Перифраздары



Pdf көрінісі
бет17/80
Дата26.10.2022
өлшемі1.63 Mb.
#45500
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80
əуре-сарсаң, Кирр жеңісі, Прокруст аясы, Ахилесс 
өкшесі, Хеопс пирамидасы т.б. тарихи адамдар мен мифтік 
геройлар есіміне байланысты туған тіркестер де шебер 
рөл ойнайды. Сағындықов осы аталған афоризмдер, 
нақыл сөздер, көркем бейнелер мен қанатты сөздерді 
логикалық мəнін, формасын сақтап, дəл аудару керек 
деп кесіп айтады. Кезінде бұлардың мағыналық мəнін 
беруге тырысушылық та болды. Соның нəтижесінде 
қазақ оқырмандарының талай «тұмсықбұзарлармен» 
(«держиморда»), талай «қиялшылдармен» («манилов-
щина»), талай «қожанасырлық» («донкихотство»)» 
істеушілермен таныс болғаны мəлім. Аударма ісіндегі 
осындай олақтықтардың себебін айқындай отырып
Сағындықов түрлі афоризмдердің, қанатты сөздердің, 
əдеби бейнелердің, нақыл сөздердің қазақ тіліне берілу 
тарихын шолады. Сөйтіп мұндай категорияларды 
аударуды тарихи жəне мифтік есімдерді сақтаудың 
ерекше мəні бар екенін тəжірибе жүзінде дəлелдейді. 
Аударманы бұлай қарастыру ғылыми дəлдікке апарады, 
əрі ана тіліміздің сөздік қорын жаңа фразеологиялық 
тіркестермен байытады деп түсіндіреді.
В.И. Ленин еңбектерінде идиомдар да көп кез-
деседі. Сағындықов идиомдарды бөліп алып, бөлек 
категория есебінде қарастырған. Ең алдымен, тер-
миннің өзі жайында бірер сөз. Зерттеуші идиом-
дарды лингвистикалық терминологияда қалыптасқан 


81
ұғым тұрғысынан ұққан. Оларды не идиом деп, 
немесе тілші ғалымдар қолданып жүрген термин 
бойынша фразеологиялық түйдектер (тұтастықтар – 
фразеологические сращения) ретінде қарастырады. 
Фразеологиялық түйдектердің өзіне ғана тəн өзге-
шеліктерін дəл танып, екінші тілге аударғанда осы 
қасиеттерге ерекше көңіл бөлудің қажет екенін 
айтады. Идиомдарды аудару мəселесіне келгенде, 
Сағындықов өзінен бұрын пікір айтқан ғалымдардан, 
өз тұстастарынан əрі кете алмаған. Ол да идиомдардың 
əлгі негізгі қасиеттерін аударуға тосқауыл болатын 
кедергілер ретінде таниды. Сондықтан «точный 
перевод их на казахский язык с сохранением значений 
лексических составных частей невозможен», – деп 
үзілді-кесілді тұжырым жасайды. Өйткені бұларды бір 
кездегідей сөзбе-сөз аударатын болсақ, держатъ нос по 
ветру дегеніңіз «мұрнын желге тосу» боп, насолить 
дегеніңіз «тұз себу» (он мне насолил – «ол маған тұз 
септі») боп шыға келер еді. Зерттеушінің пікірінше, 
бұл шынында да, бір жағынан, түпнұсқаны бұзу болса, 
екінші жағынан, ана тілінің грамматикалық нормаларын, 
ежелден қалыптасқан ережелерін тəлкек ету деген 
сөз. Бірақ ол идиомдарды мүлде беруге болмайды деп 
түңілмейді. Мұндай ауыспалы мағынадағы тіркестерді, 
яғни идиомдарды қазақ тіліне аударуға əбден болады деп 
есептейді. Оның ойынша, қай халықтың болсын, белгілі 
бір зат не құбылыс жайындағы түсінігі бірдей, тек тілі 
басқа. Ендеше мұндай жағдайда белгілі бір ұғымды беруге 
септік жасап тұрған жеке сөздерді аударуға тырыспай
сол компоненттер жеткізіп тұрған ойды жеткізу қажет. 
Сағындықов жоғарыдағыдай идиомдардың қазақ тілінде 
сəйкес келетін баламаларын іздейді. Мəселен, ол брать 
быка за рога дегенді тоқетерін айту немесе «түйінді 


82
жерін табу деп, вывести на чистую воду дегенді 
бет пердесін ашу немесе əшкерелеу деп, вариться в 
собственном соку дегенді өзімен өзі болу деп, дело в 
шляпе дегенді іс бітті не іс оңға басты деп, ставить 
палку в колесо дегенді тосқауыл жасау немесе кесе-
көлденең келу деп алғанды дұрыс деп есептейді. Ал 
жоғарыда келтірілген держать нос по ветру – аңысын 
аңду болуға тиіс.
Ленин шығармаларындағы идиомдардың берілу 
сапасын саралай отырып, аудармашылардың əрқилы 
тəсілдерге барғанын аңғартады, жіберілген қателер 
мен жөн-жосықтарды жіктейді. Ретті-ретсізін көрсетіп, 
идиомдарды қазақ тіліне берудің барынша ғылыми дəл 
жолдарын көрсетуге тырысады. Сонда Сағындықов 
пайымдауларынан, негізінен мынадай екі түрлі 
жағдайды байқаймыз. Идиомдардың, біріншіден, қазақ 
тіліндегі баламасын табуға болады екен. Жоғарыдағы 
мысалдардан көргеніміздей, бұлардың бəрі де түп-
нұсқадағы идиомдардың мағынасын дəл беріп түр. 
Екіншіден, орыс тіліндегі тұрақты фразеологиялық 
тіркестердің (автордың қолдануы бойынша – А.Ө.) 
біразын қазақ тіліне аударғанда барлық жағынан 
дəлме-дəл, эквивалентті болып келеді. Бұларды кейде я 
аударма деп, я төл тіркес деп ашып айту қиынға соғады. 
Сағындықов берген мысалды түгел келтіреміз: Беречь 
как зеницу ока – «көздің қарашығындай сақтау»; в 
мут-ной воде рыбу ловить – «лай судан балық аулау»; 
в прятки играть – «жасырынбақ ойнау»; волк в овечьей 
шкуре – «қой терісін жамылған қасқыр»; волосы встают 
дымом – «төбе шашы тік тұрады»; как небо от земли – 
«аспан мен жердей» немесе көк пен жердей; черепаший 
шаг – «тасбақа аяң» т.б.
Кейбір лингвист-ғалымдар идиомдарды бір тілден 
екінші тілге аударуға мүлде болмайды деп кесіп 


83
айтады. Осы мəселені Сағындықов «вот где зарыта 
собака» деген идиомның төңірегінде туған тартысқа 
байланысты біраз өрбіте түскен. Бұл идиома қазақ 
тілінде екі түрлі вариантта берілген. Бірі, мағыналық 
аударма – «Істің мəні, міне осында»; екіншісі сөзбе-
сөз аударма – «Иттің көмілген жері осы». К. Шəріпов 
т.б. кейбір зерттеушілер мұның алғашқысын қолдайды. 
Олардың сүйенетіні идиомдарды басқа тілге аударуға 
мүлде болмайды дейтін тілшілер қағидасы. Ал дəл 
аударманы жақтайтындар мынадай деректерге сүйенеді: 
«Неміс тілінен бұл идиоманың лексикалық құрамы түгел 
аударылып алынған, сондықтан оны дəл осылай қазақ 
тіліне аударуға болады» дейді. Осындай екіұдай талас 
пікірді қатар алып келгенмен, Сағындықов бұл жайында 
өзінің нақты пікірін шешіп айтпайды. Көпшіліктің 
үлесіне қалдырады. Осының өзі-ақ аудармадағы идиома 
проблемасының қаншалықты қиындығы барын аңғартса 
керек. Ал біз бұл мəселе тұрғысындағы ойларымызды 
əзір айтуға асықпаймыз. Өйткені алда əлі талай 
ғалымдар пікірі тоқайласатын болғандықтан, солардың 
тұжырымдарын түгел сарапқа салып, талдаған соң 
ғана, біраз мəселе айқындалмақ. Сондықтан əзірге бұл 
мəселені сол ғалымдар талқысына сала тұрамыз.
Сағындықовтың ендігі бір толығырақ тоқталған 
мəселесі – мақал-мəтел проблемасы. Бұларды аударуда 
қатаң талап қойылады. Бір қарағанда мақал-мəтел 
аударуға көнбіс. Сол көнбістік бұлжытпай орындалуға 
тиіс көптеген талап-тілектерді алға тартқан. Бірқатар 
талаптар мыналар – мағыналық дəлдік, образдылық
ауыспалы мағыналы, əсерлі əрі ұйқасты болу т.б. 
Тəжірибесіздіктен кеткен олқылықтардың екі түрі 
мынадай: орыс мақал-мəтелдері ретті-ретсіз жерінде де 
қазақ мақалдарымен алмастырылған немесе сөзбе-сөз 


84
аударма тəсілі қолданылған. Мұның қай-қайсысы болса да 
жоғарыдағы талаптар талғамына жарамайтыны белгілі. 
Дегенмен көптеген жылдар жемісі Ленин қолданған 
мақал-мəтелдерді аударудың нəтижелі жолдарын 
жинақтаған. Қазақ аудармашыларына тамаша үлгі болған 
Лениннің өз аудармалары, яғни шет тіл мақал-мəтелдерін 
орыс тіліне аударудағы ол қолданған принциптер. Сол 
принциптерді егжей-тегжейімен қарастыра отырып, 
Қ. Сағындықов екі түрлі жайды ерекше атайды. Оның 
бірі мақал-мəтелдерді құрамындағы барлық сөздерімен 
түгел, дəл аудару. Мысалы, Хорошо смеется тот, кто 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет