Перифериялық нерв жүйесі



Дата07.11.2022
өлшемі23,29 Kb.
#47931

Перифериялық нерв жүйесі – бас миы және жұлыннан тыс нервті структуралар жатады: олар жұлынның артқы және алдыңғы түбірлері, түйіндер, өрімдер, ганглилер. Бұл нерв өнімдері импульсты орталық нерв жүйесінен, жұмысшы мүшелерге – бұлшықет және периферияға жеткізеді. Перифериялық нерв жүйесінде ОЖЖ сияқты, қорғаныш қасиеті болмайды, сондықтан ол токсиндер әсеріне және механикалық зақымдануларға сезімтал болады. Олардың зақымдау себептері токсиндер, инфекция, авитаминоз, қан айналым бұзылыстары, жарақаттар болуы мүмкін.
Перифериялық нерв жүйесі ауруларының жіктелуі:

  1. Топография-анатомиялық принцип бойынша: 

  • радикулит (түйін қабынуы);

  • фуникулит (қанатша қабынуы);

  • плексит (өрімдер қабынуы);

  • мононеврит (перифериялық нерв қабынуы);

  • полиневрит (көптеген перифериялық нерв қабынуы)

  1. Этиологиясы бойынша:

  • инфекционды;

  • инфекционды-аллергиялық;

  • токсикалық;

  • аллергиялық (вакциналық, сары сулық);

  • дисметаболикалық (витамин жеткіліксіздігінде, эндокринді аурулар кезінде);

  • дисциркуляторлы (ревматикалық васкулит кезінде);

  • идиопатикалық және тұқым қуалаушы (Шарко-Мари невральды амиотрофия) ;

  • жеке перифериялық нервтердің компрессионды-ишемиялық зақымдалуы

  • вертеброгенді зақымдалуя (сүйектік, дисктік, буындық, бұлшықеттік).

  1. Патогенез және патоморфологиясы бойынша:

  • неврит (радикулит);

  • невропатия (радикулопатия)- ми жұлын нервісінің түбірше аймағында зақымдануы. Әдетте жұлынның бір деңгейінде тұбіршелердің жаншылуы;

  • невралгия – белгілі нервтер иннервация аймағындағы ауырсынулы сезімдер. Ұстама алдында зақымдалған нерв қызметінің тежелуі, субьективті немесе обьективті қозу симптомдары байқалмайды.

полиневропатия (невропатия) тобы перифериялық нерв жүйесінің тамырлық, аллергиялық, токсикалық, метаболикалық, сонымен қоса әртүрі физикалық факторлар – механикалық, температуралық, радиациялық зақымданулар әсерінен болады.
Нейропатия – нерв жасушасының денесінің зақымдануы. Бұл жеке қозғалтқыш немесе жеке сезімталдықтың бұзылуымен сиппаталады.
Полирадикулопатия – ми жұлын нервітерінің түбіршелерінің бір мезгілде бірнеше деңгейде зақымдалуы, көбінесе ісіну процесстерінде кездеседі.
Полирадикулонейропатия – бұл кезде бір мезгілде бірнеше деңгейде түбіршелер ғана емес нервтердің өздері де зақымданады.
Плексопатия – иық немесе бел сегізкөз өрімдерінің зақымдануы.
Мононейропатия – бір ғана перифериялық нервтің зақымдануы, көбінесе локалді травмадан кейін пайда болады.
Полинейропатия – симметриялы бірнеше перифериялық нервтердің зақымдануы. Патологиялық процесстің басталуы аяқтардың ұшынан басталып қолдардың басына дейін таралуы.
Мультинейропатия – бірнеше перифериялық нервтердің изоляцияланған зақымдануы. Бұл зақымдану түрі васкулиттерде кездеседі.
Жұлынның түбірінің зақымдалуы – түбірлік синдром деп аталады. Алдыңғы түбірдің зақымдалуы – осы түбірдің иннервациялайтын бұлшықеттің перифериялық параличін тудырады. Артқы түбірдің зақымдалуы – сезімталдық бұзылысына әкеледі. Зақымдалған түбір иннервациялайтын тері аймағында әртүрлі парестезиялар, ауырсыну, гиперестезия және анестезия болады. Ауырсыну ұстама тәрізді немесе тұрақты, аяқ-қолға иррадиацияланатын болуы мүмкін. Түбірлік гиперестезиялар, гипестезиялар және анестезиялар белгілі-бір форма түзеді – аяқ-қолда көлденең және денеде циркуляторлы. Артқы түбірлердің зақымдалуы кейбір рефлексттердің әлсіреуі немесе жоғалуына әкеледі. Ол осы рефлекстерді тудырушы нерв аппараттарының функцияларының жоғалуы есебінен болады. Клиникалық практикада жиі жұлынның алдыңғы және артқы түбірінің бірдей зақымдалуы кездеседі.
Перифериялық нерв жүйесі зақымдалуының жиі кездесетін симптомдары: 

  • сезімталдық бұзылыстары (ауырсыну, ұю сезімі, «құмырсқа жүргендей» сезім, белгілі аймақтардың сезімталдығының жоғарылауы немесе төмендеуі)

  • қозғалыс бұзылыстары (әлсіздік, аяқтың қозғалысының бұзылысы

  • вегетативті бұзылыстар (аяқ – қолдың тоңуы, дымқыл аяқ)

Жалпы симптомдары:
Қозғалыс бұзылысы:

  • парез, паралич (салдану)

сезімталдық бұзылысы:

  • анестезия, гипестезия

  • парестезия, гиперестезия

  • ауырсыну синдромы

Вегетативті бұзылыстар:

  • вазомоторлы

  • секреторлы

  • трофикалық

Неврит , невропатия (neurіtіs, грек. neuron – жүйке) – шеткі жүйкенің қабынуы. Бұл ауру әр түрлі жұқпалы аурулардың (безгек, сүзек, күл, т.б.) салдарынан, организмнің улануынан және витамин жетіспеушілігінен, зат алмасуының бұзылуынан, жүйкелердің жарақаттануынан және олардың қанмен толық қамтамасыз етілмеу әсерінен болады. Клиникалық белгісі: адам ауырсынады, бұлшық етінің сезімталдығы кеміп, ол бірте-бірте семеді. Мысалы, бет жүйкесінің Невриті ортаңғы құлақтың қабынуынан (қысқаша Отит) болады. Бұл кезде бет еттері жартылай не түгелдей салданады. Есту жүйкесінің Невритінде құлақта шу пайда болады, адамның басы айналып, есту қабілеті төмендейді. Ал беломыртқа жотасында шоғырланған жүйке талшықтары мен шонданай жүйкесі қабынғанда, адамның белі шойырылады, қол-аяғы қатты сырқырап ауырып, ұйиды, бұлшық еттері әлсізденіп, аяғын баса алмай қалады. Кейде терісі көгеріп, терлегіш не тоңғыш келеді. Емі: Невритке шалдықтыратын ауруларды емдеу, қан тамырын кеңейтетін және зат алмасуды жақсартатын, ісік қайтаратын дәрілер беру, витаминдерді пайдалану, физиотерапия, инемен емдеу.

  1. Вегетативтік немесе автономдық жүйкежүйесі (systemanervosum autonomicum; грек, systema — жүйе, бөліктерден құралған бүтін; лат. nervus — жүйке; грек, autos — өзім, өздігінен; nomos — заң) — барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.

Вегетативтық жүйке жүиесі де, жүйке жүйесінің басқа бөлімдері сияқты нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған.
Вегетативтік жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді. 
Олар өз кезегінде жүйке орталықтарынан және шеткі бөлімдерден құралады. Вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық, қыртысасты және өзіндік жүйке орталықтарына бөлінеді. Вегетативтік жүйке жүйесінің шеткі бөлімін: преганглионды (ганглионалды) миелинді (үлпекті) жүйке талшықтары, экстрамуральды (қабырғадан тыс) және интрамуральды (қабырғалық) жүйке ганглиондары (түйіндері), постганглионды (ганглионсоңы) миелинсіз (үлпексіз) жүйке талшықтары қүрайды. Вегетативтік жүйке жүйесінің, жүйке жүйесінің сомалық бөлімінен морфологиялық ерекшелігі – оның шеткі бөлімі орталық жүйке жүйесімен екі нейроцит (өзіндік орталық нейроциттері және шеткі жүйке ганглиондарының нейроциттері) арқылы байланысады. Жүйке ганглиондары нейроциттерінің аксондарының эффекторлы ұштары орындаушы мүшелерде аяқталып, оларды жүйкелендіреді (парасимпатикалық жүйке жүйесінің ұштары ішкі мүшелер қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды және бездерді, ал симпатикалық жүйке жүйесінің ұштары— қан және лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды жүйкелендіреді). 
Өсімді (вегетативті) жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан оны ерте кезде автономды (грекше – өз алдына заң) жүйке жүйесі деп те атаған. «Вегетативті» деген сөз латынша – өсу, қаулап өсу дегенді білдіреді. Ол ағзаның өсуіне қоректенуіне қатысты, жүйке жүйесінің белсенді қозуына қатысты және жыныссыз көбеюді сипаттайды. Сондықтан қазақша «өсімді» деген термин қалыптасқан.
Рейно ауруы - ұсақ артерия мен артериолалар зақымдалуымен жүретін ангиотрофоневроз негізінде жүретін дерт. Көп жағдайда жас әйелдерде кездесіп, айқын микроциркуляторлы бұзылыстармен көрінеді. Аяқтың бақай, табан, қолдың саусақ артериоллалары зақымдалады. Аурудың негізгі көрінісі болып соңғы бөлімдегі артериялардың генерализденген спазмы, олардың дистрофиялық өзгерістері, тромбозбен көрінеді. Ауру саусақ және аяқ тамырларының спазм тудырып, сирек жағдайда құлақ пен мұрын тамырларында байқалады. Процесс басым көп жағдайда қолда кезесіп, екіжақты, симметриялы түрде көрінеді.
Рейно ауруының негізгі себебі болып: ұзақ уақыттық тоңазыту (ознобления), саусақтардың созылмалы түрдегі травматизациясы, кейбір эндокринді бездердің функциясының бұзылуы (қалқанша без, жыныс бездері), ауыр психикалық ауру. Аурудың бастаушы факторы болып тамырлық иннервацияның бұзылуы жатады.
Ангиотроптық препараттармен және спазмолитиктер қолдану, физиотерапия, гипербариялық оксигенация қолданып емдеу қажет. Егер мұндай ем нәтижесіз болса, хирургиялық ем қолданылады. Хирургиялық ем мақсаты: кеуделік және белдік симпатэктомия немесе стеллэктомия (зақымдалу орнына байланысты) жасайды.
Науқасты тексеру әдістері — белгілі бір ауруды танып білу үшін, аурудың әртүрлі белгілерін анықтау үшін және ағзадағы өзгерістерін анықттау үшін қолданылатын клиникалық зерттеу әдістері. 
Аурудың әртүрлі белгілерін анықтау үшін клиникалық зерттеу әдістері қолданылады. Олар науқасты сұрастырудан басталып, дене температурасын өлшеп және одан да күрделі зерттеулер, яғни микроскоппен қанның формалық элементтерін анықтап, ағзаның сұйықтықтарын химиялық зерттеулер, рентген сәулелерімен сәулелендіру және т. б.. жүргізіледі.
Сау адамдарда жағымсыз симптомдар болмайды. Ауырсыну, жүрек айну, құсу, дене температурасының көтерілуі, көк бауырдың ұлғаюы белгілі бір сырқаттың көрінісі немесе симптомы болып табылады. Бір симптом мысалы, дене температурасының көтерілуі ағзаның барлығында өзгеріс болып жатқанын, ал іш өту белгілі бір мүшенің қызметінің бұзылғанын, сонымен қатар үлкейген тығыз бауыр мүшенің құрылысының өзгерісін білдіреді. Ауырсынуды және жүрек айнуды сезіну субъективті симптомдарға жатады, олар науқастың ағзасының объективті өзгерістердің нәтижесі болып табылады.
Науқасты зерттеу барысында табылатын симптомдарды объективті симптомдар деп айтады. Сондықтан науқасты клиникалық тексеру әдістері

  • субъективті,

  • объективті,

  • зертханалық,

  • аспаптық болып бөлінеді.

Бір ғана симптомның көмегімен, ауруды танып білу өте қиын. Диагностикалық қателіктердің көп бөлігі науқасты толық, жүйелі зерттемегенен болады, сондықтан науқасты толық және жүйелі түрде зерттеу диагностиканың бірінші ережесі болып табылады. Науқасты тексеру толық жүру үшін жоспар қояды, яғни науқасты жоспарлы түрде тексереді. 
Жоспар ең алдымен науқастың шағымдарын сұрастырудан басталып, кейін қарау, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізеді.
Диагноз қою әдістері негізгі және қосымшаға бөлінеді. Негізгі клиникалық әдістерге сұрастыру, науқасты қарау, сипап – сезу, соққылау, тыңдау жатады. Мейірбике оны әр науқасқа қатысты жүргізу тиіс. Негізгі әдістерден кейін дәрігер ары қарай қандай қосымша тексерулер жүргізу керек екенін шешеді.
Қосымша (зертханалы – аспапты) тексерулерді арнайы дайындалған мамандар жүргізеді. Қосымша әдістер (биопсия, эндоскопия, рентген, цитодиагностика және т. б.) негізгі тексеру әдістері сияқты маңыздылығы зор, кейде диагнозды дұрыс қоюға шешуші рөлді атқарады. Науқасты сұрастыру және объективті тексеру күнделікке жазылып отырады және тағайыдалған ем ауру тарихына енгізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет