көтеріліс 
жасауы.  Әсіресе,  17  ғасырдың  2-жартысында  елдегі  үстемдік  үшін  екі 
әулеттің (Зенд және Каджар) арасындағы үздіксіз соғысына сипаттама беру. 
Осы кезден елдің ішкі істеріне еур. мемлекеттер (Англия, Франция) араласа 
бастад   7  ғасырда  арабтардың  ислам  дінін  таратуына  байланысты  мұнаралы 
мешіттер,  медреселер,  күмбездер  пайда  болды.  15  ғасырдан  кейін  қолжазба 
көркемдеу, сәулет өнерінің дамыуы. Ауыл шаруашылығының дамуы, 
Есеп беру түрі: Студент тақырып бойынша ауызша жауап береді 
 
10. Тақырып Осман империясының сыртқы байланыстары. 
Мақсаты:  Осман  империясының  сыртқы  байланыстары  туралы  білімді 
бекіту. 
Негізгі сұрақтары: 
1.
 
Франция байланысы. 
2.
 
Ресей байланысы. 
3.
 
Иран байланысы. 
Тапсырма: Бұл тақырып бойынша студент Франция мен байланысын, Ресей 
мен  байланысын,  Иран  мен  байланысы  туралы  білім  дағдыларын 
қалыптастыруы керек. 
Әдістемелік  нұсқау:  Жоғарыда  көрсетілген  елдердің  әр  қайсысына 
сипаттама  бере  отырып  1535жылы  франко-  түрік  келісімі  «бірінші 

капитуляция» деген атпен белгілі болуы, елдің экономикасының нашарлауы, 
Ресей  мен  Осман  империясы  арасындағы  байланысқа  тоқталу,  1497  жылы 
Туркияға  М.Плещеев  орыс  елшісінің  келуінің  тарихи  маңызы  жасалған 
келісімнің    салдары.  Ресейдің  Түркияға  қарсы  соғысының  себеп  , 
салдары.ХҮІІ  Түркия  елінің  әлсіреуі  мен  Иран  шахы  І  Аббастың 
Баку,Дербент,Шамаха,  Ганжаның  алуы,  1613жылғы  бітім  бойынша  Түркия 
Иранға 
Әзірбайжанды, 
Шығыс 
Грузияны,Солтүстік 
Арменияны, 
Күрдістанның біраз бөлігін беруінің себебі, 1639 жылғы Иран мен жасалған 
бітім шартына тоқталу қажет.  
Есеп беру түрі: Студент тақырып бойынша ауызша жауап береді. 
 
11. Тақырып Түркияның қол астындағы Сирия мен Египет. 
Мақсаты:  Түркияның  қол  астындағы  Сирия  мен  Египет  туралы  білімді 
бекіту. 
Негізгі сұрақтары: 
1.
 
Сирия мен Египеттің Түркияның қол астына өтуі. 
2.
 
Түріктер қол астындағы Сирияның экономикасы мен мәдениеті. 
3.
 
Түріктер қол астындағы Египеттің қол өнері мен саудасы. 
Тапсырма: Студент бұл тақырып бойынша Сирия мен Египеттің Түркияның 
қол  астына  өтуі,  Түріктер  қол  астындағы  Сирияның  экономикасы  мен 
мәдениетін,  Түріктер  қол  астындағы  Египеттің  қол  өнері  мен  саудасы 
тақырыптардығы зерттеулерін талдау керек. 
 
Әдістемелік нұсқау: Сириядан түрік феодалдарының салық жинауы, Сирия 
эйалетіне  Дамаск,  Сафад,Наблус,  Сайд  ,  Бейрут  округтеріне  тоқталу, 
1583жылы  Ливандықтардың  Сирия  мен  Египеттен  жинап  алынған  сауда 
керуеніне  шабылуы,  Екі  елдің  түркия  қол  астына  өткеннен  кейінгі 
экономикасына  сипаттама  беру,  Египет  саудасына  тигізген  әсері,  сыртқы 
саудасы, Египеттің басты порттары Жерорта теңізі жағалауындағы Дамьетт, 
Розетт және Александрияға, негізгі сауда жолына тоқталу, негізгі бағыттары
Есеп беру түрі: Студент тақырып бойынша ауызша жауап береді 
 
12. Тақырып Ұлы Моғол империясының құрылуы мен дамуы. 
Мақсаты:  Ұлы  Моғол  империясының  құрылуы  мен  дамуы  туралы  білімді 
бекіту. 
Негізгі сұрақтары 
1.
 
Ұлы Моғол империясының құрылуы. 
2.
 
Моғол империясының саяси экономикалық жағдайы. 
3.
 
Моғол империясының ыдырауы. 

Тапсырма: 
Тақырып  бойынша  студент  Ұлы  Моғол  империясының  құрылуы, 
Моғол  империясының  саяси  экономикалық  жағдайы,  Моғол  империясының 
ыдырауы туралы білім дағдыларын қалыптастыруы керек.
  
Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша студент Ұлы Моғол империясының 
құрылуына, 
негізін салушы – Заһир әд-Дин Мұхаммед Бабыр
 туралы мәлімет 
беру,  Моғол  империясының  саяси  экономикалық  жағдайы,  Үндістан 
аумағында  өмір  сүрген  ірі  мемлекет  (1526  —  1858)  Дели  сұлтандығы 
ыдырағаннан  кейін  құрылған  мемлекет  ретінде  қарастыру.Экономикалық 
жағдайына  сипаттама  бере,  Бабыр  мен  оның  ұрпақтары  Моғолстаннан 
шыққандықтан үнділіктер (оларды “мухгал” деп атаған) мен еуропалықтарға 
Ұлы  Моғолдар  деген  атпен  белгілі  болуы.  Ұлы  Моғол  әулеті  барынша 
ұлғайған  кезінде  аумағы  оңтүстігіндегі  шағын  князьдіктер  мен 
патшалықтардан  басқа  Үндістан  түбегін  түгелге  дерлік  қамтуына,  17  —  18 
ғасырлардағы болған көтерілістердің ең ірілері сикх сектасы жетекшілік рөл 
атқарған  Пенджабтағы  қала  кедейлері  мен  шаруалардың  көтерілісі 
сипаттама. Моғол державасының әлсіреуінің себебін ашу қажет.  
Есеп беру түрі: Студент тақырып бойынша ауызша жауап береді 
13. Тақырып XVI-XVII ғғ. Батыс Судан мемлекеттер. 
Мақсаты: XVI-XVII ғғ. Батыс Судан мемлекеттері туралы білімді бекіту.
 
Негізгі сұрақтары: 
1.
 
Мали мемлекті. 
2.
 
Сонгай мемлекеті. 
Тапсырма:  Студент  бұл  тақырып  бойынша  Мали  мемлекеті,  Сонгай 
мемлекеті туралы білім дағдыларын қалыптастыруы керек  
Әдістемелік нұсқау: ХҮІ ғасырдың Мали мемлекетінің құлдырауы, Малиге 
жасалған  шабуылдарға  сипатама  беру.  Мали  патшасы  ІІ  Мамадудың 
португалдықтардан  көмек  сурауынының  себебі.1546  жылы  Сонгай  патшасы 
Даудтың  Малидің  астанасын  окупациялауына,  Бамбар  тайпаларының 
шабуылы  яғни  Сегу  патшалығы  олардың  Сансандинг,  Массин,  Баганды 
жаулап алуы, Малидің құлдырауына тоқталу, Сонгай мемлекетінің құрылуы, 
оған себеп сәтсіз соғыстарға сипаттама беру қажет.Сонгай әскеринің Малиге 
жорығы,  тұз  өндіретін  жер  үшін  болған  сонғайлықтармен  мароккандықтар 
арасындағы  жанжалға,  Мұхаммед  Банидың  биліке  келуі,  Сонгай 
тарихындағы  құлдар  көтерілісінің  сипаты  мен  Сонғай  мемлекеттінің 
жойылуна тигізген әсері.  
Есеп беру түрі:  Студент тақырып бойынша ауызша жауап береді.
 
 
 
 

 
 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы пәні бойынша оқытушының 
жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы сабақтарын өткізу үшін әдістемелік нұсқау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Семей  2015-2016жж. 
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет